|
|
|
Екiншi деңгейдегі банктердiң берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепiлдiк беру ережесін бекіту туралы (2011.07.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 248 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2008.25.04. № 389 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Мемлекет басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2008.25.04. № 389 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қоса беріліп отырған Екiншi деңгейдегi банктердiң берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепiлдiк беру ережесi бекітілсiн. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкiметінің 2005 жылғы 19 шілдедегі № 746 қаулысымен бекітілген
ҚР Үкіметінің 2008.25.04. № 389 қаулысымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) Екінші деңгейдегі банктердiң берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепілдiк беру Ережесi
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Үкіметінің 2008.25.04. № 389 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Осы Екiншi деңгейдегi банктердiң берген білім беру кредиттеріне «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының кепiлдiк беру ережесi (бұдан әрi - Ереже) Мемлекет Басшысының «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында» атты Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауына сәйкес әзiрлендi және екiншi деңгейдегі банктердiң студенттерге беретiн кредиттерiне (бұдан әрi - кредит) «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамының (бұдан әрi - Қаржы орталығы) кепiлдiк беру тәртібін реттейдi. ҚР Үкіметінің 2008.25.04. № 389 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Ереже кредиттер бойынша сыйақы ставкаларын төмендетуге, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға қол жеткізудi қамтамасыз етуге, кредит шарттары бойынша қарыз алушылардың мiндеттемелердi орындамауына байланысты кредиторлардың тәуекелiн төмендетуге, берілетiн кредиттер көлемiн ұлғайту үшiн қолайлы жағдайлар қалыптастыруға, қарыз алушылар ауқымын кеңейтуге мүмкiндiк беретiн жүйенi құру мақсатында әзiрлендi. 3. Ережеде мынадай ұғымдар пайдаланылады: ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 395 Қаулысымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1) андеррайтинг - кредитті қайтармау тәуекелін бағалау рәсімі; ҚР Үкіметінің 2008.25.04. № 389 қаулысымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 2) кепiлдiктi мiндеттеме - Қаржы орталығының кредитор алдында бас келісімде көзделген тәртіппен және шарттарда айқындалған кепiлдiктер мөлшерi шегiнде кредит шарты бойынша қарыз алушының мiндеттемелердi орындағаны үшін жауап беру мiндеттемесi; 3) бас келісім - кредитор мен Қаржы орталығының арасында жасалған, олардың кредиттерге кепiлдiк беру жөніндегі өзара қарым-қатынас жасау тәртібін белгiлейтiн шарт; 4) дефолт - қарыз алушының кредит шарты бойынша мiндеттемелердi орындамауы, соның нәтижесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кепiлдiкте мiндеттемелердi орындау рәсiмi басталады; 5) қарыз алушы - кредитор кредит берген жеке тұлға; ҚР Үкіметінің 2008.25.04. № 389 қаулысымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) білім беру кредиті - жеделділік, ақылылық, қайтарымдылық шарттарында кредитор қарыз алушыға беретін ақшалай қаражат; 7) кредитор - қарыз операцияларын жүргiзуге қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөнiндегі уәкiлетті органның лицензиясы бар екiншi деңгейдегі банк; ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 619 қаулысымен 8) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2008.25.04. № 389 қаулысымен 8) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 8) кепілдік беру жоспары - Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру шарттары.
2-тарау. Қаржы орталығы, кредиторлар мен қарыз алушылардың өзара қарым-қатынасы
4. Әлеуеттi қарыз алушы кредитор белгiлеген талаптарға сәйкес Қаржы орталығы кепiлдiк берген кредиттi алуға кредиторға өтiнiм бередi. 5. Қаржы орталығы өз қызметiне қарай қарыз алушымен тiкелей өзара қарым-қатынас жасамайды. 6. Қаржы орталығы мен кредиторлардың өзара қарым-қатынасы бас келісіммен реттеледi. 7. Қаржы орталығы қарыз алушылар мен кредиттер үшiн бұқаралық ақпарат құралдарында мiндетті жариялануға жататын өлшемдердi айқындайды.
3-тарау. Бас келісімдi жасасу тәртібі
8. Қаржы орталығымен бас келісімдi жасасу үшiн кредитор Қаржы орталығы бекiткен нысан бойынша қол қойылған және мөрмен куәландырған өтiнiш бередi. Өтінішке кредитор Қаржы орталығы бекiткен және бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған тiзбеге сәйкес құжаттарды қоса бередi. 9. ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 619 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 10. Қаржы орталығы Ереженiң 8-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттарды ұсынбаған немесе оларды тиiстi үлгiде ресiмдемей ұсынған жағдайда кредитордың өтiнiшiн қараудан бас тартады. 11. Бас келісімдi жасасу туралы не өтiнiштi қараудан бас тарту туралы шешiмдi Қаржы орталығы ол келiп түскен күннен бастап бес күн iшiнде қабылдайды. ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 395 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) кредитордың андеррайтингіні уақтылы және сапалы өткізуi; 2) кредитордың Қаржы орталығын кредит шарты бойынша қарыз алушының мiндеттемелерін орындауға, кредит шартында көзделген қарыз алушының сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру жағдайларының басталуына байланысты кредит шартының тоқтатылғаны туралы уақтылы хабардар ету; 3) кредитордың Қаржы орталығына кредит шарттары жөніндегі мiндеттемелердiң ағымдағы орындалуы туралы ақпаратты ұсынуы; 4) кредитордың Қаржы орталығына кепілдiк берілген кредиттер бойынша талап ету құқығын беру кезiнде жазбаша хабардар ету туралы ережелердi қамтуы тиiс. 13. Бас келісім оған тараптар қол қойған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi. 14. Қаржы орталығы бұқаралық ақпарат құралдарында онымен бас келісім жасасқан кредиторлардың тiзбесiн жариялайды.
4-тарау. Кредиттер бойынша кепiлдiк беру тәртібі
15. Бас келісім жасасқан кредитор Қаржы орталығы кепiлдiк берген кредитті алуға әлеуетті қарыз алушы оған өтiнiш бiлдiргеннен кейiн ол бекiткен нысан бойынша Қаржы орталығына кредитке кепiлдiк беруге өтінiм жiбередi. ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 619 қаулысымен (бұр.ред.қара); 2011.07.04. № 395 Қаулысымен (бұр.ред.қара) 16-тармақ өзгертілді 16. Қаржы орталығы кредитордың өтiнiшiн алған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттардың Қаржы орталығының талаптарына сәйкестiгiн қарайды және кредиторға қол қойылған және мөрмен куәландырылған кепiлдiк беру мiндеттемесiн бір данада не кепiлдiк беруден дәлелдi бас тартуды жiбередi. Кепілдікті міндеттемелер Қаржы орталығының Директорлар кеңесі бекіткен кепілдік беру көлемі шегінде беріледі. 1) дұрыс толтырылмаған өтінім нысанын ұсынған; 2) қарыз алушы және/немесе кредит Қаржы орталығы айқындаған өлшемдерге сәйкес келмеген; 3) ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 395 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара) ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 619 қаулысымен 4) тармақшамен толықтырылды 4) Бас келісіммен көзделген өзге де. ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 395 Қаулысымен 18-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 18. Кредитор Қаржы орталығы қол қойған және мөрмен куәландырған кепiлдiк беру мiндеттемелерін алғаннан кейiн кредитор мен қарыз алушы кредит шартын жасасады. Кепiлдiк беру мiндеттемесi кредит шартын жасасқан күннен бастап қолданысқа енгiзіледi.
5-тарау. Кепiлдiк төлеу тәртібі
19. Дефолт туындаған кезде кредитор бас келісімде белгiленген тәртiппен қарыз алушының негiзгi мiндеттемелердi орындамағаны туралы Қаржы орталығын хабардар етедi. 20. Кредитор бас келісімде белгіленген тәртiппен төлем құжаттарын және кредит бойынша құжаттарды қоса бере отырып, кепілдiк сомасын төлеудi талап ететiн құжатты ұсынады. ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 395 Қаулысымен 21-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 21. Кредитті беру кезiнде кредитор талаптарға сәйкес келетiн андеррайтингіні өткiзген жағдайда Қаржы орталығы белгiленген мөлшер шегiнде кепiлдiк сомасын төлейдi. 22. Барлық төлемдер Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында (төленетiн күнгі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағамы бойынша) жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2006.30.06. № 619 (бұр.ред.қара); 2008.25.04. № 389 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 23-тармақ өзгертілді 23. Кредит бойынша кепiлдiк мөлшерi кепiлдiк беру жоспарымен белгiленедi және негiзгi қарыз сомасының 50 пайызынан кем болмайды. 24. ҚР Үкіметінің 2008.25.04. № 389 қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
6-тарау. Кепiлдiк беру мiндеттемелерiн тоқтатудың негізi
25. Кредит бойынша кепiлдiк беру мiндеттемесi бас келісімде көзделген тәртiппен Қаржы орталығы кепiлдiк сомасын төлеусiз мынадай: 1) қарыз алушы мiндеттемелердi орындай отырып, кредит шарты тоқтатылған; 2) кредит шартымен көзделген қарыз алушыны сақтандыру шарттарының кез келгенi бойынша сақтандыру жағдайлары туындаған; 3) кредитор кепiлдiк берiлген кредит жөніндегі бас келісімнiң шарттарын орындамаған; 4) Қаржы орталығымен бас келісім жасаспаған кредиторға кредит бойынша талап ету құқығын берген; ҚР Үкіметінің 2011.07.04. № 395 Қаулысымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 5) осы Ереженiң немесе бас келісімнiң талаптарына сәйкес келмейтiн андеррайтингіні өткізу фактілерi анықталған жағдайларда; 6) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде және бас келісімде көзделген өзге де жағдайларда тоқтатылады.
26. Бас келісімге кез-келген өзгерістер мен толықтырулар енгізу қосымша келісімге қол қою жолымен жүргiзіледi. ҚР Үкіметінің 2008.25.04. № 389 қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 27. Кепілдік беру жоспары қайта қаралған жағдайда жаңа шарттар жаңадан кепілдік берілетін кредиттерге қолданылады. 28. Осы Ережеде және бас келісімде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешіледі.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |