|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 20 қазандағы № 1192 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы № 1644 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзілсiн: көрсетілген қаулымен бекiтілген Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының қызмет өткеруі туралы ережеде: 3-тармақта: «, қатардағы iшкi қызметкер»,», ішкi қызмет кiшi сержанты»,», ішкі қызмет сержанты»,», iшкi қызмет аға сержанты»,», iшкi қызмет старшинасы»,», iшкi қызмет прапорщигі, iшкi қызмет аға прапорщигі»,», iшкi қызмет кiші лейтенанты»,», iшкi қызмет лейтенанты»,», iшкi қызмет аға лейтенанты»,», iшкi қызмет капитаны»,», iшкi қызмет майоры»,», iшкi қызмет подполковнигi»,», iшкi қызмет полковнигi»«, iшкi қызмет генерал-майоры»,», iшкi қызмет генерал-лейтенанты, полиция генерал-полковнигi, iшкi қызмет генерал-полковнигi, армия генералы» деген сөздер алынып тасталсын; екiншi абзацта: «, осы Ереженiң 5-тармағының тоғызыншы абзацында көзделген жағдайларды қоспағанда,»деген сөздер алынып тасталсын; «министрлігінiң» деген сөз алынып тасталсын; «әскери комиссариатқа» деген сөздер «жергiлiктi әскери басқару органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; үшіншi абзацта: «мерзiмдi әскери қызметтен өткен және» деген сөздер алынып тасталсын; «аяқталмаған жоғары және жоғары білiмi бap» деген сөздер «жоғары білімi бар немесе жоғары оқу орындарының соңғы курстарында оқитын» деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi абзацтағы «әскери комиссариатқа» деген сөздер «жергіліктi әскери басқару органдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақтың екiншi абзацындағы «заңнамада» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: «11. Iшкi iстер органдарына қатардағы, кiшi және орта басшы құрам лауазымдарына алғаш рет түскен адамдар кадрға есепке алынғанға дейiн арнайы алғашқы оқудан және тағылымдамадан өтедi, олар үшін сынақ мерзiмi белгіленуi мүмкiн. Арнайы алғашқы оқудан, тағылымдамадан және сынақ мерзiмiнен өту тәртібі мен шарттарын Министр белгілейдi. Конкурстық iрiктеуден өткен және арнайы алғашқы оқуға қабылданған адамдарды ұстау тиiстi қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады. 12. Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарына оқуға түсетiн адамдар, сондай-ақ ішкі iстер органдарының қаражаты есебiнен оқуға ақы төлей отырып, Iшкi iстер министрлігінiң жолдамалары бойынша шет мемлекеттердiң iшкi iстер органдарының жоғары оқу орындарына түсетiн адамдар оқу орнындағы оқу мерзiмiне және бiр мезгілде оқу орнын бiтiргеннен кейiн Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарында әскери қызметшілер, орта және аға басшы құрам лауазымдарында күнтiзбелiк есеп бойынша бес жылға қызмет өткеру туралы келісім-шарт жасасады. Келісім-шартта тараптардың (оқуға түсетiн адамның және уәкілеттi мемлекеттік органның лауазымды адамының) өзара міндеттемелерi мен жауапкершілiктерi белгiленедi. Келісім-шарт iшкi iстер органдарының оқу орнына қабылдау туралы қабылдау комиссиясының шешiмiнен кейiн жасалады. Келісім-шарттың нысанын, оны жасасу, ұзарту, өзгерту, бұзу және тоқтату тәртібін Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрi белгілейдi. Iшкi iстер органдарының қызметкерi Iшкi iстер министрлiгінiң оқу орнын бiтiргеннен кейiн iшкi iстер органдарында әрi қарай қызмет өткеруден бас тартқан не келісім-шартты мерзiмiнен бұрын бұзған жағдайда ол оны оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай үлесiне жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiс сома келісім-шарт мерзiмi аяқталғанға дейiнгi әрбiр толық қызмет атқармаған айға пропорционалды түрде есептеледi. Шақырылу жасына жеткен және сабаққа үлгермеушілiгi, тәртiпсiздiгi бойынша, сондай-ақ өз еркiмен оқудан шығарылған Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындары күндiзгi бөлiмдерiнiң курсанттары (тыңдаушылары), егер оқу орнына түскенге дейiн мерзiмдi әскери қызметтiң белгіленген мерзiмiн өтемесе, әскери есепке қою үшiн тұрғылықты жерi бойынша әскери басқару органдарына жiберіледi. Олар мемлекетке оларды оқыту кезеңiнде стипендия төлеуге, тамақтандыруға, заттай үлесiне жұмсалған бюджет қаражатын өтеуге мiндеттi. Ұсталуға тиiс сома оқу орнында болған әрбiр толық айға пропорционалды түрде есептеледi. Бюджет қаражатын мемлекет пайдасына өндiрiп алу заңнамада белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындарына күндiзгi оқу бөлiмiне қабылданған адамдар әскери есептен шығарылады және iшкi iстер органдарында арнайы есепке алынады. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгі оқу орындарының кәсiби орта, кәсiби жоғары білім беру бағдарламалары бойынша күндiзгi оқудың толық курсын бiтiрушілер үшiн оқу уақыты мерзiмдi әскери қызмет өткеруге теңестiріледi. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кәсiби жоғары және орта оқу орындарының, өзге де мемлекеттердiң iшкi iстер органдары оқу орындарының түлектерi бөлуге сәйкес қызмет өткеруге жiберіледi. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң оқу орындары диплом алдындағы практикадан өту үшiн iшкi iстер органдарына жiберген курсанттар (тыңдаушылар) практикадан өту кезеңiнде лауазымға тағайындалады. Күндiзгi адъюнктураға тiкелей Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінің жоғары оқу орындарын бiтiрiсiмен қабылданған iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне тиiстi кафедраның оқытушысы жалақысының 70%-ы мөлшерiнде лауазымдық жалақы, сондай-ақ арнаулы атағы үшiн қосымша ақы төленедi. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң кәсiби жоғары және орта оқу орындарының курсанттарына (тыңдаушыларына) жазғы каникулдық демалысын өткізу орнына автомобиль, темір жол және су көлiгiмен баруға және кейiн қайтуға жол жүру құны төленедi. Iшкi iстер органдарының кәсiби жоғары білiмi бар қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының заңнамада белгіленген тәртiппен iшкi істер органдары жүйесiнiң оқу орындарында екiншi кәсiби жоғары білім алуына болады.»; мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде үшiншi абзацтағы «лейтенанттары, iшкi қызмет кiшi» деген сөздер алынып тасталсын, «iшкi қызмет подполковниктерiне» деген сөздер «полиция подполковниктерiне» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші абзацта: «iшкі қызмет полковниктерi» деген сөздер алынып тасталсын; «50» деген сандар «53» деген сандармен ауыстырылсын; бесiнші абзацта: «ішкі қызмет генерал-майорлары», «ішкі қызмет генерал-лейтенанттары» деген сөздер алынып тасталсын; «55» деген сандар «58» деген сандармен ауыстырылсын; алтыншы абзацтағы «полиция генерал-полковниктерi, iшкі қызмет генерал-полковниктерi, армия генералдары - 60 жас» деген сөздер алынып тасталсын; жетінші абзацтағы», олардың қызметке жарамдылығы жағдайында,»деген сөздер алынып тасталсын; сегiзiншi абзацтағы «Ерекше жағдайларда» деген сөздерден кейiн», тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы бар басшының шешiмi бойынша» деген сөздермен толықтырылсын; бiрiншi абзацта: «кию үшiн,»деген сөздер алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қалауы бойынша оларға нысанды және арнайы киім-кешектiң орнына ақшалай өтемақы төленуi мүмкiн.»; 29-тармақтың екiншi сөйлемi алынып тасталсын; 30-тармақтың бiрiншi абзацындағы «заңдарында қарастырылады» деген сөздер «заңдарында көзделедi» деген сөздермен ауыстырылсын; бiрiншi абзацтағы «жасының келуi, денсаулық жағдайы, штаттың қысқаруы, еңбек сiңiрген жылдары бойынша қызметтен», «мен олардың отбасы мүшелерi» деген сөздер алынып тасталсын; үшiншi абзац «органдары» деген сөзден кейiн», заңнамада белгіленген тәртіппен» деген сөздермен толықтырылсын; 34-тармақтың екiншi абзацындағы «қызмет атқаруға мiндеттi» деген сөздер «қызметке тартылуы мүмкiн» деген сөздермен ауыстырылсын; 36-тармақтың алтыншы абзацындағы «заңдармен» деген сөз «Қазақстан Республикасының заңдарында» деген сөздермен ауыстырылсын; 39-тармақтағы «нормативтiк» деген сөзден кейiн «құқықтық» деген сөзбен толықтырылсын; бiрiншi абзацта: «толық көлемде», «бiрақ үш айдан аспайтын мерзiмге» деген сөздер алынып тасталсын; «материалдық шығыны» деген сөздерден кейiн «Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен» деген сөздермен толықтырылсын; екiншi абзацтағы «және анықтау» деген сөздер алынып тасталсын; 42-тармақтағы «Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi Жарлығына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Заңына» деген сөздермен ауыстырылсын; 43-тармақтың екiншi абзацындағы», iшкi қызмет» деген сөздер алынып тасталсын; бесiншi, алтыншы, жетiншi, сегiзiншi абзацтардағы», iшкi қызмет қатардағы қызметкерi»,», iшкi қызмет кiшi сержанты»,», iшкi қызмет сержанты»,», iшкi қызмет аға сержанты» деген сөздер алынып тасталсын; тоғызыншы абзац алынып тасталсын; оныншы абзац мынадай редакцияда жазылсын: «Полиция старшинасы атағында еңбек сiңiрген мерзiмi белгiленбейдi.»; екiншi, үшiншi, төртiншi абзацтардағы», iшкi қызмет кiшi лейтенанты»,», iшкi қызмет лейтенанты»,», iшкi қызмет аға лейтенанты» деген сөздер алынып тасталсын; бесiншi абзацта: «, iшкi қызмет капитаны» деген сөздер алынып тасталсын; Жетпiс екінші абзац 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі «3» деген сан «4» деген санмен ауыстырылсын; алтыншы абзацта: «, iшкi қызмет майоры» деген сөздер алынып тасталсын; Жетпіс бесiншi абзац 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледі «4» деген сан «5» деген санмен ауыстырылсын; жетiншi, сегiзiншi, тоғызыншы абзацтардағы», iшкi қызмет подполковнигi»,», iшкi қызмет лейтенанты»,», iшкi қызмет полковнигi» деген сөздер алынып тасталсын; бiрінші абзацтағы», iшкi қызмет кiшi лейтенанты» деген сөздер алынып тасталсын; екiншi абзацтағы «министрлiктер мен ведомстволардың» деген сөздер «мемлекеттік органдардың» деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi абзацтағы», сондай-ақ аяқталмаған жоғары білімi (үшiншi курстан төмен емес) бар» деген сөздер алынып тасталсын; 47-тармақтың бiрiншi және екiншi абзацтарындағы», iшкi қызмет лейтенанты»,», iшкi қызмет кiшi лейтенанттарына» деген сөздер алынып тасталсын; екiншi абзацта: «, iшкi қызмет майорына» деген сөздер алынып тасталсын; «бac басқармаларының, басқармаларының» деген сөздер «департаменттерiнiң» деген сөзбен ауыстырылсын; үшiншi абзацтағы», iшкi қызмет полковнигiне» деген сөздер алынып тасталсын; 52-тармақтың бiрiншi абзацындағы», iшкi қызмет полковнигiне» деген сөздер алынып тасталсын; 54-тармақтың бiрiншi абзацындағы»(резервіндегі)»деген сөз алынып тасталсын; бiрiншi абзацта: «өздерiне берiлген құқықтарға» деген сөздерден кейiн «және Министр бекiтетiн лауазымдар санаттары бойынша үлгi білiктiлiк талаптарына» деген сөздермен толықтырылсын; в) тармақшасында: "(резервiне)»деген сөз алынып тасталсын; үшiншi абзац «емделуi» деген сөзден кейiн «бұрынғы қызмет атқарған жерiнен тиiстi iшкi iстер органы орналасқан жерге дейiн жол жүріп барған уақыты; кәсiби жоғары және орта оқу орындарының сырттай, кешкi бөлiмдерiнiң оқу-емтихандық сессияларында болу уақыты; қылмыстық iс тоқтатылған немесе ақтау үкімі шығарылған жағдайларда тұтқындалған күнiнен бастап босатылған күнiн қоса қылмыстық жауапкершілікке тартылуға байланысты тұтқында болған уақыты» деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Кезектi демалысын пайдаланбаған, атқарып отырған қызметтерiнен босатылған және оның қарамағындағы қызметкерлерге оларды қызметте одан әрi пайдалану туралы мәселенi шешу кешiктiрілген жағдайларда, әдетте, пайдаланылмаған демалысы беріледi. Оларға кезектi демалыс уақыты үшiн ақшалай үлес қарамағында болу мерзiмiне қарамастан, қарамағына қабылданған күнiнен бастап негiзгi лауазымы бойынша алатын мөлшерде төленедi.»; д) тармақшасында: екiншi абзацтағы»(штат қысқарғанға) немесе iшкi iстер органын қайта құруға дейiнгi лауазымы бойынша жалақысына тең (немесе жоғары) жалақысы бар лауазымға тағайындалғанға дейiнгi мерзiмде бұрынғы лауазымы бойынша алған жалақысы сақтала отырып» деген сөздер алынып тасталсын; төртiншi абзацтағы «министрдiң шешiмi бойынша жекелеген жоғары білiктi мамандардың лауазымдық жалақысы кейiнгі өзгерістердi ескере отырып, соңғы атқарған лауазымы бойынша жалақысы сақтала отырып,»деген сөздер алынып тасталсын; «резервте» деген сөз «басшы кадрлар резервiнде» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Басшы кадрлар резервiне қабылданған басшы құрамдағы адамдардың кәсiптiк даярлықты жетiлдiру жөніндегі жұмысы Министр белгілейтiн тәртiппен жүзеге асырылады.»; «үлес толық көлемде» деген сөздер «үлес» деген сөзбен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Қылмыс жасағаны үшiн сотталуына байланысты iшкi iстер органдарынан босатылған, ал кейiннен ақтап шығарылған және тиiсiнше лауазымы мен арнаулы атағы қайтарылған қызметкерлерге қызметте амалсыздан болмаған уақыт үшiн ақшалай үлес қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртiппен өтеледi.»; 67-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «67. Қызметкерлердi аттестациялау кемiнде үш жылда бiр рет, сондай-ақ жоғары лауазымдарға тағайындау кезiнде, төменгi лауазымдарға тағайындау және тәртіптiк жазалау ретiнде лауазымынан босату кезiнде, терiс қылықтары үшiн және аттестациялық тәртiппен iшкi iстер органдарынан босатылған кездерде жүргізіледi.»; 70-тармақтың екiншi абзацындағы «әйелдер» деген сөз «қызметкерлер» деген сөзбен ауыстырылсын; 72-тармақтың бiрiншi абзацындағы «ол қайта кәсiби даярлықтан өтуге жiберiлуi,»деген сөздер алынып тасталсын; 74-тармақтың e) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «e) жүктілiгi мен босануына байланысты берілетiн демалыстар, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге), үш жасқа дейiнгi балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстар;"; 75-тармақтың екiншi абзацы «адамдардың» деген сөзден кейiн «Қазақстан Республикасының шегiнде» деген сөздермен толықтырылсын; 84-тармақтағы «облыстық iшкi iстер басқармасының бастығынан бастап, Алматы қалалық iшкi iстер Бас Басқармасының» деген сөздер «облыстың, көлiктегi, Астана және Алматы қалалары iшкi iстер департаменттерiнiң» деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi абзацта: «бac басқармасының, басқармасының» деген сөздер «департаментiнiң» деген сөзбен ауыстырылсын; «, Республикалық мемлекеттік кәсiпорнының» деген сөздер алынып тасталсын; 88-тармақтың бесiншi абзацындағы «Бұл ретте жазғы каникул демалысы 15 тәулiктен кем емес мерзiмге берілуi керек.»деген сөздер алынып тасталсын; бiрiншi абзацтағы «Үкiметтiң шешiмдерiмен белгіленген қосымша және әлеуметтік демалыстар» деген сөздер «Қосымша демалыстар және жүктiлiгi мен босануына байланысты берілетiн демалыстар, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн демалыстар, үш жасқа дейiнгі балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстар» деген сөздермен ауыстырылсын; төртінші абзацта: «Әлеуметтiк демалыстарды» деген сөздер «Жүктілiгi мен босануына байланысты берiлетін демалыстарды, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетін демалыстарды, үш жасқа дейiнгi балалары бар аналарға, бала асырап алған әйелдерге (ерлерге) берілетiн жалақысы сақталмайтын қосымша демалыстарды» деген сөздермен ауыстырылсын; екiншi сөйлем алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне демалыс өткізу орнына бару және қайту жолына берілген уақытын қоса алғанда, кезектi, қысқа мерзiмді, қосымша демалыстар, сырқаттануына, жүктілігі мен босануына байланысты демалыстар кезiнде ақшалай үлес олардың атқарып отырған лауазымы бойынша демалысқа шыққан күнi алған мөлшерде төленедi.»; 90-тармақтың а) мен б) тармақшасындағы «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттілiк және әскери қызмет туралы» деген сөздер «Әскери мiндеттілік және әскери қызмет туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде 91-тармақтың а) және в) тармақшалары өзгерiссiз қалдырылсын; и) тармақшасындағы «ұдайы бұзғандығы» деген сөздер «өрескел бұзғаны» деген сөздермен ауыстырылсын; а) тармақшасындағы «Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы» деген сөздер «Әскери міндеттiлiк және әскери қызмет туралы» деген сөздермен ауыстырылсын; мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде б) тармақшасы өзгерiссiз қалдырылсын; 94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «94. Қызметтiк мiндеттерiн орындаумен байланысты емес, бiрақ азаматтардың алдында мемлекеттік қызметтiң абыройы мен беделiне нұқсан келтiретiн iс-әрекеттер, атап айтқанда: iшкi iстер органдары қызметкерлерiнiң қоғамдық орындарда мас күйiнде (айналасындағыларға айқын көрiнетiндей) болуы; тергеудегi, сотталған адамдармен рұқсат етiлмеген байланыстар жасау; тергеуге зиян келтiретiн жедел сипаттағы ақпаратты жария ету; заңсыз әрекеттер жасаған азаматтарға жәрдемдесу; қызмет бабын жеке пайдакүнемдiк ниетпен пайдалану; қызметкерлердiң, оқу орындарының тыңдаушылары мен курсанттарының арасында терiс қоғамдық резонанс тудырған жарғыдан тыс қарым-қатынастар жасау; кәсiпкерлiк қызметтiң кез келген түрiмен айналысу, оның iшiнде коммерциялық делдалдық жасау, сондай-ақ қызмет бабын пайдалана отырып жұмыс жасау және қызметтер көрсету және т.б. iс-әрекеттер жасаған қатардағы және басшы құрамдағы адамдар осы Ереженiң 91-тармағының и) тармақшасына сәйкес iшкi iстер органдарының беделiне дақ түсiретiн қылықтар жасағаны үшiн қызметтен босатылады. Санамаланған негiздер бойынша босатылған адамдар iшкi iстер органдарындағы қызметке қайта қабылданбайды.»; мемлекеттік тiлдегi мәтiнiнде 95-тармақтың бiрiншi абзацы өзгерiссiз қалдырылсын; а) тармақшасында: «, iшкi қызмет подполковнигiн қоса алғанда, полиция подполковнигiне дейiн» деген сөздер «полиция подполковнигiне дейiн қоса алғанда» деген сөздермен ауыстырылсын; «бас басқармаларының, басқармаларының» деген сөздер «департаменттерiнің» деген сөзбен ауыстырылсын; б) тармақшасындағы», iшкi қызмет полковнигiн қоса алғанда, полиция подполковнигiне дейiн» деген сөздер «полиция подполковнигiне дейiн қоса алғанда» деген сөздермен ауыстырылсын; 100-тармақтағы «әскери комиссариаттар» деген сөздер «жергiлiктi әскери басқару органдары» деген сөздермен ауыстырылсын; 104-тармақтың бiрiншi абзацындағы «салық полициясының органдарына, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттiгiне» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттiгiне (қаржы полициясы), Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Кедендiк бақылау комитетiне» деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы «Қызмет тәртібі» деген 9-бөлiммен және 105, 106, 107, 108, 109, 110, 111, 112, 113-тармақтармен толықтырылсын: «105. Iшкi істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының тәртібі олардың заңдылық, дара басшылық қағидаттарын қатаң сақтауына, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінiң талаптарын, антты, командирлер мен бастықтардың бұйрықтарын орындауына негiзделеді. 106. Қызмет бабында бiр-бiрiне тiкелей бағынысты болмайтын қатардағы және басшы құрамдағы адамдар нақты тапсырмаларды орындау кезiнде аға немесе кiшi қызметкерлер болуы мүмкiн. 107. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдар бiр-бiрiмен, әскери қызметшiлермен кездескен кезде және өзге де жағдайларда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жарғыларында белгіленген тәртіппен және ережелер бойынша сәлем бередi. 108. Бастықтың бұйрығы бұлжытпай, нақты және мерзiмінде орындалады. Iшкі iстер органдарының қызметкерлерi, егер олардың iс-әрекеттерi заңнамаға сәйкес жүзеге асырылған болса, арнайы құралдар мен әдiстердi, қару-жарақты қолдану кезiнде келтiрілген зиян үшiн жауапкершілiкке тартылмайды. 109. Қызметтiк борышын атқару кезiнде көрсеткен ерлiгi мен батылдығы, қайсарлығы және мемлекет алдындағы басқа да сiңiрген еңбегi үшiн қатардағы және басшы құрамдағы адамдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттауға ұсынылуы мүмкiн. 110. Көтермелеулер мен тәртiптiк жазаларды бастықтар өздерiне берілген құқықтар шегiнде қолданады. 111. Iшкі iстер органдарының қызметкерлерiне терiс қылықтары анықталған күннен бастап бiр айдан және терiс қылықтарды жасаған күннен бастап алты айдан кешiктiрмей тәртiптiк жаза қолданылады. Жаза қолдану алдында қатардағы және басшы құрамдағы адамнан жазбаша түрде түсiнiктеме алынуға тиiс. Командир (бастық) тәртiптiк жаза қолдану туралы шешім қабылдар алдында, әдетте, қызметтiк тергеу жүргiзіледi. Ол кiнәлi адамдарды айқындау, терiс қылықтарды жасауға ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау мақсатында жүргiзіледi. 112. Қатардағы және басшы құрамдағы адамға бұйрықпен қолданылған тәртiптiк жаза ол қолданылған күннен бастап алты ай өткеннен кейiн, егер осы кезеңде ол басқа тәртiптiк жазаға тартылмаған болса, ол алып тасталған деп саналады. 113. Қатардағы және басшы құрамдағы адамдардың өздерiне қатысты қабылданып отырған шешiмдер мен iс-әрекеттер бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес жоғары лауазымды адамдарға немесе сотқа шағымдануға құқығы бар.». 2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігі осы қаулыда көрсетiлген iс-шараларды iске асыруды Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдарын ұстауға көзделген тиiстi қаржы жылына арналған бюджет қаражаты есебiнен және шегiнде жүргiзсiн. 3. Осы қаулымен iшкi iстер органдарында қызметте болудың шектi жасы өзгертілген қызметкерлер мынадай шектi жастарға: 1) полиция полковниктерi - елу жасқа; 2) полиция генерал-майорлары мен полиция генерал-лейтенанттары - елу бес жасқа толғанда қызметтен шығуға құқылы. 4. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiлетін осы қаулының 1-тармағының жетпiс екінші және жетпіс бесiншi абзацтарын қоспағанда, ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |