Қаржылық есептілік нысандарын бекіту туралы
ҚР Қаржы министрірінің 2007 жылғы 23 мамырдағы № 184 бұйрығымен күші жойылды
«Кейбір акционерлік қоғамдар мен республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін тиімді басқару мен бақылауды ұйымдастыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 28 ақпандағы қаулысына (бұдан әрі - қаулы) сәйкес бұйырамын: 1. Қаулының 1-қосымшада көрсетілген ұйымдар үшін қоса беріліп отырған жылдық (тоқсандық) қаржылық есептілік нысандары бұқаралық ақпарат құралдарында жариялану үшін бекітілсін. 2. «Қаржылық есептілік нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 241 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелімі тізілімінде № 2396 тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 3. Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (М.Т. Мамашев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|