|
|
|
«Қазақстан Республикасы Yкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы» (2006.22.12. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: ҚР Үкіметінің 2006.22.12. № 1238 Қаулысымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне Еуразия даму банкін құру және оның жұмыс істеуі үшін қажетті ішкі және халықаралық құқықтық құжаттардың және өзге де материалдардың жобаларын әзірлеу жөніндегі сараптамалық ұйымдастыру тобын қаржыландыру мақсатында ЕурАзЭҚ Интеграциялық Комитеті Хатшылығының арнайы шотына аудару үшін 2006 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 9590100 (тоғыз миллион бес жүз тоқсан мың бір жүз) теңге бөлінсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |