Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын Осы редакция 2006 ж. 14 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Yкіметі қаулы етеді: 1. Қoca берiлiп отырған Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi бекітілсін. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң заң жобалау қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2000 жылғы 11 қыркүйектегi № 1376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., № 40, 455-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтыру енгізiлсiн: 2-тармақта 2) тармақша алынып тасталсын; көрсетiлген қаулымен бекітілген Заң жобалау қызметi мәселелерi жөнiндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде: 4-тармақтың он бiрiншi абзацында "қатынастар бойынша" деген сөздерден кейiн "заң жобаларының тұжырымдамаларын және" деген сөздермен толықтырылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2003 жылғы 21 тамыздағы № 840 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi 1. Қазақстан Республикасының уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесi (бұдан әрі - Ереже) "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінiң Регламентiне (бұдан әрi - Үкiметтiң Регламентi) сәйкес заң жобаларын әзiрлеушi уәкiлеттi органдарда (бұдан әрi - Уәкiлеттi органдар) заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 2. Уәкiлеттi органдардың заң жобалау қызметiн жүзеге асыруы мынадай кезеңдерді қамтиды: заң жобаларының тұжырымдамаларын әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жанындағы Заң жобалау қызметi мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссияда (бұдан әрi - Комиссия) қарау; заңнамалық кесiмдердiң жобаларын даярлау; заңнамалық кесiмдер жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу; Үкіметтiң Регламентiне сәйкес мемлекеттік органдармен заң жобаларын келiсу; заңнамалық кесiмдер жобаларын жетілдiргенде тұжырымдамалық өзгерістер енгiзілген жағдайда қосымша ғылыми сараптама жүргiзу; заң жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу; заң жобаларын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң палаталарында қарау кезiнде оларды ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету. 3. Уәкiлеттi органдар заң жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі заң жобалау жұмыстарының ағымдағы және перспективалық жоспарларын орындау үшiн, сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң жекелеген тапсырмаларына сәйкес әзiрлейдi. Қажеттi жағдайларда заң жобаларын әзiрлеудi Уәкiлеттi органдар өз бастамасы бойынша белгiленген құзыретiне сәйкес жүзеге асырады. 4. Заңнамалық кесiмнiң жобасы Комиссия мақұлдаған оның тұжырымдамасына қатаң сәйкестiкпен әзiрленуi тиiс. 1) қолданыстағы заңнамада реттелiп қойған құқықтық қатынастарды регламенттеудi көздейтiн; 2) құқықтың негiз қалаушы қағидаттарына қайшы келетiн; 3) реттеу мәнi Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының 3-тармағында көрсетiлген қоғамдық қатынастарға сәйкес келмейтiн заң жобаларының тұжырымдамаларын мақұлдамайды. 6. Заң жобаларының барлық тұжырымдамалары бойынша Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі осы Ереженiң 5-тармағында көрсетiлген талаптарға тұжырымдаманың сәйкестiгiн көрсететiн алдын ала қорытынды дайындайды. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң қорытындысын Комиссия заң жобасының тұжырымдамасымен бiрге қарайды. 7. Заң жобасының тұжырымдамасын әзiрлеудi уәкiлеттi орган қажет болған кезде заң жобалау қызметi саласындағы ғылыми-зерттеу ұйымдарын, ғалымдарды, білімнiң әртүрлi салаларындағы мамандарды тарта отырып жүзеге асырады. 8. Заң жобасының тұжырымдамасын әзiрлеу кезiнде әзiрлеушiнiң: экономикалық, социологиялық, статистикалық және өзге де қажеттi ақпаратты зерделеуi, қорытуы және талдауы; қажеттi қаржы-экономикалық есептемелер жүргiзуi; шетелдiк тәжiрибенi зерделеуi; құқықтық реттеудiң тиiстi саласында қолданылып жүрген заңнаманы талдауы, қазiргi құқықтық тетiктердiң (олар болған жағдайда) тиiмдiлiгiнiң жеткiлiксiз болу себептерiн анықтауы, заңнамадағы олқылықтарды, ескiрген нормаларды не ұқсас құқықтық қатынастарды реттейтiн көптеген кесiмдердiң болуын анықтауы қажет. 9. Заң жобасының тұжырымдамасы осы Ереженiң қосымшасына сәйкес нысан бойынша жазбаша жазылуға тиiс. Заңды қабылдау қажеттiлiгі туралы куәландыратын дәлелдердi баяндау нақты, келеңсiз құбылыстар мен процестердiң қолданыстағы заңнамамен жеткілiктi жасалмаған байланысын тиянақты түрде орнататын болуы тиiс. Мемлекеттік бюджеттен болжанып отырған Қаржылық шығындар туралы ақпаратқа тиiстi қаржылық есептемелер қоса берілуi тиiс. 10. Заң жобасын әзiрлеушi уәкiлеттi орган жобаны дайындау жөніндегі жұмыс тобын құрады немесе оны дайындауды жұмыс тобының функцияларын орындайтын өзiнiң бөлiмшелерiнiң бiрiне тапсырады. Жобаны дайындауда жобаны дайындайтын органның заң бөлiмшесi қызметкерлерінің қатысуы мiндеттi. Жұмыс тобына қатысу үшiн Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары, сондай-ақ реттеуге ұсынылатын құқықтық қатынастар саласындағы мамандар мен ғалымдар шақырылуы мүмкiн. Егер әзiрленетiн заң жобасы әзірлеуші орган құзыретiнiң шеңберiнен шығатын мәселелердi қозғамаса, жұмыс тобын құру талап етілмейді. 11. Егер заң жобалау жұмыстарының жоспарымен немесе заң жобасын әзiрлеу туралы тапсырмамен өзгеше белгiленбесе, Уәкілеттi орган заң жобасын дайындауды ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдарға немесе шарттық негiзде мамандарға, ғылыми мекемелерге, жекелеген ғалымдарға немесе олардың ұжымдарына соның iшiнде шетелдiктерге тапсыра алады. Уәкілеттi орган баламалы жобаларды дайындауды бiр немесе бiрнеше тұлғаға тапсыруға құқылы. Заң жобаларының сапасы, уақытылы әзiрленуi мен ұсынылуы үшiн Уәкiлеттi органдардың бiрiншi басшылары жеке жауап бередi. 12. Уәкiлеттi органдардың заң жобалау жұмыстарының жоспарларын және заң жобаларын әзiрлеу жөніндегі жекелеген тапсырмаларды орындауын жалпы бақылауды, осы бағыттағы олардың қызметiне әдiстемелiк басшылық жасауды және сол үшiн қажеттi ақпараттық қамтамасыз етудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүзеге асырады. 13. Заң жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясы 61-бабының, 3-тармағымен регламенттелген негiз қалаушы қағидаттар мен нормаларды белгілейтiн аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуi және "Нормативтiк құқықтық актiлер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының талаптарына сәйкес ресiмделуi тиiс. 14. Заң жобасын әзiрлеу қоғамдық өмiрдiң тиiстi салаларында және аясында Қазақстан Республикасының заңнамасын, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң жыл сайынғы жолдауының ережелерiн және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот практикасын түсiндiрудi қолдану практикасын ескере отырып, жүзеге асырылады. 15. Заң жобасының нормаларында мiндеттi түрде: құқықтық реттеудiң мәнi; құқықтық реттеудiң негізгі қағидаттары; заң жобасының мәтiнiнде пайдаланылатын негiзгi ұғымдар айқындалуы тиiс. Сондай-ақ, заң жобасында заңды қолданысқа енгізу тәртібі, заң күшiне енгеннен кейiн өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi қолдану тәртібі мен шарттары көрсетiлуi мүмкiн. 16. Құқықтық нормалардың мазмұны қисындалған жүйелi әрi әртүрлi ұғыну мен түсiндiруге жол бермейтiн мазмұны айқын болуы тиiс. Заң жобасын әзiрлеу кезiнде, Қазақстан Республикасының заңнамалық кесiмдерiнде пайдаланылатын терминдер тiзбесiнде көзделген терминология пайдаланылады. Нормативтiк құқықтық кесiмнiң мәтiнi әдеби тiл мен заң терминологиясының нормалары сақтала отырып жазылады. Ескiрген және көп мағыналы сөздер және теңеулер, эпитеттер, метафоралар қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берілмейдi. 17. Қабылдануы Қазақстан Республикасының Конституциясында немесе заңнамалық кесiмде тiкелей көзделген заң жобасына түсiндiрме жазбада Конституцияның немесе өзге де заңнамалық кесiмнiң бабын мiндеттi түрде көрсету керек. 18. Заң жобасының өтпелi ережелерiнде оны қолданысқа енгiзгенге дейiнгi қатынастарды заң жобасында реттеу тәртібі көрсетіледi, жаңа құқық нормаларына көшу мерзiмдерi мен тәсiлдерi белгіленедi. 19. Заңнамалық кесiмнiң қорытынды ережелерiнде осы кесiмнiң қолданысқа енгiзілуі туралы, бұрын шығарылған кесiмнiң күшiн жою туралы нормалар бекітіледi, осы кесiмдi орындау және дамыту мақсатында қажет болған кезде басқа мемлекеттік органдардың кесiмдер шығару талаптары белгiленедi. күшiн жоюға жататын кесiмдер тiзiмдерi; есептемелер, тарифтер кестелерi, графикалар, карталар; бланкiлер, құжаттар, сызбалар үлгiлерi және қосымша қолдану мәнi бар басқа да материалдар қоса берілуi мүмкiн. 21. Үкiмет Парламенттiң қарауына енгізетiн заң жобалары бойынша "Норма шығармашылығы қызметiн жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы" ?кіметтiң 2002 жылғы 30 мамырдағы № 598 қаулысымен бекітілген Заң жобаларына ғылыми сараптама жүргiзу ережесiне сәйкес заң жобасында реттелетiн құқықтық қатынастарға қарай тиiстi ғылыми сараптама (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржылық және басқа) жүргiзу мiндеттi. Бұл ретте қабылдануынан туындайтын болжамды салдарлар экологиялық, соның iшiнде радиациялық қауiпсiздiкке, қоршаған ортаны қорғауға қауiп төндiруi мүмкiн заңнамалық кесiмдердiң жобалары мiндеттi түрде экологиялық сараптама жасауға жатады. Заң жобасын әзiрлеушi оны мүдделi мемлекеттік органдармен келiскенге дейiн жобаның тиiстi сараптамасы жүргiзiлуiн қамтамасыз етедi, оның нәтижелерi бойынша қорытынды заң жобасына басқа да материалдармен бiрге мемлекеттік және орыс тiлдерiнде ұсынылады. 22. Заң жобасын мемлекеттік органдармен келiсу, заң жобасын Үкiметтiң қарауына енгізу тәртібін Үкiметтiң Регламентi белгiлейдi. уәкiлеттi органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастыру ережесiне қосымша Әзiрленетiн заң жобалары бойынша тұжырымдама нысаны 1. Заң жобасының атауы. 2. Заң жобасын әзiрлеу қажеттiлiгiнiң негiзi. 3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары. 4. Заң жобасын реттеу мәнi. 5. Заң жобасының құрылымы. 6. Заң жобасын қабылдаған жағдайда болжанып отырған құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық салдарлар. 7. Басқа заңнамалық кесiмдердi әзiрленетiн заң жобасымен бiр мезгiлде (кейiннен) сәйкес келтiру қажеттiлiгi. 8. Заң жобасы мәнiнiң өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдермен регламенттелуі. 9. Қаралатын мәселе бойынша шетелдiк тәжiрибенiң бар-жоғы. 10. Заң жобасын iске асыруға байланысты болжанып отырған қаржы шығындары. |