Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде (2012.21.09 берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 20 наурыздағы № 38 Қаулысымен күші жойылды
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін белгілеу және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібін жетілдіру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже бекітілсін. 2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күннен кейін қолданысқа енеді. 3. Банктердің ең төменгі резервтік талаптарын айқындаудың бірінші кезеңі осы қаулы қолданысқа енгізілген аптадан кейінгі аптаның бірінші сейсенбісінен басталатыны белгіленсін. 4. Осы қаулы қабылданған күннен бастап Қазақстан Республикасының осы қаулының қосымшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Зерттеу және статистика департаменті (Ақышев Д.Т.): 1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын; 2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, екінші деңгейдегі банктерге, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігіне жіберсін. 6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Г.З. Айманбетоваға жүктелсін.
Ұлттық Банк
Ұлттық Банкі Басқармасының 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысымен бекітілген
Ең төменгі резервтік талаптар туралы ереже
Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|