|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы (2014.23.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Yкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгерістер мен толықтыру бекітілсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 928 қаулысымен Бекiтілген
Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешімдерiне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
1. ҚР Үкіметінің 2013.05.08. № 796 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншiктiң түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде: 1) «Астана қаласы» деген бөлiм: мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 21-65-жолмен толықтырылсын: «21-65 «Казахстанская правда» республикалық газетi» АҚ»; 2) «Алматы қаласы» деген бөлімде: реттiк нөмiрі 123-1-жол алынып тасталсын; реттік нөмiрi 123-6 «Жас өркен» ААҚ» деген жолдағы «ААҚ» деген аббревиатура «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 3. «Республикалық меншіктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттерi мен мемлекеттік үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында: көрсетiлген қаулыға қосымшада: «Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінiң Ақпарат және мұрағат комитетіне» деген бөлiмде: реттiк нөмiрi 224-1-жолдағы «АҚ» деген аббревиатура «ЖШС» деген аббревиатурамен ауыстырылсын; реттiк нөмiрлерi 224-3 және 224-4-жолдар алынып тасталсын; реттiк нөмiрi 224-21-жолдағы «ЖАҚ» деген аббревиатура «АҚ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын. 4. ҚР Үкіметінің 2014.23.09. № 1003 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |