|
|
|
Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 16 мамырдағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы бекітілсiн. 2. Конкурстарды ұйымдастырушылар номенклатурада көзделген тауарлар мен қызметтердi мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан мемлекеттік сатып алуды заңнамада белгiленген тәртiппен осы тауарлар мен қызметтердi сатып алудың жалпы көлемiнiң кемiнде 30 пайызы көлемiнде жүзеге асырсын. 3. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi және жариялануға тиiс. Қазақстан Республикасының
Үкіметiнiң 2004 жылғы 18 қарашадағы № 1213 қаулысымен бекiтілген Қазақстан Республикасы мүгедектерiнiң қоғамдық бiрлестiктерi құратын, тауарлар мен қызметтердi өндiретiн ұйымдардан конкурсты ұйымдастырушылар сатып алатын тауарлар мен қызметтердiң 2005 жылға арналған номенклатурасы 1. Азық-түлiк тауарлары: 1) ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 318 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 2) макарон өнiмдерi; 3) ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 318 қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара) 4) ҚР Үкіметінің 2005.08.04. № 318 қаулысымен алып тасталды(бұр. ред. қара) 2. Азық-түлiкке жатпайтын тауарлар: 1) тiгiн өнiмдері; 2) тоқыма өнеркәсiбiнiң өнiмдерi; 3) арнайы киім; 4) терiден тiгілген киімдер және оның керек-жарақтары, терi бас киімдер; 5) төсек-орын керек-жарақтары; 6) электр-техникалық бұйымдар; 7) көлiк құралдары, ауыл шаруашылығы машиналары мен тракторлар үшін қосалқы бөлшектер (сүзгіштер, электр сымдары, щеткелер); 8) пластмасса, металл, былғары бұйымдары; 9) мал байлайтын шынжыр; 10) рабица торкөзі; 11) тұрмыстық мектеп және кеңсе жиһазы; 12) кеңсе тауарлары; 13) құрылыс материалдары: тротуар тақталары; ағаш бұйымдары; шегелер; терезе және есiк жақтаулары; 14) қылқалам-щетке бұйымдары; 15) тығындау бұйымдары; 16) қатырма қағаз бұйымдары. 3. Қызметтер: 1) аяқ киім тiгу және жөндеу; 2) полиграфиялық; 3) салт-ғұрыптық; 4) жарнама-ақпарат, баспа қызметтерi; 5) күрделі тұрмыстық техниканы жөндеу.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |