«2006 жылға арналған республикалық бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын
бекіту туралы (Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі)»
(ҚР Үкіметінің 2005.12.12. № 1235 Қаулысына 350-358-қосымшалар)
(үзінді)
(2006.31.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 24 сәуірдегі Бюджет кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Мыналардың:
350, 351, 352, 353, 354, 355, 356, 357, 358-қосымшаларға сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің;
2. Осы қаулы 2006 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі | Д. Ахметов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
350-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның
қызметін қамтамасыз ету»
деген 001 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 1739543 мың теңге (бір миллиард жеті жүз отыз тоғыз миллион бес жүз қырық үш мың теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 554-бабы; "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заңы; "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 27 қаңтардағы Заңының 47, 48, 49, 50, 51 және 52-баптары; "Экологиялық сараптама туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы Заңының 47, 48, 49, 50, 51 және 52-баптары; "Қоршаған ортаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі Заңы; "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңы; "Қазақстан Республикасының Шекаралық мәтінде қоршаған ортада жасалатын ықпалды бағалау туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 21 қазандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының Ауаның алыс қашықтыққа трансшекаралық ластану туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіптік авариялардың трансшекаралық әсер етуі туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 23 қазандағы Заңы; "Қазақстан Республикасының Озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасына қосылуы туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы Заңы; "Атмосфералық ауаны қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы Заңының 9, 14, 15, 16, 17 және 22-баптары; "Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы Заңының 25, 35 және 36-баптары; "Қызмет телефондары мен мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыруға арналған алаң нормалары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 3 қазандағы № 1217 қаулысы; "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118 қаулысы; "Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлік қызметін көрсету үшін жеңіл автомобильдерді пайдалануды ретке келтіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысы; "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлік құралдарын пайдалануды реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы № 288 қаулысы; "Мемлекеттік бюджеттің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысы; "Сандық геоақпараттық жүйелер негізінде Қазақстан Республикасы табиғи объектілерінің бірыңғай мемлекеттік кадастрлар жүйесін құру және жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2000 жылғы 25 қыркүйектегі № 1449 қаулысы; "Қоршаған ортаны ластауға рұқсат беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 қыркүйектегі № 1154 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметтің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1126 қаулысы; "2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау" Бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне жету.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру; қоршаған ортаға шаруашылық және өзге қызметтің әсер етуін төмендету жөніндегі шараларды қабылдау; қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараларды жоспарлау; салалық қорытындыларды жасау; кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейлерін көтеру.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 001 | | Қоршаған ортаны қорғау сала- сындағы уәкілетті органның қызметін қамта- масыз ету | | | |
2 | | 001 | Орталық органның аппараты | Бекітілген штаттық лимитке сәйкес 142 бірлік санындағы Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орталық аппаратының қызметін, оның ішінде Табиғатты қорғауды бақылау комитетінің 31 бірлігін ұстап тұру және қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Әкімшілік ғимаратты ұстап тұру және оған қызмет ету, бекітілген лимитпен 7 бірлік санындағы үймереттер- ді, қызметтік автокөлікті ұстап тұру және жалға алу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, қоршаған ортаны қорғаудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензия- ларды беру және табиғи ресурстарды пайдалану, табиғатты пайдалануға рұқсатты және эколо- гиялық сараптамалардың қорытындыларын беру. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Біліктілік талаптары- на сәйкес (гостлицен- зиялық бақылау) лицензиаттарға тексеріс жүргізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер бөлімінде салық төлеушілер және салық салу объектілерi Тізілімінің жинақты ақпараттық жүйесін енгізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Тексеріс жүргізудің бекітілген жоспарына сәйкес аумақтық басқармаларға және ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорындарға кешенді тексеріс жүргізу. Іске асыру мерзімі - тамыз-қыркүйек. Табиғатты пайдалану объектілеріне жоспардағы және жоспардан тыс тексеріс жүргізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Өлшеуді орындау әдістемелерін және зертханалық-аналитика- лық бақылаудың нормативтік құжаттарын тіркеу және қайта тіркеу. Іске асыру мерзімі - ақпан-желтоқсан. Өңірлерде жергілікті семинарларды жүргізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар, сәуір, тамыз және қараша. Министрліктің көшпелi алқаларын өткізу. Іске асыру мерзімі - екінші, төртінші тоқсан. "Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау" бөлімі бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың Ортамерзімді әлеумет- тік-экономикалық дамуы жобаларына жыл сайын келісім алу. Іске асыру мерзімі - сәуір-қараша. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бағдар- ламаларды және тұжырымдамаларды әзірлеу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Жобалардың салалық қорытындыларын жасау. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық конвенцияларды іске асыру жөніндегі есеп берулерді және баяндамаларды дайындау. Іске асыру мерзімі - ақпан-желтоқсан Үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Қоршаған ортаны қорғау жөнінде мемлекеттік инспекторларды формалық киім-кешекпен қамтамасыз ету (тігу). Іске асыру мерзімі - наурыз-желтоқсан. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
3 | | 002 | Аумақтық орган- дардың аппарат- тары | 827 бірлік санындағы штат санының бекітіл- ген лимитіне сәйкес Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі аумақтық органдарының аппарат- тарын ұстап тұру және қамтамасыз ету. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. 174 бірлік санындағы бекітілген лимиттi ескере отырып, қызметтік үймереттер- ді, тік ұшақтарды, қызметтік және арнайы автокөліктерді, 2 бірлік санындағы су көлігін ұстап тұру және жалға алу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Табиғатты пайдалануға рұқсатты және мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер бөлімінде салық төлеушілердің және салық салу объектілері тізілімі- нің ақпарат жүйесін енгізу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Тексеріс жүргізудің бекітілген жоспарына сәйкес табиғатты пайдаланушыларға тексерістер жүргізу. Іске асыру - қаңтар-желтоқсан. Сертификаттау және Қазақстан Республикасы мемтізілімінде тіркеу, аналитикалық бақылау зертханаларының аспаптарын тексеру. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Аналитикалық бақылау зертханаларын аккредиттеу жөніндегi жұмыстарды жүргізу. Іске асыру мерзімі - ақпан-тамыз. Ғимараттарды және үймереттерді ағымдағы жөндеу. Іске асыру мерзімi - наурыз-желтоқсан. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
4 | | 007 | Мемле- кеттік қызмет- шілердің білік- тілігін арттыру | Төрт тақырып бойынша мемлекеттік қызметші- лердің біліктілігін көтеру бойынша қызмет көрсетулерді сатып алу: қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау. Оқу мерзімі - ақпан-сәуір; аналитикалық бақылау зертханаларының аккредиттеу шеңберінде аспаптармен жұмыс істеуді үйрену. Үйрену мерзімі - ақпан-сәуір; экологиялық сараптама және табиғатты пайдалануды реттеу. Оқу мерзімі - мамыр-тамыз; экологиялық аудит. Оқу мерзімі - қыркүйек-қараша. Мемлекеттік тілді оқыту. Оқу мерзімі: наурыз-мамыр. | ақпан- қараша | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
5 | | 008 | Мемле- кеттік орган- дардың ғимарат- тарын, үй-жай- лары мен құрылыс- тарын күрделi жөндеу | Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасының әкімшіліктік ғимаратына күрделi жөндеу жүргізу. | сәуір- қыркүйек | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
6 | | 009 | Мемле- кеттік орган- дарды матери- алдық- техни- калық жарақ- тандыру | Көшіру, факсимильдi аппараттарды, офистік және зертханалық жиһаздарды, аналитика- лық бақылау зертханасы үшін аспаптарды және жабдықтарды сатып алу. Каспий теңізінің және өзендер бассейнінің ауданында бақылау- инспекциялық қызметті күшейту үшін теңіз кемесін, катерлерді және алыстан ұстайтын радиостанцияларды сатып алу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
7 | | 017 | Ақпа- раттық жүйелер- дің жұмыс істеуін қамтама- сыз ету және мемле- кеттік орган- дарды ақпарат- тық-тех- никалық қамтама- сыз ету | Орталық аппарат және аумақтық басқармалар үшін есептеу техникасын және жабдықтарды сатып алу. Іске асыру мерзімі - ақпан-желтоқсан. Жинақтаушы және қосалқы бөлшектерді, шығын материалдарды сатып алу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Есептеу техникасының және жабдықтардың құралдарына жүйелік-техникалық қызмет көрсету. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Бағдарламалық өнімдерді, ақпараттық жүйелерді және локальдік міндеттердi сүйемелдеу. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. Интернет желісіне және электрондық поштаға кіруге қызмет көрсетулер. Іске асыру мерзімі - қаңтар-желтоқсан. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
8 | | 100 | Сапалық және сандық көрсет- кіштердi (эколо- гиялық норма- тивтер мен та- лаптарды) әзірлеу | Қоршаған ортаның сапасын бақылауды басқару жүйесін оңтайландыру үшін қоршаған ортаны қорғау саласындағы сапалы және сандық көрсеткіш- терді (47 әдістеме үшін экологиялық нормативтерді және талаптарды) әзірлеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу және қоршаған ортаға шаруашылық және өзге қызметтің әсер етуін төмендету жөнінде шараларды қабылдау. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: "Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау" бөлімі бойынша 14 облыстың және республикалық маңызы бар 2 қаланың Ортамерзімді әлеуметтік-экономикалық дамуының келісілген жобалары; Балқаш-Арал бассейнін тұрақты дамытудың бекітілген кешенді бағдарламасы және Қоршаған орта және табиғи ресурстар мониторингінің Бірыңғай мемлекеттік жүйесінің тұжырымдамасы;
1 кодексті, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20 нормативтік қаулысын және Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 10 нормативтік бұйрығын әзірлеу;
халықаралық конвенцияларды іске асыру жөніндегі 4 ұлттық есепті және баяндаманы дайындау;
келіп-түсуіне қарай инвестициялық жобалардың салалық қорытындыларын жасау;
қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы лицензияларды беру;
табиғатты пайдалануға рұқсат беру және табиғатты пайдаланушылардың жүгінулеріне қарай мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындылары;
56 лицензиаттың біліктілік талаптарына сәйкестігі;
Табиғатты пайдаланушылардың жүгінулеріне қарай қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемдер бөлімінде салық төлеушілер және салық салу объектілері Тізілімінің ақпараттық жүйесін енгізу;
өңірлерде 4 жергілікті семинар өткізу;
министрліктің 2 көшпелі алқасын өткізу;
16 аумақтық басқармада және 4 ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорында кешенді тексеріс жүргізу;
6 тақырып бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау;
өлшеулерді орындаудың 100 әдістемесін және зертханалық-аналитикалық бақылаудың нормативтік құжатын тіркеу және қайта тіркеу;
аналитикалық бақылау зертханасының 60 аспабын сертификаттау және тексеру;
2 аналитикалық бақылау зертханасын аккредиттеу;
Табиғатты қорғауды бақылау комитеті қызметкерлерінің 38 табиғатты пайдалану объектісінде және аумақтық басқармалар қызметкерлерінің 11000 табиғатты пайдалану объектісінде тексеріс жүргізуі;
523 мемлекеттік инспекторды формалық киім-кешектің бір жиынтығымен қамтамасыз ету;
екі облыста ғимараттарға және үймереттерге ағымдағы жөндеуді жүргізу;
аумақтық органдар мамандарының - 70 адамның кәсіби деңгейін көтеру;
92 адамға, оның ішінде аумақтық органдардың 80 адамына мемлекеттік тілді үйрету.
Аумақтық басқарманың бір әкімшілік ғимаратына күрделі жөндеу жүргізу.
16 көшіру аппаратын, 16 факсимильді аппаратты, офистік жиһаздың 205 жиынтығын; Каспий теңізінде және Ертіс өзенінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды жүргізу үшін 1 теңіз кемесін және 1 өзен катерін; теңіз кемелері үшін алыстан ұстайтын 2 радиостанцияны; зертханалық жиһаздың 13 жиынтығын; 123 бірліктегі зертханалық жабдықты және аспапты, аспаптарға көмекші аксессуарды, химиялық реактивті (реагентті) және аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармаларының аналитикалық бақылау зертханалары үшін ыдысты сатып алу.
Компьютерлік жабдықтың 80 жиынын, 5 серверді, 21 принтерді, 10 сканерді, үздіксіз қоректену көзін, жиынтық және қосалқы бөлшектерді, шығын материалдарын сатып алу.
"Табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастры" деректерінің базасын қалыптастыру.
47 әдістеме үшін сапалық және сандық көрсеткіштерді (экологиялық нормативтерді және талаптарды) бекіту.
Соңғы нәтиже:
Қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік инспекторларын формалық киім-кешекпен 100% қамтамасыз ету.
Аумақтық басқармаларды 33%-тен 43%-ке дейін компьютерлермен қамтамасыз ету.
аумақтық басқармаларды 25,4%-тен 27,9%-ке дейін принтерлермен қамтамасыз ету.
21%-тен 45,9%-ке офистік жиһазбен қамтамасыз ету.
Қоршаған ортаны қорғауды реттеу процесін күшейту, оны тұрақтандыру жөніндегі шаралардың кешенін әзірлеу;
мемлекеттік қызметшілердің 7% кәсіби деңгейін көтеру, мемлекеттік қызметшілердің 9% мемлекеттік тілді үйрету.
Қаржылай-экономикалық нәтижесі:
қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттік инспекторының формалық киім-кешегінің бір жиынтығын тігуге орта есеппен 57,3 мың теңге жұмсау;
бір ұлттық есепті (баяндаманы) дайындаудың орташа құны 1029 мың теңге;
үкіметтік емес ұйымдар үшін мемлекеттік тапсырыс негізіндегі бір тақырыптың орташа құны 1792 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшінің біліктілігін көтеруге орташа шығын 20,7 мың теңге;
бір мемлекеттік қызметшіге мемлекеттік тілді үйрету орташа шығын 16,6 мың теңге.
Уақыттылық:
қоршаған ортаның ластану деңгейінің төмендеуі;
қазіргі экономикалық шарттарға сәйкес кәсіби мемлекеттік қызметтің талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін көтеру. Мемлекеттік тілді үйренген мамандардың үлесі жұмыс істейтіндердің жалпы санының орталық аппаратта - 8,4%, аумақтық басқармаларда - 9,9%. Кәсіби білімінің деңгейін көтерген мамандардың үлесі аумақтық басқармаларда - 8,5%.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
351-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
"Стратегиялық, трансшекаралық және экологиялық қауіптi
объектілерге мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу"
деген 002 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
ҚР Үкіметінің 2006.31.07. № 470б Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Құны: 8000 мың теңге (сегіз миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 18 наурыздағы «Экологиялық сараптама туралы» Заңының 11, 13 және 14-баптары; «Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 8, 63, 64-баптары; Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 26 маусымдағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңының 21-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» № 1241 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы «2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау» Бағдарламасы туралы» № 1278 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экологиялық талаптарға сәйкес келуді бағалау арқылы қоршаған ортаға жоспарланған басқару, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтерді іске асыру кезіндегі теріс әсер ету салдарларының алдын алу.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қоршаған орта сапасының нормативтеріне және экологиялық талаптарға сәйкестігін уақытында анықтау, қоршаған ортаға сараптама құжаттамасында жоспарланған шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтермен қоршаған ортаға әсер етуді бағалаудың ғылыми негізделген талдауын жүргізу.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 002 | | Страте- гиялық, трансше- каралық және эколо- гиялық қауіпті объек- тілерге мемле- кеттік эколо- гиялық сараптама жүргізу | Мемлекеттік органдар бастамашылығымен жасалатын жобаға мемлекеттік экологиялық сараптаманы жүргізу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |
7. Бюджеттік бағдарламаны орындаудан күтілетін нәтижелер:
Тура нәтиже: мемлекеттік органдар бастамашылығымен жасалған кем дегенде 92 жобаға экологиялық сараптамасының қорытындысын беру.
Соңғы нәтиже: жоспарланған басқару, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметтің қоршаған ортаның жай-күйіне теріс әсер ету салдарларын барынша азайту.
Қаржылай-экономикалық нәтиже: бір жобаның экологиялық сараптамасын жүргізуге шығын орта есеппен 119 мың теңгені құрайды.
Уақыттылық: Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерзімдерге сәйкес бір жылдың ішіндегі жобалардың келіп-түсуіне қарай экологиялық сараптаманы жүзеге асыру.
Сапа: мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алған жобалар экологиялық қауіпсіздік нормаларына және талаптарына сәйкес.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2005 жылғы 12 желтоқсандағы
№ 1235 қаулысына
352-ҚОСЫМША
234 - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігi
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісi
2006 жылға арналған
«Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер»
деген 003 республикалық бюджеттік бағдарламаның
ПАСПОРТЫ
1. Құны: 295000 мың теңге (екі жүз тоқсан бес миллион теңге).
2. Бюджеттік бағдарламаның нормативтік құқықтық негізi: Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 15 шілдедегі «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңының 75-бабы; Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 9 шілдедегі «Ғылым туралы» Заңының 3, 18, 22 және 26-баптары; Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 наурыздағы «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Заңының 7-бабы; Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 3 желтоқсандағы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» № 1241 Жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының қоршаған ортасын қорғау» Бағдарламасы туралы № 1278 қаулысы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 24 қаңтардағы «2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында шөлейттенумен күрес жөніндегі бағдарлама туралы» № 49 қаулысы.
3. Бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру көздерi: республикалық бюджеттің қаражаты.
4. Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: экологиялық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, қоршаған ортаның сапасын тұрақтандырудың теориялық және технологиялық негіздерін қалыптастыру.
5. Бюджеттік бағдарламаның міндеттерi: қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды және инвестициялық жобаларды дайындауға ғылыми негізделген ұсыныстарды және ұсынымдарды әзірлеу; Халықаралық табиғатты қорғау конвенцияларын іске асыруды ғылыми сүйемелдеу; климат өзгеруінің, озон қабатының бұзылуының, шөлейттенудің, Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластануының және тозуының өзекті мәселелері жөніндегі ғылыми зерттеулерді жүргізу; Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық жай-күйін бағалау жөніндегі ғылыми-талдау және картографиялық материалдарды жасау; қоршаған ортаны басқарудың жаңа көзқарастарын және әдістерін әзірлеу; қоршаған ортаны қорғау саласындағы іс-шараларды және инвестициялық жобаларды негіздеу жөніндегі ғылыми зерттеулер; қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми-зерттеу базасын дамыту.
6. Бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары:
№ п/п | Бағ- дар- лама коды | Кіші бағ- дар- лама коды | Кіші бағдар- лама- лардың атауы | Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар | Іске асыру мерзімі | Жауапты орын- даушылар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | 003 | | Қоршаған ортаны қорғау сала- сындағы ғылыми зерт- теулер | Климат өзгеруінің, озон қабатының бұзылуының, шөлейт- тенудің, Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластануының және тозуының өзектi мәселелері жөнінде 20 тақырып бойынша, оның ішінде өтпелi тақырыптар бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу: 1. өңірлік климаттың қазіргі өзгеруін бағалау, сондай-ақ экологиялық жүйе климатының және экономиканың климатқа тәуелді салаларының өзгеруіне осалдығының және бейімделуінің мүмкіндігін бағалау, атмосферадағы көмірқышқыл газы шоғырларының жоғарылауы кезінде өңірлік климаттың өзгеру сценарийлерін әзірлеу; 2. жердің озон қабатына физикалық және химиялық процес- тердің әсер етуін, сондай-ақ озон қабаты жай-күйінің өзгеруін, әсіресе, адам денсау- лығына және басқа тірі организмдерге, климатқа, адам пайда- ланған табиғи және жасанды материалдарға ультракүлгін, күн сәулелерінің өзгеруін бағалау; 3. үлкен қашықтыққа ластағыш заттарды ауысуын және олардың түсуін бағалау бойынша ғылыми зерттеулер; атмосфераны ластану процестерін модельдеудің мүмкін салдарларын айқындау және оның сапасын анықтау; ластанумен күрестің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдарды әзірлеу; 4. Қазақстанда озон бұзғыш заттарды (ОБЗ) тұтынуды бағалауға және болжауға әдістемелік зерттеудi жетілдіру; ОБЗ импортталу және тұтыну мониторингінің жүйесін әзірлеу, сондай-ақ ОБЗ тұтыну процестерінің қысқаруын басқару; ОБЗ тұтынушылықтың өсу себептерін айқындау; Қазақстанда ОБЗ ұлттық кадастрын әзірлеу; 5. Солтүстік Қазақстанның уран өндіретін өңірлерінде экологиялық-радиация- лық жағдайларды зерттеу; 6. халық денсаулығына табиғи радиоактивтік- тің (радонның) кері әсер етуін зерттеу; 7. экологиялық жай-күйлерін анықтау үшін әскери-сынақ полигондарының аумақтарын және оларға жақын өңірлердi (Тайсойған, Ембі) кешенді зерттеу бойынша ғылыми зерттеулер; 8. Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарының аумақтары мен халқының денсаулығын кешендi экологиялық зерттеу; 9. Қазақстанның үстіндегі озон қабаты жай-күйінің динамикасын зерттеудi жүргізу және оған кері әсер ету салдар- ларының алдын алу бойынша шараларды әзірлеу; 10. "2005-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республика- сындағы шөлейттенумен күрес" бағдарламасы шеңберінде 2005-2007 жылдарға арналған ғылыми-зерттеу жұмыстары (Қазақстан аумақтарының шөлейттену процесте- ріне ұшырауын бағалау және 1:1000000 масштабындағы жерлердi шөлейттену және жұтау картасын жасау); 11. Батыс Қазақстан- ның жағалау - су экожүйесінің өзгеруі бойынша ғылыми зерттеулер; 12. Каспий маңының солтүстік-шығыс бөлігінің қазіргі экологиялық жағдайын Каспий теңізi деңгейінің арту салдарларына әсер ететін процестерді, сондай-ақ көмірсутек- ті шикізат кен орнын интенсивтік әзірлеуді есепке ала отырып зерттеу және бағалау; 13. қазіргі экологиялық және саяси жағдайларда Іле-Балқаш өңірінің жер асты суларының ресурстарын пайдалану перспективаларын бағалау; 14. бу газдарының шығарындыларын сандық бағалау, бу газдары эмиссияларының сценарийлерін әзірлеу, бу газдары эмиссияларын төмендету бойынша Қазақстанның ұлттық стратегиясын әзірлеу, бу газдары шығарындыларына арналған квоталарды лицензиялаудың ұлттық жүйесін жасау үшін жағдай жасау, бу газдары эмиссиялары/ ағындысы бойынша мониторинг және есеп жүйесін қалпына келтіру; 15. Ертіс бассейнi және Балқаш көлінің өзен ағысының ресурстарына экологиялық бағалау жүргізу; 16. Қазақстанның шаруашылық игеру аумақтарындағы экологиялық тәуекелдіктерге бағалау жүргізу; 17. экожүйенің негізгi құрауыштарындағы: топырақтағы, өсімдіктердегі, жануарлардағы шоғырланған энергияны анықтау бойынша ғылыми жұмыстар, сондай-ақ түрлi техногендік жүктемелермен және антропогендік сыққыш дәрежесін есепке ала отырып, топырақтың минералдық бөлігінің (Гиббс бойынша энтропия және энергия) термодинамикалық сипаттамасымен топырақтың пайда болу процестеріне энергия шығындаудағы түрлілік: жаңа тақырыптар бойынша; 18. Баянауыл мемлекет- тік ұлттық табиғи паркінің негізгі өртеңдерінің жерлерін- де өсімдіктердің пирогендік ауысуын зерттеу; 19. Баянауыл мемлекет- тік ұлттық табиғи паркінің ландшафтын зерттеу (қазіргі геоэкологиялық жәй-күйді бағалау, тиімді пайдалану және қорғау); 20. Баянауыл мемлекет- тік ұлттық табиғи паркін тұрақты дамытуды қамтамасыз ету бойынша зерттеулер. Іске асыру мерзімі: ақпан-желтоқсан. 2 өтпелі тақырып бойынша Қазақстан Республикасы аумағының экологиялық жай-күйін бағалау жөніндегi ғылыми-талдау және картографиялық материалдар жасау, оның ішінде: 1. Қазақстандағы экологиялық жағдайды бағалау бойынша ғылыми зерттеулер, табиғи ресурстарды пайдалану дәрежесі, шаруашылық қызметтер- дің қоршаған ортаға әсер етуі және оған және басқаға кері әсер етуді төмендету үшін қолданылатын шаралар; 2. физикалық және экономикалық география, геоморфология, гидрология және экология салаларындағы ғылыми зерттеулер негізінде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қоршаған орта, өнеркәсіптік күштерді, республикадағы әлеуметтік- экономикалық және мәдени құрылыстарды даму міндеттерін шешуге негіздеу үшін белгіленген Қазақстанның Кешендi ғылыми ақпараттық экологиялық атласын әзірлеу; 9 өтпелі тақырып бойынша қоршаған ортаны қорғауды басқарудың жаңа көзқарастарын және әдістерін әзірлеу, оның ішінде: 1. Қазақстан Республикасының ауа бассейнінің техноген- дік ластану деңгейін бағалау және оны сауықтыру бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеу; 2. табиғи объектілер- дің экологиялық- экономикалық бағалану және табиғатты қорғау іс-шараларының экономикалық тиімділігінің әдістерін әзірлеу; 3. табиғатты пайдалануға және экологиялық сараптамаға рұқсат беру жүйесін оңтайлан- дырудың жаңа ғылыми негізделген көзқарас- тарын әзірлеу; 4. экологиялық тиімдi және ресурс үнемдегіш технологиялардың, кәсіпорындарды, шикізат түрлерін, материалдарды, өнімдерді, жабдықтарды әзірлеу бойынша зерттеулер; 5. қоршаған орта мониторингi саласындағы ғылыми зерттеулер жүргізудi ұйымдастыру; 6. Бейбіт жер асты ядролық жарылыстарын жүргізу жерлеріне жақын шекаралар мен аумақтарда су мониторингін технологиясын әзірлеу және енгізу; 7. қоршаған ортаны қорғауға мемлекеттік бақылаудың ғылыми-практикалық моделдерін әзірлеу; 8. қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми негізделген индикаторлар мен көрсеткіштерді, сондай-ақ табиғи жүйелердің тұрақтылы- ғының және экологиялық сыйымдылықтарының шектерін айқындаудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу және сынақтан өткізу; 9. экологиялық паспорттарды жасау мақсатында Қазақстан қалаларының экология- лық жай-күйі бойынша ғылыми техникалық негіздеу. 5 өтпелі тақырып бойынша қоршаған ортаны қорғау саласын- дағы іс-шараларды және инвестициялық жобаларды негіздеу бойынша ғылыми зерттеулер, оның ішінде: 1. аумақтың және өнеркәсіптік кәсіпорынның және энергетиканың сынаппен ластану мониторингінің технологиясын әзірлеу және енгізу; 2. техногендік қалдықтардың ғылыми техникалық бағалануы және Қазақстан Республикасында оларды кәдеге жарату жолдары; 3. Щучье-Бурабай курорттық аймағын экологиялық жай-күйінің болжамды моделін әзірлеу; 4. ағынды суларды жинауыштардың жай күйін зерттеу және тәжірибелі ұсынымдарды әзірлей отырып оларды қоршаған ортаға әсер етуін бағалау; 5. қоршаған ортаны ластағыштардан қорғау мақсатында "Бурабай" және "Көкшетау" мемлекеттік ұлттық табиғи парктерінің шеңберінде орналасқан шаруашылық жүргізушi субъектілердің шаруашылық тұрмыстық ағынды суларын тазалау бойынша ғылыми негізделген ұсынымдарды әзірлеу; Іске асыру мерзімі - ақпан-желтоқсан. Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми зерттеу базасын экология және климат ғылыми-зерттеу институты үшін жабдықтарды сатып алу жолымен дамыту. Іске асыру мерзімі - сәуір-желтоқсан. Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама жүргізу бойынша қызмет көрсетуді төлеу. | қаңтар- желтоқ- сан | Қазақ- стан Респуб- ликасы Қоршаған ортаны қорғау министр- лігі |