|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2008.31.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № 527 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексiне (Салық кодексi), Қазақстан Республикасының «Темекi өнiмдерiнiң өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы« 2003 жылғы 12 маусымдағы және «Этил спирті мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы« 1999 жылғы 16 шiлдедегi Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1349 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) «Акцизделетiн тауарлардың жекелеген түрлерiн акциздiк алым таңбаларымен таңбалау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 8 тамыздағы № 792 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 32, 320-құжат): тақырыптағы, кiрiспедегi және мәтiндегi «акциздiк алым таңбаларымен», «акциздiк алым таңбаларын», «акциздiк алым таңбаларының» деген сөздер тиiсiнше «акциз таңбаларымен», «акциз таңбаларын», «акциз таңбаларының» деген сөздермен ауыстырылсын; 3 және 4-тармақтар мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар - 2005 жылғы 1 қыркүйектен бастап;»; 5-тармақтағы «өндiрушiлер» деген сөзден кейiн «, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылар» деген сөздермен толықтырылсын, 6-тармақтың үшiншi абзацындағы «өндiрушiлер мен» деген сөздер «өндірушiлердiң, банкроттың мүлкiн (активтерiн) сататын конкурстық басқарушылардың және» деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақтағы «алкоголь өнiмдерi мен темекi бұйымдарын отандық өндiрушiлер мен импорттаушылардың өндiрiсi мен айналымының» деген сөздер «осы қаулының 3-тармағында көрсетiлген тұлғалардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 3) ҚР Үкіметінің 2008.31.12. № 1349 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |