|
|
|
«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың (2006.18.09. берілген өзгерістерімен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етедi: 1. Мыналардың: 5, 6, 6-1-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасының Парламенті Шаруашылық басқармасының; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 5-қосымша
102 - Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған "Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 4636578 мың теңге (төрт миллиард алты жүз отыз алты миллион бес жүз жетпіс сегіз мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы; "Мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметші емес қызметкерлеріне және қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қаңтардағы № 41 қаулысы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1428 қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасының 2000 жылғы 29 қарашадағы № ІБ 01/42 бұйрығымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы туралы" Ережесі. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Жүктелген функцияларды тиімді орындауға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін қамтамасыз ету. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Парламент депутаттарының жұмысы мен тұруы үшін жағдайлар жасау; басқа елдер Парламенттерімен және халықаралық ұйымдармен халықаралық байланысты қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігін арттыру; өзінің лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіби шеберлігін жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімді, шеберлік пен дағдыны жаңарту. ҚР Үкіметінің 2006.18.09. № 877 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: Қазақстан Республикасы Парламентінің тиімді қызметін қамтамасыз ету. 180 адамның кәсіптік деңгейін арттыру. 110 адамды мемлекеттік тілде оқыту. 200 адамды шетел тіліне оқыту. Мыналар: 50 бірлік отырыс үстелінің креслолары, 60 бірлік кеңселік шкафтар, 40 бірлік келушілерге арналған 2 орындық диван; 18 бірлік жұмсақ демалыс жиһазы, 2 бірлік басшыға арналған жұмсақ демалыс жиһазы, 108 бірлік әртүрлі сейф, 14 бірлік өндірістік шаңсорғыш, 14 бірлік кілем жуғыш машиналар; 1 бірлік бу тазартқыш; 10 бірлік көшіру аппараттары, 60 бірлік орташа тоңазытқыштар және 40 бірлік шағын тоңазытқыштар; 5 бірлік Сенат үшін металл детекторлары; 1 бірлік жиһаз қоймасы модулі, 150 бірлік теледидар үшін тумбалар сатып алынды. Мыналар: 2 бірлік Мерседес-Бенц; 15 бірлік жеңіл автомашина; 2 бірлік шағын автобус және 1 бірлік автобус сатып алынды; ВОSCH INTEGRUS жабдықтарына толығымен сәйкес келетін конгресс жүйелерінің жұмыс істеуі үшін жабдықтардың резервтік қорын құру мыналар сатылып алынды: аударма арналар қайта қосатын "Соnсеntus" делегат пульті - 30 бірлік, делегат пульті + есептеуші Микропроцессор карточкасы + LCD + арналардың селекторлары - 100 бірлік; алынатын ұзартылған микрофон "Соcentus" - 140 бірлік; ұзындығы 1.2 м және 3.5 мм кабелімен "иектегі" құлақтауыштар jack ажыратушыларымен - 200 бірлік; 8-арналы сандық инфрақызыл қабылдағыш - 100 бірлік; орташа қуатты сандық инфрақызыл сәулелі шығарғыш, 260 IRED, 9W/sr, 90-260VАС - 6 бірлік; ұзарту кабелі DCN, 100м, ажыратқыш - 5 бірлік; аудармашының пульті LCD экранымен және жарық шығарушы экранымен - 3 бірлік; DCN кеңейтілген орталық блогі - 3 бірлік; кеңейтілген DCN блогы - 3 бірлік; аналогтық жабдығын қосу блогі - 3 бірлік; DCN-ге қосу модулі - 3 бірлік; 8 арналы инфрақызыл сандық таратқыш - 3 бірлік. ВOSCH INTEGRUS жабдықтарына толығымен сәйкес келетін стенограмма жүргізу мен ілеспе аударма арналған мынадай жабдықтар сатылып алынды: LCD экранымен және жарық шығарушы экранымен аудармашыға арналған пульті - 14 бірлік; аудармашы құлақтауыштары - 28 бірлік; орталықтандырылған кеңейтілген DCN блогы - 7 бірлік; аналогты блогын қосу жабдығы - 7 бірлік; DCN-ге қосу модулі - 7 бірлік; инфрақызыл 4 арналы сандық инфрақызыл таратушысы - 7 бірлік; орташа қуатты инфрақызыл сандық сәуле шығарғышы, 260 IRED, 9W/sr, 90-260VАС - 7 бірлік; ИК радиаторы үшін монтаждық кронштейн - 7 бірлік; 4 арналы инфрақызыл сандық қабылдағышы - 210 бірлік; ИК қабылдағышы үшін аккумуляторлар жиынтығы - 210 бірлік; 56 инфрақызыл қабылдағыштары үшін зарядтау кейстері - 7 бірлік; ұзындығы 1.2 м және 3.5 мм кабелдерімен jack ажыратушыларымен "иектегі" стерео құлақтауыш - 315 бірлік; Plena микширлік дауыс күшейтушісі 180/120W - 7 бірлік; LINE ARRAY Дауыс бағанасы, 45/30W (60Х8СМ) - 14 бірлік; FlexiDone І түрлі-түсті 1/4 "ТВ камера декоративтік корпусімен, 330 ТВЛ, РАL, 4,5 lx, объектив 6 мм, DSP, 12VDC-28VАС - 7 бірлік; 14" түрлі-түсті кәсіби монитор, 400 ТВЛ, РАL, ашық 2 видео және 1 аудио кіру/шығу регенерациясымен, 230VАС, 50НZ - 14 бірлік; тұратын қол радиомикрофоны - 7 бірлік; 100М дауыс күшейткіш үшін 2х0,75 кабелі, 100м екі қабатты оқшаулатқыш - 14 бірлік; транктік желі таратушы - 7 бірлік; ұзартушы DCN кабелі 100м, таратушысыз - 7 бірлік; кабельды коннекторлар үшін (25 жұп) жинағымен - 7 бірлік; коаксиальный RG59 75 Оm кабелі, 100 м, ВNС коннекторы 4 дана - 14 бірлік; мамандандырылған плата жинағы - 4 бірлік. Мыналар: технологиялық компьютерлерді жаңартуға арналған 26 бірлік компьютерлік техника; 5 бірлік жабдықталған сервер; қолданылатын жұмыс станциялары 123 бірлік; жеке компьютерлер 163 бірлік; 23 бірлік түрлі-түсті принтер; арнайы мақсаттағы принтерлер 1 бірлік; 14 бірлік желілік принтер; 14 бірлік сканер; плазмалық панельдер 5 бірлік сатып алынды. Түпкі нәтижелер: Депутаттардың жұмыс істеуі мен тұруы үшін жағдай жасау. Парламент Палаталары мен Парламент Шаруашылық басқармасы аппараттарының 41,1% қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға, Парламент Палаталары аппараттарының 19,8% қызметкерлерін мемлекеттік тілді оқытуға, Парламенттің депутаттық корпусының 37,4%-ының ағылшын тілін оқуға қажеттілігін қамтамасыз ету. Парламент Палаталарының жоспарына сәйкес жоспарлы 20 (жиырма) чартерлік рейс жасалды. Парламенттің жаңадан салынған ғимараттары жиһазбен, тұрмыстық техникамен және басқа да мүліктермен 100% жабдықталды. 20 автомашина сатып алу қажеттілігі 100% жүзеге асырылды. Парламент қызметкерлерінің 100%-ы, соның ішінде депутаттар корпусы желіде жұмыс істейді, Интернет пен электронды почта жәшіктеріне қосылған; Парламентте қолданыстағы типтік және мамандандырылған ақпараттық жүйелермен және міндеттермен 100% қамтамасыз етілген. Депутаттардың жедел жұмыс істеуі және өздерінің функцияларын тиімді іске асыруы үшін ақпараттық-есептеу желісі мен бағдарламалық-техникалық кешендер арқылы Парламенттің заң шығарушылық және ұйымдастырушылық қызметін 100% қолдау және жәрдем көрсету. Республиканың заңнамалық базасы қамтамасыз етілетін сапалы заңдармен қамтамасыз ету. Орнына заң шығарушының еркін дұрыс көрсетілетін немесе мүлдем алмастыратын заңға тәуелді сансыз актілер қабылданып жатқан тікелей қолданылатын заңдардың жетіспеуіне байланысты проблемаларды шешу. 2006 жылы Қазақстан Республикасының Парламентіне 72 заң жобасы келіп түсті (59-ына Үкімет, 13-іне депутаттар бастамашы болды). Бұдан басқа, Палатаның заң шығару портфелінде Палатаның қарауына Мәжілістің үшінші шақырылымының 7-сессиясынан ауысқан 126 заң жобасы болды (58-іне Үкімет, 68-іне депутаттар бастамашы болған). Сегіз ай жұмыс ішінде Мәжіліс 80-ге жуық заң жобасын қарап, мақұлдап, Парламент Сенатына жіберді. Сенат қабылдағаннан және ел Президенті қол қойғаннан кейін 40 заң жобасы заң күшіне еніп, Қазақстан Республикасының құқықтық базасын толықтырды. Президент қол қойған жалпы заңдардың 12-сі негізгі, жаңадан қабылданған, 31-і негізгі заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң жобалары, 17-сі Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған, бекітілген халықаралық конвенциялар, хаттамалар, келісімдер мен шарттар. Қаржы-экономикалық нәтижесі: Бір депутаттың қызметін ұстауға жұмсалатын орташа шығыс 33 690,8 мың теңгені құрайды. Бір нормативтік құқықтық актіні халықаралық нормаларға сәйкес келтіруге арналған шығындар көлемі, бір келісімге қол қою. Бір қызметкердің біліктілігін арттырудың орташа құны 5505 теңге, бір қызметкерді мемлекеттік тілді оқытудың орташа құны 27 200 теңге, бір қызметкерді ағылшын тіліне оқытудың орташа құны 15000 теңге. Бір адамға арналған техникалық қолдаудың орташа құны 10,500 мың теңгені құрайды, Парламентте қолданыстағы типтік және мамандандырылған ақпараттық жүйелер мен міндеттерді сүйемелдеудің және пайдаланудың, есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсетудің және есептеу жүйелеріне жүйелік қызмет көрсетудің нақты уақыт режиміндегі бір адамға арналған орташа құны 1,107 мың теңгені құрайды. Уақтылығы: Парламент Палаталарының кезекті сессияға арналған негізгі іс-шараларының бекітілген жоспарларындағы мерзімдерге сәйкес заң жобаларын шығару және бұл үшін жасалған шарттарында белгіленген мерзімдерге сәйкес жыл бойы іс-шараларды орындау. Автокөліктік қызмет көрсету, Парламенттің заң шығару қызметін техникалық қолдау, Парламентте қолданыстағы типтік және мамандандырылған ақпараттық жүйелер мен міндеттерді сүйемелдеу және пайдалану, есептеу техникасы құралдарына техникалық қызмет көрсету және есептеу жүйелеріне жүйелік қызмет көрсету жөніндегі шарттық міндеттемелерді толық әрі уақтылы орындау және орындалған іс-шаралар бойынша жазбаша сыни ескертпелердің болмауы. Сапасы: Қабылданатын заңдардың сапасын арттыру, заңнаманың тұрақтылығы, басқаша айтқанда, қабылданатын заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізудің болмауы сонда ғана қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 6-қосымша
102 - Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған "Заң жобалары мониторингінің автоматтандырылған жүйесін құру" деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 60000 мың теңге (алпыс миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Жоқ. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару жөніндегі ақпаратқа уақтылы әрі сенімді қол жеткізу және заң жобаларын қабылдау әрі қолданыстағы заңдардың тиімділігі жөніндегі мәселелерді бұқаралық сипатта әрі қызу талқылау мүмкіндігі. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: Парламент жұмысының ашықтығын және жұртшылықпен кері байланыстың болуын қамтамасыз ету; Өңірлердегі жұмысы кезінде депутаттық корпус үшін ақпаратпен жұмыс істеудің бірыңғай кеңістігін құру; Ақпаратты жинау әрі алмасу үшін қызметкерлердің топтық жұмысын ұйымдастыра отырып, ақпаратты өңдеудің бірыңғай технологиясын құру, Мүдделі шаруашылық жүргізуші субъектілерге, қоғамдық ұйымдарға, мемлекеттік басқару органдары мен азаматтарға оларға берілген қол жеткізуді құқықтарын сәйкес барлық қол жеткізу көздердің ақпаратына электронды сәйкестендірілген құжатта негізделген әмбебап қол жетімдікті қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижелер: Әзірленген және енгізілген кіші жүйелер: - "Заң жобасы". Кіші жүйенің негізгі мақсаты: қаралатын заң жобаларын қадағалау және бақылау, Парламенттің, Сенат пен Мәжілістің Регламенттеріне сәйкес заң шығару рәсімінің барлық операцияларын қолдау, мұрағат жүргізу және деректерді жергілікті Интранет желісі мен жаһандық Интернет желісінде көрсету; - "Парламенттің ақпараттық қоры". Кіші жүйенің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Парламентінің ағымдағы жұмысы туралы және заң шығару қызметінің жұмыс кезеңдері туралы ақпаратпен қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты мен Мәжілісі Палаталарының, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелерінің заң шығару жұмысына байланысты ақпараттың барлық түріне жедел әрі сенімді қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады; - "Электоратпен байланыс". Кіші жүйенің негізгі мақсаты жаһандық Интернет желісінде сайлаушылармен диалогты қамтамасыз ету, интерактивті сұраусалулар мен форумдар өткізу, бекітілген тақырып бойынша аудио-, видеоконференциялар мен брифингтер өткізу болып табылады; - "Депутат сайты" Кіші жүйенің негізгі мақсаты жаһандық Интернет желісі мен Парламенттің ішкі Интранет желісін пайдаланушыларға әрбір депутат жөнінде ауқымды ақпарат беру және электоратпен кері байланыс жасау; - "Деректер қоймасы". Бұл кіші жүйенің мақсаты - материалдарды сақтау, сұралатын ақпаратты енгізуді, іздеу мен шығаруды автоматтандыру; - "Парламент кітапханасы". Кіші жүйенің негізгі мақсаты Парламенттің кітапхана қорын есепке алудың, іздеудің, тіркеудің, сондай-ақ электронды түрдегі кітаптар мен мерзімді басылымдарға қол жеткізудің технологиялық процесін автоматтандыру болып табылады. - "Отырыс". Кіші жүйенің мақсаты - бюро, жалпы және бірлескен отырыстар өткізген кезде сүйемелдеуші ақпараттың бәрін электронды түрде ұсыну. Түпкі нәтижелер: Заң шығару қызметі үшін қажетті барлық ақпарат түріне қол жеткізудің бірыңғай нүктесі есебінен депутаттар корпусының және Сенат, Мәжіліс аппаратының жұмыс істеуінің ыңғайлы әрі қолайлы болуын арттыру; Парламенттің заң шығару қызметі жөніндегі материалдарды: іс-шаралар жоспарын, бір жылдағы заң шығару жұмыстарының жоспарын, бір жылдағы жұмыс қорытындысын, жалпы отырыстар мен бюролардың күн тәртібін, қаралатын заң жобаларының ілеспе құжаттары бар мәтіндерін Сенат, Мәжіліс бюроларының қаулыларын, комитеттер мен заңнама бөлімінің қорытындыларын, талдамалық жазбаларды, салыстырма кестелерді, стенографиялық есептерді, келісу комиссияларының қаулыларын, заң жобаларының түпкі нұсқаларының мәтіндерін, заң жобаларының өтуі туралы мәліметтерді және аудио-, фото-, видеоматериалдарды деректер қоймасына 100% беру және пайдаланушыларға берілген құқықтарға сәйкес олардың сұраулары бойынша қол жетімділікті ұйымдастыру; Жалпы және бірлескен отырыстар өткізген кезеңде сүйемелдеуші барлық ілеспе ақпаратты 100% электронды түрде беру; Интернет желісі арқылы депутаттар корпусына тұңғыш рет заң жобаларын, қолданыстағы заңдарды, сондай-ақ күшіне еніп, қолданыла бастағаннан кейін жаңадан қабылданған заңдарды қарау жөнінде шаруашылық жүргізуші мүдделі субъектілермен, қоғамдық ұйымдармен және жекелеген азаматтармен талқылау, сұрау сауалды жүргізу мүмкіндігі жасалды; Интернетке қол жетімділік болған жағдайда өңірлерде және басқа жерлерде жүрген кезде депутаттар корпусына 100% ақпарат беру; Интернет желісінде депутаттар корпусы туралы ақпаратты: өмірбаянын, өңір ақпаратын, округтегі жұмысын, Парламенттегі жұмысын, жарияланымдарын, фотоальбомдарды, депутаттарға хаттарды 100% беру. Қаржы-экономикалық нәтижесі: Жобаны іске асырудың экономикалық тиімділігі заң жобаларын қарау циклын қысқарту, яғни қаралатын заң күшіне енген заң жобаларын ұлғайту есебінен заң жобаларының қарауға жұмсалатын шығыстарды қысқартудан түсетін кірістердің өсуінен көрсетілген. Заң жобаларын қарауға жұмсалатын шығыстарды шамамен 22%-ға қысқарту. Уақытылығы: Мемлекеттік сатып алу туралы жасалатын шарттарда белгіленген мерзімдерге сәйкес. Сапасы: Қазақстан Республикасы Парламентінің заң шығару қызметі туралы уақтылы және сенімді ақпарат алу.
Yкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 6-1-қосымша
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 6-1-қосымшамен толықтырылды
102 - Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған «Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы объектілерін салу және қайта жаңарту» деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
1. Құны: 400000 мың теңге (төрт жүз миллион теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік-құқықтық негізі: «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджет қаражаты. 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы объектілерінің тиімді жұмыс істеуі. 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ғимараты құрылысын бітіруді қамтамасыз ету. 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |