|
|
|
2005 жылға арналған республикалык бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа (2005.22.12. енгізілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуiрдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 389, 390, 391, 392, 393, 394-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінiң (қаржы полициясы) 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 389-қосымша
618 - Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттiгі (қаржы полициясы) Бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 3921483 мың теңге (үш миллиард тоғыз жүз жиырма бір миллион төрт жүз сексен үш мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Бюджет кодексi; "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Заңы; "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 15 наурыздағы Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңы; "Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 4 шiлдедегi Заңы; "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 мамырдағы Заңы; "2005 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 2004 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Мемлекеттік ақпараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының әскери қызметшiлерi, құқық қорғау органдары, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiнiң мемлекеттік өртке қарсы қызметi мен прокуратура органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттары бойынша тiзілiмдерiн бекіту туралы" 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1283 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджетi) есебiнен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" 2004 жылғы 17 қаңтарындағы № 1284 Жарлығы; "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 11 сәуірдегі № 487 қаулысы; "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлерiне еңбекақы төлеу жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнің (қаржы полициясы) мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер, Әдiлет министрлiктерi, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегi агенттiгi (қаржы полициясы) және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 17 наурызындағы № 330 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: 1) жүктелген мiндеттерін тиiмдi атқаруға қол жеткізу үшiн, Қазақстан Республикасы Қаржы полициясының орталық атқарушы органы мен аумақтық органдары қызметiн қамтамасыз ету; 2) кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру және өзіне жүктелген қызметтік мiндеттерiн тиiмді орындау үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсiби қызмет саласындағы білімдiк бағдарлама бойынша теориялық және практикалық білімiн, шеберлiгi мен дағдылығын жаңарту; 3) Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының орталық аппараты және аумақтық органдарының әрекетi үшiн қажеттi жағдайларды жасау; 4) қаржы полициясы органдарын материалдық-техникалық құралдармен, оның iшiнде нысанды және арнайы киім-кешекпен және өзге де активтермен және басқа да тауарлы-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету; 5) экономика және қаржы қызметі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күрестi күшейту, қаржы полициясы органдарының жедел-iздестiру, тергеу бөлiмшелерi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру; 6) қаржы полициясы органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық-телекоммуникациялық жүйесiн және басқа да ақпараттық ресурстарын iлестiрiп жүру. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: 1) Қазақстан Республикасы қаржы полициясының орталық атқарушы органын, аумақтық органдарын ұстау; 2) қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiнiң кәсiби шеберлiгiн жетiлдiру; 3) Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының әкiмшiлiк ғимараттарында күрделi жөндеу жүргізу; 4) қаржы полициясы органдарының материалдық-техникалық базамен жарақтандыру және оны нығайту, қаржы полициясы органдарының қызметкерлерiн нысанды және арнайы киім-кешекпен қамтамасыз ету; 5) мемлекеттің экономикалық қауiпсіздiгiн қамтамасыз ету, экономикалық қылмыстардың тергеу, анықтау және алдын алу жолын кесу және оны ашу; 6) Электрондық пошта арқылы Қазақстан Республикасы қаржы полициясының орталық атқарушы, аумақтық органдары және оқу орны арасындағы байланысты қамтамасыз ету, түрлi ақпараттық көздерге кiруге рұқсат берудi қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз етулердi сатып алу, қолданылатын есептеуiш техникалардың және периферилiк жабдықтардың жұмысқа қабiлеттілігiн қамтамасыз ету, ақпараттық технологиялар саласындағы қаржы полициясы органдары қызметкерлерiнiң біліктілігiн арттыру. ҚР Үкіметінің 2005.22.12. № 509з Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |