Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық
Осы редакция Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 23 мамырдағы № 493 Қаулысымен енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қосымшаға сәйкес құрамда Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса берiлiп отырған Комиссия туралы ереже бекітілсiн. 3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
?кіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 828 қаулысына қосымша ҚР Үкіметінің 2005.02.02. № 89 қаулысымен құрам өзгерді (бұр. ред. қара) Азаматтық заңнаманы жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы Жұмабеков - Қазақстан Республикасының Әдiлет Оңалсын Исламұлы министрi, төраға Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет вице- Серiк Нұртайұлы министрi, төрағаның орынбасары Жұмағұлов - Әдiлет министрлігі Заңнама Ерлан Әскерұлы Департаментінің директоры, хатшы Комиссия мүшелерi Райымбаев - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Сансызбек Iлиясұлы Азаматтық iстер жөніндегі алқаның төрағасы (келісім бойынша) Бақтыбаев - Қазақстан Республикасы Бас Iлияс Жақыпбекұлы Прокурорының бiрiншi орынбасары (келісім бойынша) Жолдасбаева - Қазақстан Республикасының Парламентi Нұрлығайым Шалданқызы Сенатының депутаты (келісім бойынша) Ағатаева - Қазақстан Республикасының Парламентi Күләш Әбдiбекқызы Мәжілісiнiң депутаты (келісім бойынша); Котлов - Қазақстан Республикасының Парламентi Андрей Николаевич Сенатының Аппараты Басшысының орынбасары (келісім бойынша) Сатыбаева - Қазақстан Республикасының Парламентi Сәуле Мақашқызы Мәжілісiнiң аппараты Заң жобалау жұмысы орталығының директоры (келісім бойынша) Айманбетова - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Гүлбану Зарлыққызы Төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Әйтекенов - Қазақстан Республикасының Экономика Қайрат Медiбайұлы және бюджеттік жоспарлау вице-министрi Әмрин - Қазақстан Республикасының Қаржы вице- Асқар Кемеңгерұлы министрi Лукин - Қазақстан Республикасының Индустрия Андрей Иванович және сауда вице-министрi Ысқақов - Қазақстан Республикасының Қоршаған Нұрлан Әбдiлдаұлы ортаны қорғау вице-министрi Iзмұхамбетов - Қазақстан Республикасының Энергетика Бақтықожа Салахатдинұлы және минералдық ресурстар бiрiншi вице-министрi Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек және Батыржан Зайырқанұлы халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Сәрсенов - Қазақстан Республикасының Экономикалық Әниятолла Өмiрзақұлы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (қаржы полициясы) Райымбеков - Қазақстан Республикасының Жер Қаналбек Өтжанұлы ресурстарын басқару жөніндегі агенттiгi төрағасының орынбасары Мәуленов - Мемлекет және құқық институтының бас Қасым Сарыбайұлы ғылыми қызметкерi, профессор, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша) Өмірқұлов - Қазақ гуманитарлық заң университетi Максим Қапарұлы азаматтық құқық және iс жүргiзу кафедрасының меңгерушiсi, заң актілерінің жобаларын дайындау және сараптау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісім бойынша) Сүлейменов - Қазақ гуманитарлық заң университетi жеке Майдан Күнтуарұлы құқық ғылыми-зерттеу институтының директоры (келісім бойынша) Қаудыров - "Әдiлет" Жоғары құқық мектебiнің Төлеш Ерденұлы азаматтық құқық және iс жүргiзу кафедрасының меңгерушісi, кафедра профессоры, заң ғылымдарының докторы (келісім бойынша) Үкіметінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 828 қаулысымен бекітілген Азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Азаматтық заңнаманы жетілдiру мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Қазақстан Республикасы Үкiметі жанындағы консультативтiк-кеңес органы болып табылады. 2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінің кесiмдерiн және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерiн, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Комиссияның мiндеттерi мен құқықтары 3. Комиссияның негізгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) қолданыстағы азаматтық заңнаманы талдау; 2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және нормативтiк кесiмдерiне азаматтық заңнаманы жетілдiру мәселелерi бойынша қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнiндегі мемлекеттік органдардың ұсыныстарын қарау; 3) азаматтық заңнаманы жетілдiру жөнiнде Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына ұсыныстар енгізу; 4) Комиссияның құзыретiне жататын өзге де мiндеттердi жүзеге асыру. 4. Өзiнің мiндеттерiне сәйкес Комиссияның: 1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен iс-әрекет жасауға; 2) азаматтық заңнаманы жетiлдiру мәселелерi жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізуге; 3) Комиссияның құзыретiне кiретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкiлдерiн (келісім бойынша) Комиссияның отырыстарына шақыруға және тыңдауға; 4) Комиссияның мiндеттерiн iске асыру үшін қажетті материалдарды мемлекеттік және басқа да ұйымдардан заңнамада белгiленген тәртіппен сұратуға және алуға; 5) уақытша және тұрақты жұмыс iстейтiн сарапшылық және жұмыс топтарын ұйымдастыруға; 6) Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшін қажетті өзге де құқықтарға құқығы бар. 3. Комиссия жұмысын ұйымдастыру 5. Комиссия төрағасы оның қызметiне басшылық етедi, оның отырыстарына төрағалық етедi, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерінің iске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған уақытта оның функциясын орынбасары орындайды. 6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 7. Жұмысты ұйымдастыруды, тиiстi құжаттарды, материалдарды даярлауды және Комиссия отырысынан кейiн хаттама ресiмдеудi Комиссия хатшысы жүзеге асырады. Комиссия отырысын өткiзуге материалдар дайындауды Комиссия хатшысы жүзеге асырады, оларды отырысқа дейiн кемiнде 3 күн бұрын Комиссия мүшелерiне жiбередi. 8. Комиссияның отырыстары қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысқан кезде заңды болып саналады. 9. Отырыстардың күн тәртібін, сондай-ақ олардың өткiзiлетiн орны мен уақытын Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiнiң келісімi бойынша белгілейдi және нақтылайды. 10. Комиссияның шешiмдерi ашық дауыс берумен қабылданады және егер, олар үшiн Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының көпшiлiгi дауыс берген болса, қабылданды деп саналады, Комиссия отырысының хаттамасымен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп саналады. Комиссия мүшелерiнің ерекше пікiрге құқығы бар, ол бiлдiрiлген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және Комиссия хаттамасына қоса берiлуi тиiс. 11. Комиссия ұсыныстарын Комиссия атынан Комиссия құрамының кемiнде жартысының ауызша немесе жазбаша келісімi бойынша Комиссия төрағасы Қазақстан Республикасы ?кіметінің қарауына енгiзедi. 12. Комиссияның құзыретiне қатысты қажеттi материалдарды әзiрлеу үшін ұйымдар, жоғары оқу орындары, сондай-ақ ғалымдар мен жоғары біліктi мамандар тартылуы мүмкiн. 13. Комиссия өз жұмысын Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi негiзiнде өз жұмысын тоқтатады. |