Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау (2006.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрi жетiлдiру жөнiндегі шаралар туралы" 2004 жылғы 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берілiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінің Мемлекеттік еңбек инспекторы туралы ереже; 3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнің тiзбесi; 4) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiне үш вице-министрі болуына рұқсат етілсiн. 3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң Көшi-қон комитетi құрылсын. 4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетiнiң төрағасына бiр орынбасары болуына рұқсат етілсiн. 5. Қазақстан Республикасы Көшi-қон және демография агенттігiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерi болып қайта ұйымдастырылсын. 6. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінің Көшi-қон комитетi туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көшi-қон комитетiнiң құрылымы; 3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі Көшi-қон комитетiнiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн. 7. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешiмдерiнiң күші жойылды деп танылсын. 8. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын. 9. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі туралы ереженің 2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енетiн 10-тармағының сегізiншi абзацын, 11-тармағы 6) тармақшасының алтыншы және тоғызыншы абзацтарын, 12-тармағының 4), 5), 7) және 9) тармақшаларын қоспағанда, қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі (бұдан әрi - Министрлiк) өзiнің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында басшылық жасайтын, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң негiзгi мiндеттерi мемлекеттік саясатты қалыптастыру, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде, еңбек, еңбек қауіпсiздігі және оны қорғау, жұмыспен қамту, әлеуметтiк әрiптестiк, халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақымен қамсыздандыру, әлеуметтiк сақтандыру, өз құзыретiнің шегінде көші-қон процестерiн реттеу саласындағы салааралық үйлестіру болып табылады. Министрлiктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары бар. Министрлiктiң ведомствосы - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінің Көшi-қон комитетi бар. 2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлiк мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өзiнiң атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамада белгiленген тәртіппен қазынашылық органдарында ашылған шоттары болады. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Министрлiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес сондай уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 4. Министрлiк өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртiппен Министрдiң бұйрықтарымен ресiмделетін шешiмдер қабылдайды. 5. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкiметі бекiтедi. 6. Министрлiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Манас көшесi, 2. 7. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Министрліктiң құрылтай құжаты болып табылады. 9. Министрліктiң қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Министрлiкке кәсіпкерлiк субъектiлерiмен Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға енуге тыйым салынады. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, ондай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi. 2. Министрлiктің негiзгi функциялары мен құқықтары Осы қаулыға сәйкес 10-тармақтың сегізiншi абзацы 2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді 10. Министрлiк заңнамада белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) еңбек, еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау саласында: мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: еңбек қауiпсiздігі мен оны қорғауды қамтамасыз ету бағдарламаларын әзiрлеу; еңбек, еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау саласындағы заңнамалық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу; Қазақстан Республикасының еңбек, еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау туралы салааралық нормативтiк құқықтық кесiмдерiн әзiрлеу және бекіту; мемлекеттік қызметшiлерден басқа, мемлекеттік бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; еңбектi нормалау мен еңбекке ақы төлеудi ұйымдастыру мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу; еңбектi нормалауды ұйымдастыру жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу; еңбек (қызметтік) міндеттерiн атқару кезiнде қызметкердiң өмiрi мен денсаулығына келтiрiлген зиянды өтеу әдiснамасын әзiрлеу; мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлерi лауазымдарының білiктілік сипаттамаларын әзiрлеу, бекіту және (немесе) келісу; еңбек жөніндегi нормаларды әзiрлеу, бекіту және (немесе) келiсу; Жұмыстар мен жұмысшылар кәсіптерiнің бiрыңғай тарифтік-білiктілік анықтамалығын (БТБА), Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын (БА) және Жұмысшылар кәсіптерінiң және қызметшілер лауазымдарының жiктегішін (КЛЖ) әзiрлеу, бекіту және оларды қолданудың тәртібін айқындау; Жұмыстар жiктегішін (ЖЖ) әзiрлеу және бекіту; еңбек және қызметтерiне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтердi (бағаларды, алымдар ставкаларын) мемлекеттік реттеу енгiзілетiн ұйымдардың еңбегiне ақы төлеу жүйесi жөніндегі нормаларды қарау және келiсу; қауiпсiз еңбекті қамтамасыз ету және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшiн қажеттi талаптарды белгілеу; оларда әйелдер мен 18 жасқа толмаған адамдардың еңбегiне шектеу қойылатын зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары бар өндiрiстердің, кәсiптер мен жұмыстардың тiзбелерiн бекіту; орташа жалақыны есептеудiң тәртібі бойынша ұсыныстар әзiрлеу және енгізу; мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары: еңбек қауіпсiздігі мен оның қорғалуын қамтамасыз ету бағдарламаларын iске асыру; еңбек қауіпсiздігін және оны қорғау жөнiнде мониторинг жүргiзу; мемлекеттік еңбек инспекторларын оқытуды жүргiзу; еңбек туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; заңнамада белгіленген тәртiппен өндiрiстегi жазатайым оқиғаларды тергеудiң уақытылы және объективтi жүргiзiлуiн бақылауды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасының еңбек қауiпсiздігі және оны қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; басқа мемлекеттік органдармен, сондай-ақ қызметкерлердiң және жұмыс берушілердiң өкілдерiмен еңбек қауiпсiздiгi мен оның қорғалуын қамтамасыз ету саласындағы үйлестiрудi және өзара iс-қимылды жүзеге асыру; мемлекеттік еңбек инспекторларын аттестаттауды жүргiзу; 2) жұмыспен қамту саласында: мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: жұмыспен қамту мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу; халықты жұмыспен қамту бағдарламаларын әзiрлеу; жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжау; мүдделi органдармен бiрлесiп еңбек рыногындағы сұранысқа сәйкес кадрлар даярлаудағы қажеттілiктердi айқындау; Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметiн жүзеге асыру үшін шетелдiк жұмыс күшiн тартуға квота қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары: еңбек рыногының бiрыңғай ақпараттық базасын құру негiзiнде жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныс мониторингі, халықты еңбек рыногының жағдайы туралы хабардар eту; iшкi еңбек рыногын қорғау мақсатымен инвестициялық келісім-шарт жобаларын қарау; халықты жұмыспен қамту туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; шетелдiк жұмыс күшін тартуға арналған квотаны Қазақстан Республикасының ?кіметі белгiлеген шекте және тәртiппен облыстардың, Астана және Алматы қалаларының арасында бөлу; 3) әлеуметтiк әрiптестiк саласында: мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: әлеуметтiк әріптестiк жүйесiн реттеу жөнiнде ұсыныстар дайындау; мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары: әлеуметтік және еңбек қатынастары саласындағы әлеуметтік әрiптестiк жүйесiн реттеу жөніндегі ұсыныстарды iске асыру, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде Әлеуметтiк әрiптестiк жөніндегі республикалық үшжақты комиссияның жұмысын қамтамасыз ету; 4) халықты әлеуметтік қорғау саласында: мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететін стратегиялық функциялар: халықты әлеуметтiк қамтамасыз ету тұжырымдамалары мен бағдарламаларын әзiрлеу; халықты әлеуметтік қорғау мәселелерi жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзiрлеу; әлеуметтік нормативтер мен стандарттарды, оларды есептеудiң әдiстемелерiн әзiрлеу және өз құзыретiнің шегiнде бекіту; мүгедектердi әлеуметтік қорғау және оңалту саласындағы кешендi бағдарламаларды әзiрлеу; отбасыларды, аналарды, балаларды, сондай-ақ халықтың әлеуметтiк қорғауды қажет ететін жекелеген санаттарын қолдауға бағытталған әлеуметтік көмек шараларын әзiрлеу; медициналық-әлеуметтік сараптама және мүгедектердi оңалтуды ұйымдастырудың және жүзеге асырудың жалпы қағидаттарын белгiлеу; әлеуметтiк қызмет көрсету, әлеуметтік қызметтер мен техникалық көмекшi (компенсаторлық) құралдар беру мәселелерi бойынша үлгілік ережелер мен әдiстемелiк ұсынымдар әзiрлеу; атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін жиынтық кiрiсті есептеудiң әдiстемесiн әзiрлеу; денсаулық сақтау саласындағы уәкiлетті органмен келісім бойынша мүгедектердi куәландыру, мүгедектіктің себептерiн, топтарын және еңбек ету қабiлетiн жоғалту дәрежесiн белгiлеу ережесін бекіту, мүгедектердi оңалтудың жеке бағдарламаларын әзiрлеу; мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары: республикадағы мүгедектiк мониторингi; Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтан (бұдан әрi Мемлекеттік орталық) төленетiн бiржолғы ақшалай төлемдердiң, арнайы мемлекеттік жәрдемақылардың уақытында тағайындалуын және төленуiн қамтамасыз ету; арнайы әлеуметтік қызметтер ұсынудың түрлерi мен нысандарын дамыту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; мүгедектердi оңалту, кедейлікті азайту жөніндегі республикалық бағдарламалардың, сондай-ақ денсаулық сақтау және білім беру органдарымен бiрлесiп мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдаудың жергiлiктi бағдарламаларының мониторингiн ұйымдастыру; басқа да мемлекеттік, оның iшiнде жергiлiктi атқарушы органдарға мүгедектердi, мүмкiндiктерi шектеулi балаларды әлеуметтік қорғау мәселелерi бойынша әдiстемелiк көмек көрсету және олардың қызметiн үйлестiру; халықты әлеуметтiк қорғау, мүгедектердi оңалту саласындағы кадрлардың, оның ішiнде ымдау тілі мамандарының біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру; халықты әлеуметтік қорғау туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 5) зейнетақымен қамсыздандыру саласында: мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: халықты зейнетақымен қамсыздандыру мәселелерi жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеуге қатысу және олар бойынша нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу; зейнетақымен қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; зейнетақы төлемдерiнiң мөлшерiн арттыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; Мемлекеттік орталықтан төленетін зейнетақылар мен жәрдемақыларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы жинақтарын тағайындау мен төлеу әдiстемесiн әзiрлеу; зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер тағайындау үшiн қажетті құжаттарды қабылдау және беру жөнiндегі талаптарды белгiлеу; мемлекеттік саясатты iске асыру жөнiндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары: зейнетақылардың, мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жасына байланысты берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың және № 1 тiзiм бойынша Мемлекеттік орталықтан берілетiн мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың уақытында тағайындалуын және толық төленуiн қамтамасыз ету; зейнетақы мен қамсыздандыру туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; 6) әлеуметтiк сақтандыру саласында: мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: әлеуметтiк сақтандыру мәселелерi жөніндегі мемлекеттік саясатты әзiрлеуге қатысу және олар бойынша нормативтiк құқықтық кесiмдердi әзірлеу; Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтік төлемдердi тағайындау және төлеу әдiстемесiн әзiрлеу; мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары: Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтiк төлемдердi тағайындау; әлеуметтiк сақтандыру туралы заңнаманың сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; әлеуметтік төлемдердің уақытында және толық тағайындалуын және олардың алынуын бақылауды қамтамасыз ету; Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының қызметiн реттеу; 7) халықтың көші-қоны саласында: мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: қолданыстағы заңнама шеңберiнде жүріп жатқан көші-қон процестерiн реттеу саласындағы тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзiрлеу; көші-қон процестерiн реттеу жөніндегі нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу; көшi-қон процестерiнің ағымдық және ұзақ мерзiмдi болжамдарын әзірлеу; иммиграция квотасын қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; 8) Министрлiктiң басқа функциялары: мемлекеттік саясатты iске асыру жөніндегі функциялар, бақылау және қадағалау функциялары: халықтың қоныстануын дамыту саясатын iске асыруға қатысу; ақпараттық технологияларды, еңбек, жұмыспен қамту, көшi-қон және халықты әлеуметтiк қорғау саласындағы ақпаратты өңдеу жүйелерiн енгізу; еңбек, еңбек қауiпсiздiгi және оны қорғау, жұмыспен қамту, көшi-қон және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық байланыстар мен ынтымақтастықты ұйымдастыру, осы мәселелер бойынша шетелдiк мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен консультациялар және келiссөздер жүргiзу; жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарға еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау мәселелерi бойынша, әдiстемелік басшылық жасау; әлеуметтік және еңбек қатынастары жөнiндегі өңiрлiк және салалық (тарифтiк) келісімдердi хабарламалық тiркеудi жүргiзу; өз құзыретiнің шегiнде әкімшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау; Көші-қон комитетi мен Министрлiктiң аумақтық органдарының қызметіне басшылық жасау және үйлестiру; өз құзыретiнің шегінде жұмылдыру жұмысын жүргiзу және Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын қорғау. 11. Негiзгi мiндеттердi iске асыру және өзiне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн Министрлiктiң заңнамада белгiленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ өзге де ұйымдардан Министрлiкке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшiн қажеттi құжаттарды, қорытындыларды, анықтамалық және өзге де материалдар мен мәліметтердi сұратуға және алуға; 2) өзiнiң құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша нормативтік құқықтық кесiмдердi қабылдауға; 3) мүгедектiк топтарын белгілеуге; 4) еңбек ету қабілетiн жоғалту дәрежесiн белгілеуге; 5) әлеуметтiк төлемдердi тағайындау үшін қажеттi құжаттарды қабылдау және беру жөніндегі талаптарды белгілеуге; Осы қаулыға сәйкес 11-тармақ 6) тармақшасының алтыншы және тоғызыншы абзацтары 2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді 6) зейнетақы төлемдерiн тағайындау үшiн ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге; 7) әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін ұсынылған құжаттардың дұрыстығын тексеруге; 8) зейнетақы төлемдерiн тағайындау және алу мәселелерi бойынша қажеттi түсініктемелер беруге; 9) әлеуметтік төлемдердi тағайындау және алу мәселелерi бойынша қажетті түсінiктемелер беруге; 10) Қазақстан Республикасы Үкiметінің тапсырмасы бойынша өзге мемлекеттердiң үкiметтік органдарымен, ведомстволарымен және ұйымдарымен бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан мәжбүрлi түрде немесе өз еркiмен, сондай-ақ еңбек көші-қоны бойынша қоныс аударған отандастардың Қазақстан Республикасына ерiктi түрде қоныс аударуы мәселелерi бойынша келісімдер жасасуға; 11) Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығына талдауды және бағалауды жүзеге асыруға; 12) Көші-қон комитетiнiң, Министрліктің аумақтық органдарының, Мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру қорының, Министрлiктiң қарамағындағы мемлекеттік ұйымдардың қаржылық және өзге де есептілiктерінің тiзбесiн, нысандарын, ұсыну мерзiмдерiн белгілеуге; 13) бюллетеньдер, журналдар және басқа да баспа басылымдарын шығаруға құқығы бар. Осы қаулыға сәйкес 12-тармақ 2005 ж. 1 қаңтардан бастап күшіне енеді 12. Министрлiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Министрліктiң мүлкi оған мемлекет берген мүлiк есебiнен құралады және негiзгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктің теңгерiмiнде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады. 13. Министрлiктiң мүлкі республикалық меншікке жатады. 14. Министрлiктiң өзiне бекiтіліп берiлген мүлiкті өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Министрлiкке заңнамада белгiленген жағдайлар мен шектерде мүлiкке иелiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Министрлiктің қызметiн ұйымдастыру 15. Министрлiктi Министр басқарады. Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министрдің Қазақстан Республикасының Үкiметі Министрдiң ұсынуы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары вице-министрлерi болады. 16. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауаптылықта болады. 1) вице-министрлердiң, аппарат басшысының және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының міндеттерiн және өкілеттік шеңберiн белгілейді; 2) Министрлiктiң қызметкерлерiн, аумақтық органдардың, ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшылары мен орынбасарларын, Көшi-қон комитеті төрағасының орынбасарын заңнамада белгіленген тәртіппен қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының басшы қызметкерлерiн тағайындауға келісім бepeді; 3) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен өзара қарым-қатынастарда Министрлікті бiлдiредi; 4) бұйрықтарға қол қояды; 5) Министрлiктiң аумақтық органдары және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 6) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен олардың штат санының лимитi шегiнде Министрлiктің және оның аумақтық органдарының құрылымын бекiтедi; 7) Министрлiктiң Көші-қон комитеті, аумақтық органдары, Министрлiктiң қарамағындағы мемлекеттік ұйымдар басшыларының бұйрықтарының күшін жояды не толық немесе ішінара тоқтата тұрады; 8) заңнамада белгіленген тәртiппен Министрлiктің қызметкерлерiне, Көші-қон комитетінiң орынбасарларына және Министрлiктiң аумақтық органдарының басшыларына көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптiк жазалар қолдану мәселелерiн шешедi; 9) өзiнiң құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды. 18. Вице-Министрлер Министр белгiлеген өз өкілеттіктерiнiң шегiнде Министрліктің нормативтiк сипаты жоқ бұйрықтарына қол қояды және өздерiне жүктелген мiндеттерге сәйкес жетекшілік жасайтын мәселелер бойынша Министрлiк жұмысының жағдайы үшiн дербес жауаптылықта болады. 19. Министрлiктің Министрдің жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министр бекiтедi. 5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату 20. Министрлiкті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2004 жылғы 29 қазандағы № 1132 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң ТIЗБЕСI "Ақмола облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Ақтөбе облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Алматы облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Атырау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Шығыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Жамбыл облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Батыс Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Қарағанды облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Қызылорда облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Қостанай облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Маңғыстау облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Павлодар облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi "Астана қаласы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау департаментi" мемлекеттік мекемесi |