|
|
|
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ережені бекіту туралы»
ҚР Үкіметінің 1997.10.12. № 1732 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының қайта ұйымдастырылуына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі туралы ереже бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын: "Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппараты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 14 ақпандағы № 196 қаулысы; "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу және күші жойылған деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 17 мамырдағы № 609 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізіліп отырған өзгерістердің 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 22, 190-құжат).
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Үкіметінің 1997 жылғы 30 сәуірдегі № 689 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Туралы ЕРЕЖЕ
І. Жалпы ережелер
1. Премьер-Министрдің Кеңсесі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің қызметін ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-талдамалық, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. 2. Премьер-Министрдің Кеңсесі өз қызметін Республиканың Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және Премьер-Министрінің актілерін, сондай-ақ осы ережені басшылыққа ала отырып жүзеге асырады. 3. Премьер-Министрдің Кеңсесі заңды тұлға болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және өзінің атауы қазақ және орыс тілдерінде жазылған мөрі бар. 4. Премьер-Министрдің Кеңсесі туралы ережені, сондай-ақ оның құрылымы мен штаттық санын Республика Үкіметі бекітеді.
II. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі мақсаты мен міндеттері
5. Премьер-Министр Кеңсесінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі мен Үкіметі қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. 6. Кеңсенің негізгі міндеттері: - Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Премьер-Министрінің кадрлық, ұйымдастырушылық, ақпараттық-талдамалық, консультативтік және құқықтық қызметін қамтамасыз ету; - Премьер-Министрге, Үкіметке және Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлеріне қаржы, шаруашылық, материалдық-техникалық, әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету; Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен, Парламент Палаталарының аппараттарымен, орталық және жергілікті атқарушы органдармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен, өзге де ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету болып табылады.
III. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің функциясы
7. Өзінің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін Премьер-Министрдің Кеңсесі мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады; а) әкімшілік-ұйымдастыру: - министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың, олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, Үкіметтің шешімдерін әзірлеуін ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ Үкімет шешімдерінің орындалуына бақылау жасау; - Үкімет пен оның Төралқасының мәжілістерін, халықаралық кездесулер мен сапарларды, Премьер-Министр мен оның орынбасарлары өткізетін басқа да шараларды ақпараттық-талдаулық, құқықтық, ұйымдастырушылық, консультативтік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету; - Премьер-Министр мен Үкіметтің қызметін құжаттамалық қамтамасыз ету және оған қызмет көрсету, іс қағаздарын жүргізу; - қазақ, орыс және басқа да тілдердің қызметін қамтамасыз ету; - қызметтік құжаттарды қарау; - жеке және заңды тұлғалардың хаттарын, өтініштерін қарау; - азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру; б) ақпараттық-талдаулық: - Премьер-Министр мен оны орынбасарлары үшін республиканың жай-күйі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын материалдар дайындау; - бұқаралық ақпарат құралдарында Үкімет жүргізіп отырған ішкі және сыртқы саясатты түсіндіру; в) құқықтық: - Үкімет Парламенттің Мәжілісіне енгізілетін заңдардың жобалары бойынша сараптамалар жүргізу және қорытындылар әзірлеу; - Үкіметтің заң жобалары жұмыстарының жоспарын орындауды ұйымдастыру; - Үкіметтің бастамашылығы бойынша шығарылатын Қазақстан Республикасының Президенті актілерінің, Үкімет қаулыларының және Премьер-Министр өкімдерінің жобалары бойынша сараптама жүргізу және қорытындылар әзірлеу; - Премьер-Министр мен Үкімет қызметінің өзге де мәселелерін шешуді құқықтық қамтамасыз ету; - Республика заңдарын сақтау, жүйелендіру және кодтау; г) кадрлық; - Үкіметтің номенклатурасына кіретін кадрлардың жай-күйі мен қозғалысына есеп және талдау жүргізу; - жоспарланған қажеттіліктерді ескере отырып кадрларды оқыту, мақсатты даярлау және қайта даярлау процесін ұйымдастыру; - Үкіметтің номенклатурасына кіретін кадрлардың құрамы жөніндегі ұсыныстарды зерделеу, әзірлеу және енгізу; - Үкіметтің номенклатурасына кіретін кадрлардың резервін қалыптастыру.
IV. Премьер-Министр Кеңесінің өкілеттігі
8. Премьер-Министрдің Кеңсесінің өзінің функцияларын жүзеге асыру үшін: - министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардан қажетті ақпарат сұратуға және алуға, сондай-ақ өз құзыретінің шегінде оларға орындауға міндетті тапсырмалар беруге; - меншік нысанына қарамастан ұйымдардан Үкіметтің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша құжаттарды қоса алғанда қажетті ақпарат, өзге де материалдар, ауызша және жазбаша түсіндірме сұратуға және алуға; - атқарушы органдардың қолындағы кез-келген, оның ішінде құпия деректердің ақпараттық банктерін пайдалануға; - Президент актілерінің, Үкіметтің қаулыларының, Премьер-Министрдің өкімдерінің орындалуына тексеру жүргізуге, анықталған тәртіп бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға; - мемлекеттік және мемлекеттік емес органдармен және ұйымдармен Премьер-Министр Кеңсесінің жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша қызметтік жазбалар алмасуды жүргізуге; - Республиканың Премьер-Министріне министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, Үкіметке ведомстволық бағынысты басқа да мекемелердің басшы құрамын лауазымға тағайындау және босату туралы, сондай-ақ оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізуге; - министрліктер, мемлекеттік комитеттер, Республиканың өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары алқаларының мәжілістеріне қатысуға; - Үкімет Басшылығының тапсырмасы бойынша министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың, ұйымдардың қызметкерлерін Үкіметтің құзыретіне қатысты мәселелерді шешуге тартуға құқы бар. 9. Қажетті материалдар, хабарлар, атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының жазбаша және ауызша түсіндірмелерін ұсыну жөніндегі Премьер-Министр Кеңсесінің талабы, егер Кеңсе басқа орындау мерзімін белгілемесе, заңдарда белгіленген мерзімдерде орындалуға жатады.
V. Премьер-Министр Кеңсесінің басшылығы
10. Премьер-Министрдің Кеңсесін Кеңсенің Басшысы басқарады, ол тікелей Республиканың Премьер-Министріне, ол жоқ болған кезде оның орнында қалған адамға бағынады. Премьер-Министрдің Кеңсесінің Басшысын қызметке Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды және қызметтен босатады. 11. Кеңсе Басшысының Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының ұсынуы бойынша қызметке Үкімет тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 12. Кеңсе Басшысы мынадай негізгі функцияларды орындайды: - орынбасарларының міндеттерін белгілейді; - Премьер-Министрдің Кеңсесі туралы ережені Үкіметтің бекітуіне ұсынады; - Кеңсенің штат кестесін бекітеді, Кеңсе қызметкерлерінің жалақыларына үстемеақылар мен қосымша ақылар белгілейді; - Кеңсе бөлімдері мен басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметіне жалпы басшылық пен үйлестіруді ұйымдастырады; - Кеңседе ішкі еңбек тәртібінің ережелерін бекітеді; - Премьер-Министр Кеңсесінің шығыстар сметасын бекітеді және оның шегінде қаржы қаражатына билік етеді; - Премьер-Министрдің Кеңсесі бойынша бұйрықтар шығарады және нұсқаулықтарды бекітеді; - Премьер-Министрге заң жобаларын, Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік актілерін, Үкіметтің шешімдерін және басқа да материалдарды ұсынады; - қабылданған шешімдер мен тапсырмалардың орындалуына бақылау жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады; - Үкіметке орталық және жергілікті басқару органдарының қызметіне баға беру және олардың құрылымдарын жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізеді; - Премьер-Министрдің Кеңсесінің мемлекеттік қызмет туралы заңды атқаруын бақылайды; - Үкіметтің кадр саясатын жүзеге асыру жөніндегі жұмысын ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. Республика Премьер-Министрінің қарауына Премьер-Министр Кеңсесінің бөлімдері мен басқа құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын және жауапты қызметкерлерін, министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің және Үкіметке ведомстволық бағыныстағы басқа да органдардың басшы кадр корпусын қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы ұсыныс енгізеді, кадрлар резервін қалыптастырады, Республика Премьер-Министріне Үкімет тағайындайтын жауапты адамдарды тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныс енгізеді; - Премьер-Министрдің Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді, оны қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді; - Премьер-Министр Кеңсесінің жұмыс істеуін техникалық қызмет көрсетуді және қамтамасыз етуді жүзеге асырушы Кеңсенің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады; - Премьер-Министр Кеңсесінің құзыреті шегінде қызметтік құжаттамаға қол қояды; өзіне Премьер-Министр мен Республика Үкіметі жүктейтін басқа да функцияларды орындайды. 13. Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы: - министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдарға Үкіметтің қарауына енгізілетін мәселелерді әзірлеу және келісу жөнінде нұсқаулар беруге; - министрліктердің, мемлекеттік комитеттердің, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардың Үкіметтің шешімдерін әзірлеу жөніндегі жұмысын үйлестіруге; - министрліктерден, мемлекеттік комитеттерден, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдардан, ұйымдардан заңдарды, Президенттің актілерін, Үкіметтің қаулыларын, Премьер-Министрдің өкімдерін және басқа тапсырмаларды орындау туралы Үкіметке қажетті материалдарды, ақпаратты және есептерді талап етуге; - заңдарды, Республика Президентінің актілерін және Үкіметтің қаулыларын, Республика Премьер-Министрінің өкімдерін белгіленген талаптарға және енгізу тәртібіне сәйкес келмеген жағдайда министрліктерге, мемлекеттік комитеттерге, өзге орталық және жергілікті атқарушы органдарға қайтаруға; - Үкіметтің және Премьер-Министр Кеңсесінің қызметін шаруашылықтық қамтамасыз ету мәселесі бойынша отандық және шетелдік ұйымдармен шарттар (келісім-шарттар) жасауға құқылы.
VI. Премьер-Министр Кеңсесінің қызметін қамтамасыз ету
14. Премьер-Министрдің Кеңсесіне жүктелген функцияларды орындау үшін оның құрамында бөлімдер мен басқа да құрылымдық бөлімшелер құрылады. Премьер-Министр мен оның орынбасарларының көмекшілері мен кеңесшілері Премьер-Министр Кеңсесінің қызметкерлері болып табылады. 15. Премьер-Министр Кеңсесінің бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелері осы Ереженің, сондай-ақ Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы бекітетін бөлімдер мен басқа да құрылымдық бөлімшелер туралы ережелердің негізінде жұмыс істейді. 16. Бөлімдер мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің басшыларын, сондай-ақ мемлекеттік қызметші болып табылатын Кеңсенің басқа қызметкерлерін (бұдан әрі - жауапты қызметкерлер) Премьер-Министрдің Кеңсесі Басшысының ұсынуы бойынша Республика Үкіметі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. 17. Кеңсенің техникалық қызмет көрсететін және оны жұмысын қамтамасыз ететін қызметкерлерін Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы тағайындайды. 18. Премьер-Министр Кеңсесі бөлімдері мен басқа да құрылымдық бөлімшелердің басшылары: өздерінің бөлімдеріне және басқа бөлімшелеріне жүктелген міндеттердің уақтылы және толық орындалуына, заңдардың, Президент актілерінің, Үкіметтің актілерінің, Премьер-Министрдің, сондай-ақ Кеңсе Басшысы мен оның орынбасарларының өкімдері мен тапсырмаларының уақтылы және толық атқарылуына жауапты болады, қызметкерлерді тағайындау, ауыстыру және босату туралы ұсыныс енгізеді, қызметкерлердің арасында міндеттерді бөледі. 19. Премьер-Министр Кеңсесінің жауапты қызметкерлері өздерінің қызметтік міндеттерін осы Ережеде белгіленген Кеңсенің өкілеттіктеріне сәйкес атқару кезінде: - Үкіметтің және оны Төралқасының отырыстарына, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өткізетін шараларына қатысуға; - орталық және жергілікті атқарушы органдардың аппараттарының, ұйымдардың қызметкерлерін Үкімет қызметінің шеңберінде туындайтын мәселелерді қарауға қатысуға тартуға, олардан заңдардың, жарлықтардың және үкімет шешімдерінің орындалуы жөнінде қажетті ақпарат, ұсыныстар мен қорытындылар сұрауға; - белгіленген тәртіппен басшылыққа қойылатын талаптарға жауап бермейтін нормативтік құжаттардың жобаларын пысықтауға қайтару туралы ұсыныс енгізуге, сондай-ақ қарауы басқа органдардың немесе ұйымдардың құзыретіне кіретін материалдарды қайтаруға; - Кеңсе Басшысының және оның орынбасарларының, бөлімдер мен басқа құрылымдық бөлімшелердің басшыларының тапсырмасы бойынша Премьер-Министр Кеңсесі құзыретінің шеңберінде өзге қажетті өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 20. Дербес баланстағы Премьер-Министр Кеңсесінің Республикалық мемлекеттік өндірістік-пайдалану бірлестігі: "Алматы", "Жетісу", "Қазақстан" қонақ үйлері филиалдарымен қоса қонақ үй шаруашылығы бірлестігі Премьер-Министр Кеңсесінің тікелей бағынысында болады. Аталған ұйымдардың функциялары олар туралы тиісті жарғылармен немесе ережелермен айқындалады. Ведомстволық бағыныстағы кәсіпорындардың басшыларын Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы тағайындайды. 21. Осы ережеден туындайтын мәселелерді қарауды, әзірлеуді және оның тәртібін Премьер-Министр Кеңсесінің Басшысы мен оның орынбасарлары реттейді.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |