|
|
|
“Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi № 753 және 2004 жылғы 9 наурыздағы № 287 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы”
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер енгізiлсiн: 1) "Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 28 шiлдедегi № 753 қаулысына: көрсетiлген қаулымен мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасында: "Қаржы рыногының қатысушыларын институционалдық дамыту" деген III бөлiмнiң "Кредиттiк мекемелердi дамыту" деген 1-кiшi бөлiмiнiң "Қазақстан ипотекалық компаниясы және Ипотекалық кредиттерге кепiлдiк беру қоры" деген б) тармақшасындағы "Негiзгі шаралар" деген бiрiншi абзацтағы "ипотекалық кредиттеу жүйесiн дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын және" деген сөздер алынып тасталсын; 2) "Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын iске асыру жөнiндегі 2003-2006 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 9 наурыздағы № 287 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 12, 158-құжат): көрсетiлген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасын icкe асыру бойынша 2003-2006 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында: реттiк нөмiрi 3.2.1-жол алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |