|
|
|
“Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешімдерiнiң күшi жойылды деп тану туралы”
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Үкіметінiң 2005 жылғы 31 мамырдағы № 539 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 4, 56-құжат) 1-тармағының 1), 2) тармақшалары, 2-тармағы және көрсетiлген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзілетін өзгерістердің 3-тармағы. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi № 1035 және 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулыларына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 2003 жылғы 3 шiлдедегі № 646 қаулысының күшi жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 2004 жылғы 11 наурыздағы № 307 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 13, 168-құжат) 1-тармағының 2) тармақшасы. 3. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегі агенттiгiнiң (қаржы полициясы) Көлiктегi экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөніндегі департаментi (қаржы полициясы)" мемлекеттік мекемесiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 маусымдағы № 720 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 26, 341-құжат) 3-тармағы. 4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 11 тамыздағы № 837 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., № 29, 390-құжат) 1-тармағының 1) тармақшасы. 5. "Штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 24 қаңтардағы № 47 қаулысында: көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктердің, агенттіктер мен ведомстволардың қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде 20-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекiтілген министрлiктердiң, агенттіктер мен ведомстволардың аумақтық органдары қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде 16-тармақ алынып тасталсын. 6. "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер штат санының лимиттерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2005 жылғы 5 наурыздағы № 214 қаулысында: көрсетiлген қаулымен бекітілген республикалық бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер қызметкерлерi штат санының лимиттерiнде 12-тармақ алынып тасталсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |