Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
ҚР Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 829 Жарлығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 8) тармақшасына сәйкес қаулы етемiн: 1. Қоса берілiп отырған Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған бағдарламасы (бұдан әрi - Бағдарлама) бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Yкіметі бір ай мерзiмде Бағдарламаны iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн және бекiтсiн. 3. Орталық және жергілiктi атқарушы орындар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн мемлекеттік органдар Бағдарламаны iске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі жылына екi рет, 25 маусымнан және 25 желтоқсаннан кешiктiрмей, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшiлiгiне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат ұсынсын. 5. "Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы № 3308 Жарлығының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 53, 508-бет). 6. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкiмшілiгіне жүктелсін. 7. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзіледi.
Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаев
Астана, Ақорда, 2005 жылғы қарашаның 21-і. № 1673
Президентінің 2005 жылғы 21 қарашадағы № 1673 Жарлығымен бекітілген
Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|