|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 және 1999 жылғы 10 мамырдағы № 556 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2007.28.12. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат): Лицензиялауға жататын қызметтің түрлеріне, лицензиялар беруге өкiлеттiк берiлген мемлекеттік органдардың (лицензиарлардың) тiзбесiнде: 3-бағанда: реттiк нөмiрi 5-жолдың екiншi абзацындағы «пайдалану» деген сөз «жобалау (технологиялық) және пайдалану» деген сөздермен ауыстырылсын; реттiк нөмiрі 6-жолдың бiрiншi абзацы «жобалау» деген сөзден кейiн»(құрылысқа арналған жобалау жұмыстары)»деген сөздермен толықтырылсын; 2) ҚР Үкіметінің 2007.28.12. № 1311 қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |