|
|
|
“Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесін бекіту туралы”
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 624 Қаулысымен күші жойылды
«Iшкі су көлiгі туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегi Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiліп отырған Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 14 мамырдағы № 457 қаулысымен бекiтілген
Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесi
1. Кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру ережесi (бұдан әрi - Ереже) "Ішкі су көлiгі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 8-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзiрлендi. 2. Осы Ереже iшкi су жолдары бойынша кеме қатынасы қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және кемелер ұшырайтын көлiк оқиғаларын болдырмау мақсатында кемелердi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру тәртібін регламенттейдi. 3. Лоцмандар арасында орындалатын жұмыстың ара жiгiн ажыратуды лоцмандардың даярлық дәрежесiне, алып өтетiн кемелердiң түрi мен мөлшерiне және лоцмандық алып өту ауданының жағдайын көрсететiн басқа да факторларға байланысты лоцмандық қызмет белгiлейдi. 4. Лоцмандар лоцмандық алып өтудi көздейтiн кеме қатынасы су жолдары учаскелерiнiң жай-күйiн бақылайды және осы учаскелердiң тереңдiгiн өлшеудi жүргiзедi. 5. Лоцмандар апатты жағдайлар бойынша (судың тартылуы, тұман) оларды қауiпсiз алып өту қамтамасыз етілмейтiн жағдайлардан басқа тәулiктiң кез келген уақытында кеменi алып өтедi. 6. Кемелердi алып өту кезiнде лоцмандар навигациялық қоршаулардың жай-күйi мен дұрыстығын бақылайды және барлық ақаулар мен кемшiлiктер туралы уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшесiне (бұдан әрi - аумақтық бөлiмше) дереу хабарлайды. Олар алып өтетiн кемелердегi немесе жолда кездесетiн басқа кемелердегі барлық авариялық жағдайлар туралы да хабарлайды. 7. Лоцмандар кеменің жүзу ережелерi мен iшкi су жолдарының кемелерден аққан сарқынды және құрамында мұнайы бар сулармен ластануының алдын-алу ережелерiн алып өтетін кемелердiң сақтауын бақылайды. 8. Лоцмандар кемелердiң жүзу ережесін және iшкi су көлiгi саласында қолданылып жүрген өзге де ережелердi сақтаудың анықталған бұзушылықтары туралы алып өтетiн кемелердiң капитандарын хабардар етедi және анықталған бұзушылықтарды жоюды ұсынады, ал капитан көрсетiлген бұзушылықтарды жоймаған жағдайда бұл туралы дереу тиiстi аумақтық бөлiмшеге хабарлайды. 9. Лоцмандық алып өту ауданында кемеде авария немесе адамдармен, жазатайым оқиға болған жағдайда лоцмандар көмек көрсету жөніндегі барлық мүмкiн болатын шараларды қабылдайды. 10. Лоцмандық алып өтудi жүргiзу қажеттiлiгi кезiнде кемe капитаны лоцмандық қызметке лоцманға арналған өтінімдi бередi, лоцман кемеге өтінiмде көрсетiлген уақытта келедi. Лоцманның көрсетiлген мерзiмде келуi мүмкін болмаған жағдайда, лоцмандық қызмет кеме капитанына лоцманның келу уақыты мен орны туралы хабарлайды. 11. Егер кеме лоцманды қабылдайтын жерге капитан өтiнiмде көрсеткен уақытта келмесе, мұндай жағдайларда кешiккен кеме лоцмандық алып өтумен кезек тәртібінде қамтамасыз етiледi. 12. Капитан лоцманды кеме бортына тез және қауiпсiз қабылдауды қамтамасыз етедi және бұл ретте лоцмандық боттың (кеменің) зақымдалуына жол бермейді. Лоцманды қабылдау және түсiру кезiнде кеме капитаны лоцман ботымен байланыс ұстауға және онымен өз әрекетiн келiсуге тиiс. Лоцманның келу сәтiнен бастап және оның кетуiне дейiн кемеде - "Менiң бортымда лоцман бар" деген жалау белгiсi көтерiледi. 13. Лоцманды лоцмандық боттан келе жатқан кемеге түсiру мүмкiн болмайтын қолайсыз ауа райы жағдайында осы кеменiң капитанымен келісім бойынша лоцман алып өтудi лоцманды кеме бортына мүмкiн болатын жерге дейiн бастап жүру әдiсiмен жүзеге асыруы мүмкiн. Кеме мен лоцман боты арасында сенiмдi байланыс қамтамасыз етілуi тиiс. 14. Лоцман кеменi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру кезiнде кеме капитаны лоцманға кеменiң шөгуi, ұзындығы, ені мен сыйымдылығы туралы дәл деректер бередi. Лоцман кеме капитанынан кеменi лоцмандық алып өтудi жүзеге асыру үшiн лоцманға қажеттi кеме туралы өзге деректердi де (маневрлiк сипаттамалар және басқалар) талап етуi мүмкін. 15. Кеме капитаны лоцманның талабы бойынша оның қызметтік жұмысы мәселелерi жөнiнде байланысуы үшiн кеме радиостанциясын оған пайдалануға бередi. 16. Лоцмандық алып өту қауiпсiздігінде көрiнiс табатын жағдайлар (көрiнудiң нашарлауы, тұман, кеме жолы тереңдiгінің азаюы) туындаған кезде кеме капитаны лоцманның талабы бойынша лоцман көрсеткен тәртiппен кеме электр радионавигацияпық жабдығының құралдарын (эхолот, радиолокатор, радиопеленгатор) пайдаланады. Алып өту ауданында жағалаулық радиолокациялық станция болған кезде лоцман бұл жағдайларда аталған станцияның қызметін пайдалануы мүмкiн. 17. Жүзу қауiпсiздiгi мақсатында кеме капитаны лоцманның ұсынымдарын басшылыққа алады. Рульдi басқарушыға барлық бұйрықтарды капитанның өзі бередi. Егер де маневрдi орындауды жеделдету мақсатында капитан лоцманның өзiне бұйрық беруге рұқсат етсе, онда бұл жағдайда да олар капитан бұйрығы бойынша орындалған болып саналады, ол үшiн капитан жауапты болады. 18. Егер капитан кемеге лоцманды қабылдап, оның ұсынымдарын ескермесе, соңғысының үшiншi тұлғаның қатысуымен кеменi алып өтудi жалғастырудан бас тартуы мүмкiн, бұл туралы кеме журналында жазылуы тиiс. Бұдан басқа, лоцман болған оқиға туралы лоцмандық қызметке дереу хабарлайды. Алайда, алып өтуден бас тартқаннан кейiн де лоцман мiнбеде қалады және де, егер капитанға қауiпсiз жүзу үшін мәлiметтер қажет болса, ол олар туралы хабарлайды. 19. Лоцман ұсынымының дұрыстығына күмән болған жағдайда кеме капитаны оның қызметiнен бас тартуы мүмкiн. Бұл ретте мүмкiн болатын мiндетті лоцмандық алып өту ауданында кеме басқа лоцманның келуiн күтуге тоқтатылуы тиiс. 20. Лоцман капитанның келісімiнсiз кеме қауiпсiз жерде зәкiрге отырғызылғанға немесе лоцман басқа лоцманмен ауыстырылғанға дейiн кеменi тастай алмайды. 21. Кеме капитаны мiндеттi емес лоцмандық алып өту аудандарында, қажет жағдайда, шығыстарды кеме иесінің есебiне жатқыза отырып, лоцманды кемеге алуы мүмкiн. 22. Лоцман және ол қызметкерi болып табылатын ұйым Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiне сәйкес жауапты болады. 23. Тиiсiнше лоцмандық алып өтпеуге кiнәлi лоцманды аумақтық бөлiмшенiң, ол қызметкерi болып табылатын ұйымның және лоцмандық қызметтің басшыларынан құрылатын біліктiлiк комиссиясы мамандығынан айыруы мүмкiн.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |