|
|
|
«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың (2006.06.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Мыналардың: 326, 327, 328, 329, 330, 331, 332, 333 (құпия), 334, 335, 336, 337, 338, 338-1, 339, 339-1, 340, 341, 342, 343, 344, 345, 346, 347, 349-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің; 2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2005 жылғы 12 желтоқсандағы № 1235 қаулысына 326-қосымша
233 - Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі
2006 жылға арналған "Индустрия және сауда саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету" деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.28.06. № 470а (бұр. ред. қара); 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара) қаулыларымен 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Құны: 2390215 мың теңге (екі миллиард үш жүз тоқсан миллион екі жүз он бес мың теңге). 2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізі: "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңының 12-14-баптары; "Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 18 маусымдағы Заңының 5-1, 5-2-баптары; "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 19 маусымдағы Заңы; "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңы; "Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы Заңының 18, 23, 28-баптары; "Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 19 қаңтардағы Заңы; "Инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы Заңы; "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 24, 25-баптары; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысы; "Қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндірісімен байланысты шикізаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 30 қаңтардағы № 120 қаулысы; "Қару-жарақ, әскери техника, сондай-ақ олардың өндірісімен байланысты шикізаттар, материалдар, жабдықтар, технологиялар және қызметтерге экспорттық бақылау жасаудың автоматтандырылған жүйесін енгізу жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 19 тамыздағы № 1025 қаулысы; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Әкелінетін тауарларға кеден бажының ставкалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 қарашадағы № 1389 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы тауарларды (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы № 1037 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қазандағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында көлік қызметін көрсету үшін қызметтік жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Өлшем құралдарын тексеру, шығару және жөндеу жөніндегі қызметті лицензиялау кезіндегі біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 маусымдағы № 867 қаулысы; "Қарудың жекелеген түрлерінің айналымын мемлекеттік бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 тамыздағы № 1176 қаулысы; "Қазақстан Республикасындағы экспорттық бақылауға жататын өнімдер тізімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 18 тамыздағы № 1282 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Мемлекеттік қызметшілерді оқыту тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 13 қарашадағы № 1706 қаулысы; "Қазақстан Республикасы өнімінің сәйкестігін бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 қарашадағы № 1787 қаулысы; "Сапа саласындағы конкурстар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 26 наурыздағы № 384 қаулысы; "Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы сауда өкілдігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысы; "Мемлекеттік органдардың шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне тексерулер жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 маусымдағы № 572 қаулысы; "Саудадағы техникалық кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығын құру және оның жұмыс істеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 11 шілдедегі № 718 қаулысы; "Автокөлік және арнайы техника үшін жанар-жағармайдың және пайдалану материалдарының шығыстарын нормалау жөніндегі ережені бекіту туралы" Көлік және коммуникация министрлігінің 2001 жылғы 20 шілдедегі № 226-1 және Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің 2001 жылғы 16 шілдедегі № 176 бірлескен бұйрығы. 3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздері: республикалық бюджеттің қаражаты. ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: индустрияны, сауданы және кәсіпкерлікті дамыту, сондай-ақ елдің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы саласындағы мемлекеттік саясатын қалыптастыру. Қазақстан рыногын отандық тауар өндірушілердің жоғары сапалы және бәсекеге қабілетті өнімімен молықтыру. Қазақстандық тауарлардың экспортын сыртқы нарықтарға жылжытуды қамтамасыз ету. Стандарттау, сертификаттау және, өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесу. Өнімді тұтынушылардың құқықтарын қорғау. Жер қойнауын пайдаланушылардың қазақстандық қатысу бөлігіндегі келісім-шарттық міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі өсіру және шағын кәсіпкерліктің ЖІӨ құрылымындағы үлесін ұлғайту үшін жағдайлар жасау. Өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындау және кәсіптік шеберлікті жетілдіру үшін қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес кәсіптік қызмет саласындағы білім беру бағдарламалары бойынша теориялық және практикалық білімдерді, білік пен дағдыны жаңарту. ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттері: мына: индустриялық даму, елдің ғылыми-техникалық және инновациялық дамуы, техникалық реттеу мен өлшем бірліктерін дамыту, сауда қызметін дамыту, Қазақстанның сыртқы сауда-экономикалық қатынастарын дамыту, кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мен бәсекелестікті қорғау салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру; экспортты жылжыту мәселелері бойынша шекара маңындағы және өнеркәсіптік дамыған өңірлердің отандық тауар өндірушілерінің, оның ішінде халықаралық тәжірибені ескере отырып, ақпарттандырылуын қамтамасыз ету; Қазақстандық тауарлардың экспортын, сыртқы нарықтарға жылжытуға жәрдемдесу бағдарламасын әзірлеу оның негізгі міндеті қазақстандық экспорттаушылардың шетелдік нарықтарға қол жетімділігі үшін оңтайлы жағдай жасау болып табылады; инвестицияларды экономиканың шикізаттық емес секторына тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау; ұлттық инновациялық жүйені қалыптастыру; тауар рыноктарының шоғырлану деңгейін, 25 тауар көріністері бойынша тауарлар рыногы құрылымының көрсеткіштерін айқындау, ұсынымдар мен ден қоюдың тиісті шараларын пысықтау; жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мен мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға конкурстарға қатысуға отандық тауар өндірушілерді тарту: - жер қойнауын пайдалану жобаларында тауарларда, жұмыстарда және қызметтерде қазақстандық қатысуды арттыру, - "Отандық өндірушілер мен шетел инвесторларының бірыңғай тізілімі" ақпараттық жүйесін құру және тұрақты жүргізу, - мердігерлердің қазақстандық тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуға мердігерлермен жасалатын шарттардың, жыл сайынғы жұмыс бағдарламаларының және сатып алынатын тауарлар, жұмыстар мен қызметтердің көлемі бойынша мердігерлер бюджеттерінің жобаларына бағалық сараптама жүргізу, - жер қойнауын пайдалану жөніндегі операциялар мен мұнай операцияларын жүргізу кезінде тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алу процесіне мониторинг және жер қойнауын пайдалану жобаларында қазақстандық қатысы бар тауарларға, жұмыстар мен қызметтерге мониторинг жүргізу; кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыру үшін оның экономикалық және әлеуметтік проблемаларын талдау; Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік саласына қатысты қолданыстағы салық заңнамасын талдау және жүйелеу; өңірлерде семинарлар, конференциялар өткізу, әдістемелік құралдар және журнал шығару жолымен шағын кәсіпкерлікті дамытуды насихаттау; отандық өндірушілер қызметін бәсекеге қабілетті өнімді тұрақты шығаруға ынталандыру; тәуелсіздік пен құзыреттілікті бағалау үшін сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын аккредиттеу аттестаттарын бере отырып, аттестациялық зерттеулер жүргізу. Отандық және импортталатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын, ауруларды диагностикалау және емдеу кезінде өлшем нәтижелерінің сенімділігін, адамдардың еңбек және тұрмыс жағдайлары қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бақылауды қамтамасыз ету, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау. Мемлекет мүдделерін және тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғауды қамтамасыз ету. Техникалық реттеу және стандарттар саласындағы нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік қоры ақпараттық жүйелерінің қалыпты жұмыс істеуі. Қазақстан Республикасының ДСҰ-ға кіруі жөніндегі процесін қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметшілердің кәсіптік біліктілігін арттыру. ҚР Үкіметінің 2006.28.06. № 470а (бұр. ред. қара); 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.06.11. № 470е (бұр. ред. қара) қаулыларымен 6-тармақ өзгертілді 6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б (бұр. ред. қара); 2006.06.11. № 470е (бұр. ред. қара) қаулыларымен 7-тармақ өзгертілді 7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер: Тікелей нәтижесі: индустриялық-инновациялық даму мәселелері жөнінде 20 семинар мен тренингтер жүргізу; Мына 2 конкурс-көрмені: «Қазақстан Республикасы Президентінің «Сапа саласындағы жетістіктері үшін» сыйлығын алуға және «Алтын Сапа» республикалық көрме-конкурсын; азаматтық және қызметтік қарудың және оның патрондарының кемінде 35 дана санында 1 мемлекеттік кадастрын басып шығару; кемінде 45 ұйымды аккредиттеу. Комитетте сапа менеджментінің жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификаттау; кемінде 2500 дана лицензия бланкілерін дайындау; кемінде 5040 бірлік тауар үлгілерін сатып алу және оларды сынау; Комитеттің 16 аумақтық бөлімшелерінде сапа менеджменті жүйесін әзірлеу, енгізу және сертификаттау; инвестицияларды мемлекеттік қолдау жөніндегі шараларды жетілдіру, оның ішінде 25 семинар, конференция, бизнес-форум, самит (21-і ел ішінде, 4-уі шетелде) өткізу, ИИС-тің 2 мәжілісін өткізу, 6000 дана жарнамалық-ақпараттық өнім шығару; кәсіпкерлік саладағы зерттеулер жүргізу туралы есептер - 1 есеп; шағын кәсіпкерлік саласындағы Қазақстан Республикасының қолданыстағы салық заңнамасына жүргізілген талдау және жүйелеу бойынша есеп - 2 есеп; шағын бизнес саласындағы проблемаларды өңірлерде талқылау бойынша кемінде 10 семинар өткізу және оларды жою жөніндегі шаралар әзірлеу; әрқайсысы 1000 дана санда 6 әдістемелік құрал шығару және әрқайсысының 3000 дана таралымы бар журналдың 4 нөмірін шығару;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |