«Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышын бекіту туралы» (ҚР Қаржы министрінің 2005.20.07. № 276 Бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Осы бұйрықтың 5 тармағына сәйкес күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 223-бабының 3-тармағына және "Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 5 ақпандағы № 110 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 1. Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 15-бабына сәйкес егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде мемлекеттік мекемелердің өздерінің негізгі қызметтеріне жатпайтын, төленетін ақысының міндетті сипаты болмайтын әрі жеке және заңды тұлғамен келісім бойынша айқындалатын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізу құқығы көзделген болса, мұндай тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін ақша мемлекеттік мекеменің иелігінде қалу мүмкіндігін ескере отырып, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері Қазақстан Республикасының салалық заңнама актілерін заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес келтіру жөніндегі қажетті шаралар қабылдасын. 2. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын, өткізуден түсетін ақшасы өзінің иелігінде қалатын мемлекеттік мекемелер тауарларының (жұмыстарының, көрсетілетін қызметтерінің) тізбесі сыныптауышы бекітілсін. 3. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (В.А. Сәтқалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|