|
|
|
Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы туралы
Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрi дамыту және Қазақстан Республикасының ақша-кредит саясатын дамыған елдерде қабылданған стандарттарға (атап айтқанда, Еуропалық Одақ стандарттарына) сәйкес келтiру мақсатында, Қазақстан Республикасының Yкіметi қаулы етеді: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы (бұдан әрi - Тұжырымдама) мақұлдансын. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келісім бойынша) Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігімен бiрлесiп осы қаулы қабылданған кезден бастап екi ай мерзiмде көрсетiлген Тұжырымдаманы iске асыру жөнінде белгiленген тәртiппен келісілген Iс-шаралар жоспарын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкiметінің 2003 жылғы 28 шiлдедегi № 753 қаулысымен мақұлданған Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың Тұжырымдамасы Кiрiспе Осы кезеңде қаржы секторы өз дамуының сапалы жаңа деңгейiнде тұр және алдағы уақытта оның табысты жұмыс iстеуi үшiн негiз жасауға бағытталған реформалардың көпшiлiгi жүзеге асырылды. Қазақстанның кредиттік рейтингiнің инвестициялық деңгейге дейiн жақсаруы Қазақстанның қаржы секторының табысты дамып келе жатқанын растайды. ТМД елдерінің қаржы жүйелерінің iшiнде ол әлдеқайда реформаланған болып табылады. Осылайша, қаржы секторының даму деңгейi бойынша Қазақстан ТМД елдерiнен бiрнеше жыл алда келедi. Соған қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрi Үкiмет) және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (бұдан әрi - Ұлттық Банк) қол жеткiзгендерге тоқталып қалмай, мынадай кезеңнiң мiндеттерiн шешуге көшудi бастауды дұрыс деп есептейдi: таяу жылдарда қалыптасатын макроэкономикалық үрдiстердi және валюта заңдарында болатын өзгерістердi ескере отырып, орташа мерзiмдегi болашақта дамыту бағыттарын айқындау қажет. Үкiмет пен Ұлттық Банк валюталық қатынастарды одан әрi ырықтандыру және жекелеген елдермен бiрге бiрыңғай валюта кеңiстiгiн енгізу мүмкiндiгi жағдайында қаржы секторының барлық бөліктерiн халықаралық стандарттарға сәйкес келтiру арқылы оның алдағы уақыттағы дамуын байланыстырады. Осы Тұжырымдаманың мақсаты экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарын қажетсінуін қанағаттандыратын және қаржы институттарының еркiн бәсекелестiк жағдайында сапалы қызмет көрсететiн тұрақты және тиімдi жұмыс iстейтiн қаржы жүйесiн қалыптастыру болып табылады. Қаржы секторын дамытудың тұжырымдамасы 2003-2006 жылдар аралығындағы кезеңге негiзгi мiндеттер мен дамыту бағыттарын анықтауды болжайды және ақша-кредит саясатын дамыған елдерде қабылданған стандарттарға (мысалы, Еуропалық одақ стандарттарына) барынша жақындатудың басым бағыттары ретiнде айқындайды. I. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің дамуы 1. Ақша-кредит саясатының жаңа бағыттары а) Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу Мақсаты мен міндетi 2006 жылға дейiнгi кезеңге Ұлттық Банк өзінің алдына тұтыну бағаларының индексiмен өлшенетiн инфляцияның орташа жылдық деңгейiн жылдық 4-5%-ға дейiн төмендету мiндетiн қойды. Мұндай мiндет қоюға Ұлттық Банктiң құралдар қолдану ережелерiнен ақша-кредит саясатының инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу қажеттігiн негiздейдi. Инфляциялық таргеттеу кезiнде мақсатты көрсеткiш ретiнде инфляция қарастырылады, ал негiзгi жедел көрсеткiш ресми қысқа мерзiмдi пайыздық ставканың бiрi ретiнде қызмет етедi. Ақша-кредит саясатын таргеттеу кезiнде алға қойылған мақсатқа мiндеттi түрде жетудiң мүмкiндігі үшiн мақсатты көрсеткішке жедел көрсеткiш әсерi қалай өзгертетінін бiлу қажет. Басқару сигналдарын беру әртүрлi арналар бойынша жүредi. Олардың iшiнде жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, валюталық және пайыздық тепе-теңдiк және басқа арналар. Осы беру арналардың жиынтығы және олардың өзара байланыстары трансмиссиялық тетiк деп аталады. Сонымен, трансмиссиялық тетiк - бұл басқару сигналдарын берудің мақсатты көрсеткiшке ықпал ету тетігі. Инфляцияны таргеттеуге көшумен алға қойылған мақсатқа жету жөніндегі міндеттемелердi қатаң сақтауды қамтамасыз ететiн тетік құрылатын болады, бұл жүргiзілетiн ақша-кредит саясатына деген сенімдi арттырады. Ағымдағы жағдай Қазiргi уақытта Қазақстанда инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшуге дайындықты бастау үшiн кейбір алғышарттар бар: - макроэкономикалық тұрлаулылық пен бюджеттің тұрақты жай-күйi; - валюта бағамының тұрақтылығы; - қаржы жүйесiн тұрақты дамыту; - Ұлттық Банктің тәуелсiздiгi, республикалық бюджеттің тапшылығын Ұлттық Банктің қаражаты есебiнен қаржыландырудан бас тарту; - инфляцияның төмен деңгейлерiне қолдау көрсету функцияларын Ұлттық Банкке ресми бекіту; - ақпараттың ашықтығы. Осыған қарамастан, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу саяси, экономикалық және техникалық сипаттағы кейбір проблемалармен байланысты. Саяси проблемаларға заң базасын, алынған мiндеттемелердi және бiрқатар басқа аспектiлердi орындауға қол жеткiзуде уәкілеттi органдардың жауапкершілік дәрежесiн айқындау және қалыптастыру кіреді. Экономикалық проблемалардың iшiнде едәуiр маңыздысы өтiмділіктi реттеудің негiзгi құралдары ретiнде ресми ставкаларды қолдауға жеткiлiкті көлемде толық ауқымда репо операцияларын жүргiзу үшiн Ұлттық Банктің бағалы қағаздар портфелiнің жеткiлiксiздiгi болып табылады. Техникалық проблема өзiне ақша-кредит саясатының экономикаға әсер ету процесiн түсіндiретiн трансмиссиялық тетiктің моделiн әзiрлеудi қамтиды. Негiзгі шаралар Инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу мақсатында мынадай: - бағалы қағаздардың қайталама рыногын дамытуға жәрдемдесу жөніндегi; - Ұлттық Банк бағалы қағаздарының портфелiн едәуiр кеңейту жөніндегі; - Ұлттық Банктің реттеу мүмкiндiгiн арттыратын, қаржы рыногының икемділігін арттыратын және оған тән тәуекелдер қатарын төмендетуге мүмкiндiк беретiн жаңа қаржы құралдарын дамыту жөніндегі; - Ұлттық Банктің ноттарымен өтiмділіктi реттеуден репо операцияларын және қаржы рыногының негiзгi құралдары ретіндегі ресми ставкаларды пайдалануға көшу үшiн жағдайлар жасау жөніндегi; - монетарлық емес факторларға негiзделген баға индекстерінің шулы құбылмалылығын төмендететiн және ақша-кредит саясаты үшiн бағдар ретінде пайдаланылуы мүмкiн Қазақстан жағдайында қолайлы "негiзгi инфляция" (core inflation) түрiн құру әдiстемесiн әзiрлеу жөніндегі; - трансмиссиялық тетіктің моделін әзiрлеу мен мақсатты деңгейлерiне қол жеткiзудiң операциялық рәсiмдерiн анықтау жөніндегi; - инфляциялық таргеттеу қағидаттарын пайдалана отырып монетарлық саясат жүргiзудiң жалпы сызбасын нақтылау жөніндегі шараларды қабылдау және белгiлi бiр кезең ішінде ресми қабылдау болжанып отыр. б) Қазақстан Республикасында ақша-кредит статистикасын жетiлдiру Мақсаты мен мiндетi Қазақстан Республикасы қаржы секторының барлық институционалдық бiрлiктерi бойынша шоғырландырылған деректердi қамтитын қаржы секторына шолу жасау. Ағымдағы жағдай Ақша-кредит статистикасы елдің қаржы ұйымдарының қаржылық және қаржылық емес активтерi мен пассивтерiнің қорлары (қалдықтары) туралы мәлiметтердің кешендi жиынынан тұрады. 2001 жылғы желтоқсаннан бастап Қазақстандағы ақша-кредит статистикасының талдау негiзi, тұтастай алғанда ХВҚ Басшылығының ақша-кредит және қаржы статистикасын жасау жөніндегі ұсыныстарына сәйкес келетiн тұжырымдамалар мен анықтамаларды көрсетедi. Ақша-кредит статистикасы жөніндегі деректер Ұлттық Банктің және Қазақстанда жұмыс iстейтiн екiншi деңгейдегi банктердiң шоттарын қамтиды, солардың негiзiнде Ұлттық Банк бойынша екiншi деңгейдегi банктер мен банк жүйесiне монетарлық шолу жасалады. Ұлттық Банктің монетарлық шолуында ақша базасының барлық құрамдас бөлiктерi бойынша деректер болады, оған елдің ақша агрегаттарының негiзiне жататын Ұлттық Банктің мiндеттемелерi кiредi. Екiншi деңгейдегi банктердің монетарлық шолуына ақша массасының ұлттық көрсеткiшiне кiретiн банктердiң міндеттемелерi жөніндегi деректер кіредi. Негізгi шаралар Институционалдық қамту бойынша едәуiр ауқымды болып табылатын және елдiң қаржы секторының барлық институционалдық бiрліктерi бойынша шоғырландырылған деректер бар қаржы секторының шолуын жасау үшiн ақша-кредит статистикасын кредиттік серіктестiктердiң шоттары мен басқа қаржы институттарының (ломбардтардың, сақтандыру компанияларының, зейнетақы қорларының және т.б.) шоттарын кiргiзу есебiнен кеңейту жоспарлануда. Бұл ақша-кредит және қаржы статистикасының елдегi қаржы қызметiнің анағұрлым теңбе-тең көрiнiсiн бере алатындай болуы үшiн қажет. Қаржы секторының шолуын жасаған кезде Қазақстандағы ақша-кредит және қаржы статистикасы елдiң қаржы рыногындағы өзгерістердің жалпы көрiнiсiн көрсету үшiн құралдар мен мекемелерi барынша кең ауқымын қамтитын болады. 2. Валюталық қатынастарды ырықтандыру Мақсаты мен мiндетi Валюта операцияларын жүргiзген кезде жекелеген шектеулердi кезең бойынша алу, уақыт пен халықаралық практика талаптарына сәйкес валюта операцияларын реттеудің өзге де әдiстерiн қолдану. Ағымдағы жағдай Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген валюталық заңнамасында белгіленген шектеулер мен кедергілер дамып келе жатқан рыноктық қатынастары бар елдердiң көпшілігіне тән. Негiзгi шаралар Қазiргi кезде республикаға шетелдiк капиталдың тұрақты ағыны, төлем теңгерiмi айырбас бағамның тұрақтылығы валюталық реттеу саясатының акцентiн капиталдың әкетiлуiне қатаң бақылаудан қаржы қаражатын тиiмдi пайдалануды арттыру мiндетiне бағыттауға, сондай-ақ ішкi қаржы рыногын дамытуға және жаңа қаржы құралдарының пайда болуына мүмкіндік бередi. Валюталық ырықтандырудың негiзгi бағыттары мен кезеңдерi Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандыру тұжырымдамасында көрсетiлген, соған сәйкес бiрiншi кезеңдi iске асыру үшiн әлдеқайда тартымды және экономикалық жағынан сенiмдi валюта операцияларына қатысты жекелеген шектеулердi алып тастауды айқындайтын Қазақстан Республикасында валюталық режимдi ырықтандырудың 2003-2004 жылдарға арналған бағдарламасы қабылданды. Бағдарлама шеңберiнде валюта операциялары бойынша ақпараттық базаны жетілдіру, ішкі валюта рыногында кең ауқымдағы алыпсатарлық операцияларға жол бермеудің және қысқа мерзiмдi капитал ағындарын бақылаудың тиiмдi тетiгiн құру, сондай-ақ валюталық бақылау рәсiмдерiн жүйелеу және жеңiлдету көзделген. Бағдарламаның ережелерiн iске асыру валюталық реттеудің шектеулi режимнен кең ауқымды және мейлiнше тұрақсыздандыратын капитал ағындарының мониторингi мен бақылаудың нарықтық нысандарына және әдiстерiне көшу үшiн алғышарттар жасайды. Валюталық режимдi толық ырықтандыру, яғни валюта операцияларын жүргiзуге рұқсат беруден тiркеу, хабарлау тәртібіне көшу мен ағымдағы және күрделi операциялар бойынша ұлттық валютаның конверсиялануына (ырықтандырудың екiншi және үшiншi кезеңдерi) 2007 жылы қол жеткiзу болжанады. Осы мақсатты iске асыру үшiн ұлттық валютаның толық конверсиялануының қағидаттары жасалатын Валюталық режимдi ырықтандырудың 2005-2007 жылдарға арналған тиiстi бағдарламасы дайындалатын болады. Сонымен бiрге дағдарыстық құбылыстар пайда болған жағдайда, ?кімет пен Ұлттық Банктің шектеулер енгізу құқығы сақталады. Мақсаты мен мiндетi Мемлекеттің төлем жүйесiн дамытудағы маңызды мақсаты Қазақстанның төлем жүйесiн Еуропалық одақ стандарттарына толық жақындату және төлем құралдарының жаңа түрлерiн енгізу мен дамыту болып табылады. Сондай-ақ Қазақстанда төлем карточкаларына қызмет көрсету жөніндегі қызметтi шоғырландыру мақсатында Төлем карточкаларының ұлттық жүйесiн құру және дамыту қажет. Бұдан басқа, ТМД елдерiнің (ЕуроАзЭҚ немесе басқа құрылымның) нақты уақыт режимiнде есептеудің ұлттық жалпы жүйелерiне негiзделген жалпы төлем жүйесiн құру, сондай-ақ Қазақстанның төлем жүйесiн ТМД мен шет елдерде танымал ету маңызды бағыт болып табылады. Ағымдағы жағдай Қазiргi уақытта Қазақстанның төлем жүйесi халықаралық қаржы ұйымдарының дамыған елдердің төлем жүйелерiне қойылатын барлық талаптарына сай келедi. Бұл ретте, төлем жүйелерiнде пайдаланылатын нормативтiк база мен технологиялар үнемi жетiлдiрiлiп және жоғарылатып отырады. Еуропалық одақ елдеріндегі соңғы әзiрлемелер микропроцессорлық технологиялар негізінде төлем карточкаларының жүйелерiн дамытуға бағытталған. Осыған байланысты, Қазақстанның төлем жүйелерiн Еуропалық Одақ стандарттарына жақындату жөніндегi iс-шаралар шеңберiнде Ұлттық Банк өзінің күш-жiгерiн Қазақстанда микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларын енгізу мен дамытуға бағыттауды жоспарлайды. Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларын енгізу бағытында алғашқы қадам жасалды да - Қазақстан Республикасында микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн дамыту бағдарламасы қабылданды. Бағдарламада көзделген микропроцессорлық карточкалар негiзінде төлем карточкаларын пайдалану болашақта халыққа, сауда-сервис кәсiпорындарына оларға қай банк қызмет көрсеткенiне қарамай қызмет көрсету бойынша бiрыңғай "төлем" кеңiстiгiн құруға мүмкiндiк бередi. Қазақстан Республикасының аумағында төлем карточкаларының жүйесi дамыту қолма-қол ақшамен жасалмайтын ақша айналымын кеңейтуге, эмиссияға жұмсалатын шығыстарды азайтуға және қолма-қол ақшаға қызмет көрсетуге, сондай-ақ тиiмдiлігі аздау төлем құралдарынан (мысалы, чек сияқты) жаңа тиiмдiрек төлем құралдарының түрлерiне көшуге мүмкiндiк бередi. Осы мақсаттар үшiн Ұлттық Банктің бастамасы бойынша Төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесінің арнайы ұйымы - "Процессинг орталығы" акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Процессинг орталығы) құрылды, оған төлем карточкалары бойынша транзакцияларды өңдеу, төлем карточкаларын, сондай-ақ халықаралық төлем жүйелерiнің төлем карталарын пайдалана отырып жүзеге асырылатын төлемдердi маршрутизациялау мен клиринг бойынша міндеттер жүктелдi. Процессинг орталығының қызметi, сондай-ақ микропроцессорлық карталар базасында электронды коммерция жүйелерiн (E-Commerce) құру және дамыту, коммерциялық ұйымдарға, корпоративтік және жеке клиенттерге, мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсету; әлеуметтiк мәселелер: сақтандыру, азаматтарды жүйеге келтiру, жинақтаушы зейнетақы қорларындағы қалдықтар бойынша көшiрмелер жөнiнде қызмет көрсету саласын дамыту және т.б. болжанады. Негiзгі шаралар Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн ендiрудің ұзақ мерзiмдi стратегиялық мақсаты Ұлттық Банктің айналыстағы ақша массасын тиiмдi басқару қабiлетiн сақтау, қаржы рыноктарының тұрақтылығына қауiп төндiруi немесе төлем жүйесiне сенiмдi жоюы ықтимал жүйелік және басқа да тәуекелдердi шектеу тұтынушыларға жаңа әрi тиiмдi, тәуекелi аз, қымбат емес және қолайлы төлем және қаржы қызметтерiн көрсету әдiстерiн дамыту болып табылады. Микропроцессорлық карточкалар негiзiнде төлем карточкаларының ұлттық банкаралық жүйесiн ендiру үшiн мынадай iс-шараларды дәйектi түрде iске асыру қажет: - жүйенi құруға байланысты құқықтық қатынастарды қалыптастыру; - тұтынушылардың сұранымын, сауда (қызмет көрсету) ұйымдарының төлеуге төлем карточкаларын қабылдауға дайындығын анықтау; - төлем карточкаларын пайдаланумен әлуеттi қылмыстарды болдырмау әдiстерiн, сондай-ақ төлем карточкаларын ұстаушылар үшiн салдарлар мен әлуеттi тәуекелдердi анықтау. Бұдан басқа, қызметiн мынадай негiзгi бағыттарда дамыту болжанып отырған Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО) елдің төлем жүйесiн дамытуда маңызды роль атқарады: - ТМД елдерiнің бiрыңғай мемлекетаралық төлем жүйесiн құруға қатысу (ЕурАзЭҚ немесе басқа құрылым); - төлем жүйесiн сату жөніндегі қызметтер көрсетудi дайындау және ТМД елдерi мен басқа да елдерге ұсыныс; - қазақстандық және сол сияқты шетелдiк қаржы институттарын қоса отырып, SWIFT 1 сервис бюросын одан әрi дамыту; - SWIFT көлiк жүйесiн пайдаланушыларға SWIFT арқылы төлем жүйесiне хабарламалар қабылдауға және беруге қосымша мүмкiндiк беру үшiн Қазақстан төлем жүйесiмен ықпалдастыру; - ақша аударудың банкаралық жүйесiнде және ҚБЕО клирингiнде жаңа қаржы құралдарын дамыту; - Қазақстанның жұмыс iстеп тұрған төлем жүйесiн және Ақпарат көлігінің қаржылық автоматтандырылған жүйесiн (бұдан әрi - AKҚАЖ) негiзгi ақпаратты басқару жүйесiмен (PKI) ықпалдастыру; - пайдаланушылар үшiн AKҚАЖ арқылы төлем жүйесiне хабарламалар қабылдауға және беруге қосымша мүмкiндiктер жасау үшін АКҚАЖ көлiк жүйесiн ықпалдастыру; - қазақстандық және сол сияқты шетелдiк қаржы институттарын қоса отырып, АКҚАЖ-ды одан әрi дамыту. _______________________ 1SWIFT - әлемдiк банкаралық қаржы телекоммуникациялар қоғамдастығы (society for worldwide interbank financial telecommunication). 4. Нақты сектор кәсіпорындарының мониторингін жандандыру Мақсаты мен мiндетi Ақша-кредит саясаты құралдарын қолдануды жетілдiру және инфляциясыз экономикалық өсу үшiн жағдай жасауға және экономикадағы күрт құлдырауларды болдырмауға бағытталған ақша-кредит және қаржы-бюджет саясатының келiсілген шараларын қабылдау. Осы мақсатқа қол жеткiзу мынадай мiндеттердi шешу арқылы қамтамасыз етіледi: - экономикалық конъюнктураның ауытқуларын және осы ауытқуларға ықпал ететiн негiзгi факторларды шұғыл анықтау, талдау және болжау; - ақша-кредит саясатының экономиканың нақты секторына ықпал ету арналарының тиiмдiлiгiн зерттеу және талдау. Ағымдағы жағдай Ұлттық Банк Директорлар кеңесiнiң 2000 жылғы 18 наурыздағы № 103 қаулысымен бекітілген Ұлттық Банктің жүйесiнде экономиканың нақты секторындағы кәсiпорындар мониторингінің тұжырымдамасы негiзiнде 2000 жылғы 4-тоқсаннан бастап кәсiпорындарға тоқсан сайынғы тұрақты режиммен ерiктi негiзде жүргiзiлетiн зерттеулер ұйымдастырылды, олардың нәтижелерi елдің, аймақтың және базалық салалардың ағымдағы және болжамды экономикалық жай-күйiн және экономикадағы үрдiстерге баға алуды қамтамасыз етедi. Сонымен бiрге мониторинг нәтижелерiн жоғарыда аталған мақсаттарда тұтастай пайдалану мүмкiндiгi кәсiпорындардың - мониторингке қатысушылардың танымалдығына, яғни елдің және өңiрлер экономикасының салалық құрылымын кәсiпорындардың қандай дәрежеде көрсетуiне байланысты. Қазiргi уақытта мониторингке экономиканың барлық базалық салаларынан 1000-нан астам кәсiпорын қатысады. Сонымен қатар, бұл - мониторинг өзiнің алғашқы қадамын бастаған өнеркәсiп салаларының басым түрде iрi және орташа кәсіпорындары. Сондықтан Ұлттық Банктің және оның өңiрлік филиалдарының күш-жiгерi негiзiнен басқа салалардың кәсіпорындарын зерделеуге тартуға бағытталған. Негiзгi шаралар Алға қойылған мiндеттердi iске асыруға: 1) экономикадағы iскер цикл сатысын айқындау үшiн алдыңғы көрсеткiштердің, ЖIӨ-нің қысқа мерзiмдi ауытқулары жүйесiн құру; 2) мыналардың: - мониторингке қатысушы кәсiпорындардың танымал болуын арттыру; - ақша-кредит саясатын ағымдағы жүзеге асыру үшiн тiкелей бағдарлау ретiнде қорытынды көрсеткiштердi әзiрлеу; - кәсiпорындардың сауалнамаларды толтыруын оңайлату мақсатында оларды жетілдiру және ақша-кредит саясатының экономиканың нақты секторына негiзгi ықпал ету арналарын зерттеу мүмкiндiгiн қамтамасыз ету негiзiнде экономиканың нақты секторында экономикалық процестердің жай-күйiн және күтілетiн өзгерістердi бағалауды жақсарту қызмет етедi. ЖIӨ ауытқуларының бағыты мен көлемiн талдау экономикадағы сұраныс факторларына ақша-кредит және қаржы-бюджет саясатының келісілген шараларымен уақтылы ықпал ету арқылы оларды қалпына келтiру үшiн неғұрлым нақты бағдарлар бередi. Мониторинг жүргiзу, сондай-ақ кәсiпорындарда айқындылықтың болмауына жол бермеу арқылы экономиканың нақты және қаржы секторын бұдан әрi жақындату проблемасын шешуге жағдай жасайды, бұл индустриалдық және инновациялық даму бойынша ұзақ мерзiмдi мемлекеттік саясатты iске асыруда оң ықпал етедi. II. Қаржы рыногына қатысушылардың қызметiн қадағалаудың бiрыңғай органын құру және дамыту Мақсаты мен міндетi Қаржы рыногын мемлекеттік реттеу жүйесiн реформалаудың негiзгi мақсаты - тәуелсiз, әрi тиiмдi шоғырландырылған қаржылық қадағалау жүйесiн құру болып табылады, оның басты мiндетi қаржылық қызмет көрсетудi тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау деңгейiн көтеру үшін қаржы рыногын қадағалау және реттеу әдiстерi мен рәсiмдерi жүйесiн кешендi iске асыру және отандық қаржы рыногының тұрақты инфрақұрылымын қалыптастыру болады. Ағымдағы жағдай Қазақстанда 2001 жылдан бастап қаржы институттарының қызметiн мемлекеттік реттеудiң барлық қадағалау және реттеу функцияларын мамандандырылған бiр органның аясына бiрiктiрудi көздейтiн жаңа жүйе құрыла бастады. Жұмыс бiрден екi бағытта жүргiзіліп отыр: бiрiншіден, қажеттi заң базасын әзiрлеу жүзеге асырылуда, екiншіден, кейiн барлық қадағалау бөлiмшелерiн жеке органға бөлу (болжаммен 2004 жылы) үшiн барлық реттеу және қадағалау функцияларын Ұлттық Банкке шоғырландыруды көздейтiн институционалды қайта құру жүргiзiлуде. Жаңа жүйеге бағалы қағаздар рыногы және жинақтаушы зейнетақы қорлары субъектiлерiн реттеуге қатысты функциялар мен өкiлеттiктер шоғырландырылды. Қазiргi уақытта реттеудің бiрыңғай жүйесiн жетілдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісiнiң қарауында "Қаржы рыногын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" және "Қаржы рыногын мемлекеттік реттеудiң және онда қалыптасып отырған қатынастарды қадағалаудың бiрыңғай жүйесiн ұйымдастыру мәселелерi жөнiнде кейбір заң актілерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңдардың жобалары жатыр. Негізгі шаралар Осы жүйенi құру шеңберiнде кешендi реттеудiң және қадағалаудың үйлестiрiлуi мен тиiмділігiнің, ақпараттылығының, қаржылық қызметтi тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғаудың жоғары дәрежесiн қамтамасыз ету қажет. Қаржы секторын толыққанды реттеу үшiн оны құрған кезде ықпал ету, Ұлттық Банкпен және басқа мемлекеттік органдармен ақпарат алмасу рәсiмдерi мен өзара iс-қимыл сызбаларын айқындау қажет. Бiрыңғай реттеушi орган ұлттық экономиканың күштi қаржылық инфрақұрылымын құруға және ұлттық қаржы жүйесіне сенімінің молаюына ықпал eтуі тиiс, оған пруденциалдық қадағалау, қаржы институттарын жеткiлiктi капиталдандыру және тәуекелдердi бара-бар басқару жөніндегі жұмыстар жағдай жасайтын болады. 2007 жылға қарай Еуроодақтың стандарттарын және отандық бағалы қағаздар рыногының ерекшеліктерін ескере отырып, аралық қадағалау тетіктерiнің негiзгi өлшемдерiн қайта қараған жөн. Бұдан басқа, жүйелiк тәуекел ұлғайған және/немесе бүкiл қаржы рыногында немесе оның жеке бөлiктерiнде дағдарыстар пайда болған кезде қаржы рыногының iрi қатысушылары банкрот болған кездегi жедел iс-қимылдар сызбасы әзiрленуi тиiс. Жоғарыда аталған мiндеттердi iске асырғаннан кейiн және қаржы рыногының дамуына орай 2007 жылы қаржы рыногын реттеушiнiң қаржы рыногы субъектiлерiнен жыл сайынғы алымдар арқылы кезең-кезеңмен өзiн өзi қаржыландыру (iшiнара қаржыландыру) мәселесi қаралсын. Қаржы рыногының тетiктерi мен рәсiмдерiн қадағалауды жетiлдiру мақсатында банк жүйесi үшiн Базель Комитетiнің қағидаттары, сақтандыру рыногы үшiн Халықаралық сақтандыруды қадағалау қауымдастығының (IAIS) талаптары, Бағалы қағаздар бойынша комиссиялардың халықаралық ұйымының (ISOCO) бағалы қағаздарды реттеу қағидаттары сияқты қаржы рыногының жекелеген бөлiктерiнде реттеудiң халықаралық стандарттарын одан әрi енгізу жөніндегі iс-шаралар жалғасатын болады. Бұдан басқа, қаржы рыногының дұрыс және толыққанды инфрақұрылымын қалыптастыру мақсатында Еуропалық одақтың қаржы рыногына қатысушылардың пруденциалдық реттеу мәселелерi бойынша жекелеген нормалары мен директиваларын кезең-кезеңмен бейiмдеу жүзеге асырылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |