Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 26 қарашадағы № 1237 қаулысымен бекітілген Осы редакция 2005 ж. 24 тамыздағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң 1. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң Сауда және туристік қызметтi реттеу комитетi (бұдан әрi - Комитет) Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінiң құзыретi шегiнде және заңнамаға сәйкес арнайы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ сауда және туристiк қызметтi реттеу және демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк шараларды қолдану саласындағы салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын ведомство болып табылады. 2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетiнiң органдарында және банктерде шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң, егер заңнамаға сәйкес уәкiлеттiк берiлсе, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Комитет штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 5. Комитеттiң заңды мекен-жайы: Астана қаласы, 473000, Қабанбай батыр даңғылы, "Транспорт Тауэр" ғимараты. 6. Комитеттiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристiк қызметтi реттеу комитетi" мемлекеттік мекемесi. 7. Осы Ереже Комитеттiң құрылтай құжаты болып табылады. 8. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. Комитеттiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге Комитетке тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда бұл қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 9. Комитеттiң миссиясы туризм индустриясын дамытуға және экспорт пен импорт құрылымын жақсарту жөніндегі шараларды iске асыруға бағытталған сауда және туристік қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ету болып табылады. 3. Комитеттің негiзгi мiндеттерi 10. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) сауда және туристiк қызметтi дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты iске асыру; 2) сауда және туристік қызметте салааралық үйлестiру; 3) тауарлар импорты кезiнде iшкi рынокты қорғау; 4) кедендiк-тарифтiк және тарифтiк емес реттеу шараларын қолдану мәселелерiн үйлестiру; 5) Қазақстан Республикасы туралы туризм үшiн қолайлы ел ретіндегі ұғымды қалыптастыру; 6) туристiк қызметтің басым бағыттарын дамыту және туристiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғау. 4. Комитеттiң функциялары мен құқықтары 11. Жүктелген мiндеттерге сәйкес Комитет заңнамаға сәйкес мыналарды жүзеге асырады: сауда қызметi саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар: 1) сауда қызметінің мониторингiн жүзеге асыру; 2) әлемдiк рынокта сұранысқа ие бәсекеге қабілетті тауарларды өндiрудi ұлғайтуды қамтамасыз ету; 3) экспорттың өсiмiн және әртараптануын қамтамасыз ету; 4) теңгермелi iшкi рынокты құруға бағытталған қорғаныштық-қолдампаздық шаралардың жүйелерiн iске асыру; 5) сыртқы сауда қызметiн тарифтiк және тарифтiк емес реттеу әдiстерiмен реттеу; 6) тарифтiк квоталар қолдану жөнiндегі шараларды iске асыру; 7) сыртқы рыноктарда қазақстандық тауарлардың қол жетiмдiлігін шектейтін сыртқы сауда дауларын реттеу; 8) қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шараларды енгізу алдындағы талқылауларды жүргiзу; 9) Қазақстан Республикасының шет елдердегі сауда өкiлдiктерiнiң қызметiне басшылық жасау және оны үйлестiру; 10) сауда қызметi саласындағы орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру; 11) сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бiрлескен үкіметаралық комиссиялардың қызметiн ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды жүргiзуге қатысу; 12) iшкi сауда саласындағы және тұтыну рыногындағы экономикалық бағдарламаларды iске асыру; 13) басқа елдердiң мүдделi органдарымен және халықаралық ұйымдармен демпингке қарсы, өтемдік және арнайы қорғау баждарын, сандық шектеулердi енгізу мәселелерi бойынша өзара іс-қимыл жасасу; 14) сыртқы саудада экономикалық мүдделердi қорғау үшiн халықаралық тәжiрибенi ескере отырып, талқылаулар жүргiзу жөніндегі рәсiмдердi iске асыру; 15) талқылаулар жүргiзiлетiн тауарлар импортының мониторингі, сондай-ақ талқылаулар бойынша деректер банкiн құру және жүргiзу; 16) сыртқы және iшкi тауар рыноктарындағы конъюнктураны зерделеу және оның мониторингi; 17) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асыру, оның iшiнде берiлген лицензиялар бойынша есеп жүргiзу; туристік қызмет саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар: 18) iшкi және халықаралық туризмдi дамыту, туристiк қызметтер рыногын қалыптастыру; 19) халықаралық, өңiраралық және iшкi туристік байланыстарды жүзеге асыру және халықаралық республикалық жәрмеңкелер мен көрмелер өткiзудi дайындау мен жүргізудi қамтамасыз ету, сондай-ақ ақпараттық-басылымдық және жарнамалық қызметтi жүзеге асыру; 20) туризм саласында кадрлар даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктiлігін арттыруға, симпозиумдарды, конференцияларды, семинарларды, туризм саласындағы мамандармен оқытудың және тәжiрибе алмасудың басқа да нысандарын ұйымдастыруға қатысу; 21) халықаралық туристік оқиғалар мен туристік беделдi қалыптастыру жөніндегі iс-шараларға қатысу үшiн көзделген қаражат шегiнде жұмыстарды ұйымдастыруға және делегацияларды iссапарларға жiберуге (шығармашылық кәсiптерiнiң өкiлдерiн қоса алғанда) арналған шығыстарды бекіту; 22) туристік индустрияға инвестициялар тарту бойынша, оның ішiнде туристік өнімдер, жабдықтар, керек-жарақтар мен мүкаммалдар өндiрiсiн дамыту үшiн мемлекеттік саясатты іске асыру; 23) облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерімен туристік саланы дамытудың өзектi проблемаларын практика жүзінде шешуге қатысты мәселелер бойынша өзара iс-қимыл жасау; 24) турагенттiк, туроператорлық, экскурсиялық қызметтi лицензиялауды жүзеге асыру және туризм инструкторының қызметтерiн көрсету, оның iшiнде берiлген лицензиялар бойынша есеп жүргiзу; бақылау-қадағалау функциялары: 25) қорғау, демпингке қарсы және өтемдiк шараларды енгізу алдындағы талқылауларды бақылау және жүргiзу; 26) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лицензиаттардың белгіленген біліктiлiк талаптарын және лицензиялық ережелердi орындауын бақылау; 27) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туристiк iс-шаралардың ұйымдастырылуын және өткiзiлуiн бақылау; 28) ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiн бақылау, сондай-ақ мемлекеттік туристiк ұйымдарға (оның iшiнде мемлекеттік қатысу үлесi бар) және туристiк инфрақұрылым объектілерiне ұйымдық басшылық жасау; 29) туристік ұйымдардың туроператордың және турагенттiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі олардың қызметiн бақылау; 30) заңды тұлғалардың туристердi қорғау мен олардың қауiпсiздiгi шараларын қамтамасыз ету жөніндегі қызметiн бақылау. 12. Комитет негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiнiң функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен мыналарға: 1) Қазақстан Республикасының сауданы, туристiк саланы және оның индустриясын дамыту мәселелерi жөніндегі заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар енгізуге; 2) сауда, туристiк қызметтi дамыту және тауарларды өндiру мен сату үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 3) Қазақстан Республикасының бiр немесе бiрқатар мемлекеттерге қатысты халықаралық экономикалық санкцияларға қатысу мүмкiндiгi туралы ұсыныстар енгізуге; 4) Қазақстан Республикасының кедендiк-тариф саясатын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 5) сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына өзгерістер енгізу және оны сыртқы экономикалық қызметтi мемлекеттік реттеу мiндеттерiне сәйкес жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 6) сыртқы сауданы, Қазақстан Республикасының экспорттық-импорттық операцияларын жүргiзу тәртібін, шет елдермен өзара қарым-қатынастарды жетiлдiру, халықаралық экономикалық ұйымдардың жұмысына қатысу жөніндегі ұсынымдарды енгізуге; 7) тауарларды сыртқы рыноктарға жылжыту жөніндегі шараларды жандандыру бойынша ұсыныстар енгізуге; 8) сауданы дамытуға байланысты мемлекетаралық және республикалық сауда көрмелерiн, жәрмеңкелер, аукциондар, жарнамалық және басқа да iс-шаралар өткiзуге, семинарлар, бизнес-форумдар әрi республикалық және халықаралық деңгейде iскер топтардың кездесулерiн ұйымдастыруға; 9) тауарларды сатуды тоқтата тұру және (немесе) тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 10) Қазақстан Республикасының экономикасы үшiн терiс салдарды жою мақсатында демпингке қарсы, қорғау және өтемдiк баждардың мөлшерi жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 11) тауарлар импорты кезiнде iшкi рыноктағы адал бәсекелестiктi бұзушылық фактiлерiн анықтау кезiнде заңнамада белгiленген шараларды қолдану жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 12) экспорт пен импорттың құрылымын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 13) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардан қажеттi ақпарат сұрауға және алуға; 14) жеткiзушiлерден қабылданған мiндеттемелердiң орындалуы туралы мәлiметтер сұрауға және олардың дұрыстығын тексеруге; 15) экспорттаушының еліндегі ақпараттың дұрыстығын тексерудi жүргiзуге; 16) мүдделi органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп, туристiк клубтардың, мектептер мен құрылыстардың, туристік ақпарат орталықтарының желiсiн дамыту жөніндегі жұмысты iске асыруға және үйлестiруге; 17) сауда және туризм саласында консультациялар мен сараптамалар жүргiзу үшiн орталық, жергiлiктi атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың мамандарын тартуға құқылы. 13. Комитеттiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. 14. Комитеттiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiктiң, сондай-ақ құны Комитеттiң теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктiң есебiнен құралады. 15. Комитетке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 16. Комитеттiң, егер заңнамалық кесiммен өзгеше белгiленбесе, өзiне бекітіп берiлген мүлiктi және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билiк етуге құқығы жоқ. 6. Комитеттiң қызметiн ұйымдастыру 17. Комитетті Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының заңнамада белгiленген тәртiппен қызметтерге тағайындалатын және қызметтерден босатылатын орынбасарлары болады. Төраға орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 18. Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етедi әрi Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауап бередi. 1) өз орынбасарларының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды; 2) заңнамаға сәйкес Комитеттiң қызметкерлерiн қызметтерге тағайындайды және қызметтерден босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртiппен Комитеттiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi, оларға тәртiптік жаза қолданады; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Комитетті бiлдiредi. 20. Комитет қабылдайтын шешiмдер Комитет төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi. 7. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату 21. Комитеттi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. |