Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Осы редакция 2005 ж. 22 маусымдағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған мыналар бекітілсiн: 1) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң құрамы; 2) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгi туралы ереже. 2. Мыналардың күшi жойылды деп танылсын: 1) "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының ұлттық бөлiгiн жасақтау туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2000 жылғы 17 қазандағы № 1541 қаулысы; 2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 17 қазандағы № 1541 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 1437 қаулысы; 3) "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Қорғаныс өнеркәсiбi комитетiн тарату туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 20 мамырдағы № 467 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтырудың 2-тармағы. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 952 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 14.06.04 ж. № 642 қаулысымен құрам өзгертілді Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссиясы қазақстандық бөлiгiнiң Құрамы Әмрин - Қазақстан Республикасының Индустрия Ғұсман Кәрімұлы және сауда бірінші вице-министрі, тең төраға Мамин - Қазақстан Республикасының Индустрия Асқар Ұзақпайұлы және сауда бiрiншi вице-министрi, тең төраға Ордабаев - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер Самат Исламұлы министрлігі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы істері жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, жауапты хатшы; Поспелов - Қазақстан Республикасы Қорғаныс Николай Николаевич министрiнiң орынбасары, тең төрағаның орынбасары Коржова - Қазақстан Республикасының Экономика Наталья Артемовна және бюджеттік жоспарлау вице-министрi Литвинов - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер Михаил Константинович министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi төрағасының орынбасары, жауапты хатшы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 қыркүйектегі № 952 қаулысымен бекітілген Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлiгі туралы Ереже 1. Жалпы ережелер 1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің Әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның (бұдан әрi - Комиссия) қазақстандық бөлiгi Комиссияда қазақстандық Тарапты бiлдiретiн консультативтiк-кеңесу органы болып табылады. 2. Комиссияның қазақстандық бөлiгi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Yкіметінiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 2. Комиссияның қазақстандық бөлiгінiң негізгі мiндеттері 3. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң негізгі мiндеттерi: 1) Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдарымен және Комиссияның ұлттық бөлiктерiмен бiрлесiп, қару-жарақ пен әскери техниканы жасау, өндiру, жөндеу, жаңғырту және пайдалану саласында Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы (бұдан әрi - ТМД) шеңберiнде көп жақты және екi жақты әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде ұсыныстарды қарау және әзiрлеу; Комиссияның қарауына ұсыну үшiн тиiстi ұсыныстарды дайындау; 2) Комиссияның шешiмдерi мен ұсынымдарын орындау жөнiнде мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау болып табылады. 3. Комиссияның негізгі функциялары 4. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң негiзгi функциялары: 1) мемлекеттік органдардың және Комиссияның ұлттық бөлiктерiнiң ұсыныстарын қарау, ұсынымдар әзiрлеу және Қазақстан Республикасының Yкіметіне баяндау үшiн Қазақстан Республикасының ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен мына мәселелер бойынша көп жақты және екi жақты әскери-экономикалық ынтымақтастығын сипаттайтын материалдарды дайындауды ұйымдастыру: әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерiн реттеу саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң нормативтiк-құқықтық базасын жақындастыру ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде қару-жарақ пен әскери техниканы әзiрлеу, өндiру, жаңарту және жөндеу саласындағы басты бағыттарды айқындау; қорғаныс өнеркәсiбi саласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң экономикалық және ғылыми-техникалық саясатын келiсу; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс қабiлетi мен қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында әскери-техникалық мүлiктерi, жинақтауыш бұйымдарды, шикiзаттарды, материалдарды кооперацияланған өндiру; қару-жарақ пен әскери техника, жинақтауыш бұйымдар мен қосалқы бөлшектер өндiрiсiн мамандандыру және кооперациялау; қару-жарақ пен әскери техниканы, сондай-ақ олардың өндiрiсiне арналған технологиялық жабдықтарды стандарттау және бiрiздендiру; қару-жарақ пен әскери техника саласында ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды бiрлесiп өткізу жөнiнде ұсыныстар мен ұсынымдар дайындау; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң тиiстi ұйымдарымен әскери техниканың жекеленген бұйымдарын бiрлесiп өндiрудi жоспарлау және ұйымдастыру; жұмылдыру қуатын сақтау және дамыту жөніндегі iс-шараларды жүргiзу; әскери мақсаттағы өнiмдер өндiрiсi саласындағы жетiстiктердi жалпы мақсаттағы өнiмдер өндiрiсiнде қолдану; ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерiнiң арасында қару-жарақ пен әскери техниканы жеткiзгенi және жөндегенi үшiн өзара есеп айрысу мен даулы мәселелердi реттеу жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; 2) қорғаныс өнеркәсiбi саласында әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерi жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 3) өз жұмысының ұйымдық және рәсiмдiк мәселелерi бойынша шешiмдер қабылдау; 4) өз құзыретi шегiнде екi жақты және көп жақты келісімдердiң, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң қорғаныс өнеркәсiбi саласындағы экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастығы бойынша басқа да нормативтiк құжаттардың жобаларын дайындау және iске асыру; 5) Қазақстан Республикасының мүдделi мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ әскери-экономикалық ынтымақтастықтың негiзгi мiндеттерiн шешуге қатысатын ТМД-ға қатысушы мемлекеттердiң атқарушы билiк органдарымен өзара iс-қимыл жасау. 4. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң қызметiн қамтамасыз ету 5. Өзiнiң негiзгi функцияларын орындау үшiн Комиссияның қазақстандық бөлiгi Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары мен ұйымдары өкілдерiнен әскери-экономикалық ынтымақтастық саласындағы нақты мәселелер мен жобаларды пысықтау үшiн тұрақты немесе уақытша негiзде жұмыс топтарын құруға және олардың қызмет тәртібін айқындауға құқығы бар. 6. Комиссияның қазақстандық бөлiгi тең төраға, тең төрағаның орынбасары, жауапты хатшы, оның мүшелерi құрамында құралады және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заңнамасында белгiленген тәртiппен бекiтіледi. 7. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнің тең төрағасы: 1) Комиссияның қазақстандық бөлiгінің жұмысын үйлестiредi; 2) бiрлескен жобаларды iске асыруға ықпал жасайды; 3) Комиссияның кезектi отырысы алдында халықаралық әскери-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттарын айқындау, күн тәртібі мен хаттама жобаларын келiсу мақсатында Комиссияның қазақстандық бөлiгiнің мәжілісiн өткiзедi; 4) Комиссия мәжілісiнiң қорытындылары туралы есеп беру ақпаратын және қажет болған кезде нақты мерзімдерi мен тiкелей орындаушыларын көрсете отырып, қол жеткiзген уағдаластықтарды iске асыру жөніндегi iс-шаралар жоспарын бекіту туралы Үкiмет шешiмiнiң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi; 5) ағымдағы жылғы желтоқсанда Комиссияның қызметi туралы есеп беру ақпаратын және оның қызметiн жандандыру жөніндегі ұсынысты Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлігіне бередi. 8. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң және оның жұмыс топтарының қызметiн ұйымдық-әдiстемелiк қамтамасыз етудi Комиссияның қазақстандық бөлігінің жауапты хатшысы жүзеге асырады. 9. Комиссияның қазақстандық бөлігінің жұмысы оның тең төрағасы бекiтетiн жоспарлар бойынша жүзеге асырылады. 10. Жұмыс жоспарына оларды дайындау мен қараудың тәртібі және мерзiмдерi, материалдарды Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсынудың мерзімдерi көрсетiле отырып, Комиссияның қазақстандық бөлiгінің қарауына жататын мәселелер енгiзiледі. 11. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнің мәжілістерiн оның тең төрағасы, ал ол жоқ болған жағдайда тең төрағаның тапсыруы бойынша оның мүшелерiнің бiрi жүргiзедi. Комиссияның қазақстандық бөлiгiнiң шешімдерi ашық дауысқа салумен қабылданады және егер олар үшiн Комиссияның қазақстандық бөлiгi мүшелерiнің жалпы санының басым бөлiгi дауыс берсе, қабылданған болып есептеледi. Дауыстар тең болған жағдайда тең төраға дауыс берген шешiм қабылданған болып есептеледi. Комиссияның қазақстандық бөлiгi мәжілісiнiң өткiзiлуi нәтижесi бойынша мәжіліске қатысқан оның мүшелерi қол қоятын хаттама жасалады және оны тең төраға бекітеді. |