|
|
|
Қазақстан Республикасы теңізшісінің паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесін бекіту туралы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі № 797 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы теңiзшiсінің паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесi бекітілсiн. 2. «Теңiзшi паспорты туралы ереженi бекіту жөнiнде» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 1 қыркүйектегi № 977 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1994 ж., № 37, 401-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының
Үкiметінің 2005 жылғы 18 қарашадағы № 1134 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы теңізшісінің паспортын ресімдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесi
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қазақстан Республикасы теңiзшiсінiң паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесi (бұдан әрi - Ереже) Қазақстан Республикасы теңiзшісінің паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою тәртібін реттейдi. 2. Теңiзшi паспортын уәкілеттi органның аумақтық бөлiмшесi болып табылатын порттың теңiз әкiмшiлiгi (бұдан әрi - тiркеушi орган) ресiмдейдi және бередi. 3. Теңізші паспорты Қазақстан Республикасының мынадай азаматтарына беріледi: 1) шетелге жүзетiн қазақстандық кемелерде жұмыс iстейтiн; 2) шетел туын көтеріп жүзетiн кемелерде жұмыс iстейтiн; 3) кеме экипажы құрамына енгізiлген оқу орындарының курсанттарына (оқушыларына) кеме келген және кеткен кезде экипаж саны мен құрамы туралы мәлiметтердi қамтитын кеме құжатындағы (бұдан әрi - кеме ролi) жазбамен расталады.
2. Теңізші паспортын ресiмдеу және беру
4. Теңiзші паспортын ресiмдеу және беру үшiн құжаттарды мыналар ұсынады: 1) Қазақстан туын көтеріп жүзетiн кемелердi өз атынан пайдаланатын және олардың кеме иелерi болып табылатындығына немесе оларды өзге де заңды негiзде пайдаланатынына қарамастан, кеменің капитаны мен экипажын тағайындауға құқығы бар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тiркелген қазақстандық кеме иеленушілер; 2) шетелдiк кеме иесi; 3) теңізші болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары. 5. Теңiзшi паспортын ресiмдеу үшiн қазақстандық және шетелдiк кеме иелерi, сондай-ақ теңiзшi болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары тiркеушi органға мынадай құжаттарды ұсынады: осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңiзшi паспортын ресiмдеуге арналған сауалнама-өтiнiш; теңізші паспортын ресiмдеуге арналған сауалнама-өтiнiштi берген күнге паспорты ресiмделiп жатқан Қазақстан Республикасының азаматы әскери қызметке шақырылмағанын растайтын тұрғылықты жерi бойынша қорғаныс iстерi жөніндегі органдардың анықтамасы немесе әскерге шақыру бойынша әскери қызметтi өткергендiгi туралы белгісi бар әскери билет; теңiзшілердің кәсіптiк даярлығының деңгей мен денсаулығы жағдайының теңiз кемелерi экипажының мүшелерi үшiн заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растайтын теңiз дипломдары мен куәлiгiнiң нотариалды куәландырылған көшiрмелерi; қазақстандық кеме иесiнiң осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңізшi паспортын беруге арналған ұсынысы; теңізші паспортының иесi мен шетелдiк кеме иесiнiң арасындағы жеке еңбек шартымен бірге осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдiк кеме иесінің ұсынысы. 6. Теңізші паспортын ресiмдеуге арналған сауалнама-өтініш машинкада басылған түрде немесе баспа әрiптерiмен қолмен толтырылған үш данада ұсынылады. 7. Теңiзшi паспортын ресiмдеу үшiн құжаттар азаматтың жеке басын куәландыратын құжат ұсынылған кезде қабылданады. 8. Кеме иесi шетел туын көтеріп жүзетiн кемеде жұмыс iстеу үшiн iссапарға жіберілетін тұлғаға теңiзшi паспортын ресiмдеу үшiн оны iссапарға жiберу туралы бұйрықтың көшiрмесi қосымша ұсынылады. 9. Теңiзшi болып табылатын Қазақстан Республикасы азаматының өтiнiшi бойынша теңiзшi паспортын ресiмдеу үшiн - осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңізші паспортын беру туралы өтiнiш, шетел кемесiнде жұмыс iстеген жағдайда жеке еңбек шарты ұсынылады. 10. Теңiз оқу орындарының кәмелеттiк жасқа толмаған курсанттарына (оқушыларына) теңiзшi паспортын ресiмдеу олардың Қазақстан Республикасынан шығуына ата-аналарының (асырап алушыларының, қорғаншылары мен қамқоршыларының) нотариалды куәландырылған келісімi болғанда жүргiзiледi. 16 жасқа толмаған курсанттарға (оқушыларға) теңiзшi паспортын ресiмдеу тууы туралы куәлiгiн ұсынған кезде жүргiзіледі. 11. Теңізші паспортын ресімдеу мерзiмi оны ресiмдеу үшiн тiркеуші орган тиiстi құжаттарды қабылдаған сәттен бастап 30 (отыз) күнтiзбелiк күннен аспауы тиiс. 12. Теңізші паспортын ресiмдеу осы мақсаттар үшiн арнайы жабдықталған үй-жайда жүргiзіледi. Теңiзшi паспортын түзетулермен немесе бояумен беруге тыйым салынады. Тiркеушi органдар ұсынылған құжаттардың дұрыстығына күмәнданған кезде қосымша тексерулер жүргізуi мүмкiн, олар 30 (отыз) күнтiзбелік күннен аспауы тиiс. 13. Теңiзшi паспорты иесiне осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңізші паспорттарын беру журналына қол қойғызып тапсырылады. 14. Теңiзшi паспорты бес жылға дейiнгi мерзiмге беріледi. Оның қолданылуы бір рет үш жылға дейінгі мерзiмге ұзартылуы мүмкiн, ол өткеннен кейiн паспорт ауыстыруға жатады. 15. Паспорттың қолданылу мерзiмiн ұзартуды тiркеушi орган осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кеме иесiнің ұсынысы немесе осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша паспорт иесiнiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде жүргiзедi. Паспорттың қолданылу мерзiмiн ұзарту туралы жазба лауазымды тұлғаның қолымен және тiркеушi органның елтаңбалық мөрiмен куәландырылады. 16. Теңiзшi паспортының қолданылу мерзiмiн ұзарту үшiн паспорт иесi осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес сауалнама-өтініш бередi, ол теңiзшi паспортын ұзартуды келiсу үшiн Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарына жiберіледi. Теңiзшi паспорты иесiнiң Қазақстан Республикасынан шығу құқығын уақытша шектеу үшiн заңды негiздеме анықталған жағдайда теңiзшi паспортының қолданылу мерзімін ұзарту жүргiзiлмейдi. Қазақстан Республикасынан шығу құқығын шектеудің болуы мен мерзiмi туралы ақпарат осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтауға қабылданған теңiзшi паспорттарын есепке алу журналына және осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңiзшi паспорттарын беру келісімдерiн есепке алу журналына енгізіледi. 17. Қызметi шет елдерге жүзетiн кемелермен шығуға арналған кезеңдiк (жоспардан тыс, кенеттен болатын) iссапарларға байланысты қазақстандық кеме иеленушi және кеме жөндеу ұйымдарының қызметкерлерiне теңiзшi паспортын қолда сақтауға рұқсат берілуi мүмкiн. 18. Теңiзшi паспортын оның қолданылу мерзiмi аяқталғанға дейiн ауыстыруды оның иесiнiң жазбаша өтiнiшi (ауыстыру себебi көрсетіліп, еркiн нысанда жасалады) бойынша осы паспортты берген тiркеуші орган жүргiзедi, оған осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңiзшi паспортын беру туралы өтiнiш қоса беріледi. 19. Жекелеген жағдайларда, кемеде жұмыс iстейтiн теңiзшi объективтi себептермен пайдалануға жарамсыз немесе жоғалған паспорттың орнына осы паспортты берген тiркеушi органда теңiзшi паспортын ресiмдеуге мүмкiндiгi болмаса, ол оны басқа жақын жердегi тiркеушi органда ресiмдейдi. Бұл үшiн теңізші өтiнiш жасаған тiркеушi орган теңiзшi паспортының жоғалғандығы туралы осы паспортты берген-тiркеушi органға осы адамға теңiзшi паспортының берiлгендiгiн растау және Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарымен паспорт берудi келiсу нөмiрлерiн хабарлау өтiнiшiмен ақпарат бередi. Жаңа теңiзшi паспортын беру сұрау салынған ақпаратты алғаннан және растағаннан кейiн жүргiзiледi. 20. Жаңа теңiзшi паспортын ресiмдеудi тiркеушi орган бұрын берiлген паспортты алып қойғаннан не бұрын берiлген паспортты оның жоғалуы салдарынан жарамсыз деп бұқаралық ақпарат құралдарында жариялағаннан кейiн жүзеге асырады.
3. Теңізші паспортын берудi ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарымен келiсу
21. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасынан шығу құқығын уақытша шектеу үшiн негiздемелердiң болмауын анықтау мақсатында тiркеушi орган Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдарымен теңiзшi паспортын берудi, оның мерзiмiн ұзартуды немесе айырбастауды келiсудi жүргiзедi. 22. Теңiзшi паспортын берудi келiсудi Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдары төменде көрсетілген құжаттарды алған күннен бастап он бес күн ішінде жүргiзедi. Осы мақсатта тiркеушi орган көрсетілген органдарға осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңiзшi паспортын ресiмдеуге арналған сауалнама-өтiніштің тiркелген данасын бір-бірден жiбередi. 23. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасынан шығу құқығын уақытша шектеу үшiн негіздемелер болмаған кезде Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдары келiсу туралы белгiсi бар сауалнама-өтінішті немесе оған уәкілетті басшылардың бірi қол қойған теңізші паспортын берудің келісілгенi туралы жазбаша хабарламаны тiркеушi органға жiбередi. 24. Оған қатысты теңiзшi паспортын берудi келiсу жүргізілiп жатқан адамда заңнамалық кесiмдерде көзделген оның Қазақстан Республикасынан шығу құқығын уақытша шектеу үшiн негiздеме анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және ішкі iстер органдары тiркеушi органға шектеу үшiн негiздемені, шектеу мерзiмін, шектеу туралы шешімнiң күнiн және тiркеу нөмiрiн көрсетiп, жазбаша хабарлама жiбередi. Бұл жағдайда теңізші паспортын ресiмдеуге арналған сауалнама-өтініш тiркеушi органға қайтарылмайды. 25. Келiсуге жіберілетін сауалнама-өтiніштердi тiркеу осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңізші паспорттарын берудi келiсулердi есепке алу журналында жүргiзiледi. Осы журналға келiсу нәтижелерi жазылады.
4. Теңізші паспортына паспорт иесiнiң кемедегі қызмет жағдайы туралы жазба енгізу және кеме ролiн ресiмдеу тәртібі
26. Теңiзшi паспортының иесiне, ол кеме роліне енгiзiлген кемемен Қазақстан Республикасынан шығуға және Қазақстан Республикасына кiруге, сондай-ақ шетелде орналасқан кемеге бару кезiнде Қазақстан Республикасынан шығуға және осындай кемеден жеке тәртiппен немесе топ құрамында көлiктiң кез келген түрiмен тиiстi үлгiде ресiмделген кеме ролi (кеме ролiнен үзiндi көшiрмелер) болған кезде Қазақстан Республикасына кiруге рұқсат етіледi. 27. Шетелге жүзетін кемедегi теңізші паспорты иесінің қызметтiк жағдайы туралы теңiзшi паспортына жазбаны осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақстандық кеме иелерінiң ұсынуы бойынша тiркеушi орган жүргiзедi. Рейс кезеңінде (кеме теңiзде, шетел портында немесе порт капитаны жоқ портта, порт-пунктте болған кезде) шетелге жүзетiн кемедегi теңізші паспорты иесiнiң қызметтiк жағдай туралы теңізші паспортына жазбаны кеме иесінiң жазбаша өкімі болған кезде кеме капитаны жасайды. Кеме қазақстан портына кiретiн кезде осы жазба порт капитанының қолымен және мөрiмен расталады. 28. Тiркеушi орган шетел туын көтеріп жүзетiн кемелерде жұмыс iстеу үшiн жалданған Қазақстан Республикасы азаматтарының теңiзшi паспорттарына осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша шетелдiк кеме иелерінің ұсыныстары бойынша немесе осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушілердi өз бетінше тапқан азаматтардың жазбаша өтiніштерi бойынша, олар шетелдiк кеме иелерiмен еңбек шарттарын (келісім-шарттарды) ұсынған кезде жазба жүргiзедi. 29. Кеме ролін (кеме ролінен үзiндi көшiрменi) мыналар куәландырады: қазақстандық кеме шетелдiк рейске шыққан кезде - осы кеме иелігіне жататын қазақстандық кеме иесi немесе кеме шығатын порттың порт капитаны; кеме роліне енгiзiлген шетелде орналасқан кемеге бару үшiн теңiзшілердiң Қазақстан Республикасынан жеке тәртiппен немесе топ құрамында шығуы үшiн - тiркеушi орган; теңiзшілердiң Қазақстан Республикасына кiруi үшiн - олар экипаж мүшелерi болған кеме капитаны. 30. Қазақстан Республикасының азаматын шетел туын көтеріп жүзетiн кемеде жұмыс iстеу үшiн iссапарға жiберушi қазақстандық кеме иесi осы адамның кемедегi қызметтiк жағдайы туралы жазбаны теңiзшi паспортына енгізу және кеме ролінен көшiрменi ресiмдеу үшiн тiркеуші органға оны iссапарға жiберу туралы бұйрықтың көшiрмесiн ұсынады. 31. Қазақстан Республикасынан тысқары жерде орналасқан кемеге бара жатқан адамның теңiзшi паспортында ол бара жатқан кемедегi қызметтік жағдайы туралы жазба жасалады. Бұдан басқа, баратын мемлекет талаптарына байланысты теңiзшi паспортына шығу визасы қойылады немесе осы паспорт иесiнiң қолында шет мемлекеттің аумағына келу мақсатын растайтын басқа да құжаттар болуы тиiс. 32. Қазақстан Республикасының азаматы экипаж мүшесi болып табылатын шетел туын көтеріп жүзетiн кемемен Қазақстан Республикасынан шығуы үшiн теңiзшi паспортында тiркеушi органда расталған осы кемедегі қызметтік жағдайы туралы жазба жасалады және кеме капитаны қол қойған кеме ролiне енгiзіледi. 33. Теңiзшi паспорты бар адамдар келе жатқан көлiк түрiне қарамастан, Қазақстан Республикасының шекарасын кесiп өткен кезде шекаралық бақылау органдары теңiзшi паспорттарына шекараны кесiп өткен күнi және жерi туралы белгi жасайды. 34. Теңiзшi паспортының иесiне теңiзшi паспорты бойынша паспорттың қолданылу мерзiмi шегiнде, сондай-ақ теңiзшi паспортының қолданылу мерзiмi аяқталған сәттен бастап Қазақстан Республикасына кiргенге дейiнгi кезеңде оның кеме бортында болғанын растайтын кеме ролiнен үзiндi көшiрме болған кезде, оның қолданылу мерзiмi аяқталғаннан кейiн бір жыл iшiнде Қазақстан Республикасына кiруге рұқсат етіледi. Кеме ролінен мұндай үзіндi көшiрме болмаған кезде қолданылу мерзiмi өткен теңiзшi паспорты бар адам Қазақстан Республикасына кiрген кезде Қазақстан Республикасынан тысқары жерде Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ немесе мерзiмi өткен құжаттармен Қазақстан Республикасының азаматтары үшiн белгiленген жалпыға бірдей негіздерде шекаралық бақылаудан өтедi.
5. Теңiзші паспортын сақтауға тапсыру. Сақтауға тапсырылған паспортты алу. Теңізші паспортын алып қою
35. Теңiзшi паспорты шетелге жүзетiн қазақстандық кемелерде немесе шетел туын көтеріп жүзетiн кемелерде бүкiл жұмыс кезеңi iшінде оның иесiнде болады және мұндай жағдайларда бір ай мерзiмде осы паспортты берген тiркеушi органға сақтауға тапсыруға жатады: паспорт иесi осы Ереженiң 2-тармағында көзделген алу үшiн негiздемелердi жоғалтқан; теңізші паспортының қолданылу мерзiмi өткеннен кейiн; теңізші қайтыс болғанда. 36. Шетелге жүзетiн қазақстандық кемеде қызметтiк тапсырманы орындау үшін iссапарға жіберілетін Қазақстан Республикасының азаматына берiлген теңізші паспорты iссапардан оралғаннан кейiн осы паспортты берген тiркеуші органға тапсырылады және iссапарға екiншi рет шыққан кезде беріледi. 37. Теңiзшi паспортын сақтауға қабылдаған кезде оның иесiне осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама беріледi. Теңiзшi паспортын сақтау оның қолданылу мерзiмi өткенге дейiн, бірақ кемiнде екi жылда жүзеге асырылады. 38. Теңiзшi паспортының иесi объективтiк себептермен паспортты оны берген тiркеушi органға тапсыру мүмкiндігі болмаған жекелеген жағдайларда теңiзшi паспорты басқа жақын жердегi тiркеушi органға тапсырылуы мүмкiн, бұл туралы соңғысы бір аптадан аспайтын мерзiмде осы паспортты берген тiркеушi органға хабарлайды. 39. Теңiзшi паспортын берген тiркеушi орган паспорт иесi оны алу үшін негiздемелердi жоғалтқан жағдайда, жоғарыда көрсетілген негiздемелердi жоғалтқан күннен бастап бір ай өткеннен кейiн, егер ол сақтауға тапсырылмаса және паспорт иесiнiң қазақстандық немесе шетелдiк кеме иесiнің кемесiнде жұмыс iстегенi туралы құжаттамалық растауы болмаса, теңiзшi паспортын алып қояды немесе бұқаралық ақпарат құралдарында оны жарамсыз деп жариялайды. 40. Паспортты алу үшiн негiздемелердi жоғалтуына байланысты оны сақтауға тапсырған теңiзшi паспортының иесi оны алу үшiн негiздемелер жаңадан пайда болған кезде өз паспортын алады. 41. Сақтаудағы теңiзшi паспортын алу үшiн оның иесi осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш бередi. 42. Әскери қызметке шақырылуына байланысты паспортын сақтауға тапсырған адамға теңiзшi паспортын беру Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк және iшкi iстер органдарымен теңiзшi паспортын берудi қосымша келiскеннен кейiн жүргiзіледi. 43. Теңiзшi паспортын алып қойған тiркеушi орган осы Ережеге 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша анықтама бередi. Алып қойылған теңiзшi паспорты оны берген тiркеушi органға сақтауға жiберiледi және оның қолданылу мерзiмi өткенге дейiн сақталады.
6. Теңiзші паспортын жоғалтқан жағдайдағы iс-әрекет
44. Теңiзшi паспортын Қазақстан Республикасынан тысқары жерде жоғалтқан жағдайда оның иесi жеке өзi немесе кеме роліне енгiзiлген кеме капитаны арқылы жоғалу туралы кеме иесiне хабарлайды және Қазақстан Республикасының жақын жердегi шет елдегi мекемесiне паспортты жоғалтқан адамға Қазақстан Республикасына қайтуға куәлiк беру туралы өтiнiш жасайды. 45. Теңiзші паспортын Қазақстан Республикасында жоғалтқан жағдайда, паспортты жоғалтқан адам паспортты жоғалту мән-жайлары көрсетiлген жазбаша өтiнiшпен тiркеушi органға өтiнiш жасайды. 46. Әрбір жоғалған теңiзшi паспорты туралы қазақстандық немесе шетелдiк кеме иесi телеграфтық немесе факсимильдiк байланыс құралдарын пайдалана отырып, паспорт иесінің тегiн, атын, әкесiнің атын, теңiзшi паспортының сериясы мен нөмiрін, оның қолданылу мерзiмiн және жоғалтқан жерiн көрсетiп, теңiзшi паспортын берген тiркеушi органға, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне, порттың шекаралық бақылау органына хабарлайды, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында жоғалған паспортты жарамсыз деп тану туралы хабарлама орналастырады. 47. Паспорт иесi теңiзшi паспортын қазақстандық кеме иесiмен еңбек қатынастарында болмаған немесе шетелдiк кеме иесiмен еңбек шартын (келісім-шартты) өз бетінше жасасқан кезеңде жоғалтқан жағдайда жоғалған теңiзшi паспортын жарамсыз деп жариялау жөніндегі iс-әрекеттi осы теңiзшi паспортын берген тiркеушi орган жүзеге асырады.
7. Теңiзші паспорттарын есепке алу және сақтау
48. Теңiзшi паспорттары және олардың бланкiлерi, олардың негiзiнде теңiзшi паспорттары берiлген және олардың қолданылу мерзiмi ұзартылған құжаттар, сондай-ақ теңiзшi паспорттары бланкілерiнің қозғалысын бейнелейтiн құжаттар қатаң есептік құжаттары ретiнде есепке алуға және сақтауға жатады. 49. Тiркеушi орган мыналарды есепке алуды жүзеге асырады: осы Ережеге 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша теңiзшi паспорттарының таза бланкілерiнің кiрiсi мен шығысын; осы Ережеге 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресiмделген және берiлген теңiзшi паспорттарын; осы Ережеге 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоғалған теңiзшi паспорттарын; осы Ережеге 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтауға қабылданған теңiзшi паспорттарын. 50. Теңiзшi паспорттары мөрленетiн сейфтерде, басқа құжаттардан бөлек, мынадай тәртіппен сақталады: таза бланкілер - нөмiрлердiң ретi бойынша; сақтауға тапсырылған теңiзшi паспорттары иелерінің тегi бойынша әліпбилiк тәртiппен; жоюға жататындар - жоюға келiп түсу тәртібімен. 51. Теңiзшi паспорттары мен оларды беру туралы құжаттары бар сейфтер орналасқан үй-жай басқа үй-жайлардан оқшауландырылады, сенiмдi түрде жабылады және жұмыс күнi аяқталған соң күзетуге тапсырылады. Сейфтер мен үй-жайлардың кiлттерi жұмыс күнi аяқталған соң сақтауға тапсырылады. 52. Қолданылу мерзiмi өткен теңiзшi паспорттарын, олардың иелерi жою үшін тапсырған паспорттарды, сондай-ақ бүлiнген паспорттарды жоюды тiркеушi органның басшысы құрған комиссия жүзеге асырады. 53. Теңiзшi паспорттарын жою туралы акт осы Ережеге 14-қосымшаға сәйкес жасалады, онда жойылған паспорттардың сериялары мен нөмiрлерi және осы паспорттарды берген тiркеушi органның атауы көрсетiледi. Актіге комиссия мүшелерi қол қояды және теңізшi паспорттарын жоятын тiркеушi органның басшысы бекiтеді. Теңiзшi паспорттарының жойылуы туралы теңiзшi паспорттарын беру немесе теңiзші паспорттары бланктерiнің кiрiсi мен шығысын есепке алу журналына белгi жасалады. Басқа тiркеушi органдар берген теңiзшi паспорттары жойылғаннан кейiн осы тiркеушi органдарға паспорттарды жою актiсiнен үзiндi көшiрмелер жiберiледi.
Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесіне 1-қосымша
(Сауалнама-өтініштi келiсуге жiберетiн ұйымның атауы мен мекен-жайы)
| Суретке | | арналған орын | | (сурет мөрмен | |куәландырылады)| |_______________| №_____ ______
ТЕҢIЗШІ ПАСПОРТЫН РЕСIМДЕУГЕ АРНАЛҒАН САУАЛНАМА-ӨТІНІШ
1. Тегi, аты, әкесiнің аты ________________________________________ ___________________________________________________________________ (егер тегі, аты, әкесінің аты өзгертiлген болса, оларды, қашан және қайда өзгергендiгін көрсетіңiз) 2. Туған күнi, айы, жылы __________________ 3. Жынысы _____________ 4. Туған жерi _____________________________________________________ (республика, облыс, аудан, елдi мекен) 5. Тұрғылықты тiркелген жерi ______________________________________ (республика, облыс, аудан, көше, үй, пәтер, телефон) ___________________________________________________________________ 6. Азаматтығы _____________________________________________________ 7. Ұлты ___________________________________________________________ 8. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын негiзгi құжат (паспорт): сериясы ___________ нөмiрi ____________ _____жылғы»___"___________ _____________________________________________________________ бердi (кiм берген) 9. Паспортты алу - алғаш рет, пайдаланғанның, бүлiнгеннiң, жоғалғанның орнына (қажеттiсiнің астын сызу керек). 10. Теңізші паспортының қолданылу мерзiмiн ұзарту сериясы ___________ нөмiрi ____________ _____жылғы»___"___________ ___________________________________________________________ берген. (теңiзшi паспортын берген органды көрсету керек) ___________________________________________________ сақтауда жатыр. (теңiзші паспорты сақталатын жердi көрсету керек) 11. Жұмыс iстеген (оқыған, қызмет) кезеңде Сізде мемлекеттік құпияларға рұқсатыңыз болды ма? ___________________________________________________________________ (егер бар болса, онда қай ұйымда, қай жылы, қандай рұқсат нысаны бойынша) ___________________________________________________________________ Сізде шетелге шығуға кедергi келтiретiн шарттық, келісім-шарттық мiндеттемелеріңiз бар ма? ___________________________________________________________________ (егер, бap болса, онда қандай ұйыммен және қай жылы ресiмделдi, қандай мерзiмге) 12. Сіз әскери қызметке шақырылмайсыз ба? ___________________________________________________________________ (18-ден 27 жасқа дейiнгi еркектер үшін) 13. Сіз қылмыс жасағаныңыз үшiн сотталған не айыпкер ретiнде тартылған жоқсыз ба? ___________________________________________________________________ 14. Сіз сот салған мiндеттемелердi орындаудан жалтарған жоқсыз ба? ___________________________________________________________________ 15. Еңбек қызметi туралы еңбек кiтапшасынан үзiндi көшiрме (оқу орындарындағы оқуды және әскери қызметтi қоса алғанда)
Сауалнама-өтініште көрсетілген мәлiметтер Қазақстан Республикасының аумағындағы қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын негізгі құжатпен, әскери билетiмен және еңбек кітапшасымен салыстырылып тексерілдi. ____ ж.»___"_________ __________________________________ (ұйым немесе кадр аппараты басшысының қолы, тегі, телефоны) 16. Қазақстан Республикасының паспорты бар, сериясы _______________ нөмiрi __________ _____ ж.»___"_________ ____________________берді. (кiм берген) Маған сауалнама-өтiніште жалған мәлiметтердi хабарлау немесе жасанды құжаттарды ұсыну Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершілiкке әкелетiндiгі туралы ескертiлдi. ________ ж.»___"____________ ________________________ (өтiніш иесiнiң қолы) Құжаттар қабылданған күн: ____ ж.»____"____________ тiркеу нөмiрi ______________________________________ Сауалнама-өтініштi қабылдаған лауазымды тұлғаның қолы, тегi _____________________________________ Теңізші паспорты ресiмделді, сериясы ______ нөмiрi ____ ресiмделген күнi ____________ ж.»____"________________
Қазақстан Республикасы теңiзшiсiнiң паспортын ресiмдеу, беру, оның мерзiмiн ұзарту, сондай-ақ алып қою ережесіне 2-қосымша
Кеме иесінің теңізші паспортын беруге арналған № ҰСЫНЫСЫ
___________________________________________________________________ (теңiзші паспортын беруге құқығы бар органның басшысына) ___________________________________________________________________ ___________________________________________________________________ (кеменiң атауы, кеме иесi) ___________________________________________ қызметiне тағайындалған ___________________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |