|
|
|
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы (2006.18.10. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 620 Қаулысымен күші жойылды
«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және жүргізу ережесі бекітілсін. 2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын: 1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 мамырдағы № 559-29қ қаулысы; 2) «Жастарды әскери қызметке даярлау және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 76 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 3, 34-құжат); 3) «Қазақстан Республикасы халқын тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 шілдедегі № 761 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 5-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 31, 404-құжат). 3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 30 маусымдағы № 623 қаулысымен бекітілген
Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесi
1-тарау. Негізгі ережелер
1. Осы Азаматтарды әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді. 2. Осы Ереже мыналарды айқындайды: 1) азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; 2) запастағы офицерлерді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; 3) әскери жиындарға шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін; 4) жұмылдыру бойынша және соғыс уақытында шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібін.
2-тарау. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру және өткізу тәртібi
3. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес жүзеге асырылады. 4. Жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде әскери міндеттілік және әскери қызмет мәселелері жөніндегі заңнаманы орындауды ұйымдастырады және қамтамасыз етеді. 5. Заңға сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен өткізу үшін аудандарда (облыстық маңызы бар қалаларда) жергілікті атқарушы органның шешімімен аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары құрылады. 6. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларына мыналар жүктеледі: шақырылушыларды және әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру; шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскер түрлері мен тектері бойынша тағайындау туралы шешім қабылдау; Заңның 27, 28-баптарына сәйкес азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және шақырудан босату. 7. Білім беру ұйымдарының және меншік нысанына қарамастан өзге де ұйымдардың басшылары шақырылушыларды іссапарлардан (демалыстардан) шақырып алады, оларды хабардар етуді ұйымдастырады және шақыру пунктіне уақтылы келулерін қамтамасыз етеді. Мерзімді әскери қызметке шақыруға жататын шақырылушылар жергілікті әскери басқару органдарының шақыруы бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясынан өту үшін шақыру пунктіне келеді. 8. Шетелде уақытша тұратын Қазақстан Республикасының азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру олар Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келісімен, шақыруды кейінге қалдыруға немесе босатуға құқығы болмаған жағдайда Заңға сәйкес жүзеге асырылады. Шақырылушы шетелге қызметтік іссапарға шығатын кезде тиісті мемлекеттік органның өтініші негізінде қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес тиісті анықтама береді. 9. Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және олардың шақыру пункттеріне келуі туралы хабарлауды жергілікті әскери басқару органдарының лауазымды адамдары шақыру қағазбен немесе жұмыс (оқу) орны бойынша ұйым басшылары қолын қоя отырып жүргізеді. Шақыру комиссиясына шақырылатын жылы он сегіз жасқа толатын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқығы аяқталған азаматтар шақырылады. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жөнелту мерзімді әскери қызметке шақырылудан босатылған және шақыруды кейінге қалдыруға құқығы бар адамдарды қоспағанда, шақырылушы он сегіз жасқа толысымен жүзеге асырылады. 10. Шақырылушылардың аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларына дәлелді себептерсіз келмеген, сондай-ақ азаматқа шақыру қағазын жеке өзіне беру мүмкін болмаған барлық жағдайларда қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) бастықтары оларды іздестіру және келуін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына хабарлайды. Шақырудан қасақана жалтарып, сондай-ақ азаматтардың шақыру пункттеріне уақтылы келуіне кедергі келтірген адамдарға жиналған материалдар қолданыстағы заңнамаға сәйкес оларды жауапкершілікке тарту үшін тиісті органдарға тапсырылады. 11. Мыналар азаматтардың шақыру пункттеріне келмеуінің дәлелді себептері болып танылады: еңбек қабілетін жоғалтуымен байланысты ауруы (жарақаты); басқа адамның көмегіне мұқтаж, толық мемлекеттік күтімге алынбаған, Қазақстан Республикасының аумағында олармен бірге немесе бөлек тұратын жақын туыстары немесе заң бойынша отбасы мүшелерін асырауға міндетті басқа да адамдар болмаған жағдайда шақырылушы адамның тарапынан күтімді талап ететін жақын туысының қайтыс болуы немесе науқастануы; азаматтың жеке өзінің келу мүмкіндігінен айырған табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (жер сілкінісі, сел, қар көшкіні, су тасқыны, өрт және басқалар). Келмеу себептері тиісті құжаттармен расталуы тиіс. 12. Шақырылушыларды медициналық куәландыру тәртібі және медициналық комиссиялардың құрамы заңнамаға сәйкес белгіленеді. Медициналық куәландыру жабдықталған, осы жұмыс үшін арнайы бейімделген шақыру (жиын) пункттерінде жүргізіледі. Шақыру пунктіндегі медициналық персоналдың жұмысына басшылықты дәрігер, медициналық комиссияның төрағасы - әскери-дәрігерлік сараптама саласында қажетті білімі мен жұмыс тәжірибесі бар, неғұрлым білікті дәрігер-мамандардың қатарынан тағайындалатын шақыру комиссиясының мүшесі жүзеге асырады. 13. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары шақырылушылар мен әскери оқу орындарына түсетін азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелері бойынша Заңның 20-бабының 3-тармағына сәйкес шешім шығарады. 14. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясы азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тиісті түрі мен тегіне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тағайындау туралы шешім қабылдау кезінде олардың өндірістік біліктілігі мен мамандығын, денсаулық жағдайын ескереді, осыған байланысты, әдетте: зымыран, авиация, броньды танк техникасын және радиотехникалық аппаратура шығаруға байланысты ұйымдарда жұмыс істейтін шақырылушылар тиісті әскер түрлері мен тектерін жасақтауға жіберіледі; режимді және арнайы бөлімдерді жасақтау үшін көрсетілген командаға алдын ала іріктелген шақырылушылар жіберіледі; әуе-десант әскерлерін жасақтау үшін шақырылушыларды бірінші кезекте парашютші спортшылар қатарынан іріктеу жүзеге асырылады. Шақырылушылардың кемінде орта білімі, жақсы дене бітімі (бойы 170 см-ден кем емес) болуы тиіс. Республикалық ұланды жасақтау үшін дене дайындығы жақсы (бойы 178 см-ден төмен емес), кемінде орта білімі бар шақырылушыларды басым тәртіппен іріктеу жүзеге асырылады; жоғары білімі бар шақырылушылар оқу бөлімдеріне олардың біліміне және әскери дайындық бейініне ұқсас мамандықтар бойынша жіберіледі; заң факультетін бітірген шақырылушылар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне жіберіледі; математика, физика және инженерлік-экономикалық факультеттерді бітірген шақырылушылар радиотехникалық, зениттік-зымыран бөлімдеріне, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының барлық түрлерінің байланыс бөлімдеріне жіберіледі; ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру бітірген шақырылушылар танк, авиация, зениттік-зымыран бөлімдеріне және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің азаматтық қорғаныс бөлімдеріне, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ішкі әскерлеріне жіберіледі; сәулет, көркемсурет және кинотехникалық факультеттерді бітірген шақырылушылар инженерлік-саперлік бөлімдерге жіберіледі; медицина және фармацевтика факультеттерін бітірген шақырылушылар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына тиісінше медицина және фармацевтика қызметтеріне жіберіледі; егіз ағайындылар, егер олар мерзімді әскери қызметке бір мезгілде және бір шақыру комиссиясымен шақырылса және білімі мен арнайы дайындығы, денсаулық жағдайы мен дене бітімінің дамуы бойынша және басқа да деректері жөнінен бірдей болса, бірге бір әскери бөлімде қызмет ету үшін жіберілуге тиіс. 15. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Заңның 27-бабына сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімімен беріледі. 16. Отбасы жағдайы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру азаматтарға ұсынылған құжаттар мен олардың отбасы жағдайын тексерудің негізінде беріледі және осы мәселені алғашқы қараған кезде бір рет қабылданады. Тексеруді жергілікті атқарушы органның, қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің), білім беру ұйымдары мен өзге де мекемелердің өкілдерінен құралған комиссиялар жүргізеді. Тексеру нәтижелері бойынша комиссия осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес шақырылушының отбасы жағдайын тексеру актісін жасайды. Аталған акт шақырылушыға мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды ұсыну кезінде жасалады. Кейіннен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) әрбір шақыру алдында отбасы жағдайы бойынша шақырудан кейінге қалдырылған адамдарға тиісті мекемелер мен ұйымдардан шақырылушының отбасы жағдайы деректерді растайтын анықтама сұратады. Көрсетілген анықтамалар шақырылушының жеке ісіне тігіледі. 17. Отбасы жағдайы бойынша шақыруды кейінге қалдыру негіздемесін жоғалтқан адамдар мерзімді әскери қызметке жалпы негіздерде шақырылады. 18. Азаматтарға білім алуын жалғастыру үшін шақыруды кейінге қалдыру туралы шешім осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес білім беру ұйымдарында шақырылушыға берілетін анықтаманың негізінде шығарылады және шақырылушының аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясынан бастапқы өтуі кезінде бір рет қабылданады. Кейіннен қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) жыл сайын 1 қазанға дейін тиісті білім беру ұйымдарынан шақырылушылардың оқуларын жалғастырып жүргенін растайтын анықтамаларды сұратады. Көрсетілген анықтамалар шақырылушының жеке ісіне тігіледі. Білімін жалғастыру үшін шақыруды кейінге қалдыруды ресімдеу шақырылушыларды аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясына шақырумен, оларды медициналық куәландырудан өткізбестен жүргізіледі. Осындай шақырылушылардың денсаулық жағдайы туралы деректер осы Ережеге 4-қосымшаға сәйкес оларды шақыру учаскелеріне тіркеу кезінде медициналық куәландырудың нәтижелері негізінде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының хаттамалар кітабына енгізіледі. 19. Денсаулық жағдайы бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру медициналық куәландыру кезінде әскери қызметке уақытша жарамсыз деп танылған азаматтарға шақыру комиссиясының шешімімен бір жыл мерзімге дейін беріледі. Осы мерзім өткеннен кейін әскери қызметке жарамдылығы туралы түбегейлі қорытынды шығарылады. ҚР Үкіметінің 2006.18.10. № 1005 Қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 20. Азаматтарға басқа да себептер бойынша мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру Заңға сәйкес беріледі. 21. Мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруды беру туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының шешімдері аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының хаттамалар кітабына, кейінге қалдыруды беру мерзімін және негіздемесін көрсете отырып, шақырылушылардың есепке алу карталарына және тіркеу туралы куәлігіне жазылады. 22. Шақыруды кейінге қалдыруға құқығы бар шақырылушылар өздерінің қалауы бойынша өз еркімен бас тарту туралы өз қолымен жазылған және нотариалдық куәландырылған өтінішін, олардың келіскендігі туралы мүдделі адамдар мен халықты әлеуметтік қорғау органдарының нотариалдық куәландырылған құжатын ұсынған жағдайда мерзімді әскери қызметке шақырылуы мүмкін. 23. Бейбіт уақытта әскери қызметке шақырудан босату Заңның 28-бабына сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімімен беріледі. Мерзімді әскери қызметке шақырудан босатылған барлық азаматтарға әскери билеттер жазылады және олар запастағы әскери міндеттілердің әскери есебіне беріледі. 24. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз деп таныған және осыған байланысты әскери міндеттілердің әскери есебіне алынған адамдар бейбіт уақытта медициналық қайта куәландыруға жатпайды. 25. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының төрағасы шақыру комиссиясының жұмысын, оның мүшелерінің толық құрамында отырыс өткізуді қамтамасыз етеді және азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырумен, оларды мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды немесе босатуды берумен байланысты құжаттардың уақтылы және дұрыс ресімделуі үшін тұрақты бақылау жасауды жүзеге асырады. 26. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешіміне сәйкес мынадай талаптарды сақтай отырып құжаттарды ресімдеу жүргізіледі: шақырылушының есептік-қызметтік карточкасында шақырылушының денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қай әскер түрі мен тегіне тағайындалғаны туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімі жазылады; отбасы жағдайы бойынша, білімін жалғастыру үшін, денсаулық жағдайы бойынша және басқа да себептер бойынша мерзімді әскери қызметке шақырудан кейінге қалдыруды алған адамдардың шақыру учаскесіне тіркеу туралы куәліктеріндегі «Шақыру комиссиясынан өту нәтижелері» бөлімінде қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының қолымен және елтаңбалы мөрмен бекітілетін тиісті жазба жазылады; бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі түрде жарамды деп танылған, сондай-ақ әскери есептен шығарылумен әскери қызметке жарамсыз деп танылған адамдарға шақыру комиссиясының хаттамалар кітабынан үзінді көшірмелер толтырылады. Денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметтен кейінге қалдырылған немесе босатылған барлық азаматтардың жеке істері зерделеу үшін облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссияларына жіберіледі. Құжаттарды тексерудің нәтижелері бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясы шақырылушының есептік карточкасында аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімін бекіту туралы немесе азаматты қайта куәландыруға жіберу туралы белгі соғады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамдылық санаты туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімімен келіспеген азаматтар қайта куәландыруға жатады. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімі бекітілгеннен кейін запас бойынша есептік-әскери құжаттар ресімделеді. Есептік-әскери құжаттар ресімделгеннен кейін үш данада тізім жасалады және шақырылушылардың есепке алу карталарымен қоса әскери билеттер жазып беретін қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің есепке алу бөліміне ұсынылады. Шақырылушылардың есепке алу картасында онда әскери билеттің үзінді көшірмесінің сериясы, нөмірі мен күні белгілене отырып, әскери билеттермен тізімнің екінші данасы қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылады. 27. Мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар, олардың ата-аналары және өзге де мүдделі адамдар аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясы шығарған шешіммен келіспеген жағдайда заңнамаға сәйкес шағымдана алады. 28. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешіміне сәйкес мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар ұйымдасқан түрде облыстық жиын пунктіне келеді. Оларды жеткізу үшін қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) қызметкерлері қатарынан бірге жүрушілер тағайындалады. Бірге жүрушілерге осы Ережеге 5-қосымшаға сәйкес атаулы тізімнің үш данасы және мөр басылған түрде жеке істер, есептік-қызметтік карточкалар, амбулаторлық науқастың медициналық картасына жасөспірімге арналған қосымша парақтар беріледі. Атаулы тізімнің № 1 және 2-даналары облыстық жиын пунктінің бастығына беріледі, ал облыстық жинау пунктінің бастығы команданы қабылдап алғандығына қол қоятын № 3 данасы бірге жүрушілермен қоса қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылады. Атаулы тізімнің № 2 данасы команданы облыстық жиын пунктінен жөнелткен күні қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылады. Онда жіберілген әрбір азаматтың тегінің тұсына: қашан (күні, айы мен жылы) және қандай әскери команда жөнелткені немесе қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қандай себеппен қайтарылғаны туралы белгі қойылады. Тізімнің осы данасына облыстық жиын пунктінің бастығы қол қояды және қорғаныс істері жөніндегі елтаңбалы мөрімен куәландырылады. Облыстық жиын пунктінен алынған атаулы тізімнің № 2 данасы қорғаныс істері жөніндегі басқармада (бөлімде) кіріс журналы бойынша ескеріледі. Осы тізімнің негізінде есептік-әліпбилік кітаптың тиісті бағанында әскерге жөнелтілген әрбір шақырылушының тегінің тұсында: «200 ___ жылы ____ № ______ әскери командамен жөнелтілді» деген белгі қойылады, содан кейін осы тізім қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлімнің) істеріне тігіліп, 10 жыл бойы сақталады. Атаулы тізімнің № 1 данасы тізімге енгізілген адамдардың қашан және қандай әскери командамен жөнелтілгені немесе қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қандай себептермен қайтарылғаны туралы белгілермен қорғаныс істері жөніндегі департаменттің ісіне тігіледі және 10 жыл бойы сақталады. 29. Заңға сәйкес аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының қызметіне басшылық жасау және бақылау үшін облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында тиісті облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиялары құрылады. 30. Облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиялары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына жөнелту алдында тікелей облыстық жиын пунктінде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясымен мерзімді әскери қызметке шақырылған адамдарды медициналық тексеруден өткізеді. 31. Облыстық жиын пунктіндегі медициналық тексеру нәтижесінде әскери қызметке кедергі келтіретін ауруы анықталған шақырылушылар шақырылған жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) жіберіледі. Облыстық жиын пунктінен қорғаныс істері жөніндегі басқармаға (бөлімге) қайтарылған шақырылушылар осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес облыстық жиын пунктінен қайтарылған шақырылушыларды есепке алу кітабына енгізіледі. Қайтарылатын әрбір шақырылушыға облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясының төрағасы қорғаныс істері жөніндегі басқарма (бөлім) бастығының атына осы Ережеге 7-қосымшаға сәйкес шақырылушының қайтару себебін көрсетіп қызметтік хат жібереді. Бұл қызметтік хат шақырылушының жеке ісіне тігіледі. Қорғаныс істері жөніндегі басқармалардың (бөлімдердің) бастықтары облыстық жиын пунктінен қайтарылған барлық адамдарды облыстық жиын пунктінен алынған жаңа деректерді ескере отырып, мерзімді әскери қызметке шақыру мәселесін шешу үшін шақыру комиссиясына қайта шақырады. Облыстық жиын пунктіндегі дәрігерлердің жұмысы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары үшін шақырылушыларды медициналық тексерудің соңғы кезеңі болып табылады. Медициналық тексеру кезінде денсаулық жағдайы бойынша жарамсыз азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды болдырмау үшін аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының ықтимал қателері анықталады. 32. Облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясы қайта медициналық куәландыруды өткізу мерзімі, орны және куәландыруға жататын азаматтар туралы аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларын хабардар етеді. Қайта медициналық куәландыруға азамат жеке ісімен және қойылған диагнозы мен шығарылған қорытындысы бар медициналық құжаттарымен жіберіледі. Егер қайта куәландыру нәтижесінде азаматтың әскери қызметке жарамдылық санаты өзгерсе, дәрігер-маман медициналық куәландыру парағын ресімдейді, ал облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясы төмен тұрған комиссияның шешімінің күшін жояды және хаттамалар кітабында ресімделетін және азаматқа хабарланатын өз шешімін шығарады. Шақырылушының есепке алу картасы, медициналық куәландыру парағы, сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі департаменттің мөрімен расталған облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиясының хаттамалар кітабынан үзінді көшірме шешімі қайта қаралған шақыру комиссиясына жіберіледі. Егер қайта куәландырудың нәтижесінде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімі өзгермесе, хаттамалар кітабы мен есепке алу картасында оның бекітілгені туралы жазба жасалады, бұл ретте медициналық куәландыру парағы ресімделмейді. 33. Облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссияларының сонымен қатар шақырылушы азаматтардың, олардың ата-аналары мен өзге де мүдделі адамдардың шақыру мәселелері бойынша шағымдарын қарау жүктеледі. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешіміне шақырылушының және басқа да адамдардың шағымдары осы шешімнің орындалуын тоқтатпайды. 34. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссияларының жұмысы және азаматтарды Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға шақыру аяқталғаннан кейін облыстық (республикалық маңызы бар қала мен астананың) шақыру комиссиялары мынадай жұмыстарды жүргізеді: аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары төрағаларының: шілдеде - көктемгі шақырудың қорытындылары бойынша қаңтарда - күзгі және тұтастай алғанда бір жылғы шақырулардың қорытындылары бойынша атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлі есептер тыңдайды; аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) шақыру комиссияларының шақырылушыларды мерзімді әскери қызметке шақырудан босату туралы және 27 жасқа толған адамдарды запасқа беру туралы шығарған шешімдерінің дұрыстығын тексереді; бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі түрде жарамды және әскери есептен шығара отырып, әскери қызметке жарамсыз деп танылған, сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша шақырылудан кейінге қалдырылған шақырылушылардың барлық жеке істерін тексеруді жүргізеді; азаматтарға Заңда көзделген мерзімді әскери қызметке шақыруды кейінге қалдырудың дұрыстығына тексеру жүргізеді. Құжаттарды тексеру нәтижелері бойынша шақырылушының есепке алу картасында және хаттамалар кітабынан үзінді көшірмеде аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиялары аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) шақыру комиссиясының шешімін бекіту туралы (белгіленген үлгідегі мөртабанмен және қорғаныс істері жөніндегі департаменттің елтаңбалы мөрімен) немесе азаматты қайта куәландыруға жіберу туралы белгі жасалады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |