Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына Осы редакция 2005 ж. 4 мамырдағы № 1569 енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (Бұр. ред. қара) Шетелде кадрлар даярлауды одан әрi жетiлдiру және оңтайландыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса берiлiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясына үмiткерлердi iрiктеу және оны тағайындау туралы ереже; 2) Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия туралы ереже бекітілсiн. ҚР Президентінің 14.05.04 ж. № 1368 жарлығымен 1-1-тармақпен толықтырылды 1-1. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының басшылары жыл сайын 1 қыркүйектен кешiктiрмей Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегі республикалық комиссияға "Болашақ" бағдарламасы бойынша мамандар даярлауға өтiнiм берiп тұрсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 "Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы" қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1993 ж., № 43, 515-құжат): 1-тармақта: бірiншi абзацта "250 халықаралық стипендиясы" деген сөздер "халықаралық стипендиясы" деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзацта "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкіметі" деген сөзбен ауыстырылсын; 4-тармақта "Білім министрлiгіне" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігіне" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтың күшi жойылды деп танылсын; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|