|
|
|
Ветеринария туралы Осы редакция 2006 ж. 10 қаңтардағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1-3 баптар) 2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу (4-13 баптар) 3-тарау. Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау (14-24 баптар) 4-тарау. Жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға (25-32 баптар) ортақ аурулардың алдын алу және оларды жою 5-тарау. Ветеринария саласындағы ғылыми зерттеулер және ветеринария (33-34 баптар) мамандарын даярлау мен олардың біліктілігін арттыру 6-тарау. Ветеринарияны қаржыландыру және ветеринария туралы заңдарды (35-37 баптар) Осы Заң ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн айқындайды, ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың, ветеринариялық препараттардың, жемшөп пен жемшөптiк қоспалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады: 1) сараптама актісі - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерi диагностикасының немесе ветеринариялық-санитариялық сараптамасының нәтижелерi бойынша ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгілеген тәртiппен ветеринариялық зертханалар беретiн, олардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн куәландыратын, сондай-ақ оларды пайдалануға ұсынатын құжат; 2) ветеринариялық препаратты байқаудан өткізу - ветеринариялық препаратты ветеринария практикасында пайдалану мүмкiндiгiн анықтау үшiн, оның иммундық-биологиялық қасиеттерi мен эпизоотологиялық тиiмдiлiгiн, препарат әсерiнiң зардаптары жоқтығын, сондай-ақ экологиялық қауiпсiздiгiн айқындау мақсатында, шектеулi зертханалық немесе өндiрiстiк жағдайларда ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен сынақтан өткізу; 3) ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкес келуiн қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы; 4) ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiк мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiнiң олар пайдаланылатын дағдылы (белгiленген) жағдайларда жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiрмейтiн күйi; 5) ветеринариялық-санитариялық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеруi; 6) ветеринариялық құжаттар - мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен вeтеринариялық инспекторлар беретiн ветеринариялық-санитариялық қорытынды, ветеринариялық куәлiк, ветеринариялық сертификат, ветеринариялық анықтама; 7) ветеринариялық iс-шаралар - жануарлар ауруларының профилактикасын, емделуiн немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздандыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығын жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, бiрдейлендiру рәсiмiн қоса, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iндетке қарсы, ветеринариялық-санитариялық рәсiмдер кешенi; 8)ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган бекiтетiн, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтер негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртібін айқындайтын нормативтiк құқықтық акт; 9) ветеринариялық препараттар - жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, олардың өнiмдiлiгiн арттыру, дезинфекция, дезинсекция және дератизация жасау үшiн жануарлардан, өсiмдiктерден алынатын немесе синтетикалық заттар, сондай-ақ жануарларға арналған парфюмерия немесе косметика құралдары ретiнде пайдаланылатын заттар; 10) ветеринариялық паспорт - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануардың иесi, түрi, жынысы, түci, жасы, жануарлар ауруларының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргiзiлген ветеринариялық дауалаудың мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi; 11) жануарлар ауруларын қоздырушылар - вирустар, бактериялар, риккетсиялар, хламидиялар, микоплазмалар, приондар, қарапайым жәндiктер, саңырауқұлақтар, гельминттер, кенелер, жәндiктер; 12) ветеринариялық препараттарды мемлекеттік тiркеу - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ветеринариялық препараттарды сараптамадан, байқаудан өткізу және тiркеу сынақтарының нәтижелерi бойынша оларды заңдарда белгiленген тәртiппен Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмiне енгізуi және оларға белгiленген нысандағы тiркеу куәлiктерiн беруi; 13) Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмi ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган шығаратын, мемлекеттік тiркеуден өткен және Қазақстан Республикасында өндiруге, импорттауға және қолдануға рұқсат етiлген ветеринариялық препараттар туралы мәлiметтерi бар тiзбе; 14) карантин - iндет ошағын жою және аурудың таралуына жол бермеу мақсатында iндет ошағы, қолайсыз пункт пен ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қолайлы аумақ арасындағы шаруашылық байланыстарды шектеудi немесе тыюды және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыруды тоқтата тұруды қамтамасыз етуге бағытталған ветеринариялық және әкімшілік-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим; 15) ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасы базарларда және (немесе) басқа орындарда өткiзiлетiн жануарлардан алынатын өнiмдерге ветеринариялық-санитариялық сараптаманы жүзеге асыратын заңды тұлға немесе заңды тұлғаның мамандандырылған бөлiмшесi; 16) ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - iндет ошағы белгiленген аумақ; 17) ветеринариялық препараттар айналысы - ветеринариялық препараттарды өндiру, сақтау, тасымалдау, байқаудан өткізу, тiркеу сынағынан өткізу, стандарттау, сертификаттау, сапасын бақылау, жарнамалау, сату немесе қолдану; 18) шектеу iс-шаралары - жануарлар ауруының таралуына жол бермеу және iндет ошағы мен қолайсыз пунктте ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайға қол жеткізу мақсатында шаруашылық байланыстарды iшiнара шектеуге және мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң орнын ауыстыруды тоқтата тұруға бағытталған ветеринариялық, әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шаралар жүйесiн көздейтiн құқықтық режим; 19) жануарлардың аса қауiптi аурулары - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган анықтайтын, жануарлар мен адамға ортақ ауруларды қоса алғанда, тез немесе кең таралатын, жануарлардың ауруға шалдыққыштығына немесе өлуiне, үлкен әлеуметтiк-экономикалық залалға әкеп соғатын жануарлар аурулары; 20) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктер жануарлар, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзат, ветеринариялық препараттар, жемшөп және жемшөптiк қоспалар; 21) жануарлардан алынатын өнiмдер - тиiсiнше өңделмей тамаққа пайдаланылмайтын ет және ет өнiмдерi, сүт және сүт өнiмдерi, балық және балық өнiмдерi, жұмыртқа және жұмыртқа өнiмдерi, сондай-ақ бал ара шаруашылығының өнiмдерi; 22) ветеринариялық препараттарды тiркеу сынағынан өткізу ветеринариялық препараттардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарының талаптарына сәйкестiгiн анықтау үшiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен қолданылатын әдiстер, әдiстемелер кешенi; 23) жануарлар ауруларының диагностикасы жөніндегі референттiк және әдiстемелiк қызмет - жануарлардың аса қауiптi, баяу және экзотикалық ауруларының қоздырушыларын типтендiрудi (белгiлi бiр түр iшіндегі типтiк айырмашылықтарды анықтауды),олардың профилактикасы мен диагностикасы шараларын әзiрлеудi қоса жүзеге асыру, сондай-ақ күмәндi немесе даулы жағдайларда түпкiлiктi диагноз қою; 24) базар - жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты, ветеринариялық препараттарды, жемшөптi және жемшөптiк қоспаларды сату орнын қоса алғанда, арнайы жабдықталған сауда орны; 25) жануарлардан алынатын шикiзат - жануарлардан алынатын, жануарларды азықтандыруға арналған және (немесе) өнеркәсiпте пайдаланылатын терi, жүн, түк, қыл, бағалы аң терiсi, мамық, қауырсын, эндокриндiк бездер, iшек-қарын, қан, сүйек, мүйiз, тұяқ және басқа да өнiмдер; 26) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн, өз өкiлеттiгi шегiнде ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік орган; 27) індет мониторингi - эпизоотологиялық зерттеудi және жануарлардың нақты ауруларының өршу заңдылықтары, олар мекендеген (ұсталған, өсiрiлген) аумақтардың табиғи-географиялық және экономикалық (шаруашылық) жағдайлары жүргiзiлетiн ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар туралы ақпаратты қоса алғанда, жануарлар ауруларының таралуы туралы сандық деректердi жинау жүйесi және оларды кейiннен ветеринариялық-санитариялық iс-шаралар тиiмділігiн талдау және iндеттердiң немесе панзоотиялардың пайда болуын, өршуiн және жойылуын болжау үшiн статистикалық өңдеу; 28) iндет ошағы - жұқпалы ауруды қоздырушы көздер, тарататын факторлар және ауруға бейiм жануарлар тұрған шектеулi аумақ немесе қора-жай; 29) iндет - белгiлi бiр әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс аумағында жануарлардың аса қауiптi және басқа да жұқпалы ауруларының жаппай таралуы. 2-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары 1. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады. 3-бап. Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер Ветеринария саласындағы негiзгi мiндеттер мыналар: 1) жануарларды аурулардан қорғау және емдеу; 2) халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау; 3) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердiң ветеринариялық-санитариялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету; 4) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғау; 5) ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау; 6) жануарлар ауруларына қарсы күрес құралдары мен әдiстерiн әзiрлеу және пайдалану, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың сапасына ветеринариялық-санитариялық бақылауды қамтамасыз ету; 7) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою; 8) ветеринария ғылымын дамыту, ветеринария мамандарын даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру. 2-тарау. Ветеринария саласындағы мемлекеттік реттеу 4-бап. Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат Ветеринария саласындағы мемлекеттік саясат: 1) мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өндiру, сақтау және өткізу кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруға; 2) осы Заңның 11-бабында белгіленген ветеринариялық қызметтiң жекелеген түрлерiн жүргiзуге мемлекеттік монополияны сақтауға; 3) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауға; 4) мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың тәуелсiздiгiн қамтамасыз етуге; 5) iндет жағдайын объективтi түрде бағалауды және ветеринария саласындағы халықаралық нормаларды ескере отырып, ветеринариялық ережелер мен нормативтердi ғылыми негiзде әзiрлеуге; 6) ғылыми негiздемесi болған жағдайда, ветеринариялық iс-шаралар өткізудiң халықаралық ұсыныстарда көзделгеннен анағұрлым жоғары деңгейiне жетуге; 7) ветеринариялық-санитариялық қолайлы жағдайды қамтамасыз ету мақсатында ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттік ветеринариялық қадағалау бақылайтын жүктердi өткізуде негiзсiз шектеулерге жол бермеуге; 8) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібін белгiлеуге бағытталған. 5-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ветеринария саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасы Үкіметінiң ветеринария саласындағы құзыретiне: 1) ветеринария саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі бағдарламаларды бекіту; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) ветеринария саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау немесе бекіту; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 4) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынуы бойынша, профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың аса қауiптi ауруларының тiзбесiн қабылдау немесе бекіту; 5) жануарлардың және адамның денсаулығына қауiп төндiретiн, алып қойылатын және жойылатын жануарлардың құнын өтеу тәртібі мен шарттарын белгiлеу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6) шет мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен ветеринария саласындағы ынтымақтастық кіредi. 7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап. Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесi Қазақстан Республикасының ветеринария жүйесiне: 1) ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары; 2) мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi; 3) мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар; 4) ветеринария саласында кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке және заңды тұлғалар кiредi. 7-бап. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдары 1. Ветеринарияны мемлекеттік басқару органдарына: 1) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган; 2) ветеринариялық бақылау постылары бар шекарадағы және көлiктегi мемлекеттік ветеринариялық қадағалаудың аймақтық бөлiмшелерi; 3) ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның облыстық (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) аумақтық бөлiмшелерi; 4) селолық округтердiң, базарлардағы, мемлекеттік ветеринариялық қадағалау орындары бақылайтын жүктердi өндiру, дайындау (сою), сақтау, өңдеу және өткізу жөніндегі ұйымдардағы ветеринариялық инспекторлары бар ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның аудандық (қалалық) аумақтық бөлiмшелерi жатады. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 2. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң басшылары - Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторлары, ал олардың орынбасарлары Қазақстан Республикасы мен тиiстi аумақтардың бас мемлекеттік ветеринариялық инспекторларының орынбасарлары болып табылады. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік органның басшысы әкiмшiлiк мемлекеттік қызметшiлердiң тиiстi лауазымдарына қоса "бас мемлекеттік ветеринариялық инспектор", "бас мемлекеттік ветеринариялық инспектордың орынбасары" деген арнаулы атаулар бepyгe құқылы. 8-бап. Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретi Ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттік орган мен оның аумақтық бөлiмшелерiнiң құзыретiне: 1) ветеринария саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзу; 2) жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 3) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 3) жануарлардың аса қауiптi ауруларының профилактикасы, диагностикасы және жойылуы бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын тiзбесiн әзiрлеу; 4) аса қауiптi аурулармен ауыратын жануарлар ауруының профилактикасы, диагностикасы және оларды емдеу жөніндегі iс-шараларды ұйымдастыру мен қамтамасыз ету; 5) денсаулық сақтау органдарымен бiрлесе отырып, халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру; 6) Қазақстан Республикасының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелiнуi мен таралуынан қорғауды ұйымдастыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 7) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық препараттарды мемлекеттік сатып алуды, сақтауды, тасымалдауды (жеткізудi) және пайдалануды жүзеге асыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 8) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринариялық iс-шараларды, ветеринариялық ережелер мен нормативтердi, ветеринариялық есеп пен есептiлiк нысандарын, ветеринария саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен бекіту; 9) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ветеринариялық қызметтi лицензиялау; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 10) ветеринариялық ғылыми зерттеулер мен ветеринария саласындағы мамандарды қайта даярлауды ұйымдастыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 11) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 11) жануарлар аурулары бойынша iндет мониторингiн жүргiзу және iндет жағдайын зерделеу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 12) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 12) жүргiзiлiп жатқан ветеринариялық iс-шаралар, белгiленген ветеринариялық ережелер мен нормативтер, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы басқа да нормативтiк құқықтық актілері туралы мүдделi тұлғаларға ақпарат берудi қамтамасыз ету; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 13) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 13) ветеринариялық препараттарды, аспаптарды, құрал-саймандарды, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларды байқаудан өткізудi, бақылауды, оларды тiркеу сынағынан өткізудi жүзеге асыру, сондай-ақ Ветеринариялық препараттардың мемлекеттік тiзiлiмiн жүргiзу; 14) жаңа ветеринариялық препараттарға, аспаптарға, құрал-саймандарға, жемшөп пен жемшөптiк қоспаларға қорытындылар беру; 15) халық арасында ветеринариялық ағартушылық жұмысты ұйымдастыру және жүргiзу; 16) мал шаруашылығы объектiлерiн және жануарларды өндiру, дайындау (сою), жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты өңдеу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу; 17) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілдік ету, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастыру; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 18) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 18) басқа елдердiң ветеринариялық-санитарлық шараларының, егер ол шаралар ел аумағындағы салауаттылық деңгейiн қамтамасыз ететiн болса, баламалылығын тану; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 19) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 19) экспорттаушы елдiң ғылыми негiздемесi жеткiлiксiз болып табылған жағдайда, халықаралық ұйымнан алынған ақпаратты қоса отырып, қолда бар тиiстi ақпараттың негiзiнде уақытша ветеринариялық шараларды енгізу; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 20) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 20) ауру таралмаған немесе ауру аз таралған аумақтарды немесе олардың бөлiктерiн анықтау, осы аумақтардан экспортталатын жүктерге бақылауды жүзеге асыру, импортталатын елге растауды беру, оның өкiлдерiнiң осы аумақтарда инспекция жүргiзуге қол жеткізуiн қамтамасыз ету; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 21) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 21) жеткiлiктi ғылыми негiздемеге негiзделген және адамдар мен жануарлардың өмiрi мен денсаулығына тигiзетiн салдарлары ескерiлген, сондай-ақ халықаралық талаптарға сай келетiн ветеринариялық нормативтердi әзiрлеу мен бекіту кiредi. 9-бап. Мемлекеттік органдардың ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын бөлiмшелерi 1. Жануарларды ұстайтын және пайдаланатын мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ветеринария саласындағы мынадай қызметтердi: 1) тиiстi мемлекеттік органдарға тиесiлi жануарлар ауруларына профилактика және диагностика жасау, оларды емдеу; 2) тиiстi мемлекеттік органдарға тиесiлi мемлекеттік ветеринариялық қадағалау объектiлерiне мемлекеттік ветеринариялық қадағалау қызметiн жүзеге асыратын бөлiмшелер құра алады. 2. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлiмшелерi мемлекеттік ветеринариялық қадағалауды жүзеге асыруды қоса алғанда, ветеринариялық iс-шараларды ұйымдастыру мен орындауға қатысты бөлiгiнде Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарын басшылыққа алады. 3. Мемлекеттік органдардың осы баптың 1-тармағында аталған бөлiмшелерi ветеринариялық есеп пен есептiлiк жүргiзедi және оларды Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңдарында белгiленген тәртiппен табыс етедi. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 10-бап. Аудандардың (қаланың) өкiлдi және атқарушы органдарының ветеринария саласындағы құзыретi 1. Ауданның (қаланың) өкiлдi органының құзыретiне: 1) елдi мекендерде жануарларды күтiп ұстау ережелерiн бекіту; 2) елдi мекендерде иттер мен мысықтарды серуендетудiң ережелерiн бекіту; 3) жануарларды күтiп ұстаудың санитарлық аймақтары шекараларын белгiлеу кiредi. 2. Ауданның (қаланың) атқарушы органының құзыретiне: 1) ауданның (қаланың) жергiлiктi өкiлдi органына елдi мекендерде жануарлар ұстау, иттер мен мысықтарды серуендету ережелерiн, жануарлар ұстаудың санитарлық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөніндегі ұсыныстарды бекітуге енгізу; 2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру; 3) ауру жануарларды санитарлық союды, мал көмiндiлерiн (биотермиялық шұңқырлар) салуды ұйымдастыру және ветеринариялық нормативтерге сәйкес оларды күтiп ұстауды қамтамасыз ету кiредi. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 10-1-баппен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 10-1-бап. Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң құзыретi Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкімінiң құзыретiне: 1) елдi мекен жерлерiнде мал жаятын орындарды айқындау; 2) елдi мекен аумақтарын санитарлық тазалауды ұйымдастыру кiреді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |