Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі
туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы
Президентінің 2002 ж. 11 ақпандағы № 805 Жарлығы
(2007.21.09. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2008 жылғы 11 наурыздағы № 552 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 19) тармақшасына, 45-бабының 1-тармағына сәйкес қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi туралы ереже бекітілсiн.
2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 қазандағы № 2565 Жарлығының 2, 4, 5-баптары (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 33, 412-құжат);
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметiн қамтамасыз ету жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 3144 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 42, 392-құжат);
3) "Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң құрылымы мен штат саны, Қазақстан Республикасы Президентінің қызметін қамтамасыз ететін лауазымды адамдар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 қарашадағы № 3242 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 48, 465-құжат);
4) "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметiн қамтамасыз ету жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 18 қазандағы № 3144 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 1 сәуірдегі № 3434 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 14, 98-құжат);
5) "Қазақстан Республикасы Президентінің қызметiн қамтамасыз ететiн органдардың құрылымы, штат саны және лауазымды адамдардың тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 қазандағы № 3691 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1997 ж., № 47, 427-құжат);