|
|
|
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің үлгі регламенттерін бекіту туралы (2010.13.09. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 13 шілдедегі № 563 Қаулысымен күші жойылды
ҚР Үкіметінің 2009.15.05. № 727 Қаулысымен мемлекеттік тілдегі нұсқасының тақырыбында, бүкіл мәтінінде «әкімият» деген сөз тиісті жалғаулары ескеріле отырып, «әкімдік» деген сөзбен ауыстырылды (бұр.ред.қара)
ҚР Үкіметінің 2009.15.05. № 727 Қаулысымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26 және 30-баптарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінің үлгі регламенті; Аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің үлгі регламенті бекітілсін. ҚР Үкіметінің 2009.15.05. № 727 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 2. Барлық деңгейдегі әкімдер: Әкімдіктердың регламенттерін әзірлеу және бекіту кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын; 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысымен бекітілген
Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкiмиятының үлгi регламентi
1. Жалпы ережелер
1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) әкiмият (бұдан әрi - әкiмият) Қазақстан Республикасы атқарушы органдарының біртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы биліктiң жалпымемлекеттік саясатын тиiстi аумақты дамыту мүдделерiмен және қажеттілігімен үйлестіре жүргiзудi қамтамасыз етедi. 2. Әкiм әкімдік құрамын әкiм орынбасарларынан, әкiм аппаратының басшысынан, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бiрiншi басшыларынан құрады. Әкiм әкiмият мүшелерiнiң санын айқындайды. Әкiм әкiмияттың дербес құрамын айқындайды және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) мәслихат сессиясының шешiмiмен келісіледi. ҚР Үкіметінің 2009.15.05. № 727 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Әкiмият қызметi Қазақстан Республикасының Конституциясымен, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерімен және осы Регламентпен реттеледi. 4. Әкімдіктың қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің аппараты (бұдан әрі - аппарат) жүзеге асырады. 5. Әкiмият іс қағаздарын жүргiзу және әкiмиятқа түсетiн хат-хабарларды өңдеу аппаратқа жүктеледi және «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының, Қазақстан Республикасы Yкіметінiң нормативтiк құқықтық актілерінің талаптарына сәйкес әзiрленетiн әрі облыс (республикалық маңызы бар қала) әкімі (бұдан әрi - әкiм) бекiтетiн тәртiппен жүзеге асырылады. ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 931 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды 5-1. Мемлекеттік органдарға жіберілетін шығыс хат-хабарлар (оның ішінде электрондық құжат форматында) елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімделеді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі). 6. Әкiмнiң орынбасарлары мен аппарат басшысы әкiмияттың және әкiмнiң қарауына енгiзiлетiн актілер жобалары өтуiнiң осы Регламентпен белгiленген тәртібінiң сақталуын қамтамасыз етедi.
7. Аппарат әкiмият мүшелерiнiң және облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар (бұдан әрi - атқарушы органдар) басшыларының ұсыныстары бойынша әкiмият мәжілістерiнде қаралатын мәселелердiң тоқсан сайынғы тiзбесiн жасайды. Әкiмияттың мәжілістерiнде қарауға жоспарланатын мәселелердiң тiзбесiн әкiм бекiтедi. Бекiтiлген тiзбе әкiмият мүшелерiне, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, атқарушы органдардың басшыларына, қалалардың, аудандардың әкiмдерiне және басқа да лауазымды адамдарға таратылады. Әкiм тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысы не аппарат басшысы ұсынатын анықтама негiзiнде тiзбеден жоспарланған мәселенi алып тастау немесе оны қарауды басқа да мерзiмге ауыстыру туралы шешiм қабылдайды. 3. Әкiмият мәжілістерiн дайындау және өткізу тәртібі
8. Әкiмият мәжілістерi айына кемінде бiр рет өткiзiледi және оны әкiм шақырады. 9. Әкiмият мәжілістерiнде әкiм, ал ол болмаған кезде - әкiмнiң мiндетiн атқарушы орынбасары төрағалық етедi. 10. Әкiмият мәжілістерi, әдетте, ашық болады және мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде жүргiзiледi. Қажет болған ретте, жекелеген мәселелер жабық мәжілістерде қаралуы мүмкiн. 11. Әкiмият мәжілісі, егер оған әкiмият мүшелерiнiң кемінде үштен екiсi қатысса, заңды болып есептеледi. Әкiмияттың мәжілісiнде мәселенi қараудың нәтижелерi бойынша қаулы қабылданады. Қаулы әкiмияттың қатысып отырған мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. 12. Әкiмияттың мәжілістерінде Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттары, аудандардың, қалалардың әкiмдері, сондай-ақ әкім бекіткен тізбе бойынша кеңесші дауыс құқығымен орталық атқарушы органдар аумақтық бөлімшелерінің басшылары және өзге де лауазымды адамдар қатыса алады. 13. Аппараттың және атқарушы органдардың әкiмият мәжілістерiнде қарауға мәселелер дайындауы мынадай талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады: әкімдік мәжілісіне енгізілетін анықтамаларға, талдау материалдарына, қаулылардың жобаларына құжатты енгізетін органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам (бұдан әрi - бiрiншi басшы) алдын ала бұрыштама қояды, оның қолы осы органның ресми көзқарасын растау болып табылады; жоба мен анықтама, әдетте, аралығы екі жол арқылы басылған 5 бет мәтіннен аспауы тиiс; әрбiр мәселе бойынша жобаның және анықтаманың тақырыптары бiрдей болуы тиiс; әкiмияттың мәжілісiне енгiзiлетiн материалдарға, қажет болған ретте, қосымша ақпараттық мәлiметтер қоса берiледi; мәселе енгiзетiн орган немесе аппараттың құрылымдық бөлiмшесi талқыланатын мәселелер бойынша мәжіліске шақырылғандардың тiзiмiн айқындайды және нақтылайды. Аппарат шақырылғандардың келуiн қамтамасыз етедi. 14. Аппарат мәжіліс күн тәртібінің жобасын жасайды және әкіммен не оны алмастыратын адаммен келісілгеннен кейiн, оны және тиiстi материалдарды аппарат басшысы бекіткен жіберілім көрсеткішіне сай, мәжіліске дейiнгi үш күнде әкiмият мүшелерiне және шақырылғандарға, ал қажет болған ретте, басқа да лауазымды адамдарға таратады. Тиiстi органдар материалдарды уақытылы ұсынбаған жағдайда аппарат басшысы бұл туралы әкiмге немесе оны алмастыратын адамға баяндайды. Материалдардың уақытылы ұсынылмауына жауапкершiлiк тиiстi органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi. Әкiмнiң тапсырмасы бойынша шұғыл түрде әкiмият мәжілісiн өткiзген кезде қаралатын мәселелер бойынша материалдар аппаратқа ол өткiзiлетiн күнi енгiзiлуi мүмкiн. ҚР Үкіметінің 2010.13.09. № 931 Қаулысымен 15-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 15. Әкiмият мәжілісiнде хаттама жүргізіліп, онда қатысқан лауазымды адамдар, талқыланатын мәселелердiң аты және мән-жайы, талқылау кезіндегі баяндамашылар мен сөз сөйлеушiлер, олардың сөйлеген сөздерiнiң негiзгi мазмұны, ескертулер және әкiмият мүшелерi қабылдаған қаулы көрсетiледі. Әдетте, мәжілістiң стенографиясы жүргiзiледi, мәжілістерде қаралатын мәселелер ақпараттың электронды көздеріне жазылады. Әкімдік мәжілісінде қабылданған шешімдерді аппараттың тиісті бөлімі мәжіліс аяқталған күннен бастап үш күн мерзімде хаттамамен елтаңбалық бланкіде мемлекеттік тілде ресімдейді (қажет болған жағдайда орыс тіліндегі нұсқасы қоса беріледі), оған аппарат басшысы бұрыштама қояды және мәжілісте төрағалық етуші қол қояды. Әкiмият мәжілістерiнiң хаттамаларына күнтiзбелiк жылға арналған реттiк нөмiрлер берiледi. Хаттамалар немесе олардың үзінділері оларға қол қойылған күнi әкiмият мүшелерiне, ал қажет болған ретте, мәжілістерде тиiстi тапсырмалар берiлген басқа органдарға және лауазымды адамдарға таратылады. Жіберілім тiзбесiн аппарат басшысы бекiтедi. Әкiмият мәжілістерiнiң хаттамалары (түпнұсқалары), сондай-ақ олардың құжаттары аппаратта сақталады. Әкiмият мәжілістерiнiң хаттамалары және олардың құжаттары уақытша сақтау мерзiмдерi өткеннен кейiн мұрағатқа өткiзiледi. 4. Әкiмият және әкiм актілерінiң жобаларын дайындау мен ресiмдеу тәртібі
16. Атқарушы органдар әкімдік тиісті шешім қабылдауы үшін оның атына мынадай жағдайларда ұсыныстар енгізеді: 1) мәселенi шешу әкiмияттың құзыретiне кiргенде; 2) жергiлiктi атқарушы органдар арасында келіспеушілік туындаған кезде; 3) мәселенiң шешiлуi жергiлiктi атқарушы органдардың және орталық атқарушы органдар аумақтық бөлiмшелерiнiң қызметiн үйлестiрудi талап еткенде. 17. Аппарат және жергілікті атқарушы органдар әкімдік қаулыларының, әкім шешімдері мен өкімдерінің жобаларын (бұдан әрi - жобалар) дайындауды «Нормативтік құқықтық актілер туралы», «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына және осы Регламентке сәйкес жүзеге асырады. Мүдделi органдармен келісілген, бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған жобалар мемлекеттік тілде және орыс тілінде ұсынылады. Жобаға «ескертулермен» келiсу болған кезде келіспеушіліктер туралы бiрiншi басшылары немесе оларды алмастыратын адамдар қол қойған, қажеттi түсiндiрмелер берілген анықтама тiркеледi. Жобаларды әзiрлеуге қатысушы органдар арасында келіспеушіліктер туындаған кезде, қаралып отырған мәселелердiң мән-жайы құзыретiне кiретiн әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы не оның орынбасары кеңес шақыра алады, оның нәтижелері хаттамалармен ресімделеді. Келіспеушіліктер жойылған кезде тиiстi орган белгiленген мерзiмде жобаны пысықтайды және оны қол қоюға ұсынады. Талқыланған мәселе бойынша келісімге қол жетпеген жағдайда, әкiмнiң орынбасары, аппарат басшысы бұл туралы түпкiлiктi шешiм қабылдау үшiн әкімге не оны алмастыратын адамға ақпарат бередi. 18. Жобалардың уақтылы, сапалы әзiрленуiне және әкiмиятқа белгiленген мерзiмдерде ұсынылуына, сондай-ақ жобаның мемлекеттік тілдегі және орыс тiліндегi мәтiндерiнiң түпнұсқалылығына оны әзірлеуді жүзеге асырушы органның бiрiншi басшысы дербес жауапты болады. 19. Жобалар мiндеттi түрде мыналармен келісіледі: 1) құзыретiне орай мүдделi атқарушы органдармен, бұл ретте жобаны келiсудегi мұндай мүдделiлік қаралатын мәселелердiң мән-жайы ескеріле отырып, белгiленедi; 2) қаржы саласындағы тиісті атқарушы органмен - жобаның қаржылық орындылығы және қаржыландырумен қамтамасыз етiлуi мәселелерi бойынша; 3) экономика саласындағы тиісті атқарушы органмен - экономикалық орындылығы және ел мен аймақтың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкестiгі мәселелерi бойынша. 20. Жобаны әзiрлеушi жобаның көшiрмелерiн бiр мезгiлде барлық мүдделi атқарушы органдарға жiбередi. Бұл ретте атқарушы органдарда келiсу мерзiмi бiр мезгiлде есептеледi және жобалардың түскен әрі тiркелген кезiнен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Әкiм, әкiмнiң орынбасарлары және аппарат басшысы келiсудiң өзге мерзiмдерiн белгiлей алады. Әкiмнiң, әкiм орынбасарларының тапсырмалары бойынша шешiмдердi неғұрлым жедел қабылдау мақсатында атқарушы органдардың басшылары немесе лауазымды адамдар (лауазымы бойынша басшының орынбасарларынан төмен емес) жобаға бұрыштаманы кеңесте (мәжілісте) қоюы мүмкiн. Бұл ретте көрсетiлген лауазымды адамдар жобаның жасалуы немесе өздерiнiң бұрыштама қойғандығы туралы тиiстi атқарушы органның бiрiншi басшысына баяндайды. Жобаның көшiрмесiн келiсуге алған кезде атқарушы органдар жобаға басқа мүдделi органдардың алдын ала бұрыштама қоюларын талап етуге, сондай-ақ басқа желеу белгiлермен келiсуден бас тартуға тиiстi емес. 21. Келiсушi орган жобаны қараудың нәтижелерi бойынша бiрiншi басшының не оны алмастыратын адамның қолы қойылған жауаптың мынадай нұсқаларының бiрiн әзiрлеушiге ұсынуы тиiс: 1) жоба ескертулерсiз келісілді (жобада бұрыштама болады); 2) жоба ескертулермен келісілді (жобада ескертулерiмен бұрыштама болады және ол қоса берілуі тиіс); 3) жобаға келiсуден бас тартылды (дәлелдi бас тарту қоса берiледi). 22. Келiсу мерзiмдерi аяқталғаннан кейiн жобаны әзiрлеушi мүдделi органдардың барлық ұсынысын жобаның түпкілікті нұсқасына жинақтайды (ескертулердi жояды). Бұл ретте, түпкiлiктi нұсқаны дайындау процесінде әзiрлеушi өзі келiскен атқарушы органдардың ескертулерiн мiндеттi түрде жояды. Жобаны әзiрлеушi жобаны аппаратқа енгізу кезiнде мүддесi осы жобада қозғалып отырған орган бұрыштамасының болмау себептерiн (мұндай факт болған жағдайда) түсiндiрме жазбада мiндеттi түрде көрсетедi, бұл ретте, енгiзiлген материалдарға тиiстi органға келiсу үшiн енгiзiлгенiн растайтын құжаттың көшiрмесi қоса берiледi. Мұндай растау болмаған жағдайда, жоба мүдделi органға келiсуге жiберiлмеген болып есептеледi. Қажет болған ретте, әкiмнiң, әкiм орынбасарының немесе аппарат басшысының нұсқауы бойынша жоба қосымша келiсуге жiберiлуi мүмкiн. 23. Әзiрлеушi осы жобаны қабылдау қажеттілігiн, ол қабылданған жағдайда, әлеуметтiк-экономикалық салдарын, оны iске асырумен байланысты болжанып отырған қаржы шығыстары негізделген түсiндiрме жазбаны, сондай-ақ бұл мәселе бойынша бұрын әкiмияттың және әкiмнiң қандай актілері қабылданғаны және олардың қалай орындалғаны туралы мәлiметтердi мiндеттi түрде жобаға қоса бередi. Егер актiлердiң жобалары нормативтiк сипатта болса және (немесе) әлеуметтiк-экономикалық мәселелердi қозғаса, әзiрлеушi түсiндiрме жазбада нақты мақсаттарды, күтіліп отырған нәтижелердiң мерзiмдерін және енгiзiлiп отырған ұсыныстардың болжанып отырған тиiмдiлiгін көрсетуге мiндеттi. Бұл актiлердi әкiмият немесе әкiм қабылдаған жағдайда, оларды іске асыру қорытындылары бойынша, әзiрлеушi, актілерде белгiленген мерзiмдерге сәйкес олардың қолданылуының нәтижелері туралы қысқаша есеп тапсыруы тиiс. Жобаны әзiрлеушi мемлекеттік органның басшысы екi парақтан аса көлемдегi жобалардың және жобаларға қосымшалардың әр парағына қол қоюы тиiс. 24. Жобаны әзiрлеушi жобада бiр мезгiлде әкiмият қаулыларын және (немесе) әкiм шешiмдерi мен өкімдерiн қабылданатын актiлерге сәйкес келтiру жөнінде норма көздейдi және (немесе) нақты мерзiмдер белгiлей отырып, оларды сәйкес келтiру туралы тапсырманы көздейдi. 25. Әзiрленген (пысықталған) жоба (оған тиiстi материалдармен бiрге) жоба бойынша сараптама жүргiзу және қорытынды дайындау үшiн (бұдан әрi - сараптама) аппаратқа енгiзiледi. Аппаратта тiркелер алдында жобаның іс қағаздарын жүргiзу талаптарына сәйкестiгi тексерiледi. Жобаның іс қағаздарын жүргізу талаптарына сәйкес еместiгi туралы ескертулер болған ретте, аппарат жобаны тiркеуге дейiн әзiрлеушiге қайтаруға құқылы. Жоба аппаратта тiркелгеннен кейiн оның мәтiндерiнiң мемлекеттік тілдегі және орыс тiліндегі түпнұсқалылығы тексерiледi және сараптамадан өтедi. Жобаға сараптама жүргізу мерзiмi жобаның аппаратта тiркелген күнінен бастап 3 жұмыс күнiнен аспауы тиiс. Аппарат оның мәтiндерiнiң түпнұсқалылығын тексеру, сараптама жүргiзу барысында немесе оның нәтижелерi бойынша жобаны мынадай негiздер бойынша әзiрлеушiге пысықтауға қайтаруға құқылы: 1) жоба мәтiндерiнiң мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі мәтіндердің түпнұсқалы еместiгi; 2) оның Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келмейтiндiгi; 3) осы Регламенттiң талаптары бұзыла отырып ұсынылуы. Басқа желеулер бойынша терiс сараптамалық қорытынды жобаны қайтару үшiн негiз бола алмайды. 26. Жобаларды әкiмнiң орынбасарларында келiсу мiндеттердiң бөлiнуiне сәйкес жүзеге асырылады. Әкімнің орынбасарларында мазмұндық сипатта ескертулер туындаған жағдайда, олар қажет болған ретте нәтижелерi хаттамамен ресiмделетiн кеңес шақырады. Жоба аппаратта сараптамадан өткеннен кейiн аппарат басшысы ол бойынша шешiм қабылдау үшiн әкiмге не оны алмастыратын адамға баяндайды. 27. Әкiмияттың қаулыларына, әкiмнiң шешiмдерi мен өкiмдерiне қол қояды. Актілерге қол қойғаннан кейiн олардың түпнұсқаларына түзетулер енгiзiлмейдi. 28. Аппарат әкімдік қаулыларының, әкім шешiмдерi мен өкiмдерiнiң куәландырылған көшiрмелерiн аппарат басшысы бекіткен жіберілімге сәйкес таратады. Әдiлет органдарында тiркелуге жататын әкiмияттың және әкiмнiң актілері алушыларға тiркелгеннен кейiн таратылады. Әкiмият қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң түпнұсқалары аппаратта сақталады. Құжаттардың уақтылы шығарылуы және жөнелтiлетiн алушыларға таратылуы үшін жауапкершiлiк аппаратқа жүктеледi. 29. Техникалық қателерi болған ретте әкiмият қаулыларының, әкiм шешiмдерi мен өкiмдерiнiң бұрын таратылған даналары тек аппарат басшысының рұқсатымен ғана ауыстырылуы мүмкiн. Бұл жағдайда, бастапқыда таратылған құжаттар аппаратқа қайтарылып алынуы тиiс. 30. Аппарат әкiмият және әкiм қабылдаған актілердің есебiн, жүйеленуiн және бақылау даналарын жүргiзудi, оларға ағымдағы өзгерістер мен толықтыруларды енгізудi жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 2009.15.05. № 727 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 31. Әкімдіктің және (немесе) әкімнің жалпыға міндетті маңызы бар, азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты актілері Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарында мемлекеттік тіркеуге және жергілікті атқарушы органдар айқындаған газеттерде және өзге де мерзімді басылымдарда ресми жариялануға жатады. 32. Аппарат актілердi жариялауға жiберудi жүзеге асырады. 33. Мемлекеттік құпиялардан немесе заңмен қорғалатын құпиядан тұратындарынан басқа, әкiмият және әкiм қабылдаған нормативтiк құқықтық актілермен танысу үшiн мүдделi адамдарға рұқсат беру мiндеттi болып табылады және оны аппарат басшысы айқындайтын тәртiппен аппарат жүзеге асырады. 5. Заң актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінiң, Премьер-Министрінің, әкiмияттың және әкiмнiң актілерi мен тапсырмаларын орындауды ұйымдастыру тәртібі
ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 34-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 34. Заңнамалық актілерді, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, Премьер-Министрінің, әкімдік пен әкімнің актілерін орындауды ұйымдастыру «Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының жобаларын дайындау, келісу, қол қоюға ұсыну, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлықтарына мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 27 сәуірдегі № 976 Жарлығына, осы Регламентке және Қазақстан Республикасының өзге заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 35. Заң актілері, Республика Президентінің, Республика Yкіметінiң, Премьер-Министрінің, әкiмияттың, әкiмнiң актілері мен тапсырмалары және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өз құзыреттері шегіндегі өзге де тапсырмалары бақылауға алынады. 36. Заң актілерінің, Республика Президентінің, Республика Yкіметінiң, Премьер-Министрінің, әкiмияттың және әкiмнiң актілері мен тапсырмаларының уақытылы әрі сапалы орындалуына жауапкершiлiк осылар орындауға жiберiлген атқарушы органдардың бiрiншi басшыларына жүктеледi. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 36-1-тармақпен толықтырылды 36-1. Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігінде көрсетілген құжаттардың орындалуын бақылауға жауапты лауазымды адамдар: 1) облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның бірінші басшысы өз құзыреті шегінде заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өзге де тапсырмаларының уақтылы әрі сапалы орындалуына жалпы басшылықты және бақылау жасауды жүзеге асырады; 2) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімі аппаратының басшысы өз құзыреті шегінде заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің, әкімнің актілері мен тапсырмаларының, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өзге де тапсырмаларының орындалуын және орындаушылық тәртіптің сақталуын бақылауды ұйымдастырады, мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелерінің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; 3) облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің орынбасарлары өз құзыреті шегінде жетекшілік ететін жұмыс бағыттары бойынша заңнамалық актілердің, Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, әкімдіктің, әкімнің актілері мен тапсырмаларының және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өзге де тапсырмаларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Көрсетілген лауазымды адамдар аталған құжаттардың уақтылы әрі сапалы орындалуы үшін дербес жауапты болады. 37. Әкiмнiң және оның орынбасарларының тапсырмаларында құжаттарды орындаудың мерзiмдерi белгiленедi. Мерзiмдер белгiленбеген жағдайда, құжаттың түскен күнiнен есептелетiн орындаудың бiр айлық мерзiмi, ал "шұғыл" деген белгі болған жағдайда - он күндiк мерзiм белгiленедi. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 37-1-тармақпен толықтырылды 37-1. Белгіленген орындау мерзімдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшылығы мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмалары мынадай бақылау түрлеріне қойылады: 1) шұғыл - «өте шұғыл» белгісі бар - үш жұмыс күні ішінде, «шұғыл», «жеделдетілсін» белгісі бар - он жұмыс күніне дейін; 2) қысқа мерзімді - он жұмыс күнінен бір айға дейін; 3) орта мерзімді - бір айдан алты айға дейін; 4) ұзақ мерзімді - алты айдан жоғары. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 37-2-тармақпен толықтырылды 37-2. Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшылығының, Үкіметтің және Кеңсе Басшысының актілері мен тапсырмаларында белгіленген тапсырмаларды орындау мерзімдері олар облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) жергілікті атқарушы органына түскен күнінен бастап жұмыс күндерімен есептеледі. Өздеріне тапсырма берілген, өкілдері отырысқа (кеңеске) қатысқан тиісті жергілікті атқарушы органдар өздеріне отырыс (кеңес) хаттамасының немесе Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының қол қойылған тапсырмасының түскенін күтпей, отырыстан (кеңестен) кейін бірден тапсырманы орындауға кірісуге міндетті. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 37-3-тармақпен толықтырылды 37-3. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшылығының, Қазақстаң Республикасы Үкіметінің, Премьер-Министр Кеңсесі Басшысының актілері мен тапсырмаларын орындау актілер мен тапсырмаларда көрсетілген мерзімдерде қамтамасыз етіледі. Егер «Бақылауға алынды» деген мөртаңбасы бар тапсырмалардың мерзімдері белгіленбеген жағдайда, олар Қазақстан Республикасы Президентінің, Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрдің, оның орынбасарларының және Премьер-Министр Кеңсесінің атына ақпарат енгізе отырып, бір ай мерзімде орындалады. Өзге жағдайларда ақпарат Президент Әкімшілігінің немесе Премьер-Министр Кеңсесінің қосымша сұрауына сәйкес белгіленген тәртіппен беріледі. ҚР Үкіметінің 2010.25.06. № 641 қаулысымен 38-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |