|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі) (2005.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 85, 86, 87, 88, 89, 90, 91, 92, 93, 94, 95, 96, 97, 98, 99, 100, 101, 102, 103, 104, 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113, 114, 115, 116, 117, 118, 119, 120, 121, 122, 123, 124, 125-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Yкіметінің 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 85-қосымша
212 - қазақстан республикасы ауыл шаруашылығы министрлігі бюджеттік бағдарламаның әкiмшісi
2005 жылға арналған "Агроөнеркәсiптiк кешен, орман және су шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның қызметін қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 5618594 мың теңге (бес миллиард алты жүз он сегiз миллион бес жүз тоқсан төрт мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негізi: 2004 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 50-бабы; 2003 жылғы 9 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Су кодексiнiң 40-бабы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 , 21, 25-баптары; "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4 , 6-бабы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкпен күресу және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық-түлiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетi және Ұлттық Банктiң сметасы (бюджетi) есебiнен қамтыған Қазақстан Республикасы органдары қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы, "Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық кеңестік тұжырымдасы және оны iске асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1998 жылғы 29 шiлдедегi № 715 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгінде ақпараттық-маркетингiлiк жүйесiн құру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 30 қазандағы № 1627 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбір мәселелерi" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 7 қазандағы № 1096 қаулысы; "2003-2005 жылдардағы кезеңде Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттік бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын (I саты) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 21 тамыздағы № 843 қаулысы; "Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы № 1344 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппаратының және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметтерiн оларға жүктелген функцияларды барынша тиiмдi орындауға жету үшiн қамтамасыз ету; кәсiби қызмет саласында теоретикалық және практикалық білімдi, ептіліктi және дағдыны жаңарту, материалдық-техникалық базаны жаңарту және нығайту. 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппаратын және оның аумақтық бөлiмшелерiн ұстау. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасы статистика жөніндегі агенттiк белгiлеген формалардың бланкаларымен қамтамасыз ету. Ақпараттық-маркетингтiк жүйенi iлестiре алып жүру. Мемлекеттік қызметкерлердiң кәсiптік деңгейiн көтеру. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң орталық аппараты мен аумақтық бөлiмшелердiң материалдық-техникалық бағасын нығайту және жаңарту. 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. ____________________________________________________________________ 2 001 Орталық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан 3 002 Аумақтық Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан 4 007 Мемлекеттік Біліктілiгiн көтеру Жыл Қазақстан 5 008 Мемлекеттік Қазақстан Республи- Жыл Қазақстан 6 009 Мемлекеттік Орталық аппаратқа Жыл Қазақстан Орман және аңшылық Балық шаруашылығы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |