|
|
|
Автожол саласындағы сапаны арттырудың кейбір мәселелері туралы (2014.19.09. берілген өзгерістермен)
Жол-құрылыс жұмыстарының сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің мемлекеттік мекемелері (бұдан әрі - мекемелер) құрылсын. 2. Автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезіндегі жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жүргізу мекемелер қызметінің негізгі мәні болып белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі белгіленген тәртіппен: 1) мекемелердің жарғыларын бекітсін және әділет органдарында олардың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін; 2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: ҚР Үкіметінің 2007.06.12. № 1193 Қаулысымен 1) тармақша өзгертілді (қол қойылған күнінен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 1) ҚР Үкіметінің 2014.19.09. № 995 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара) 2) ҚР Үкіметінің 2008 ж. 15 сәуірдегі № 339 қаулысымен алып тасталды (бұр. ред. қара) 5. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 29 желтоқсандағы № 1305 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік инфрақұрылымын дамыту комитеті мемлекеттік мекемелерінің тізбесі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |