|
|
|
Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасы туралы (2006.31.10. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 31 қаңтардағы № 57 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында қылмыстық қудалау органдарынан тәуелсiз сот сараптамасы жүйесiн одан әрi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын. ҚР Үкіметінің 2005.13.08. № 842 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі және Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бірлесiп, 2005 жылдың 3 тоқсанда көрсетiлген Тұжырымдаманы iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінiң 2005 жылғы 8 ақпандағы № 119 қаулысымен мақұлданған
Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасы
Астана 2005 жыл
Кiрiспе
Қылмыстық қудалау органдарынан сот сараптамасын жүргiзу функциясын алып тастауды қамтитын Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары жүйесiн реформалау тәуелсiз сот сараптамасы жүйесiн қалыптастыруға кiрiсуге мүмкiндiк бердi. Iс жүргiзушiлiк дәлелдеудiң ғылыми-техникалық деңгейiн арттыру қажеттiлiгi сот-сараптамасы қызметiн нығайту мен тұрақтандыру бойынша бірқатар шараларды қабылдауға, сондай-ақ оның одан әрi дамуын қамтамасыз етуге себеп болды. Сарапшылардың тәуелсiздiгiн, сарапшылық зерттеулердiң ұйымдастырушылық және әдiстемелiк біркелкiлiгiн, сот сараптамасын жүргiзудi жүзеге асыратын адамдардың кәсiби біліктiлiгi мен қызметiн бақылауды, сот сараптамасы қызметiнiң қаржылық, әлеуметтiк және материалдық-техникалық деңгейiн тұрақтандыру мен арттыруды қамтамасыз ететiн «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қабылдау сот сараптамасы қызметiнiң даму бағыттарын айқындау мен оларды iске асыруда үлкен роль атқарды. Нәтижесiнде бүгiнгi күнi сот сараптамасы қызметiн ғылыми, әдiстемелiк, кадрлық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға негiз бар. Сот сараптамасы органдары мен сот сараптамасы қызметiн одан әрi дамыту бағытын таңдау оларды ұйымдастыру аясында орын алған ахуалды сыни тұрғыдан пайымдауды, сондай-ақ соттар мен қылмыстық қудалау органдарының сот сараптамасына деген мұқтаждығын қамтамасыз ету жағдайын талап етедi. Осы Тұжырымдама Қазақстан Республикасы сот iсiн жүргiзуiнiң демократиялық қағидаттарына негiзделген сот сараптамасы жүйесiн дамыту мақсаттары мен басым бағыттарын жүйелi түрде баяндайды. Тұжырымдаманың мазмұны Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерiне, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы мен адам құқығы кепiлдiгi саласындағы басқа да халықаралық құжаттарға толық сай келедi. Соған байланысты оны iске асыру қоғамды демократияландыру процесi мен құқықтық мемлекет құруға оң әсерiн тигiзедi. Тұжырымдама кешендi мақсатты бағдарламаларды, нормативтiк құқықтық кесiмдердi, тәуелсiз, ғылыми және объективтi сот сараптамасын қалыптастырудың және Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн жетiлдiрудiң әдiснамалық тәсiлдерiн әзiрлеуге негiз болады.
1. Қазақстан Республикасының сот сараптамасы қызметiнiң мәселелерi жөніндегі заңнамасын талдау
Сот сараптамасының қылмыстық қудалау органдарынан тәуелсiздiгi идеяларын нормативтiк құқықтық тұрғыда бекіту және оны одан әрi iске асыру мүмкiндiгi үшiн 1997 жылғы қарашада «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрi - Заң) қабылданды, ол Қазақстан Республикасындағы сот сараптамасы қызметiнiң құқықтық, ұйымдастырушылық және қаржылық негiздерiн белгiлеп бердi. Одан әрi Заңның сот сараптамасын жүргiзудiң iс жүргiзу аспектiлерiне қатысты ережелерi Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексiнде, Азаматтық iс жүргiзу кодексiндежәне Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексiнде көрсетiлдi. Сот сараптамасы саласында қабылданған нормативтiк құқықтық кесiмдердiң едәуiр көлемiне қарамастан, Заңның және осы саладағы басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердiң көптеген ережелерi республиканың сот сараптамасы қызметiнiң де, соттар мен құқық қорғау органдары қызметiнiң де қазiргi заманғы даму деңгейiне жауап беретiн елеулi түзетулердi қажет етедi. Әдiлет министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінiң сот сараптамасы органдары қызметiне қатысты нормативтiк құқықтық кесiмдер келісілмеген. Тiрi адамдарға қатысты сот сараптамасын жүргiзудi, сот психиатрия және сот наркология сараптамаларын жүргiзуге арналған кабинеттердi жарақтандыру мен жабдықтауды айқындайтын нормативтiк құқықтық база iс жүзiнде жоқ. Осыған байланысты орын алған қайшылықтар мен олқылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасында сот сараптамасы қызметiн жүзеге асыруды және сот сараптамаларын жүргiзудi регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдерге талдау жүргiзу талап етiледi. Сот-психиатрия және сот-наркология сараптамаларының ерекшелiгiн ескере отырып, тiрi адамдардың сот сараптамасына қатысты, сот iсiн жүргiзу аясына тартылған адамдардың негiзгi конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сақтауға кепiлдiк беретiн, сондай-ақ процестегi тараптардың жарыстастық қағидатын iске асырудағы арнайы білімдердiң ролiн реттейтiн нормаларға айрықша назар аудару қажет.
2. Сот сараптамасы қызметiн дамыту тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi
Тұжырымдаманы әзiрлеудiң өзектiлiгi сот сараптамасы қызметiн жүзеге асыратын органдардың әртүрлi ведомстволық бағыныстылығынан туындады. Қазiргi кезде Қазақстан Республикасындағы сот сараптамасы қызметiн: Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот сараптамасы орталығы мен оның аумақтық бөлiмшелерiн (филиалдарын); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Сот медицинасы орталығы мен оның аумақтық бөлiмшелерiн (филиалдарын); функцияларына сот сараптамасын жүргiзу жататын мемлекеттік органдардың мамандандырылған бөлiмшелерiн қамтитын мемлекеттік сот сараптамасы органдарының жүйесi жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот сараптамасы орталығы
Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң сот сараптамасы жүйесiн негізгi бағыттары ғылыми-өндiрiстiк (сарапшылық), ғылыми-зерттеу және ғылыми-әдiстемелiк қызмет болып табылатын «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Сот сараптамасы орталығы» мемлекеттік мекемесi (бұдан әрi - ҚР ӘдМ ССО) бiлдiредi. ҚР ӘдМ ССО құрылымы басқару аппаратын, Сот сараптамасының орталық (Алматы) ғылыми-өндiрiстiк зертханасын, 5 аймақтық және 11 облыстық зертхананы қамтиды. Бұдан басқа, аймақтық және облыстық сот сараптамасы зертханаларының құрылымына iшкi iстер органдарының аумақтық