|
|
|
2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі) (2005.31.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексiне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Мыналардың: 222, 223, 224, 225, 226, 227, 228, 229, 230, 231, 232, 233, 234, 235, 235-1, 236, 237, 238, 239, 240, 241, 242, 243, 244, 245, 246, 247, 248, 248-1, 249, 249-1, 250, 251, 252, 253, 254, 255, 256, 257, 258, 259, 260-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң 2005 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламаларының паспорттары бекітілсiн. 2. Осы қаулы 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2004 жылғы 22 желтоқсандағы № 1354 қаулысына 222-қосымша
225 - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсi
2005 жылғы арналған "Білім және ғылым саласындағы уәкiлеттi органның қызметiн қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 567552 мың теңге (бес жүз алпыс жетi миллион бес жүз елу екi мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтiк құқықтық негiзi: Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджеттік кодексi; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 10-бабы, "Қазақстан Республикасындағы тiлдер туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегi Заңы; "Бiлім туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңының 8 , 12, 21, 27, 30, 35-баптары; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегi Заңының 3 , 21-24 баптары; "Мемлекеттік қызметшiлердi даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігiн көтерудi одан әрi жетiлдiру жөніндегі iс-шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 18 қыркүйектегi № 4075 Жарлығы; "Мемлекеттік аппараттың жұмысын жақсарту, төрешiлдiкке қарсы күрес және құжат айналымын қысқарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 31 шiлдедегi № 427 Жарлығы; "Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық инфрақұрылымын құрудың және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 16 наурыздағы № 573 Жарлығы; "Қазақстан Республикасы органдарының Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің мемлекеттік бюджетi мен сметасы есебiнен (бюджет) қаржыландырылатын қызметкерлерiне еңбекақы төлеудiң бірыңғай жүйесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығы; Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығы; "Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестациялау туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 3 қыркүйектегi № 1305 қаулысы; "Білім беру қызметiн лицензиялаудың Ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 18 сәуірдегі № 596 қаулысы; Қазақстан Республикасында "электрондық үкiмет" қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығы; "Мемлекеттік органдарды ақпараттандыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 5 қазандағы № 1501 қаулысы; "Мемлекеттік емес ғылыми ұйымдарды аккредитациядан өткізудiң Ережелерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 30 сәуірдегі № 421 қаулысы; "Ғылыми ұйымдарды аттестаттау туралы" Ережелердi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 19 мамырдағы № 460 қаулысы; "Қазақстан Республикасының кәсiптiк жоғары білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға аралық аттестаттауды енгізу туралы"; "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысы; "Қазақстан Республикасында білім берудi дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2005-2007 жылдарға арналған iс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 қарашадағы № 1180 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттiң қаражаты. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 4-тармақ өзгертілді 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi орындауға қол жеткізу үшiн Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі орталық аппаратының қызметiн қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінiң жоғары оқу орнынан кейiнгi, кәсiптiк жоғары және орта білім беру қызметiн лицензиялауды, оқулық әдебиетiн басып шығару бөлiгіндегі мiндеттерiн iске асыру; өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн орындау үшiн біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласында білім бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білім мен дағдыларды жаңарту және кәсiптiк шеберлiктi жетiлдiру; мұғалiмдер арасында олардың профессионалдық шеберлiгiн арттыру мәселесiнде республикалық олимпиадалар мен конкурстарды ұйымдастыру және өткізу; ғылыми ұйымдардың негiзгi қызметiнiң тиiмдiлiгiн айқындау, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану; жүктелген мiндеттердi барынша тиiмдi пайдалануға қол жеткізу үшiн министрлiктiң материалдық-техникалық базасын нығайту; ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру; министрлiктiң білім беру ұйымдарын аттестаттау, сондай-ақ білім алушыларды аралық мемлекеттік бақылау рәсiмiн өткізу бөлiгiнiң мiндетiн орындауды қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 5-тармақ өзгертілді 5. Бюджеттік бағдарламаның мiндеттерi: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң аппаратын қаржыландыру, мемлекеттік қызметшiлердiң кәсiптiк біліктілігiн арттыру; лицензиялар беру және білім және ғылым ұйымдарының біліктілік талаптарын сақтауын қадағалау; оқулық әдебиетiн басып шығару қызметiн лицензиялау; Республикалық комиссиялардың білім ұйымдарын лицензиялау жөніндегі жұмысын қамтамасыз ету; ғылыми ұйымдарды аттестаттаудан өткізу; Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінiң ақпараттық жүйелерi мен локальдық мiндеттерiн сүйемелдеу, есептеу, және ұйымдастыру, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру бойынша аттестаттау құжаттарын қарау, сондай-ақ белгiленген мемлекеттік үлгiдегi құжаттар беру; білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау және білім алушыларды аралық мемлекеттік бақылаудан өткізу нысанындағы білім беру сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; мұғалiмдер арасында олардың профессионалдық шеберлiгiн арттыру мәселесiнде республикалық олимпиадалар мен конкурстар өткізудi қамтамасыз ету. ҚР Үкіметінің 2005.25.05. № 509 қаулысымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары. _________________________________________________________________ 2 001 Орталық 297 Бірлік санындағы Жыл Қазақстан 3 007 Мемлекеттік Министрлiк қызмет- Жыл Қазақстан 4 009 Мемлекеттік Ксерокстер сатып алу Жыл Қазақстан 5 017 Ақпараттық Орталық аппараттың Жыл Қазақстан
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |