|
|
|
Шетелде тұратын отандастардың істері жөнінде комиссия құру туралы (2009.13.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 6 қаңтардағы № 24 қаулысымен бекітілген Шетелде тұратын отандастарды қолдаудың 2005 - 2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-бөлімінің 3-тармағын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Шетелде тұратын отандастардың істері жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған: 1) Комиссия туралы ереже; 2) Комиссияның құрамы бекітілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегi № 325 қаулысымен бекітілген
Шетелде тұратын отандастардың істері жөніндегi комиссия туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. Шетелде тұратын отандастардың істері жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасы Yкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Комиссия өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге де нормативтік құқықтық кесімдерді және осы Ережені басшылыққа алады.
2. Комиссияның міндеттері, функциялары мен құқықтары
3. Комиссияның негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) шетелде тұратын қазақ диаспорасының өміріне және қызметіне байланысты проблемаларды зерделеу; 2) шетелде тұратын отандастармен жан-жақты байланысты дамыту және нығайту үшін қажетті жағдай жасауға жәрдем көрсету; 3) шетелде тұратын отандастарды қолдау процесінде туындайтын мәселелерді шешуде мемлекеттік органдарға консультативтік көмек көрсету; 4) қазақ диаспорасының ұлттық-мәдени қажеттілікті қанағаттандыру саласындағы құқықтарын бұзу фактілеріне мониторинг жүргізу. 4. Жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында Комиссия мынадай функцияларды орындайды: 1) шетелдегі қазақ диаспораларымен өзара іс-қимыл мәселелері бойынша нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 2) шетелде тұратын отандастармен әлеуметтік-мәдени байланыстарды дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді; 3) шетелде тұратын отандастармен экономикалық байланыстарды нығайту және кеңейту жөнінде ұсынымдар әзірлейді; 4) мемлекеттік органдарға талдамалық, әдістемелік және өзге де материалдарды қарау үшін жібереді; 5) шетелде тұратын отандастардың ғылыми, мәдени және шығармашылық ұйымдарымен тұрақты қатынастарды қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлейді. 5. Комиссия заңнамада белгіленген тәртіппен өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін: 1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссия қызметіне байланысты материалдар мен құжаттарды сұратуға және алуға; 2) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша комиссия отырыстарына мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың өкілдерін шақыруға және тыңдауға; 3) Қазақстан Республикасының Yкіметіне өзінің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде ұсыныстар енгізуге; 4) Комиссия мен мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өзара іс-қимылын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға байланысты өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқығы бар.
3. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру
6. Комиссияны төраға басқарады. 7. Комиссияның жетекшісі оның қызметіне басшылық жасайды, комиссия отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауап береді. Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады. 8. Комиссияның хатшысы комиссия отырысының күн тәртібі жөнінде ұсыныстар, қажетті құжаттар, материалдар дайындайды және өткізілгеннен кейін хаттамалар ресімдейді. 9. Комиссияның отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ кемінде жылына екі рет өткізіледі және егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының үштен екісі қатысса заңды болып саналады. 10. Комиссияның шешімдері хаттама түрінде ресімделеді және ұсынымдық сипатта болады. 11. Комиссияның жұмыс органы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2007.04.10. № 897 (бұр.ред.қара); 2008.11.06. № 577 (бұр.ред.қара); 2008.31.12 № 1338 (бұр. ред. қара); 2009.13.11. № 1834 (бұр.ред.қара) Қаулыларымен құрам өзгертілді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 25 сәуірдегi № 325 қаулысымен бекітілген
Шетелде тұратын отандастардың істері жөніндегi комиссияның құрамы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |