|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 Қаулысымен күші жойылды
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 250-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесін және оны қалыптастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 269 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қосылған құн салығы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген тәртіппен есепке алу әдісімен төленетін импортталатын тауарлардың тізбесінде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 25-3, 25-4, 137-1, 139-2, 139-3-жолдармен толықтырылсын: «25-3 Қуаты 10 000 кВт-тан астам гидравликалық 8410 13 000 0 турбиналар мен су доңғалақтары 25-4 Реттеушілерді қоса алғанда, бөліктер 8410 90»; «137-1 Қуаты 650 кВА-дан аспайтын сұйық диэлектригі бар трансформаторлар 8504 21 000 0»; «139-2 Кернеуді өлшеуге арналған өзге трансформаторлар 8504 31 310 0 139-3 Өзге де трансформаторлар 8504 31 900 9»; реттік нөмірі 138-жол мынадай редакцияда жазылсын: «138 Қуаты 650 кВА-дан астам, бірақ 1600 8504 22 100 0»; кВА-дан аспайтын сұйық диэлектригі бар трансформаторлар реттік нөмірі 159-жолдың 3-бағанындағы»(8535 29 000 0-ден басқа)»деген сөздер алынып тасталсын. 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |