|
|
|
«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың (2006.22.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылға 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 175, 176, 177, 177-1, 178, 179, 181, 182, 183, 184, 185, 186, 187, 188, 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 175-қосымша
217 - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Мемлекеттік бюджеттің атқарылуын және оның атқарылуына бақылауды қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Құны: 25999350 мың теңге (жиырма бес миллиард тоғыз жүз тоқсан тоғыз миллион үш жүз елу мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 12 маусымдағы Кодексінің (Салық кодексі) 21, 373, 368, 397, 531-баптары; "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы Заңының 13-бабы; "Этил спирті және алкоголь өнімін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы № 1457 Жарлығы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; "Қазынашылықты жаңарту жобасын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы № 1059 қаулысы; "Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдарының нысанды киімі мен айырым белгілерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 тамыздағы № 1247 қаулысы; "Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль тасымалдарына бірыңғай мемлекеттік бақылау жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 қыркүйектегі № 1358 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кеден комитетінің "Кинологиялық орталығы" мемлекеттік мекемесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 15 ақпандағы № 230 қаулысы; "Халықаралық іскерлік операцияларда трансферттік бағалар қолдану кезінде мемлекеттік бақылауға жататын тауарлардың жекелеген түрлеріне рыноктағы бағалары бойынша ресми ақпарат көздерінің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 9 маусымдағы № 788 қаулысы; "Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу үшін алым ставкаларын, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 желтоқсандағы № 1586 қаулысы; "Республикалық мониторингке жататын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 тамыздағы № 850 қаулысы; "Қазақстан Республикасының кеден қызметін дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 3 қазандағы № 1019 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1127 қаулысы; Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1129 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1133 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің мемлекеттік мекемелерін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 желтоқсандағы № 1470 қаулысы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: мемлекеттік бюджетті атқару, кедендік бақылау, бюджетке салықтарды түсіруді және басқа да міндетті түсімдерді түсіруді қамтамасыз ету саласындағы бақылау-қадағалау және фискалды функциялар, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығы және уақтылығы, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және іске асыруды қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кедендік, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, мемлекеттік меншікті басқару, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит саласында салааралық үйлестіру және әдістемелік басқару. Республикалық бюджеттің тиімді атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді қамтамасыз ету, республикалық бюджет түсімдері мен қаржыландыруының жиынтық жоспарын қалыптастыру, республикалық бюджетті атқару барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды жүргізу, бюджетті атқару жөніндегі есептілікті жасау, сондай-ақ мемлекеттік қаржы және меншік жөніндегі статистикалық есептілікті жасау, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыруды және пайдалануды қамтамасыз ету, бюджеттік есепті жүргізуді қамтамасыз ету, бюджеттік және бухгалтерлік есепке алу мен бюджеттік жүйедегі есептілікті дамыту мен жетілдіру. Мемлекеттік сатып алу процесін үйлестіру және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуге бақылауды қамтамасыз ету, салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің және бюджетке түсетін түсімдердің толық түсуін, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарды аударудың толықтығын және уақтылылығын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін аудару, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі бұйымдарының, мұнай өнімдерінің жекелеген турлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, салық төлеушінің салық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылау, республикалық және жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі атқару, есепке алуды және есептілікті жүргізу, олардың атқарылуын бағалау, гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатудан түскен ақшаны пайдалану бөлігінде мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері қызметінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келетіндігіне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында кеден ісін басқаруды жүзеге асыру, банкроттық рәсімдерді (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімін, сондай-ақ дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдерін өткізуге мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік меншікті және жекешелендіруді басқару жүйесін ұйымдастыру. Мемлекеттік бюджетті атқару, бюджеттік есепке алу, кедендік, салықтық бақылау, ішкі қаржылық бақылау мен мемлекеттік сатып алу, темекі бұйымдарын, этил спирті мен алкоголь өнімдерін, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және айналымын мемлекеттік реттеу, банкроттық (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), борышкерді таратудың соттан тыс рәсімі, дәрменсіз борышкерлерге қатысты оңалту рәсімдері, мемлекеттік меншікті басқару, бухгалтерлік есепке алу, қаржылық есептілік және аудит саласында нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін, министрлік ведомстволары корпоративтік телекоммуникациялық желілерінің жедел байланыс арналары арқылы деректерді қауіпсіз және сенімді жіберуді қамтамасыз ету және оларға министрліктің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволарын қосу. ҚР Үкіметінің 2006.22.11. № 470р қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |