|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 16 мамырдағы
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 30 наурыздағы № 428 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тіркегенi үшiн алым ставкаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 16 мамырдағы № 454 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 19, 200-құжат) мынадай өзгерiс енгiзілсiн: көрсетiлген қаулымен бекітілген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және онымен жасалатын мәмiлелердi мемлекеттік тіркегенi үшiн алым ставкаларында: 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Мемлекеттік тiркегенi үшiн нөлдiк алым ставкасы белгiленсiн: «1) Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде көзделген тәртiппен мемлекеттік органдар салық салатын (жүргізетiн) жылжымайтын мүлiкке құқық ауыртпалығын; 2) республикалық меншiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығын жүзеге асыратын уәкiлеттi мемлекеттік орган және оның аумақтық органдары үшiн мемлекеттік меншiкке жатқызылған жылжымайтын мүлiкке құқықты; 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген белгiлi бiр әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде және мерзiмде жүргiзiлген жылжымайтын мүлiкке құқықтарды (құқықтық ауыртпалықтарды) кезеңмен тiркеу кезiндегi жылжымайтын мүлiкке құқықты және онымен жасалатын мәмiлелердi.». 2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |