|
|
|
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының
ҚР Үкіметінің 2006.25.08. № 822 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бірінші кезең) мынадай құрамда бекітілсін: 1) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары; 2) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған мемлекеттік реттеуіштері. 2. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған маңызды көрсеткіштерінің болжамы (бірінші кезең) мақұлдансын. 3. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері тиісті облыстар мен қалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарларын уақтылы әзірлеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітуді қамтамасыз етсін. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 7 маусымдағы № 521 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бірінші кезең)
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007-2009 жылдарға арналған негізгі бағыттары
Мазмұны
1. 2005-2006 жылдары әлемдік экономиканың дамуы және 2007-2009 жылдары ел экономикасының дамуына сыртқы факторлардың әсерi 2. 2003-2005 жылдары Қазақстан экономикасының дамуын талдау және 2007-2009 жылдары ел экономикасының дамуына ішкі факторлардың әсерi 3. Елді дамытудың 2007-2009 жылдарға арналған мақсаттары, міндеттері және басымдықтары 4. Қазақстанның 2007-2009 жылдардағы жедел экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін экономика салаларындағы серпілісті бағыттарды жаңғырту және қамтамасыз ету § 1. 2007-2009 жылдары өнеркәсіптің дамуы Электр энергетикасы саласын дамыту § 2. Көлік-коммуникациялық кешен § 3. 2007-2009 жылдары агроөнеркәсіптік кешенді дамыту § 4. 2007-2009 жылдардағы сауда саясаты 5. 2007-2009 жылдары Қазақстан экономикасының жедел өсуін қамтамасыз ету үшін экономиканы мемлекеттік басқаруды жетілдіру § 1. 2007-2009 жылдары макроэкономикалық орнықтылықты қамтамасыз ету § 2. Экономиканы мемлекеттік басқару § 4. Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борышты басқару саласындағы саясат Мемлекеттік активтерді басқару және жекешелендіру § 5. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жетілдіру Бәсекелестікті дамыту және монополияға қарсы саясат Техникалық реттеу және патенттер жүйесін дамыту Сыртқы экономикалық қызмет және ДСҰ-ға кіру Шағын және орта бизнесті дамыту 7. 2007-2009 жылдардағы әлеуметтік саясат және адами капиталды дамыту § 1. Демография және 2007-2009 жылдарға арналған әлеуметтік даму Демографиялық және көші-қон саясаты Кедейлік пен жұмыссыздықты азайту Халықты әлеуметтік қамсыздандыру § 2. Білім беру және 2007-2009 жылдарға кадрлар даярлау § 4. 2007-2009 жылдары мәдениетті, ақпарат пен спортты дамыту § 5. 2007-2009 жылдарға арналған гендерлік даму § 6. 2007-2009 жылдарға арналған тұрғын үй саясаты § 8. 2007-2009 жылдары қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 - 2009 жылдарға арналған орта мерзімді жоспары (бұдан әрі - Жоспар) Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 14 маусымдағы № 647 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының экономикалық-әлеуметтік дамуының орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің ережесіне сәйкес әзірленді. Жоспарда сыртқы және ішкі факторларға қарай 2007-2009 жылдарға арналған экономиканы дамытудың қарқындары негізделеді және орталық және жергілікті мемлекеттік басқару органдарының экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау саласындағы іс-қимылы айқындалады. Стратегиялық жоспарларда, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауларында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында айқындалған мақсаттарға қол жеткізу және басымдықтарды іске асыру үшін экономика салаларын дамыту саласындағы 2007 - 2009 жылдарға арналған міндеттер және оларды шешу жолдары Жоспарда айқындалады.
1. 2005-2006 жылдары әлемдік экономиканың дамуы және 2007 - 2009 жылдары ел экономикасының дамуына сыртқы факторлардың әсерi
2005 жылы әлемдік экономикада мұнайға бағаның жоғары қарқынмен өсуімен және нәтижесінде дамыған елдердегі инфляциялық күтілімдердің өсуімен қатар жүретін тұтастай экономикалық өрлеу жағдайы қалыптасты. Әлемдік экономиканың өсу қарқыны 2005 жылдың қорытындылары бойынша тұтастай алғанда жеткілікті жоғары деңгейде сақталды, дегенмен, 2004 жылғы рекордтық қарқыннан төмен болды және ХВҚ-ның бағалауы бойынша 4,8 %-ды құрады. ХВҚ-ның бағалауы бойынша 2005 жылы Қытайдың ЖІӨ-нің өсуі 9 %-ды, АҚШ-тікі - 3,5 %-ды, Жапонияныкі - 2 %-ды, Еуроаймақтікі - 1,2 %-ды құрады. Халықаралық валюта қорының бағалауы бойынша әлемдік сауданың көлемі 2005 жылы 7 %-ға өсті. 2005 жылы мұнай және металдар нарығы сенімді жоғары қарқынды көрсетті. Геосаяси тартыс және Қытай мен АҚШ тарапынан сұраныстың жедел өсуі мұнай бағасы артуының алғышарты болып табылды. Дүниежүзілік Банктің деректері бойынша 2005 жылы "Brent" маркалы мұнайдың әлемдік орташа бағасы бір баррель үшін 54,43 АҚШ долларын құрады, бұл 2004 жылмен салыстырғанда 42,1 %-ға жоғары, ал мыс 28,4 %-ға ұлғайды және бір тоннасы 3679 долларды құрады, қорғасынның орташа жылдық құны бір тоннасы үшін 975,3 доллар деңгейінде қалыптасты, бұл ретте, кезеңнің соңында баға жылдың басына қатысты 16,5 %-ға ұлғайды. Мырыштың орташа бағасы бір тоннасы 1380 долларды құрады және жылдың ішінде 45,2 %-ға ұлғайды. 2004 жылмен салыстырғанда алюминийдің орташа жылдық бағасы 10 %-ға төмендеді және бір тоннасы үшін 1897,4 долларды құрады. JP Morgan деректеріне сәйкес глиноземнің бағасы оны өндірудің төмен қарқынына және жоғары сұранысқа байланысты рекордқа жетті. 2006 жылы 2005 жылдың позитивтік үрдістерінің болуына қарамастан әлемдік экономиканың өсу қарқынына теріс әсер ететін екі фактордың әрекеті жалғасуда. Оларға мұнайға бағалардың өсуі және 2005 жылдың соңында жаңарған әлемдік басқа валюталарға қатысы бойынша, алдымен евроға қатысы бойынша АҚШ долларының әлсіреуі жатады. Жоғарыда келтірілген факторларға қоса, бірқатар елдердің, бірінші кезекте АҚШ пен Еуропаның орталық банктерінің ақша-кредит саясатын қатаңдату жалғасуы мүмкін. ХВҚ 2006 және 2007 жылдары әлемдік экономиканың өсу қарқынын 2005 жылғы деңгейде (тиісінше 4,9 және 4,7 %) бағалап отыр. Әлемдік экономиканың дамуы, оның ішінде Қытайда, АҚШ пен ЕО-да, сондай-ақ негізгі тауар нарығында қалыптасып отырған экономикалық жағдай әртүрлі халықаралық қаржы ұйымдарының болжамдық бағалауы тұтастай алғанда сұраныс пен әлемдік бағалардың деңгейі қазақстандық экспорттың негізгі тауар ұстанымдарына сақталып отырғанын көрсетті. Мұнай. Егер бұрын мұнай нарығындағы жағдай негізінен мұнайдың ұсынысына тәуелді болса, таяу уақытта керісінше мұнай бағасы осы шикізатқа сұраныстан айқындалады. ОПЕК-тің пікірі бойынша шикізатқа рекордтық жоғары бағаларға қарамастан, мұнайға әлемдік сұраныс 2005 жылмен салыстырғанда 2006 жылы 1,9 %-ға өседі және күніне орташа 84,9 млн. баррельді құрайды. ОПЕК-тің бағалауы Халықаралық энергетика агенттігінің (ХЭА) болжамдарымен сәйкес келеді. ХЭА деректеріне сәйкес әлемдегі шикі мұнайды тұтыну 2006 жылы 2,2 %-ға немесе күніне 1,79 млн. баррельге өседі және күніне орташа 85,18 млн. баррельді құрайды. 2006 жылы барынша жоғары сұраныс АҚШ, Қытай және Үндістан тарапынан байқалуда. 2006 жылы Қытайдың сұранысы белсенді экономикалық өсуге байланысты 6,1 %-ға өседі. ОПЕК болжамы бойынша 2006 жылы ОПЕК "себетінің" мұнайға бағасы бір баррелі үшін 45-55 доллар деңгейінде сақталады. ХЭА сарапшылары орта мерзімді перспективада мұнайға баға бір баррель үшін 60 доллар деңгейінде қалады деп жоспарлап отыр. Fitch WTI маркалы мұнайға орташа бағаны 2006 жылы бір баррель үшін 67 доллар деңгейінде болжап отыр. 2007 жылдан бастап, егер Азиядағы тұтынушылар тарапынан сұраныс азаятын жағдайда мұнайға бағаның бірқатар төмендеуі, сондай-ақ бүкіл дүние жүзі бойынша жаңа қуаттар енгізілуі мүмкін. Мыс. Қалыптасқан және әлеуетті жағдайды есепке ала отырып жасалған JP Morgan рейтингілік агенттігінің болжамы бойынша, 2007 - 2008 жылдары мыстың құны бір тоннасы үшін 2400 доллардан төмен түспейді. Әлемдегі ірі мыс өндіруші Codelco компаниясының талдаушылары осы металға бағаның дүние жүзіне шығару көлемінің өсуіне байланысты алдағы үш жыл ішінде үштен бірге төмендеуін болжап отыр. Осылайша, 2006 жылы мыс запастарының айтарлықтай көп емес артуы байқалып отыр. Мыстың құны 2008 жылға қарай ең төменгі шегі бір тоннасы үшін 2500 долларға жетеді. Қорғасын. ILZSG қорғасын мен мырышты зерттеу жөніндегі халықаралық топтың деректері бойынша, әлемдегі мырышты тұтыну 6,9 млн. тоннаға бағалануда. Societe Generale талдаушыларының болжамы бойынша қорғасын бағасы осы металға Қытай тарапынан тұрақты сұраныстың нәтижесінде 2006 жылы тарихи ең жоғары шегіне жетеді. 2010 жылға қарай қорғасынды бүкіл дүние жүзілік тұтынудағы Қытайдың үлесі 21 %-ды құрайды. Сонымен бірге, қорғасынды жалпы әлемдік тұтынудағы Батыс Еуропа елдері мен АҚШ-тың үлесі 1996 жылғы 56%-дан 2010 жылғы 42%-ға дейін қысқарады. Мырыш. ILZSG қорғасын мен мырышты зерттеу жөніндегі халықаралық топтың ақпараты бойынша мырыштың тапшылығы 2006 жылы 430 мың тоннаны құрайды, 2007 жылы 300 мың тоннаға дейін азаяды және 2008 жылы ғана концентратты жеткізу мен тұтыну теңеседі. Австралиядағы ең ірі Macguarie Bank Ltd банкісінің талдаушылары мырыш жалатылған болат табаққа тұтыну сұранысының өсуі нәтижесінде мырыштың құны 2006 жылы ұлғаюы мүмкін. Тау-кен өндіру қызмет саласындағы жаңа жобалардың жетіспеуі металға әлемдік сұраныстың өсуімен бетпе-бет келеді. Алайда, ABN Amro талдаушылары мырыш құнының төмендеуін болжап отыр, өйткені Mittal Steel Co. және Arcelor SA сияқты болат құю компаниялар өндіріс көлемін қысқартып отыр. Алюминий. 2006 жылы алюминийді әлемді тұтыну 8,3 млн. тоннаға жетеді. Әлемдегі ірі тау-кен өндіруші ВНB Billiton компаниясы 2005 - 2010 жылдар арасында бастапқы алюминийге әлемдік сұраныс жыл сайын 5 %-ға өседі деп болжап отыр. China Non-ferrous Mettals Association (СNNA) ақпараты бойынша Қытайда бастапқы алюминийді тұтыну 2005 жылы 17,3 %-ға 7 млн. тоннаға дейін ұлғайды. JP Morgan сарапшылары 2006 жылы алюминийге баға белгілеу оған сұраныстың құлдырауына байланысты төмендейді, бірақ 2007 жылы электр энергиясына шығындардың өсуіне байланысты баға тұрақты болады. Standard Bank сарапшылары 2006 жылы орташа бағалардың өсуін 190 мың тонна металл тапшылығы аясында бір тоннасы үшін 1975 долларға дейін болжап отыр. Маtехis Соmmodity талдаушылары 250 мың тонна деңгейінде тапшылық күтіп отыр. Орнықты және өсіп отырған сұраныс Қытайдағы құрылыс, көлік және өндіріс салаларының қауырт өсуімен және Үндістанның тұтыну нарығының дамуымен айқындалады. Бұл факторлар Еуропа мен Солтүстік Америкадағы сұраныстың барынша баяу өсуіне тең болып отыр. Осы сұранысты қанағаттандыру үшін өндірістің айтарлықтай өсуі Қытайда, Ресейде және Таяу Шығыста байқалады. Халықаралық қаржы корпорациясының болжамы бойынша Қытай алюминий экспортын 2006 жылы 300 мың тоннаға дейін қысқартады, ал импорт 500 мың тонна алюминийді және 6,85 мың тонна глиноземді құрайды. Болат. Болат табағы нарығы айтарлықтай санда экспортталған арзан Қытай өнімі тарапынан өсіп отырған қысымда болды. Еуропалық өндірушілер 2006 жылы тегіс илекке бағаның бір тоннасы үшін 20-30 артқанын жариялады. Импорттағы қатаң бәсекелестік ең алдымен жақын уақытта бағалардың төмендеуіне ықпал ететін болады. Астық. 2004 жылғы егіннің өте көп өтпелі запастары және 2005 жылғы егінге жақсы болжамдары бар Еуропа нарықтарындағы азық-түлік бидай бағалары тұрақты болды. Егістіктер ахуалының нашарлауы аясында Оңтүстік Азия елдері тарапынан американдық бидайға жоғары ұсыныс бидайдың жұмсақ және қатты сорттарына бағаны нығайтты. Американдық бидай бағасы барынша тұрақсыз болды. Оған себеп болған табиғи фактор, атап айтқанда егінге үлкен шығын келтірген "Катрина" дауылы. 2005 жылы американдық бидайдың бағасы бір тоннасы үшін 152,4 долларды құрады және 2004 жылдың деңгейінен 3 %-ға асты. Мұнай мен металдарға сұраныстың және тұтынудың күтіліп отырған артуы, сондай-ақ әлемдік бағалардың өсуі жағдайында Қазақстанның 2007 - 2009 жылдары экспорттық ұстанымын сақтауға және сыртқы сауданың көлемін ұлғайтуға барлық мүмкіндіктері бар. Бұл факторлар алдағы жылдары Қазақстанның тау-кен өндіру және металлургия кешендерінің дамуына оң әсер етеді.
2. 2003 - 2005 жылдары Қазақстан экономикасының дамуын талдау және 2007-2009 жылдары ел экономикасының дамуына ішкi факторлардың әсерi
2003 - 2005 жылдары Қазақстанның экономикалық өсуінің жоғары қарқыны әлемдік тауар нарықтарындағы шикізатқа қолайлы конъюнктура және сұраныс пен ұсыныс жиынтығының кеңеюі жағдайында қалыптасты. 2003 - 2005 жылдары жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) орташа жылдық өсімін 7-7,5 %-ға қамтамасыз ету жоспарланды. Іс жүзіндегі өсім қарқыны осы жылдары 9,5 % мөлшерінде қалыптасты. ЖІӨ құрылымында тауар өндіру үлесі артты. 2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда өндірістік сектордың үлесі 42,9 %-дан 44,1 %-ға дейін өсті. Қызмет көрсетулер өндірісінің жалпы үлесі 2003 жылы 51,8 % болса, 2005 жылы 52,2 % жетті. Тауар өндірісінің өсуі өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және құрылыс өндірісі көлемінің өсуі есебінен болды. 2003-2005 жылдары өнеркәсіп өндірісінің жыл сайынғы өсімі орташа алғанда 8,0 %, оның ішінде тау кен өндірісі өнеркәсібінде - 8,8 %, өңдеу өнеркәсібінде - 7,7 %, электрэнергиясын, газ және суды өндіру мен таратуда - 4,8 %-ды құрады. Ауыл шаруашылығының өнімін өндіру көлемі 6,7 %-ға, оның ішінде өсімдік шаруашылығы - 3,1 %-ға, мал шаруашылығы - 10,4 %-ға ұлғайды. Құрылыста жылдық орташа өсім 15,3 %-ды құрады. Қызмет көрсетудің өсуі, жыл сайын қызмет көрсету қарқыны тиісінше орташа 8 % және 11 %-ға өскен, көлік және сауда кәсіпорындары мен ұйымдарының есебінен қамтамасыз етілді. Байланыс саласы жоғары қарқынмен дамыды, мұнда жылдық өсім 28,5 %-ды құрады. 2003 - 2005 жылдары ішкі сұраныстың кеңеюі тұтынуға жұмсалған шығыстар мен жалпы жинақталымның артуы есебінен қамтамасыз етілді. Тұтынудың өсуі үй шаруашылықтары мен мемлекеттік органдардың шығыстарының артуы есебінен қамтамасыз етілді. 2003-2005 жылдары тұтыну жыл сайын 10,6 %-ға, үй шаруашылықтары мен мемлекеттік сектордың шығыстары тиісінше 10,2 % және 11,6 %-ға артты. Халықтың нақты ақшалай табысының өсуі, 2003 - 2005 жылдары жыл сайын 12,1 %-ға артқан, жиынтық сұраныстың өсуін қамтамасыз ететін факторлардың бірі болып табылады. Жалпы жинақталымның жыл сайынғы өсімі - 13 %, оның ішінде күрделі капиталдың жинақталуы - 11,2 %. 2003 - 2004 жылдары еліміздің төлем теңгерімінің нығаюы жүзеге асты. Егер 2003 жылы ағымдағы шот 273 млн. АҚШ доллары тапшылығымен қалыптасса, ал 2004 жылы ағымдағы операцияның профицит шоты 455 млн. АҚШ долларын құрады. 2005 жылы ағымдағы операция шотының 486 млн. доллар тапшылығы халықаралық қызмет көрсетулерге шығыстардың және инвестициялық табыстың резидент еместеріне төлемдердің күрт өсуі нәтижесінде қалыптасты. Халықаралық қызметтер импортының құны 2004 жылдың деңгейінен 1,5 есе өсіп, 7,5 миллион АҚШ долларын құрады. Шетелдік тікелей инвесторларға төленетін дивидендтердің көлемі 3,8 млрд. АҚШ долларын құрап, 2004 жылмен салыстырғанда 2 есе өсті. 2003 - 2005 жылдары тауарлар мен қызмет көрсетулер экспорты артты. 2005 жылы ЖІӨ құрылымындағы тауарлар және қызмет көрсетулер экспортының үлесі 54,5 %-ды құрады, 2003 жылы 48,4 % болды. Осы жылдарда тауарлар мен қызмет көрсетулер экспортының өсім қарқыны орташа 42,3 %-ды құрады. 2005 жылы ЖІӨ құрылымындағы тауарлар және қызмет көрсетулер импортының үлесі 45,4 %-ды құрады, 2003 жылы 43,1 % болды. 2003 - 2005 жылдары тауарлар мен қызмет көрсетулер импортының жыл сайынғы өсім қарқыны орташа 38,1 % болды. 2003 - 2005 жылдары негізгі капиталға инвестициялар 1,6 есеге өсті. 2005 жылы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2205,2 млрд. теңгені құрады. 2003 - 2005 жылдары тікелей шет елдік инвестициялардың нетто-ағыны оң қалпында сақталды, алайда 2005 жылы оның номиналдық көлемінің кемуі байқалды. 2005 жылы Қазақстанға 1,7 млрд. АҚШ долл. тікелей шетелдік инвестиция тартылды, бұл таза ағыны 5,4 млрд. долл. жеткен 2004 жылғы деңгейден едәуір артта. Елдің халықаралық резервтері 2005 жылдың соңында тұтастай алғанда 15143 млн. АҚШ долларын, оның ішінде Ұлттық қордың активтері 8074 млн. АҚШ долл. құрады. Тауарлар мен қызметтердің ұлғаюы 2003-2005 жылдары орташа 6,7 %-ға өскен еңбек өнімділігінің өсуін қамтамасыз етті. 2003 - 2005 жылдары өз кезегінде жұмыссыздық деңгейінің азаюына әкеп соққан халықтың жұмыспен қамтылу саны ұлғайды. 2005 жылы ол 2003 жылғы 8,8 %-ға керісінше 8,1 %-ды құрады. 2003 - 2005 жылдары орташа жылдық есептеулерде инфляция 6,4-7,6 % аралығында болды. 2006 жылғы бірінші тоқсанында экономикалық өсудің оң үрдісі жалғасты: тауарлар мен қызметтерге сұраныс кеңейді, негізгі капиталға инвестициялардың көлемі ұлғайды, сауда теңгерімі нығайды. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің бағалауы бойынша ЖІӨ-нің өсуі 7,7 %-ды құрады. Бағалау бойынша ЖІӨ-нің өсуі қызметтер саласының есебінен шамамен 68,2 % қамтамасыз етілді, бұл ретте, ЖІӨ-нің өсуін сауда шамамен 14,9 %, байланыс қызметтері 7 %, көлік қызметтері 7,3 %, жылжымайтын мүліктермен жасалатын операциялар және жалға беру жөніндегі қызметтер 22,5 % қамтамасыз етті. Тауарлар өндірісі ЖІӨ-нің өсуін шамамен 27,6 % қамтамасыз етті. ЖІӨ-нің өсуіне өнеркәсіптің қосқан үлесі 7,2 %-ды, ауыл шаруашылығыныкі - 1 %-ды және құрылыстікі 19,4%-ды құрады. 2006 жылғы бірінші тоқсанда инфляция орташа жылдық мәнде 8,4 %-ды құрады және 2005 жылдың осы кезеңінің инфляция көрсеткішінен 1,5 пайыздық тармақта асты. Тұтыну тауарларының бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,6 %-ға, азық-түлік емес тауарлардың бағалары 1,2 %-ға ұлғайды, халыққа көрсетілетін ақылы қызметтер 2,7 %-ға қымбаттады. 2006 жылғы қаңтар-наурызда негізгі капиталға инвестициялар 2005 жылғы ұқсас деңгейден 1,3 есеге артты және 447,3 млрд. АҚШ долл. құрады. 2006 жылғы бірінші тоқсанда әлемдік нарықтардағы негізгі қазақстандық тауарларға конъюнктура жақсарды. Мәселен, Қазақстанның негізгі экспорттық тауарларына әлемдік бағалардың орташа индексі өткен жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 27,6 %-ға өсті. "Брент" сортты мұнайдың әлемдік бағасы 2005 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30 %-ға өсті және орташа алғанда шамамен бір баррель үшін 61,9 АҚШ долларын құрады. Мыстың бағасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 51,2 %-ға, мырыш 70,5 %-ға, күміс 38,5 %-ға, алтын 29,7 %-ға, қорғасын 27 %-ға ұлғайды. Ағымдағы жылғы қаңтар-ақпанда сауда теңгерімінің оң сальдосы 2 млрд. АҚШ долл. құрады. Тауарлар экспорты 4,5 млрд. АҚШ долл. құрады және 22,8 %-ға ұлғайды, ал импорт тиісінше 2,5 млрд. АҚШ долл. және 17,5 %. Елдің халықаралық резервтері 2005 жылғы 1 мамырда тұтастай алғанда 20947 млн. АҚШ долларын, оның ішінде Ұлттық Қордың активтері 8547 млн. АҚШ долл. құрады. Алдын ала деректер бойынша 2006 жылдың қаңтар-ақпанында нақты жалақы 16,3 %-ға ұлғайды және 36238 теңгеге жетті. Халықтық нақты ақшалай табысы осы кезеңде 16,5 %-ға ұлғайды. 2007-2009 жылдары экономика дамуының жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін экономика өсуінің барлық негізгі факторларын жедел дамыту үшін қолайлы макроэкономикалық жағдай жасалатын болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі инфляцияны берілген аралықта ұстау мақсатында ақша-кредит саясатын қатаңдату жөніндегі шаралар қабылдайтын болады, оның ішінде: резервтік талаптарды қатаңдату жолымен банк секторының сыртқы қарыз алуын шектеу; ақша агрегаттарын бақылауды күшейту; ақша эмиссиясын стерилизациялау көлемін ұлғайту. Бұдан басқа, қор нарығының жаңа құралдарын дамыту уақытша бос ақша қаражатын байланыстыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2007 - 2009 жылдары салмақты мемлекеттік саясат жүргізу мынадай негізгі міндеттерді шешуді көздейді: ЖІӨ-нің өсу қарқынынан аспайтын мемлекеттік бюджет шығыстарының өсу қарқынын қамтамасыз ету; бюджеттің мұнай емес тапшылығын біртіндеп азайтуға бағытталған фискалдық саясатты қалыптастыру және одан әрі жүргізу; Ұлттық Қордан қордың инвестициялық кірісіне тең бюджетке кепілдік берілген трансферт мөлшеріне кезең-кезеңімен қол жеткізу. 2006 жылғы 1 шілдеден бастап Ұлттық Қордың жұмыс істеуінің жаңа схемасына көшу елдің макроэкономикалық дамуының теңгерімділігін арттыруға ықпал ететін болады. Тариф саясаты саласында табиғи монополиялар субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне тарифтердің көтерілуіне бақылау күшейтілетін болады. 2007 - 2009 жылдары өнеркәсіптің дамуы Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясында және Каспий теңізінің Қазақстан секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасында айқындалады. Мұнай-газ секторының тұрақты дамуы Қазақстанның экономикалық өсуін қамтамасыз етудің негізгі шарттарының бірі болады. 2007 - 2009 жылдары мұнай және газ конденсатын өндіру көлемінің қарқыны орташа есеппен 108 % құрайды. Халықтың табысын арттыруға, оның ішінде бюджет саласы қызметкерлерінің жалақысын арттыруға бағытталған саясат халықтың ақшалай табысының артуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде елде ішкі сұраныстың артуына ықпал етеді. Тауарлар мен инвестициялық ресурстарға ішкі сұранымның кеңеюі инвестициялық тауарлар импортын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді. Халықтың нақты табыстарының кәсіпорындардың қаржы жағдайының жақсаруымен астасып, экономиканың нақты секторы инвестициясының өсуі үшін қажетті жағдайлар жасайды.
3. Елді дамытудың 2007 - 2009 жылдарға арналған мақсаттары, міндеттері және басымдықтары
2007 - 2009 жылдары әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттары Президенттің «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» Қазақстан халқына Жолдауында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 - 2008 жылдарға арналған бағдарламасында, 2003 - 2015 жылдарға арналған индустриалдық-инновациялық даму стратегиясында айқындалған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес болады. 2007 - 2009 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық саясаттың басты мақсаты жақын арадағы он жылда Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі және Қазақстан азаматтарының тұрмыс деңгейін арттыру үшін институционалдық және экономикалық қолайлы жағдай жасау болады. Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілетін болады: түпкі өнімдерді экспорттауға бағдарланған өндірістер, мұнай-газ, көлік және машина жасаудың басқа да кіші салалары, металлургия, химия, агроөнеркәсіптік кешен саласында бірлескен кәсіпорындар құру және дамыту;
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |