Лоцмандық қызмет туралы ережені бекіту туралы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің 2005 жылғы 17 қаңтардағы № 31-І бұйрығы (2021.09.03. берілген өзгерістермен)
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2021.09.03. № 103 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қоса беріліп отырған Лоцмандық қызмет туралы ереже бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Т.Б. Әбілғазинге жүктелсін. 4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 17 қаңтардағы № 31-І бұйрығымен бекітілген
Лоцмандық қызмет туралы ереже
1. Лоцмандық қызмет туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) ішкі су жолдарында жүзетін кемелердің жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кемелердегі көліктік оқиғалардың алдын алу мақсатында және кемелерді лоцмандық алып өтуді жүзеге асыру бойынша лоцмандық қызметтің және лоцмандардың құрылуын жұмысын реттейді. 2. Лоцмандық қызметтер негізгі міндеті қызмет көрсету шекаралары шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын тиісінше ұстау және дамыту үшін өндірістік әрекетті жүзеге асыру болып табылатын, меншік нысанына қарамастан ұйымының құрамында құрылады. 3. Лоцмандық қызмет ұйымның есебінен ұсталады. Лоцмандық қызмет жұмысын ұйымдастыру берілген ауданның нақты жағдайларына байланысты белгіленеді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|