Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны
Осы редакция 2006 ж. 13 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын және «Ішкі және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негізгі бағыттары туралы» Президенттің Қазақстан халқына Жолдауының ережелерін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1-қосымшаға сәйкес құрамда Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылсын. 2. Қоса беріліп отырған Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін. 3. 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысына 1-қосымша ҚР Үкіметінің 14.11.02 ж. № 1209 қаулысына сәйкес комиссияның құрамы жаңа редакцияда (бұрынғы ред. қара); 17.10.03 ж. № 1061; 03.02.04 ж. № 129 ; 2005.22.02. № 156 (бұр. ред. қара) қаулыларымен өзгертілді Аймақтық саясат мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы Есiмов - Қазақстан Республикасы Павлов - Қазақстан Республикасы Александр Сергеевич Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары, төраға Келiмбетов - Қазақстан Республикасының Қайрат Нематұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрi, төрағаның орынбасары Амангелдиев - Қазақстан Республикасының Ардақ Амангелдiұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлiгі Аймақтық саясат және бюджетаралык қатынастар департаментiнің директоры, хатшы Шәмшидинова - Қазақстан Республикасының Білім және
Бiрәлиев - Қазақстан Республикасы Статистика
Тұңғышбеков - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
Котенко - Қазақстан Республикасы
Райымбеков - Қазақстан Республикасы
Қуанғанов - Қазақстан Республикасы
Тоқаев - Қазақстан Республикасы Комиссия мүшелерi: Аймақов - Қазақстан Республикасының Бауыржан Жаңабекұлы Индустрия және сауда вице-министрi Ысқақов - Қазақстан Республикасының Нұрлан Әбдiлдаұлы Қоршаған ортаны қорғау вице-министрi Лавриненко - Қазақстан Республикасының Көлiк Юрий Иванович және коммуникациялар бiрiншi вице-министрi Мусина - Қазақстан Республикасының Ауыл Лилия Сәкенқызы шаруашылығы вице-министрi Наймушина - Қазақстан Республикасының Ольга Вадимовна Денсаулық сақтау вице-министрi Нұриманов - Қазақстан Республикасының Ұлттық Мақсат Әнуарбекұлы қауіпсiздiк комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Оразбаев - Қазақстан Республикасының Бірлік Есiркепұлы Энергетика және минералдық ресурстар вице-министрi Өтеулина - Қазақстан Республикасының Еңбек Хафиза Мұхтарқызы және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Белоног - Қазақстан Республикасының Анатолий Александрович Денсаулық сақтау вице-министрi, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрiгерi; Әшитов - Қазақстан Республикасының Еңбек Батыржан Зайырқанұлы және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi; Баймағанбетов - Қазақстан Республикасының Әдiлет Серiк Нұртайұлы вице-министрi; Исаев - Қазақстан Республикасының Батырхан Арысбекұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi; Исекешев - Қазақстан Республикасының Әсет Өрентайұлы Индустрия және сауда вице-министрi; Ойнаров - Қазақстан Республикасының Қаржы Азамат Рысқұлұлы вице-министрi; Құсайынов - Қазақстан Республикасының Марат Әпсеметұлы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар департаментiнiң директоры, хатшы; Қазақстан Республикасы Yкіметінің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысымен бекітілген Аймақтық саясат мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ЕРЕЖЕ 1. Жалпы ереже 1. Аймақтық саясат мәселелерi жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әpi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 2001 жылғы 7 желтоқсандағы № 1598 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы аймақтық саясатының 2002-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасын iске асыру мақсатында құрылды. 2. Комиссия Қазақстан Республикасының Yкіметі жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады. 3. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңдарын, басқа да нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады. 2. Комиссияның мiндеттерi мен функциялары 4. Комиссияның негiзгi мiндеттерi: 1) аймақтар арасында әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейiнде орын алған айырмашылықтарды төмендетуге бағытталған мемлекеттік аймақтық саясатты "Iшкi және сыртқы саясаттың 2003 жылғы негiзгi бағыттары туралы" Президенттiң Қазақстан халқына Жолдауының ережелерiн есепке ала отырып, жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; 2) проблемалық аймақтарды мемлекеттік қолдау жөніндегі нормативтiк құқықтық кесiмдердi жетiлдiру жөніндегі ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады. 5. Өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес Комиссияның функциялары: 1) мемлекеттік аймақтық саясатты одан әрi жетiлдiру; 2) әкімшілік-аумақтық бірліктерді, оның ішiнде шағын қалалар мен ауылдық аудандарды тоқырауға ұшырағандар қатарына жатқызу өлшемдерінің құрамы; 3) мемлекеттік қолдау көрсету үшін нақты әкiмшілік-аумақтық бiрліктерді, оның ішінде тоқырауға ұшыраған қалалар мен ауылдық аудандарды іpіктey; 4) экономикасы тоқырауға ұшыраған аймақтарға мемлекеттік қолдау көрсету; 5) проблемалық аймақтарды қолдау саласында орталық және жергілікті мемлекеттік органдарды, қоғамдық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдарды іс-қимылдарын үйлестiрудің ұсыныстарын дайындау болып табылады. 6. Комиссия өз міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру үшін: 1) орталық және жергілікті атқарушы органдардан және өзге де ұйымдардан Комиссияның міндеттерін іске асыру үшін қажетті материалдарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға; 2) проблемалық аймақтардағы ахуалды талдау және зерделеу үшiн мемлекеттік органдарды және мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдарының мамандарын қажеттілігіне қарай тартуға; 3) Комиссия мәжілістерiнде Комиссияның құзырына беретiн мәселелер бойынша орталық және жергіліктi атқарушы органдардың және өзге де ұйымдарының өкілдерін тыңдауға құқығы бap. 4. Комиссия қызметін ұйымдастыру 7. Комиссия төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, оның мәжілістерінде төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешiмдерiнің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және оны қызметiне жауапты болады. Tөpaғa болмаған уақытта оның функциясын орынбасары атқарады. 8. Комиссия хатшысы Комиссия мәжілісінің күн тәртiбі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындауды және мәжілістен кейін хаттама ресімдеуді жүзеге асырады. 9. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады. 10. Комиссия мәжілістерi оның мүшелерiнiң ең кемi үштен екiсi болған жағдайда, қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жарты жылда кемiнде бiр рет өткiзiледi. 11. Комиссия төрағасы Комиссия мүшелерiмен келісім бойынша мәжілістердiң күн тәртібін, сондай-ақ оларды өткізу уақыты мен орнын айқындайды және нақтылайды. 12. Комиссия шешiмдерi ашық дауыспен қабылданады және оларға комиссия мүшелерi жалпы санының көпшiлiк дауысы берiлсе, қабылданды деп. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешiм қабылданды деп есептеледi. 13. Комиссия шешiмдерi хаттамамен ресiмделедi және ұсынымдық сипатта болады. 5. Комиссияның қызметiн тоқтату 14. Мыналар: 1) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы; 2) Комиссияға бұрын жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды немесе өзге де комиссияны құру; 3) Комиссияның мiндеттерi орындалмайтын не олардың орындалуын орынсыз ететiн өзге жағдайлар Комиссия қызметiн тоқтатудың негiздерi бола алады. Қазақстан Республикасы Yкіметiнің 2002 жылғы 28 мамырдағы № 581 қаулысына 2-қосымша Қазақстан Республикасы Yкіметінің күшiн жойған кейбір шешiмдерiнiң ТIЗБЕСI 1. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң жанынан Шағын және орташа қалалардың проблемалары жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 3 шiлдедегi № 841 қаулысы. 2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi № 841 қаулысына өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 6 тамыздағы № 970 қаулысы. 3. "Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1996 жылғы 3 шiлдедегi № 841 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 20 ақпандағы № 242 қаулысы. 4. "Қазақстан Республикасы Yкіметінің 1996 жылғы 3 шiлдедегi № 841 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Yкіметінiң 1997 жылғы 29 қыркүйектегi № 1380 қаулысы. |