және желiлiк бөлiмшелерiн сараптамалық қамтамасыз етуге арналған 39 бөлiмше кiредi, онда 57 сарапшы жұмыс iстейдi. Жалпы штат саны 609 адамды құрайды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Сот медицинасы орталығы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң Сот медицинасы орталығының (бұдан әрi - ҚР ДСМ СМО), сондай-ақ оның филиалдарының құрылымы: мәйiттер сараптамасының 122, соның iшiнде 29 қалалық, 39 аудандық және 34 ауданаралық бөлiмiн; 5 күрделi сараптамалар бөлiмiн; 3 ұйымдастыру-әдiстемелiк кабинеттi; 19 сот-биологиялық, 19 химиялық-токсикологиялық, 16 медициналық-криминалистiк, 20 сот-гистологиялық бөлiмшелердi және жәбірленушiлердi, айыпталушыларды және басқа да адамдарды сот-медициналық сараптаудың 22 бөлiмшесiн қамтиды. Аудандық сот-медициналық қызметте орталық аудандық ауруханалардың жанындағы мәйiтханалар мен кабинеттерде орналасатын 30 аудандық және 48 ауданаралық бөлiмше бар. Қазіргі кезде ҚР ДСМ СМО мен оның филиалдарының штаттық лауазымдарының саны 1708 бірлiктi құрайды, оның iшiнде сот-медициналық сарапшылар және медициналық емес жоғары білімдi мамандар - 506, орта және кiшi медициналық қызметшiлер - 741, басқалары - 247 адамды құрайды. Соттар мен қылмыстық қудалау органдарын сот сараптамасымен қамтамасыз ету жөніндегі тiкелей мiндеттерден басқа ҚР ДСМ СМО-ға өзге де мiндеттер, атап айтқанда: 1. Емдеу жұмысының сапасын: секциялық материалдарды талдау негiзiнде: зорлық (қылмыстық, өзiн-өзi өлтiру, тұрмыстық, өндiрiстiк және басқалары), балалар өлiмiнiң себептерiн зерделеу; медициналық көмек көрсетудiң ақауларын анықтау - клиникалық және патолого-анатомиялық диагноздардың алшақтықтары; аса жұқпалы ауруларды анықтау; сот-медициналық сарапшылардың емдеу мекемелерiнiң клиникалық-анатомиялық конференцияларына қатысуы; мүдделi емдеу мекемелерiнiң ем жасайтын дәрiгерлерiн дәрiгерлiк қателiктерге талдау жасауға тарту арқылы арттыру. 2. Жарақаттанудың (тұрмыстық, көлiктiк, спорттық, кәсiптiк) алдын алу. 3. Тұрмыстық уланудың алдын алу жүктеледi. Санамаланған бағыттардың бірқатары тiкелей сот сараптамасы қызметiмен байланысты емес және сот сараптамасы органдарын өндiрiстiк емес уақытша және материалдық шығындарға әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінiң сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалық комиссиялары
«Денсаулық сақтау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 маусымдағы Заңының (бұдан әрi - Заң) 40-бабының негiзiнде сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары мемлекеттік денсаулық сақтау секторының медициналық ұйымдарында жүргiзiледi. Заңның 35-бабына сәйкес сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалары азаматтардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз етудiң құрамдас бөлiгi болып табылады, ал оны ұйымдастыру мен жүргiзу тәртібін денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган белгiлейдi. Сот-психиатрия сараптамалық комиссиялары Қазақстан Республикасының барлық облыс орталықтарында, сондай-ақ Астана, Алматы, Арқалық, Балқаш, Жетiқара, Жезқазған, Зыряновск, Риддер, Степногор, Семей, Сәтбаев, Талдықорған, Екiбастұз қалаларында жұмыс iстейдi. Барлығы республикада күзет қойылмайтын контингентке амбулаториялық және стационарлық сот-психиатрия сараптамасын жүргiзудi жүзеге асыратын 25 комиссия жұмыс iстейдi. Қамауға алынған адамдарға стационарлық сараптама жүргiзу Денсаулық сақтау министрлігінiң Алматы қаласындағы Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығының республикадағы жалғыз 40 орындық күзетiлетiн бөлiмшесiнде жүзеге асырылады. Қазiргi кезде сот-психиатрия сараптамалық комиссияларында 177 маман, соның iшiнде 146 психиатр-дәрiгер және 31 психолог жұмыс iстейдi. Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығында (бұдан әрi - РППНҒПО) әлеуметтiк және сот психиатриясының ғылыми бөлiмi құрылды. Оның функцияларына: республикадағы ғылыми, практикалық iзденiстердiң негiзгi бағыттарын айқындау, консультативтiк-әдiстемелiк көмек көрсету, сондай-ақ сот психиатриясы бойынша өзара iс-қимыл мен ынтымақтастық мәселелерiн жоспарлау кiредi. Сот-наркология сараптамаларын өткiзуге арналған арнайы медициналық комиссиялар барлық облыстық, қалалық наркологиялық ұйымдардың жанында жұмыс iстейдi. Көрсетілген комиссияларда 89 штаттық нарколог-дәрiгер жұмыс iстейдi. Перспективалық бағыттарды ескере отырып, кадрмен қамтамасыз етудiң жай-күйiн талдау ҚP ӘдМ ССО зертханалары мен қызметтерiн толықтыру орын алып отырған қажеттiлiктiң 70%-ынан, ал кейбір қызметтерде 50%-ынан аспайтын көлемде жүзеге асырылғандығын көрсеттi. Сараптамалық қамтамасыз ету iшкi iстер органдары аумақтық және желiлiк бөлiмдерiнiң қажеттiлiгiне толық көлемде сай емес. Қазiргi кезде штат санын ұлғайтудағы нақты қажеттiлiк 150 бірлiктi құрайды. 1998 жылғы денсаулық сақтау мекемелерiн оңтайландыру процесi республикадағы сот-медицина қызметiн де қамтыды, штат бірлiктерi 16-18%-ға қысқартылды. Сонымен бірге сараптамалық зерттеулердiң көлемi орта есеппен 3,5 есеге өстi, бұл сарапшылық жүктеменiң артуына және сараптамаларды жүргiзу мерзiмiн ұзартуға әкеп соқтырды. Көрсетiлген жағдаяттар соттар мен құқық қорғау органдарының тарапынан негiздi ренiштер тудырады. Осыған байланысты, ҚP ӘдМ ССО штат санын кемiнде 880 бірлiкке өсiруге нақты қажеттiлiк бар. Бұдан басқа, төрт облыстық стационарлық сот-психиатрия сараптамалық бөлiмшесiн, сегiз аймақаралық амбулаториялық сот-психиатрия сараптамалық комиссия, сондай-ақ сот-психиатрия сараптамалық комиссияларының диагностикалық бөлiмшелерi үшiн кабинеттер ашу өте-мөте қажет. Сонымен бірге ППНҒПО жанынан сот-психиатрия мен наркология курсы бар психиатрия және наркология кафедрасын құру қажет, ол үшiн 411 штаттық бірлiк енгізу талап етiледi. Сот сараптамасы органдарын кадрлармен қамтамасыз ету проблемасы сарапшылардың орындайтын жұмыс көлемiне, оларға жүктелетін жауапкершiлiкке, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сот сарапшысының мәртебесiне сәйкес келмейтiн жалақының өте төмен деңгейiне байланысты. Мәселен, соңғы екi жыл iшiнде ҚP ӘдМ CCO ғылыми дәрежелерi мен сарапшылық жұмыста мол тәжiрибелерi бар біліктi мамандардың едәуiрi кеттi. Жедел құрам кадрларының тұрақтамау үрдiсi байқалады: 2002 жылдан бастап жыл сайын қызметкерлердiң жалпы құрамының 15%-ға дейiнi жұмыстан шығады. Сот сараптамасы органдарының әр түрлi ведомстволық бағыныстылығы сот сараптамасын жүргiзу кезiнде әртүрлi құқықтық және ұйымдастырушылық тәсiлдерге әкеп соқтырады. Бұдан басқа, ғылыми-практикалық сипаттағы сот сараптамасы қызметiн ұйымдастырудың өзiндiк ерекшелiгi бар. Осыған байланысты сот сараптамасы қызметiне басшылық жасау уәкiлеттi мемлекеттік органдардың тарапынан ғылыми біліктiлiктi талап етедi. Сонымен бірге, сот сараптамасы органдарының сот iсiн жүргiзудi қамтамасыз ету жөніндегі қызметi саласында бірқатар ғылыми-әдiстемелiк және ұйымдастырушылық сипаттағы олқылықтар бар. Сот iсiн жүргiзудiң бүгiнгi қажеттiлiктерiн барынша толық қанағаттандыру, сондай-ақ оны дамытудың жақын арадағы перспективасы ескерiле отырып болжанатын мiндеттердi шешуге қазiргi заманға сай дайындық жасау мақсатында сот сараптамасының жаңа түрлерi мен әдiстерiн игеру және енгізу талап етiледi. Сөйтiп, Сот сараптамасының ғылыми-зерттеу қызметiнiң бағдарламалары мен есептерiн, сарапшыларды даярлау мен олардың біліктiлiгiн көтеру бағдарламаларын қарау жөніндегі, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерiн сынап көру және оны сарапшылық тәжiрибеге енгізу бойынша ұсынымдар беру жөніндегі ведомствоаралық ғылыми-әдiстемелiк кеңесiн құруға қажеттiлiк бар. Әдiлет министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінiң сот сараптамасы органдары өздерiнiң жұмыс ерекшелiктерiне сәйкес құқық қорғау органдары мен соттардың сот сараптамасын тағайындауды ұйымдастыру мәселелерi жөнiнде оқу және әдiстемелiк құралдар дайындауы, ал уәкiлеттi мемлекеттік органдар оларды басып шығаруды қамтамасыз етуi қажет. Сот сараптамасы органдарын ұйымдастыру және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету мәселелерi бойынша соттардың, қылмыстық қудалау органдарының және адвокатураның хабардар болу деңгейiн көтеру үшiн: Сот сараптамасы әдiстемелерiнiң мемлекеттік тiзiлiмiн қалыптастыру; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі сот сараптамасы органдарының ресми сайттарын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасы сот сарапшыларының мемлекеттік тiзiлiмi» сайтын құру қажет. Сарапшы мен маманның iс жүргiзу функцияларын айқын саралау мақсатында қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк процестегi маманның iс жүргiзу мәртебесiн жетiлдiру, соның iшiнде оның сот iсiн жүргiзуге қатысудағы нәтижелерiн процессуалды ресiмдеу проблемасын шешу қажет. Бұдан басқа, Iшкi iстер министрлігінiң жедел-қылмыстық бөлiмшелерi қызметiнiң бағытын және олардың ҚР ӘдМ ССО-ның функцияларымен арақатынасын нақтылау қажет. Сонымен бірге сот сараптамасының азаматтық процестегі ролiнiң едәуiр өсуiне байланысты сот сараптамасының азаматтық сот iсiн жүргiзудегi ролiн арттыруға бағытталған iс-шаралар кешенiн әзiрлеу қажет.
3. Сарапшы кадрларды iрiктеу, кәсiби даярлау және біліктiлiгiн арттыру жүйесiн жетiлдiру
Сарапшы қорытындысының дұрыстығы кепiлдiктерiнiң бірi сарапшы кадрларды iрiктеу, кәсiби даярлау және біліктiлiгiн арттыру жүйесiн қалыптастыру болып табылады. Республикада сарапшы кадрларды iрiктеу жүйесiнiң қалыптаспағандығын атап өту қажет. Сарапшыларды кәсiби даярлау мен біліктiлiгiн арттыру мәселелерi «Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Әдiлет министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігінiң сот сараптамасы органдарында шешiлуi тиiс. Қазiргi кезде ҚР ӘдМ CCO-ның оқу-әдiстемелiк қызметi екi бағыт бойынша жүзеге асырылады: 1) сарапшыларды бастапқы даярлау, олардың біліктiлiгiн көтеру; 2) соттар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерiнiң сот iсiн жүргiзуде арнайы білімдердi пайдалану мәселелерi бойынша біліктiлiгiн арттыру. Әдiлет министрінің бұйрығымен өз қызметтерiн Астана, Алматы, Өскемен және Ақтөбе қалаларында жүзеге асыратын емтихан қабылдау жөніндегі 4 біліктiлiк комиссиясы құрылды. Белгiленген тәртiпке сәйкес тағылымдамадан өтушiлер 6-12 ай iшiнде бастапқы даярлықтан өтедi. Бiлiктiлiк сессиялары жылына екi рет өтедi. Дайындық курсы аяқталған соң комиссия ұсынылған материалдарды зерделейдi, тағылымдамадан өтушiден емтихан қабылдайды және бастапқы даярлық жетекшiсi мен құрылымдық бөлiмше басшысының пiкiрлерiн тыңдайды. Талқылау нәтижелерi бойынша комиссия тағылымдамадан өтушiнiң даярлық деңгейiн бағалайды және шешiм қабылдайды. Сот сарапшысы біліктiлiгiн берудiң нақты негiзi Бастапқы даярлық бағдарламасында көзделген арнайы ғылыми білімнің қажеттi көлемiн игеру болып табылады, бұл бірқатар пәндер: криминалистика, құқықтық білім негiздерi, сот сараптамасы негiздерi, информатика негiздерi бойынша сынақтар мен емтихандар және сарапшы мамандығы бойынша емтихан тапсырумен расталады. Бұдан басқа, ҚР Әдiлет министрінің 1998 жылғы 16 наурыздағы № 181 бұйрығымен бекітілген Ережеге сәйкес сот сарапшыларының кәсiби біліктiлiгiн бағалау және оны көтерудi ынталандыру мақсатында тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Аттестациялық комиссиясы сот сарапшыларын аттестациялауды жүргiзедi. Сот-медициналық сарапшыларды даярлау республиканың медициналық жоғары оқу орындарының сот медицинасы кафедраларында бір жылдық интернатурада не кейiннен сол кафедраларда біліктiлiк емтихандарын тапсыра отырып және сот-медициналық сарапшы дәрiгер біліктiлiгiн бере отырып, екi жылдық клиникалық ординатурада жүргiзiледi. Сот-медициналық сарапшы кемiнде 5 жылда 1 рет Алматы дәрiгерлердiң біліктiлiгiн жетiлдiру институтының сот медицинасы кафедрасында біліктiлiктi арттыру курсынан өтуге мiндеттi. Сот медицинасы саласындағы ғылыми кадрларды даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жүйесiнде кейiннен Қазақ мемлекеттік медицина академиясының (Астана қаласы) жанындағы Диссертациялық кеңесте ғылыми жұмысын қорғайтын сот медицинасы бойынша аспирантура мен докторантура көзделген. Сот-психиатрия және сот-наркология сарапшыларын даярлаудың бірнеше кезеңдерi бар: медициналық жоғары оқу орнын аяқтау, профильдiк кафедраларда бір жыл бойы интернатурада немесе екi жыл клиникалық ординатурада даярлықтан өту. Бұдан басқа, кейiннен сот психиатриясы немесе сот наркологиясы бойынша тақырыптық жетiлдiруден өте отырып, психиатрия немесе наркология бойынша кемiнде бес жыл жұмыс стажы, белгiлi бір түрдегi сот сараптамасын жүргiзу құқығына біліктiлiк куәлiгiн ала отырып, біліктiлiк емтиханын тапсыру және аттестация қажет. Сонымен, республикада сарапшы кадрларды даярлау мен біліктiлiгiн арттырудың біркелкi жүйесi жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінiң сот сараптамасы органдарымен салыстырғанда, Әдiлет министрлігінiң сот сараптамасы органының мамандандырылған жоғары оқу орындарының базасында сарапшы кадрларды даярлау мен олардың біліктiлiгiн арттыруға мүмкіндік жоқ. Республикада осы тектес органға сәйкес келуi тиiс талаптар (жаратылыстану - техника ғылымы өкiлдерiнiң болуы, сараптамалық зерттеулердiң әдiстерiн қамтитын диссертацияларды қорғауға қойылатын стандартты талаптардың қалыптастырылуы және т. б.) ескерiле отырып қалыптастырылған «сот сараптамасы» мамандығы бойынша мамандандырылған диссертациялық Кеңес жоқ, бұл тиiстi диссертациялық жұмыстардың сапасына дұрыс бағалау жүргiзуге мүмкiндiк бермейдi. Осыған байланысты Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесiп, Қазақстан Республикасындағы сот сараптамасы қызметiн ғылыми және оқыту жағынан қамтамасыз етудi жетiлдiруге бағытталған iс-шаралар кешенiн iске асыруы, соның iшiнде: ҚР ӘдМ ССО базасында оған ғылыми зерттеулердi жүргiзу, аса күрделi сот сараптамаларын жүргiзу, сот сараптамасы органдарының қызметкерлерiн даярлау және біліктiлiгiн арттыру функцияларын бере отырып, ғылыми-зерттеу институтын құруы; Әдiлет министрлігінiң сот сараптамасы органдары үшiн сарапшыларды кәсiби даярлау мен біліктiлiгiн арттыру жүйесiн жетiлдiруi; Қазақстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясымен бірлесiп, сот сараптамасының ғылыми-әдiстемелiк проблемаларын зерттеу бойынша диссертациялық жұмыстарға қойылатын талаптарды әзiрлеуi қажет.
ҚР Үкіметінің 2006.31.10. № 1031 Қаулысымен 4-бөлім өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамытудың мақсаты, мiндеттерi және басым бағыттары
Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты біртұтас және тәуелсiз сот сараптамасы жүйесiнiң қызметiн одан әрi жетiлдiру болып табылады. Сот сараптамасы қызметiн жетiлдiру, сондай-ақ сот сараптамасы жүйесiн дамыту сараптамалық қызметтi жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдар үшiн ортақ болып табылатын бірқатар iс-шараларды шешудi, атап айтқанда: тиiстi заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық кесiмдердi олардың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелуi нысанасына тексерудi; сот сараптамасы органдарының құқық белгiлейтiн құжаттарын қазiргi заманғы талаптарға сәйкес келтiрудi талап етедi. Кейiннен ұйымдық өзгерістердi жүргiзу мақсатында: Қазақстан Республикасының заңнамалық және нормативтiк құқықтық кесiмдерiне тиiстi өзгерістер енгiзе отырып, барлық аймақтық, аймақаралық сот-психиатрия және сот-наркология сараптамалық комиссияларын «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесiнiң аумақтық бөлiмшелерiне (филиалдарына) көшiру; сот сараптамасы саласындағы ахуалдар мониторингiнiң стандарты, мамандардың біліктiлiк стандарты, білім беру стандарты, ұйымдастыру стандарты (технологиялар, жарақтандыру стандарты және т.б.) сияқты сот сараптамасының түрлерiне қарай стандарттар жүйесiн құру қажет. Сот сараптамасы органдарын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының Yкіметіне қаржыландыру мәселесi жөнiнде ұсыныс беруi қажет. Осыған байланысты сот сараптамасы жүйесiн дамытудың басым бағыттары ретiнде мыналарды айқындауға болады: 1) сот сараптамасы қызметiнiң институционалдық және ұйымдастырушылық негiздерiн дамыту; 2) сарапшы кадрларды iрiктеу, кәсiби даярлау және біліктiлiгiн көтеру жүйесiн жетiлдiру; 3) сот сараптамасы органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту; 4) сот сараптамасы қызметi саласында халықаралық ынтымақтастықты дамыту. Осы бағыттағы тиiмдi жұмысты ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының сот сараптамасы жүйесiн дамыту тұжырымдамасын iске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын әзiрлеу және қабылдау қажет.
5. Сот сараптамасы қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту
«Сот сараптамасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңында сот сараптамасы қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың түрлi нысандары, соның iшiнде бірлескен ғылыми зерттеулер жүргiзу, ғылыми және әдiстемелiк ақпаратпен алмасу, сот сарапшыларын кәсiби даярлау мен біліктiлiгiн арттыру көзделедi. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі мен Армения, Грузия Республикалары, Беларусь Республикасы, Украина, Ресей Федерациясы Әдiлет министрлiктерiнiң арасындағы Келісімдерге сәйкес халықаралық ынтымақтастық ҚР ӘдМ CCO қызметкерлерiнiң ғылыми зерттеулерiн сот сараптамасы мекемелерiнiң ғылыми еңбектерi жинақтарында жариялаумен ғана шектелетiндiгiн айта кету керек. Осыған байланысты Тәуелсiз мемлекеттер достастығының сот сараптамасы органдарымен сот сараптамасы, сараптамалық зерттеулердiң әдiстерi мен әдiстемелерiн бірлесiп әзiрлеу, ақпараттық-анықтамалық қызмет саласындағы деректермен алмасу, сарапшы және ғылыми кадрларды даярлау мен біліктiлiгiн арттыру проблемалары бойынша ғылыми жұмысты үйлестiру көзделедi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |