Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика
Осы редакция 2005 ж. 1 сәүірдегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
"Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңының 23-бабына сәйкес (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 13-14, 202-құжат) Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанынан Мемлекеттік ономастика комиссиясы құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ереже бекітілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамы 1-қосымшаға сәйкес бекітілсiн. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2-қосымшаға сәйкес кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (Мемономком) туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы (бұдан әрi - Комиссия) географиялық объектiлердiң атауына бiрыңғай көзқарасты қалыптастыру, топономикалық атауларды қолдану мен олардың есебiн жүргiзудi реттеу, Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретiнде тарихи атауларды қалпына келтiру, сақтау және оларды қайта атау мақсатында ономастика (антропонимика, топонимика, космонимика, астронимика, этнонимика, зоонимика, құжатнама, эргонимика және басқалары) саласында мемлекеттік тiл саясатын iске асыру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлейтiн консультациялық кеңесу органы болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң актілерін, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 3. Комиссияның жеке құрамы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қаулысымен бекітіледi. 4. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады. 5. Қазақстан Республикасында топонимикалық объектiлердiң жаңадан берiлген, қайта аталған және нақтыланған атауларын бекiтудi Комиссияның қорытындысы болған кезде ғана, белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкіметі жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 13.04.04 ж. № 413 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Комиссияның қызметiн ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және әдiстемелiк қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі жүзеге асырады. 2. Негiзгi мiндеттерi 7. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: географиялық атауларды жинақтау, жүйелендiру және зерделеу, ономастика жөнiнде ғылыми негiзделген сөздiктер құрастыру; бұрын жоғалтылған тарихи топонимдердi қалпына келтiру жөнiнде ұсыныстар енгізу; жаңа географиялық объектiлер үшiн атаулар әзiрлеуге қатысу; ономастика географиялық және тарихи-мәдени пәндеме ретiнде қолдау көрсету болып табылады. 3. Негiзгi функциялар мен өкiлеттiгi 8. Комиссия өзiне жүктелген мiндеттердi шешу мақсатында: 1) орфографияның, ғылыми транскрипцияның және қалыптасқан мәдени-тарихи және әлеуметтiк факторлардың қолданылып жүрген нормаларының негiзiнде: қалалардың, аудандардың, басқа да әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң, өнеркәсiп, ауыл шаруашылығы кәсiпорындарының, темір жол және автомобиль жолдары станцияларының, пошта бөлiмшелерiнiң, ғылыми-зерттеу жобалау ұйымдарының, мекемелердiң, кәсiпорындардың, жоғары, жалпы білім беретiн, арнаулы орта және кәсiптiк оқу орындарының, көлiк, балық аулау кемелерiнiң, айлақтардың, су құрылыстарының, әуежайлардың және Қазақстан Республикасының республикалық министрлiктерi мен ведомстволарына ведомстволық бағыныстағы басқа да объектiлердiң атауларының аталуы, қайта аталуы, нақтылануы және транскрипциясы; азаматтардың тегi, аты және әкесiнiң аты, сондай-ақ жазушылар мен қоғам қайраткерлерiнiң бүркеншiк аттары туралы қорытындылар ұсынады; 2) республиканың министрлiктерi мен ведомстволарына карталар жасау, анықтамалықтар, сөздiктер, атластар шығару процесiнде пайда болған мәселелердi шешуде консультациялық көмек көрсетедi, оларда Қазақстанның географиялық атаулары номенклатураларының дұрыс транскрипциялануын қадағалайды; 3) ономастика мен топонимика жөнiнде анықтамалықтар мен сөздiктер шығаруды үйлестiредi; 4) елдi мекендердiң, көшелердiң, даңғылдардың, алаңдардың тұғырлы атауын сақтауға бағытталған шаралардың кешенiн жүзеге асырады; 5) ел халқының Қазақстан Республикасы тарихи-мәдени мұрасының құрамдас бөлiгi ретіндегі байырғы халықтық және тарихи қалыптасқан атауларға құрметпен қарауын қалыптастыруға белсендi ықпал етедi; 6) жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп қалалық аудандардың, алаңдардың, даңғылдардың, бульварлардың, көшелердiң, парктердiң, саябақтардың және с.с. атаулары және оларды қайта атау, транскрипциясына нақтылаулар енгізу туралы шешiм қабылдайтын жергiлiктi жерлердегi ономастикалық комиссияның қызметiн үйлестiредi; 7) өз отырыстарында облыстық, қалалық, аудандық ономастика комиссиялары төрағаларының хабарламалары мен ақпараттарын тыңдайды; 8) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктердiң, кәсiпорындардың, бiрлестiктердiң, темір жол станцияларының, әуежайлардың және басқа да физикалық-географиялық объектiлердiң атаулары мен қайта аталуы, топонимдерiнiң, транскрипциясына нақтылаулар енгізу туралы даулы мәселелер бойынша қорытынды бередi; 9) ұйымдардың, шығармашылық одақтардың, жекелеген азаматтардың тарихи топонимдердi қалпына келтiру немесе ауыстыру мәселелерi жөніндегі хаттарын қарайды және тиiстi ұсынымдар енгiзедi; 10) Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының, басқа да ұйымдардың, материалдары, хабарлаулары және ақпараттары бойынша ономастика саласында мемлекеттік тiл саясатын iске асырудың жай-күйiн талдайды. 4. Жұмысын ұйымдастыру 9. Комиссияның отырысы Комиссияның отырысында қабылданатын және оның төрағасы бекiтетiн жұмыс жоспарына сәйкес жүйелi түрде өткiзiледi. Егер оған оның мүшелерiнiң кемiнде жартысы қатысса Комиссияның отырысы күшi бар деп саналады. 10. Комиссияның шешiмi оның отырысына қатысып отырған Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiк даусымен ашық дауыс берумен қабылданады. 11. Қажет болған жағдайда Комиссияның құзыретiне кiретiн жекелеген мәселелердi қарау үшiн жұмыс топтары құрылады. 12. Комиссияның хатшысы отырыстарының жұмыс жоспарын, күн тәртібін жасайды, Комиссия мүшелерiнiң өзара iс-қимылын ұйымдастырады және iс қағаздарын жүргiзуге жауап бередi. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысына 1 қосымша ҚР Үкіметінің 17.10.00 ж. № 1551; 03.04.02 ж. № 397;13.04.04 ж. № 413 қаулыларымен құрам өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының құрамы
Қасейiнов - Қазақстан Республикасының Дүйсен Қорабайұлы Мәдениет министрi, төраға Қойгелдиев - Қазақстан Республикасы Мәмбет Құлжабайұлы Білім және ғылым министрлiгінiң Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, төрағаның орынбасары Омаров - Қазақстан Республикасының Бауыржан Жұмаханұлы Мәдениет министрлігі Тiлдердi дамыту жөніндегі департаментінiң директоры, хатшы Сейдiмбек - Қазақстан Республикасы Ақселеу Сланұлы Білім және ғылым министрлігінiң Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнiң профессоры Құл-Мұхаммед - Қазақстан Республикасының Мұхтар Абрарұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрi, төраға Нұрмаханов - Қазақстан Республикасының Арыстанбек Нұрмаханұлы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Тiлдердi дамыту жөніндегі департаментiнiң директоры, хатшы Комиссия мүшелерi: Әбдірахманов - Қазақстан Республикасының Ғылым Сләмқұл Әбдірахманов министрлігі - Ғылым академиясы География институтының зертхана меңгерушiсi Жанұзақов - Қазақстан Республикасының Телқожа Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынов атындағы Тiл білімi институтының бас ғылыми қызметкерi Гурский - "Казахстанская правда" республикалық Анатолий Степанович газеті" ААҚ-ның президенті (келісім бойынша) Әбдiлдин - Қазақстан Республикасының Жабайхан Мүбәракұлы Парламентi Сенатының депутаты (келісім бойынша) Керiмбаев - Қазақстан Республикасы Есенгелдi Білім және ғылым министрлігінiң M. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетінiң профессоры Қалиұлы - Қазақстан Республикасының Жекен Парламентi Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша) Мұртаза - Қазақстан Республикасының Шерхан Парламентi Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша) Нұрғалиев - Л.Гумилев атындағы Еуразия Рымғали мемлекеттік университетiнiң кафедра меңгерушiсi (келісім бойынша) Оразалинов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Сұлтан Шәріпұлы министрлігі Құқықтық насихат, мемлекеттік тiл және жұртшылықпен байланыс департаментiнiң директоры Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 21 сәуірдегі № 368 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір күшi жойылған шешiмдерiнiң тiзбесi 1. "Қазақ КСР Министрлер Кеңесi жанынан Мемлекеттік ономастика комиссиясын құру туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1990 жылғы 20 сәуірдегі № 156 қаулысы (Қаз КСР ҚЖ, 1992 ж., № 12, 73-құжат). 2. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының (Қазономком) құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 қаңтардағы № 114 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 5, 54-құжат). 3. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясының (Қазономком) құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 қаңтардағы № 114 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1994 жылғы 27 маусымдағы № 720 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 27, 295-құжат). 4. "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 31 қаңтардағы № 114 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 17 қазандағы № 1340 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 33, 415-құжат).
|