|
|
|
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 765 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 4 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. «Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы № 161 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2001 ж., № 4-5, 51-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындаудың және төлеудің ережесінде: 4-тармақта: төртінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «өткен» деген сөз «ағымдағы» деген сөзбен ауыстырылсын; бесінші абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді мынадай мазмұндағы екінші абзацпен толықтырылсын: алтыншы абзац 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді «Жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда жәрдемақы қайтыс болған айды қоса төленеді.»; 7) тармақшада: бірінші абзацтағы «қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) әскери қызметшілердің отбасылары үшін, атап айтқанда:» деген сөздер алынып тасталсын; үшінші абзацтағы «, қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) адамның балалары, асырауындағылар;» деген сөздер алынып тасталсын; төртінші абзацтағы «анықтама немесе құжат» деген сөздерден кейін «, қаза тапқан адаммен туыстық байланысын растайтын құжат (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәліктері)» деген сөздермен толықтырылсын; бесінші және алтыншы абзацтар алынып тасталсын; жетінші абзацтағы «қайтыс болған адамдардың» деген сөздер «қайтыс болғандардың» деген сөздермен ауыстырылсын; 14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «14) бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарының күндізгі бөлімінде оқитын балалары бар көп балалы отбасылар үшін, олар кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітірген уақытқа дейін (бірақ 23 жастан аспайтын) - балалардың туу туралы куәліктері мен отбасының құрамы туралы анықтамалары, балалардың оқу фактісі туралы оқу орындарының анықтамалары». 2. Осы қаулы 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың төртінші, бесінші, алтыншы абзацтарын қоспағанда, 2006 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |