Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігінiң ережесін
Осы редакция 2006 ж. 27 ақпандағы енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берілiп отырған Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi туралы ереже бекітілсiн. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгінің облыстық, қалалық және аудандық жер ресурстарын басқару комитеттерi - мемлекеттік мекемелерi Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнiң облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық басқармалары және аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардағы бөлiмдерi болып қайта аталсын. 3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігіне төрағаның үш, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етілсiн. 4. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi заңнамада белгiленген тәртiппен бiр ай мерзiмде: 1) қайта аталған мемлекеттік мекемелердiң құрылтай құжаттарын бекiтсiн және олардың әдiлет органдарында қайта тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 2) осы қаулыны iске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын. 5. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Yкіметінiң кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылды деп танылсын. 6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшіне енедi.
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі (бұдан әрі - Агенттiк) Үкiметтiң құрамына кiрмейтiн, заңнамада көзделген шектерде арнайы атқару, рұқсат ету және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. 2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттiктiң ережесi мен оның штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 4. Агенттiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында шоттары болады. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Агенттiктiң, егер оған заңнамаға сәйкес уәкiлеттi болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 5. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Төрағаның бұйрықтарымен рәсiмделетiн шешiмдер қабылдайды. 6. Агенттiктiң облыстарда және Астана, Алматы қалаларында, аудандар мен облыстық маңызы бар қалаларда заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық органдары болады. 7. Агенттiктiң заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Желтоқсан көшесi, 41. 8. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгi" мемлекеттік мекемесi. 9. Осы Ереже Агенттiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 10. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Агенттікке Агенттіктiң бақылау және қадағалау функциялары болып табылатын міндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілермен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Агенттікке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
2. Агенттiктiң негiзгі міндеттерi, функциялары және құқықтары
11. Агенттіктің негiзгi мiндеттерi: 1) жер ресурстарын басқару, жер қатынастарын реттеу, геодезия және картография саласында бiрыңғай мемлекеттік саясатты жүргiзу; 2) жер ресурстарын басқару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру және жүзеге асыру, жерге орналастыру, геодезия және картография жөніндегі iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру; 3) мемлекеттік геодезиялық қадағалауды жүзеге асыру және тиiстi ақпаратты қорғау болып табылады. Агенттiк заңнамада белгiленген тәртiппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: жер қатынастары саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу; мемлекеттiң жер қатынастары саласындағы мүдделерiн қорғау; жер заңнамасын қолдану практикасын қорыту, оны одан әрi жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; жерге ақы белгiлеу жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу; нормативтік құқықтық кесiмдер мен геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргiзуге арналған техникалық талаптарды әзiрлеу, бекіту және қолданысқа енгізу, геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң осы талаптарды сақтауын қадағалауды жүзеге асыру және олардың дұрыс қолданылуын бақылау; мемлекеттік құпияларға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсiру материалдарын пайдаланудың тәртібін белгiлеу; 2) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн функциялар: қолда бар жерлер және оларды санаттар, алқаптар бойынша, жер учаскелерінің меншiк иелерi мен жердi пайдаланушыларға бөлу туралы, жерлердiң пайдаланылуы мен қорғалуын мемлекеттік бақылау туралы, бүлiнген жерлерді қайта өңдеу, топырақтың құнарлы қабатын сылып алу және пайдалану туралы жыл сайынғы республикалық есептердi жасау; белгiленген тәртiппен жердiң мониторингiн, мемлекеттік жер кадастрын жүргізудi ұйымдастыру; Қазақстан Республикасы жер ресурстарының жай-күйi туралы деректердiң банкiн құру және жүргiзу; жерге орналастыруды республикалық деңгейде жүргізудi ұйымдастыру; аймақтарға бөлу негiзiнде жердiң пайдаланылуын жоспарлауды және болжам жасауды ұйымдастыру, жер учаскелерiнiң шекараларын белгiлеу; жердi аймақтарға бөлу жөніндегі жұмыстарды әдiстемелiк қамтамасыз ету; жер ресурстарын пайдалану жөніндегі жинақтар мен басқа да материалдарды басып шығару және тарату; Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен жер қатынастарын реттеу, жердi пайдалану және қорғау, жылжымайтын мүлiкке құқықтарды тiркеу мәселелерi бойынша өзара iс-қимыл жасау; әкiмшiлiк-аумақтың бiрлiктер арасындағы шекаралардың өзгерiстерiн, сондай-ақ жергiлiктi жердiң өзгерiстерiн және географиялық объектiлердiң атауларын көрсете отырып, кезекшi анықтамалық карта жүргiзу; ұйымдардың олардың белгiленген тәртiппен жерге орналастыру жөніндегі топографиялық-геодезиялық, инженерлiк-геодезиялық, маркшейдерлiк, картографиялық, топырақтық, агрохимиялық, геоботаникалық жұмыстарды және басқа да зерттеулiк және iздестiру жұмыстарын жүргiзуi бөлiгіндегі қызметiн үйлестiру; мемлекеттік, арнаулы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстардың орындалуын ұйымдастыру; мемлекеттік республикалық картографиялық-геодезиялық қорды және республика аумағы жер ресурстарының картографиялық қорын жүргiзу; республика аумағының геоақпараттық жүйелерiн құру; халықаралық ұйымдарда жер ресурстарын басқару, геодезия және картография мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiру, басқа елдердiң тиiстi қызметтерiмен қатынастарды қолдау; Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын делимитациялау және демаркациялау жөніндегі топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүзеге асыру; Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң тiркеу органдарын жер-кадастрлық карталармен және жер учаскелерiнiң жоспарларымен қамтамасыз ету; 3) мемлекеттік саясаттың iске асырылуын бақылау жөніндегі функциялар: белгiленген тәртiппен жердiң пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; жер заңнамасын бұзушылықтарды жою шараларын қабылдау; жер заңнамасын бұзушылықтарды жою бойынша орындау үшiн мiндеттi ұйғарымдар беру; геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртібінiң анықталған жолсыздықтарын жоюды, сондай-ақ көрсетiлген жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсiрiлiмдер жүргiзу нәтижесiнде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердi топтастыруды, есепке алуды, сақтауды, пайдалануды және iске асыруды талап ету; жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарау; егер олар Қазақстан Республикасының жер заңнамасын, жердi пайдаланудың белгіленген режимiн бұза отырып жүзеге асырылса, сондай-ақ бұл жұмыстар сараптамадан өтпеген немесе терiс қорытынды алған жобалар бойынша жүргiзiлсе, пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру құрылысын, объектiлердi пайдалануды, геологиялық-барлау және басқа да жұмыстарды тоқтата тұру; Қазақстан Республикасының геодезия мен картография саласындағы заңнамасының және техникалық талаптардың бұзылу фактiлерi анықталған жағдайда лицензиялау туралы заңнамаға сәйкес геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру; мемлекеттік құпияларға жататын топографиялық-геодезиялық, картографиялық және аэросуретке түсiру материалдарын есепке алуды, олардың кәсiпорындарда көбейтiлуiн, сақталуын және пайдалануын бақылауды ұйымдастыру; геодезиялық пункттердi есепке алу және олардың сақталуын қамтамасыз етудi қадағалау; пайдаланылмай жатқан жерлер мен заңнаманы бұзу арқылы пайдаланылатын жерлердi анықтау; 4) экономикалық қызметтiң мемлекеттік реттелуiн қамтамасыз ететiн функциялар: мемлекет жеке меншiкке сататын немесе жердi пайдалануға беретiн нақты жер учаскелерiнiң бағалық құнын айқындау; жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау; жерге құқықты куәландыратын құжаттарды беру; мемлекеттің жер учаскелерiн беруi кезiнде оларды таңдауды келiсу; өз құзыретi шегiнде лицензиялауды жүзеге асыру; аэротүсiрiлiмдiк, геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тiркеу, есепке алу және оларды жүргiзуге рұқсаттар беру; геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелеріндегі орындардың геодезиялық және картографиялық жағынан зерделенгендiгi туралы мәлiметтер беру; жерлердi пайдалану және қорғау мәселелерiн қозғайтын республикалық, облыстық, аудандық бағдарламаларға, схемалар мен жобаларға сараптама жүргiзу. 12. Агенттiктiң өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында заңнамада белгiленген тәртiппен: 1) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан жердi пайдалану мен қорғау мәселелерi жөніндегі және геодезия мен картография саласындағы қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 2) заңнамалық кесiмдерде көзделген негiздемелер бойынша жер учаскелерiне меншiк құқықтары мен жердi пайдалану құқықтарын тоқтату туралы атқарушы органдардың қарауына ұсыныстар енгізуге; 3) жергілiктi атқарушы органдардың жер заңнамасына қайшы келетiн шешiмдерiн тоқтату туралы ұсыныс енгізуге құқығы бар.
13. Агенттiктің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. 14 Агенттiкке бекітілiп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Агенттiктің бекiтілiп берiлген мүлiкті өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Агенттікке заңнамалық кесiмдерде белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берілуi мүмкiн.
4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Агенттiк төрағасының Қазақстан Республикасының Үкіметі Агенттік төрағасының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары, оның iшiнде бiр бiрiншiсi болады. 17. Төраға Агенттіктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, аумақтық органдардың, сондай-ақ өз құзыретiнiң шегiнде ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiн бақылауды жүзеге асырады және Агенттікке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауаптылықта болады. 1) Агенттiктiң бұйрықтарына қол қояды; 2) өзiнің орынбасарлары мен Агенттіктің құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен өкілеттiктерiн белгiлейдi; 3) заңнамаға сәйкес Агенттіктiң қызметкерлерiн, аумақтық органдардың, ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) заңнамада белгіленген тәртiппен Агенттiктің қызметкерлерiн көтермелейдi және оларға тәртiптiк жаза қолданады; 5) Агенттіктің құрылымы мен штаттық кестесiн, сондай-ақ Агенттіктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары туралы ережелердi бекітедi; 6) қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда Агенттiкті бiлдiредi; 7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады. 19. Агенттік төрағасының жанынан консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және дербес құрамын Агенттiктiң төрағасы бекiтедi.
5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату
20. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы ?кіметінің 2005 жылғы 14 қаңтардағы № 14 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің мемлекеттік мекемелері - аумақтық органдарының тізбесі
1. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы 2. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақкөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 3. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Астрахан аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 4. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Аршалы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 5. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Атбасар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 6. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бұланды аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 7. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Егіндікөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 8. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Еңбекшілдер аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 9. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ерейментау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 10. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Есіл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 11. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жақсы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 12. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жарқайың аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 13. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Зеренді аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 14. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қорғалжын аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 15. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сандықтау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 16. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Целиноград аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 17. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шортанды аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 18. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шучье аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 19. Ақмола облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Көкшетау қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі 20. Ақмола облыстық аумақтық Жер ресурстарын басқару агенттігінің Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқармасы 21. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Әйтеке би аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 22. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Алға аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 23. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Байғанин аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 24. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ырғыз аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 25. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қарғалы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 26. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қобда аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 27. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мәртөк аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 28. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мұғалжар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 29. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Темір аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 30. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Хромтау аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 31. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ойыл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 32. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шалқар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 33. Ақтөбе облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақтөбе қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі 34. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы 35. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақсу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 36. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Алакөл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 37. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Балқаш аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 38. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Еңбекшіқазақ аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 39. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ескелді аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 40. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жамбыл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 41. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Іле аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 42. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қарасай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 43. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ақсу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 44. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Кербұлақ аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 45. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Көксу аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 46. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Панфилов аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 47. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Райымбек аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 48. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Сарқант аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 49. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Талғар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 50. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ұйғыр аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 51. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Талдықорған қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі 52. Алматы облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қапшағай қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі 53. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы 54. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жылыой аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 55. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Индер аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 56. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Исатай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 57. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Құрманғазы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 58. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қызылқоға аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 59. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Мақат аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 60. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Махамбет аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 61. Атырау облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Атырау қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі 62. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы 63. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Абай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 64. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Аягөз аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 65. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бесқарағай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 66. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Бородулиха аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 67. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Глубокий аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 68. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жарма аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 69. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Зайсан аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 70. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Зырян аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 71. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Катонқарағай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 72. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Көкпекті аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 73. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Күршім аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 74. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Тарбағатай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 75. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Ұлан аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 76. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Үржар аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 77. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Шемонаиха аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 78. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Өскемен қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі 79. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Семей қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі 80. Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Зырян қалалық жер ресурстарын басқару бөлімі 81. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттiгiнің Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасы 82. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Байзақ аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 83. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жамбыл аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 84. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Жуалы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 85. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Т. Рысқұлов атындағы аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі 86. Жамбыл облыстық аумақтық жер ресурстарын басқару басқармасының Қордай аудандық жер ресурстарын басқару бөлімі |