"Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының 2004-2005 жылдарға Осы редакция 2005 ж. 26 шелдедегі енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамы акционерлерiнiң жалпы жиналысына "Ұлттық инновациялық қор" акционерлік қоғамының 2004-2005 жылдарға арналған инвестициялық саясаты туралы қоса берiлiп отырған меморандумды бекіту ұсынылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2004 жылғы 3 маусымдағы № 615 қаулысына қосымша "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың 2004-2005 жылдарға арналған инвестициялық саясаты туралы меморандум 1. Жалпы ережелер 2. Инвестициялау бағыттары 3. Қор инвестицияларының көздерi 4. Инвестициялау туралы шешiм қабылдау тәртібі 5. Инвестициялық қоржын мониторингi 6. Инвестицияланған компаниялар мен венчурлiк қорлардан шығу туралы шешiмдердi қабылдау 7. Тәуекелдердi басқару және инвестициялық қоржынды әртараптандыру 8. Уақытша бос ақша қаражатын басқару 9. Инвестициялық қызметке шектеулер 10. Инновациялық қызмет субъектiлерiмен өзара iс-қимыл 11. Мемлекеттік ұйымдармен және даму институттарымен өзара iс-қимыл 12. Есептілік 1. Осы Меморандум "Ұлттық инновациялық қор" АҚ-тың (бұдан әрi - Қор) 2004-2005 жылдарға арналған инвестициялық саясатының негiзгi басымдықтарын айқындайды, инвестициялау туралы шешiм қабылдауды, қаржыландырылатын жобаларды iске асырудың мониторингi мен талдауын, инвестицияланған компаниялар мен венчурлiк қорлардың қаржы жағдайын, Қордың инвестициялық компаниялар мен венчурлiк қорлардан шығу туралы шешiм қабылдауын қоса алғанда, Қордың инвестициялық қызметiн жүзеге асыру жөніндегі рәсiмдерiн қамтиды, Қордың инвестициялық қызметiнiң сапалық және сандық параметрлерi мен шектеулерiн белгiлейдi. 2. Қордың осы Меморандум айқындаған инвестициялық саясаты Қор қызметiнiң нәтижелерiн және жаңа бағыттарын, сондай-ақ заңнамадағы өзгерiстердi ескере отырып түзетiлуi мүмкiн. 3. Қор қызметiнiң мақсаты елдегi жалпы инновациялық белсендiлiктi арттыру, оның iшiнде жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстердi дамытуға ықпал ету болып табылады. - отандық және шетелдiк инвесторлармен бірлесiп венчурлiк қорлар құру, инновациялық жобаларды венчурлiк қаржыландырудың тетiктерi мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысу; - коммерциялық тиiмдiлiк тұрғысынан әлеуеттi перспективалы болып табылатын жаңа технологияларды, тауарларды, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелердi (бұдан әрi - ҒЗТКӘ) қаржыландыру; - инвестицияланатын компаниялардың жарғылық капиталына үлестiк бақылаусыз қатысу жолымен инновацияларды енгізуді қаржыландыру; - ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерін құруға қатысу; - ғылыми-техникалық өнім рыногын қалыптастыруға қатысу; - "инновациялық технологияларды көшіру, қарызға алу және өсіру", оларды коммерцияландыру және енгізу саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту. 5. Меморандумда қолданылатын терминдер мен ұғымдар: бизнес-инкубатор - инновацияларды құратын және іске асыратын және оларға консалтингтiк, заңдық, лизингтік және өзге де қызметтер көрсететін, арнайы iрiктелген жеке және заңды тұлғаларды өз алаңдарында белгілі бір мерзiмге орналастыратын құрылым; венчурлiк қаржыландыру - қаржыландырудың инновацияларды құруға және коммерцияландыруға бағытталған тәуекелдiк нысаны; венчурлiк қор - венчурлiк қаржыландыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың капиталын бірiктiрудi бiлдiретiн мамандандырылған қаржылық институты; шығу - инвестордың өзiне тиесiлi акциялардың пакетiн/қатысу үлесiн сатуда жасасатын венчурлiк қаржыландыру процесiнiң соңғы кезеңi; инвестициялық қоржын - Қор қызметiнiң негiзгi бағыттарымен байланысты Қордың инвестициялары; инновациялық орталық - инновациялық қызмет субъектiлерiне маркетингтiк, консалтингтiк, басқару және өзгe де қызметтер көрсететiн, инвестицияларға қол жеткізуге және оларды коммерцияландыруға бағытталған әзiрлемелердi, ҒЗТКӘ мен инновациялық өндiрiстердi инвестициялауды жүзеге асыратын құрылым; мониторинг - деректердi жинау және өтеу, Қор қаржыландыратын жобалардың нақты жай-күйi туралы есептердi құрастыру процесi; венчурлiк қордың басқарушы компаниясы (басқарушысы) венчурлiк қорды басқаруға жауапты заңды (жеке) тұлға; венчурлiк қорды басқару - инвестиция объектілерін таңдау және бағалау, инвестициялық меморандумдарды дайындау және инвестицияланатын кәсiпорындармен мәмiлелер жасасу, олардың қызметiн бақылау және одан шығуды қамтамасыз ету жөніндегі қызмет. Осы Меморандумда пайдаланылатын басқа да ұғымдар Қазақстан Республикасының заңнамасында қалай пайдаланылса, сондай мағынада қолданылады. 1. Қарастырылып отырған кезеңде (2004-2005 ж.ж.) Қор қызметi венчурлiк қаржыландыру инфрақұрылымын құруды, жоғары технологиялық және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстер саласына жеке капиталды тартуды қоса алғанда, инновациялық процесстiң жүйе құрушы элементтерiн қалыптастыру мен құруға бағытталатын болады. 2. Инвестициялау және венчурлiк қорлар құруға, инновациялық жобаларды iске асырушы компанияларға, ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтерiн (технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар) құруға инвестициялар тарту, сондай-ақ қолданбалы ҒЗТКӘ-нi қаржыландыру Қор қызметiнiң негiзгi бағыттары болып табылады. 3. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту кезiнде акцияларды/үлестiк қатысуды сатып алу жолымен жарғылық капиталға бақылаусыз қатысу инвестициялаудың негiзгi нысаны болып табылады. Сонымен қатар Қор инвестициялауды Қазақстан Республикасының заңнамасында және осы Меморандумда тыйым салынбаған басқа нысандарда да жүзеге асыра алады. 4. Венчурлiк қорлар құрудағы инвестициялар. Қордың қатысуымен венчурлiк қорлар құру инновациялық қызметке жеке капиталды тартуға, олардың тәуекелдерiн кемiтуге, инновацияларды коммерцияландыру саласында мемлекет пен жеке кәсiпкерлiктiң өзара тиiмдi iс-қимыл тетiгiнiң қалыптасуына ықпал ететiн болады. Қордың қатысуымен құрылатын венчурлiк қорлар экономиканың белгiлi бір секторындағыдай (мамандандырылған венчурлiк қорлар), экономиканың әр түрлi салаларында да (әмбебап венчурлiк қорлар) инновациялық жобаларды қаржыландыруды жүзеге асыра алады. Венчурлiк қорлардағы инвестициялаудың негiзгi шарттары: - венчурлiк қорлар қызметiнiң инновациялық бағыттылығы; - құрылатын венчурлiк қордың қазақстандық кәсiпорындарды инвестициялауға бағытталуы; - тәуекелдердi басқа инвесторлармен бөлiсу және жауапкершiлiктi шектеу; - бақылаусыз қатысу (венчурлiк қордың жарғылық капиталының 49%-нан көп емес); - венчурлiк қордың инвестициялау, Қор инвестицияландырған қаражатқа мониторинг пен бақылауды жүзеге асыруға және инновациялық жобаны iске асыруға мүмкiндiк беретiн басқарушы компанияны таңдау бойынша шешiм қабылдауына Қордың қатысуы; - венчурлiк қордың ұйымдастыру-құқықтық нысанының ашықтығы және кәсiби менеджментiнiң болуы; - венчурлiк қаржыландыру саласындағы озық тәжiрибенi тарту; - құрылатын венчурлiк қорларға Қор қатысуының белгiлi бір уақытша шегi. 5. Инновациялық жобаларды iске асырушы компанияларға инвестициялар Қор: - инновацияны коммерцияландырудың бастапқы сатысында (бастапқы қаржыландыру сатысы) жаңа және жұмыс істейтiн компанияларға; - инновациялық өнiм (жұмыстар, қызмет көрсетулер) көлемдерiн кеңейту, халықаралық рынокқа шығу үшiн (бастапқы және/немесе жедел кеңею сатылары) қосымша инвестицияларды қажет ететiн компанияларға инвестиция берудi жүзеге асырады. Осы бағытты инвестициялаудың негiзгi шарттары: - инвестициялық жоба Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық саясатының басымдықтарына сәйкес келедi; - жоба ғылымды қажетсiнетiн өнiмнiң (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) жаңа түрiн құруға не оның техникалық деңгейiн арттыруға, жаңа технологияларды енгізу мен қолданыстағыларды жетiлдiруге бағытталған; - жоба коммерциялық жағынан тартымды (оның iшiнде инновацияның рыноктық орнының жоғары әлеуеттi өсуi бар) болып табылады; - стратегиялық инвестордың болуы; - бақылаусыз қатысу (компанияның жарғылық капиталының 49%-нан көп емес); - Қордың жобаны iске асырушы компаниялардың басқару органдарына қатысуы; - инвестициялардың нақты белгiленген уақытша шегi; - жобаны кезең-кезеңiмен қаржыландыру. 6. Ұлттық инновациялық инфрақұрылым (технополистер, технопарктер, бизнес-инкубаторлар, инновациялық орталықтар) элементтерiн құруға қатысу. Қордың ұлттық инновациялық жүйе элементтерiн құруға қатысуы инновациялық кезеңнiң кешендiлiгiн, инновацияларды коммерцияландыруды жеделдетудi қамтамасыз етуi тиiс. Көрсетiлген мамандандырылған инновациялық институттар негiзiнен ғылыми-зерттеу институттарының, жоғары оқу орындарының, жоғары технологиялық өнеркәсiптiк кәсiпорындардың базасында құрылады. Қордың технопарктер мен технополистер құруға қатысуы ғылыми-зерттеу ұйымдары мен өнеркәсiп арасындағы кооперацияны дамытуға, мiндеттi құрылымның мыналарды құратын: - инновациялық өнiмдi әзiрлеу мен оны тәжiрибелiк-өнеркәсiптiк үлгiге дейiн жеткізудi қамтамасыз ететiн зертханалық, тәжiрибелiк-конструкторлық, өндiрiстiк базаның; - бизнес-инкубатордың; - технопарк (технополис) компанияларына ақпараттық, заңдық, патенттiк, лицензиялық, инжинирингтiк, маркетингтiк, қаржылық және технопарк немесе технополис қызметiнiң мақсаттары мен мiндеттерiне қайшы келмейтiн басқа да қызметтер көрсететiн сервистiк кәсiпорындар мен фирмалардың кешендiлiгiне қол жеткізуге бағытталған. 7. Қолданбалы ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық әзiрлемелерге гранттар беру Қор индустриялық-инновациялық дамудың басым бағыттарындағы қолданбалы ҒЗТКӘ-лердi қаржыландырады. ҒЗТКӘ-лер: - ғылымды қажетсiнетiн өнiмнiң жаңа түрлерiн құруға; - өнiмнiң техникалық деңгейiн арттыруға; - жаңа технологияларды әзiрлеу мен қолданыстағыларды жетiлдiруге бағытталуы тиiс. Қолданбалы ҒЗТКӘ жобаларын iрiктеу кешендi ғылыми-техникалық және экономикалық сараптама, ҒЗТКӘ нәтижелерiнiң коммерцияланушылығын бағалау негiзiнде және конкурсты жүргiзу жолымен жүзеге асырылады. Коммерциялық әлеуеттi бағалау өнiмнiң (технологияның), бәсекелiк артықшылықтары деңгейiн бағалауды, оларды ұзақ уақыт сақтау мүмкiндiгiн, әлеуеттi рыноктың (тұтынушылардың) болуын қамтиды. Қаржыландыру заңды тұлғаларға Қордың ҒЗТКӘ нәтижелерiне мүлiктiк құқығын көздейтiн шарттарда берiледi. 3. Қор инвестицияларының көздерi 1. Инвестицияларды жүзеге асыру үшiн мынадай көздер: - Қордың жарғылық капиталы; - халықаралық қаржы ұйымдары, шетел мемлекеттерi мен қаржы институттары беретiн гранттар; - Қор кiрiстерi пайдаланылуы мүмкiн. 2. Қордың инвестицияланатын компаниялар мен венчурлiк қорларға инвестицияларының бастапқы құны мен одан шыққан кездегi өткізу құнының арасындағы айырмашылықты бiлдiретiн, Қордың қаржыландырылатын жобалардан шығу кезіндегі кiрiстер Қордың пайда табуының негiзгi нысаны болып табылады. 3. Қордың уақытша бос ақша қаражатын басқарудан түскен кiрiсi, дивидендтер түріндегі кiрiстерi, консалтингтiк қызмет көрсетулерден түскен кiрiстерi, ҒЗТКӘ нәтижесіндегі мүлiктiк құқықтарды iске асырудан түскен кiрiстерi басқа кiрiстердi бiлдiредi. 4. Инвестициялау туралы шешiм қабылдау тәртібі 1. Инвестициялау туралы шешiм қабылдау қағидаттары: - мемлекеттің индустриялық-инновациялық стратегиясы жобасының Қор мақсаттары мен мiндеттерiне сәйкес келуi; - жобаны ғылыми-техникалық және экономикалық сараптаудың кешендiлiгi; - жобаны сараптаудың тәуелсiздiгi; - Қордың инвестициялық қоржынын және тәуекелдерiн әртараптандыру; - ашықтық. 2. Инновациялық жобаларды және ҒЗТКӘ жобаларын қаржыландыру туралы шешiм өткізу тәртібін Қордың Директорлар кеңесi бекiтетiн кешендi ғылыми-техникалық және экономикалық сараптама нәтижелерiнiң негiзiнде қабылданады. Мұндай сараптама тәуелсiз сыртқы сарапшылардың (сараптама ұйымдарының) мiндеттi түрдегi сараптамасын, сондай-ақ Сараптама кеңесiнiң - Қордың тәуелсiз сыртқы органының қорытындысын қамтиды. Жобалардың сараптамасы келісiм-шарт негізінде жүзеге асырылады. 3. Жобаларды қарау процесiнiң және инвестициялау туралы шешiм қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшiн Қордың Инвестициялық Комитетi және Қордың Сараптама кеңесi құрылады. 4. Қордың активтерi құнының жалпы мөлшерiнiң 2,5%-нан аспайтын сомадағы активтердi беру жолымен оның ұйымдарды құруы және басқа да ұйымдардың қызметiне қатысуы туралы шешiмдi қабылдауды Қордың Директорлар Кеңесi жүзеге асырады. 5. Инвестициялық қоржын мониторингi 1. Қор жарғылық капиталына өзi қатысатын венчурлiк қорлар мен компанияларды басқарудың үздiксiз мониторингiн, сондай-ақ инновациялық жобалар мен ҒЗТКӘ жобаларын iске асыруды жүзеге асырады. 2. Мониторинг пен талдау мақсаты - Қор қаржыландыратын жобалардың iске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету, жобаларды басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау. Мониторинг пен талдау шеңберiнде: - нақты жобаның iске асырылуы, инвестицияланған компаниялар мен венчурлiк қорлардың қаржылық жай-күйi, Қордың тұтастай инвестициялық қоржынының ағымдағы жай-күйi туралы шынайы ақпарат алу; - олардың өзгеру үрдiстерi және жобаларды iске асыруға, инвестицияланған компаниялар мен венчурлiк қорлардың қаржы жағдайына, тұтастай Қордың инвестициялық қоржынына ықпал ететiн факторларды айқындау; - нақты жобалар бойынша тәуекелдердi ең аз мөлшерге келтiру, инвестицияланған компаниялармен және венчурлiк қорлармен өзара iс-қимыл, Қор тәуекелдерiн әртараптандыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау қамтамасыз етiледi. 