Қазақстан Республикасы Президентінің (2024.22.01. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 20) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 26 желтоқсандағы Конституциялық заңының 33-бабының 1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия құрылсын. ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрамы бекітілсін. 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі: ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) бір ай мерзімде облыстар, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия туралы yлгі ережені әзірлеп, бекітсін; 2) осы Жарлықты іске асыру жөніндегі өзге де қажетті шараларды қабылдасын. ҚР Президентінің 2008.15.05. № 593 Жарлығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жоғарыда аталған Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияларды құрсын. 5. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер енгізілсін: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|