Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң кеден органын және
Осы редакция ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 2 наурыздағы № 194 қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді Қазақстан Республикасының ?кіметi қаулы етеді: 1. "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймағы жұмыс iстейтiн кезеңде Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Астана - жаңа қала" кеденi" (бұдан әрi - Кеден) және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң "Астана - жаңа қала" салық комитетi" (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттік мекемелерi құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Кеден туралы ереже бекітілсiн. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді 3. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен Кеден мен Комитетті әдiлет органдарында бiр айлық мерзiмде тiркеудi қамтамасыз етсiн және осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 24 сәуірдегі № 469 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Астана - жаңа қала" кеденi туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Астана жаңа қала" кеденi (бұдан әрi - Кеден) кеден органдарының біртұтас жүйесiне кiредi және өз құзыретi шегiнде "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймақ аумағында кеден ісiне басшылықты жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiне (бұдан әрi - Агенттiк) есеп бередi әрi соның бақылауында болады және өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Кедендi қаржыландыру Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгiн ұстауға республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Кеденнiң құрылымын Агенттiк Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiткен штат санының лимиттерi негiзiнде белгiлейдi. 5. Кеден мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тiлде өз атауы жазылған мөрi мен мөртаңбасы, сондай-ақ банктерде заңнамаға сәйкес шоттары болады. ҚР Үкіметінің 14.04.03 ж. № 357 қаулысымен ,-тармақ өзгертілді 6. Кеденнiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Кедендiк бақылау агенттiгiнiң "Астана - жаңа қала" кеденi". Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 33-үй. 2. Кеденнiң мiндеттерi, функциялары мен құқықтары 8. Кеденнiң негiзгi мiндеттерi: өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және экономикалық мүдделерiн қорғау; өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының кеден заңнамасының сақталуын және "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймақ аумағында бiртұтас кеден саясатын, атқарылуы кеден органдарына жүктелген бақылауды қамтамасыз ету; кеден iсiн ұйымдастыру мен жетiлдiру; Қазақстан Республикасының кеден саясатын әзiрлеу мен iске асыруға қатысу. 9. Кеденнiң негiзгi функциялары: өндiрiп алу кеден органдарына жүктелген кедендiк төлемдер мен салықтардың республикалық бюджетке уақытылы және толық енгiзiлуiн қамтамасыз ету; тауарлардың және көлiк құралдарының "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймақ шекарасы арқылы рұқсатпен өту тәртібін сақтау; кеден ісiнiң жай-күйi мен оны дамыту жөнiнде ақпараттық-түсiндiру жұмыстарын жүргiзу; "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймақ аумағында кедендiк бақылауды және тауарлар мен көлiк құралдарын ресiмдеудi жүзеге асыру, оларды жетiлдiру шараларын қабылдау; кеден ережелерiнiң бұзылуымен байланысты жұмысты жүзеге асыру; дербес және құқық қорғау органдарымен іс-қимыл жасай отырып, "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймақ аумағында кеден заңнамасының бұзылуына қарсы күрестi жүзеге асыру, бiрлескен операциялар жүргiзу, ынтымақтастық мәселелерi бойынша бірлескен құжаттар дайындау; мемлекеттік қауiпсiздiктi, халықтың рухани iзгiлiгiн қорғау, адамның өмiрi мен денсаулығын қорғау, қоршаған табиғи ортаны, жануарлар және өсiмдiктердi қорғау, әкелiнген тауарларды республикалық тұтынушылардың мүдделерiн қорғау жөніндегі шараларды жүзеге асыруға жәрдемдесу; өз құзыретi шегiнде және заңнамаға сәйкес валюталық бақылауды жүзеге асыру; дербес және басқа да органдармен өзара iс-қимыл жасай отырып, кедендiк бақылау аймағы режимiнiң сақталуын бақылауды, кеден инфрақұрылымы объектiлерiн қорғау жүйесiн ұйымдастыруды, "Астана - жаңа қала" арнаулы экономикалық аймағының периметрi бойынша кеден шекарасын қорғауды қамтамасыз ету; сыртқы сауданың кеден статистикасын ұйымдастыру және жүргiзу, Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыру үшiн Агенттiкке белгiленген тәртiппен бастапқы деректердi табыс ету, Агенттiк айқындаған тәртiппен арнайы кеден статистикасын жүргiзу; Агенттiктiң келісімi бойынша шет мемлекеттердiң кеден iсi мәселелерiмен айналысатын кеден және өзге де құзыреттi органдарымен ынтымақтастықты жүзеге асыру; Кеденде кадрларды iрiктеу, орналастыру, олардың кәсiби даярлығы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргiзу; кеден инфрақұрылымы объектiлерiнiң құрылысы мен қайта жаңартуды жобалауды жоспарлау мен ұйымдастыру; Кеден қызметкерлерiне қажеттi еңбек жағдайларын, сондай-ақ олардың құқықтық және әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету үшiн жағдай жасау; Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiртұтас автоматтандырылған жүйесiн жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды енгізу; Кеденнiң бұқаралық ақпарат құралдарымен ынтымақтастығын ұйымдастыру және қамтамасыз ету, жеке және заңды тұлғаларды кеден iсi мәселелерi жөнiнде хабардар ету, өз құзыретi шегiнде азаматтардың шағымдары мен өтiнiштерiн уақытылы және әдiл қарау, мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен мүдделерiне нұқсан келтiрiлуiн туындататын себептердi жою жөнiнде шаралар қабылдау; Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзiне жүктелген басқа да функцияларды орындау. 10. Кеденнiң өзiне жүктелген негiзгi мiндеттер мен функцияларды жүзеге асырған кезде мынаған құқығы бар: мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, сондай-ақ лауазымды адамдардан, азаматтардан өзiне жүктелген мiндеттер мен функцияларды орындау үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтердi белгiленген тәртiппен сұратуға және алуға; өз құзыретi шегiнде кеден ережелерiнiң бұзылғаны туралы істi қарауға және іс жүргiзуге қабылдап алуға; өз құзыретi шегiнде мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы және шет мемлекеттер азаматтарымен өзара iс-қимыл жасау; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру. 11. Кеден өз жұмысын Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерiмен, Қазақстан Республикасының аумақтық кеден органдарымен өзара iс-қимыл жасай отырып, ағымдық және перспективалық жоспарлар негiзiнде ұйымдастырады. 12. Кеден Қазақстан Республикасы кеден органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi. 13. Кеден өзiнiң қызметiн қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлімшелерден тұрады. 14. Кедендi Агенттiк Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын бастық басқарады. 15. Кеден бастығының Агенттiк Төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады. 16. Кеден бастығы Кеден жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Кеденге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап бередi. Кеденге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларының жүзеге асырылуына жеке жауап бередi; мемлекеттік органдарда және ұйымдарда Кеденнiң мүдделерiн бiлдiредi; өз орынбасарының және құрылымдық бөлiмшелер басшыларының өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн айқындайды; заңнамаға және лауазымдар номенклатурасына сәйкес Кеден қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; өз құзыретi шегiнде бұйрықтарға қол қояды; Кеденнiң құрылымдық бөлiмшелері туралы ережелердi және лауазымды адамдардың функционалдық мiндеттерiн бекiтедi; заңнамада белгiленген тәртiппен Кеден қызметкерлерiне қатысты көтермелеу мен тәртiптiк ықпал ету шараларын қолданады, Кеденнiң лауазымды адамдарына арнаулы атақтар беру туралы ұсынымдар енгiзедi; Агенттiкке Кеден құрылымы мен штат саны бойынша ұсыныстар енгiзедi; заңнамаға сәйкес өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады. 18. Кеденнiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Кеденнiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктер есебiнен құралады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатын, сондай-ақ құны Кеден теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктерден тұрады. 19. Кеденге бекiтілген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 20. Кеденнiң өзiне бекітілiп берiлген мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлдермен билiк етуге құқығы жоқ. Кеденге заңнамада белгiленген жағдайларда және тәртiппен мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 5. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату 21. Кедендi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. |