3. Мониторингтi жүзеге асыру үшiн қаржыландыруды Қор жүзеге асыратын заңды тұлғалар Қорға инновациялық жобалардың, ҒЗТКӘ жобаларының iске асырылуы туралы есептi, сондай-ақ Қордың Директорлар Кеңесi бекiткен тәртiппен қаржылық есептiлiктi ұсынады. 6. Инвестицияланған компаниялар мен венчурлiк қорлардан шығу туралы шешiмдердi қабылдау 1. Шығу шарттары мен мерзiмдерi Қор және жобалардың басқа да қатысушылары жасасқан ынтымақтастық туралы тиiстi келісімдерде көзделедi. 2. Жобалардың iске асуына қарай шығу шарттары мен мерзiмдерi тараптар келісімi бойынша түзетiлуi мүмкiн. 3. Қордың шығуы туралы шешiмдi Қор Басқармасы қабылдайды. Инвестициялардың бастапқы құны Қор активтерiнiң жалпы мөлшерi құнынан 2,5% асып кеткен жағдайда - Қордың Директорлар Кеңесi қабылдайды. инвестициялық қоржынды әртараптандыру 1. Қаржылық тұрақтылықты және теңдестiрiлген инвестициялық қоржынды қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында Қор тәуекелдердi басқарудың мынадай негiзгi әдiстерiн қолданады: тәуекелдердi жеке капиталмен бөлiсу, әртараптандыру, лимиттеу, инвестицияланатын қорлар мен компанияларды басқаруға қатысу, iшкi рейтингтiк жүйенi қолдану. 2. Тәуекелдердi жеке капиталмен бөлiсу Қордың инновациялық жобаларды, венчурлiк қорлар мен инновациялық инфрақұрылым элементтерiн құру жобаларын қаржыландыруға бақылаусыз қатысуы жолымен жүзеге асырылады. 3. Қордың Инвестициялық қоржынын әртараптандыру: - инвестициялау бағыттары бойынша әртараптандыруды (венчурлiк қорлар, инновациялық жүйенiң мамандандырылған институттарын құру, инновациялық жобаларды iске асыратын компаниялардың жарғылық капиталына қатысу, ҒЗТКӘ-нi қаржыландыру); - салалық әртараптандыруды; - инновациялық жобаларға инвестицияларды жобаның/компанияның тіршілік ету кезеңi сатылары және жобаның өзiн-өзi ақтауы мерзiмдерi бойынша бөлудi көздейдi. 4. Қор мынадай лимиттердi белгiлейдi: 1) инвестициялау бағыттары бойынша: - венчурлiк қорларды құруға инвестициялар - Қордың өз капиталы көлемiнiң 50%-нан артық емес; - ұлттық инновациялық жүйе (технопарктер, технополистер т.б.) элементтерiн құруға инвестициялар - 10%-дан артық емес; - инновациялық жобаларды iске асырушы компаниялардың жарғылық капиталына қатысу - 35%-дан артық емес; - қолданбалы ҒЗТКӘ-нi қаржыландыру - 5%-дан артық емес. 2) бір жобаға инвестициялар бойынша лимиттер: - Қордың венчурлық қорларды құруға қатысу үлесi - 10 млн. АҚШ долларынан артық емес; - Қордың ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементiн құру жобасына қатысу үлесi - 300 мың АҚШ долларынан артық емес; - Қордың инновациялық жобаларды iске асырушы компаниялардың жарғылық капиталына қатысу үлесi - 2 млн. AҚШ долларынан артық емес; - қолданбалы ҒЗТКӘ-ге гранттар сомасы - 55 мың АҚШ долларынан артық емес; Мемлекет үшiн стратегиялық аса маңызы бар инновациялық жобаларды iске асыратын компаниялардың жарғылық капиталына қатысу үлесi Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынымы бойынша қабылданған Қор акционерлерiнiң жалпы жиналысының тиiстi шешiмi болған жағдайда 2 млн. астам АҚШ долларын құрауы мүмкiн. 3) Қазiргi жағдайларда ғылыми-техникалық саладағы бәсекелестiктiң күшеюi нәтижесiнде ғылымды қажетсiнетiн өнiмдердiң тiршiлiк ету кезеңiнiң қысқаруы байқалады, бұл Қор қаржыландыратын инновациялық жобалардың өзiн-өзi ақтауы мерзiмдерiн шектеуге қойылатын талаптарды ұсынады. Қолданбалы ҒЗТКӘ-нiң орындалу мерзiмi 18 айдан аспауы тиiс. 8. Уақытша бос ақша қаражатын басқару 1. Уақытша бос ақша қаражатын басқару мақсатында Қор мемлекеттік және корпоративтiк бағалы қағаздарды қоса алғанда, өтiмдi активтерге бос ресурстарды орналастыруға құқылы. 2. Қордың уақытша бос қаражатын басқару стратегиясын Қордың Директорлар Кеңесi бекiтедi. 9. Инвестициялық қызметке шектеулер 1. Қордың: 1) акциялардан басқа бағалы қағаздардың өзге де түрлерiн шығаруға; 2) заемдар ұсынуға; 3) үшiншi тұлғалардың мiндеттемелерi бойынша кепiл және кепiлдiк берудi ұсынуға; 4) шарттары мен қабылдау тәртібі, сондай-ақ олардың мақсатын жүзеге асыруы Қордың жарғысына және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетiн мiндеттемелердi өзiне алуға құқығы жоқ. 2. Қор алкоголдiк, темекi өнiмдерiн шығаруды, ойын бизнесiн инвестициялауды жүзеге асырмайды. 10. Инновациялық қызмет субъектiлерiмен өзара iс-қимыл 1. Қор инновациялық қызметтiң барлық субъектiлерiмен белсендi ынтымақтасуға және ұлттық инновациялық жүйе элементтерiнiң барлық құрылымдарының ықпалдасуын қамтамасыз етудi көздейдi. 2. Қор әлемдiк тәжiрибенi және халықаралық ұйымдармен, шетел мемлекеттерiнiң үкiмет ұйымдарымен, шетелдiк қаржы институттарымен ынтымақтасу мүмкiндiгiн белсендi пайдаланатын болады. Бұл венчурлiк қорлардың және ұлттық инновациялық жүйе элементтерiнiң қалыптасуының және қызметiнiң тиiмдi тетiктерiн енгізуге, инвесторларды тартуға және венчурлiк қаржыландыру саласындағы озық менеджменттi енгізуге мүмкiндiк бередi. 11. Мемлекеттік ұйымдармен және даму институттарымен өзара iс-қимыл 1. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың акционерi бола отырып, Қордың мемлекеттік акциялар пакетiн басқару жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органды (бұдан әрi - уәкiлеттi мемлекеттік орган) белгiлейдi. 2. Уәкiлеттi мемлекеттік орган: - мемлекеттік акциялар пакетiн басқару функцияларын жүзеге асырады; - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес акционерлердiң жалпы жиналысының құзырына жатқызылған мәселелер бойынша мемлекет мүддесiн бiлдiредi; - үлестiрудi жүзеге асырады және құқықтық, қаржылық және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оның қызметiн өзге де қамтамасыз ету мәселелерi бойынша Қордың мемлекеттік органдарымен өзара iс-қимыл процесiне қатысады. 3. Қор инвестициялық қызметтiң барлық кезеңдерiнде мемлекеттік даму институттарымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады. 1. Қордың қаржы-шаруашылық қызметiнiң бухгалтерлiк есебiн бухгалтерлiк есеп туралы заңнамасымен белгiленедi. 2. Қор Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген мерзiмдерде жылдық қаржылық есептiлiгiн басылым беттерiнде жыл сайын жариялайды. жылдық қаржылық есептiлiктi ұсынады. |