|
|
|
Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi (2006.27.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2006 ж. 11 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесiн одан әрi жетiлдiру жөніндегі шаралар туралы» 2004 жылғы 29 қыркүйектегi № 1449 Жарлығын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. Қоса берілiп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi; 3) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерiнiң тiзбесi бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Табиғатты қорғауды бақылау комитетi құрылсын. ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 3. Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрiне екі вице-министрi болуына рұқсат берiлсiн. 4. Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі заңнамада белгiленген тәртiппен iске асырылатын Жарлыққа қол қойылған күнге сәйкес келетiн қажеттi материалдық-техникалық құралдарды Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне берудi қамтамасыз етсiн. 5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 1) "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 6 қарашадағы № 1173 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., № 39, 398-құжат); 2) "Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсiпорнының "Қазақ қоршаған ортаны қорғау және климат мониторингi ғылыми-зерттеу институты" еншiлес мемлекеттік кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1240 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2003 ж., № 46, 509-құжат) күшi жойылды деп танылсын. 7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлiгі (бұдан әрi - Министрлiк) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты әзiрлеу және iске асыру жөніндегі басшылықты және салааралық үйлестірудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Министрлiктiң негiзгi мiндетi қоршаған ортаның сапасын жақсарту және қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейiне қол жеткiзу болып табылады. 2. Министрлiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінiң, Үкіметінiң кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Министрлiк мемлекеттік мекеменiң ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрлерi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң қазынашылық органдарында шоттары болады. 4. Министрлiктің ведомствосы - Табиғатты қорғауды бақылау комитетi, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердiң ұйымдық-құқықтық нысанындағы аумақтық органдары - облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармалары бар. 5. Министрлiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. 6. Министрліктiң, егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. 7. Министрлiк қабылдайтын шешiмдер Министрдiң бұйрығымен ресiмделедi. 8. Министрліктің штат санының лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 9. Министрлiктің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі" мемлекеттік мекемесi. 10. Министрлiктің заңды мекен-жайы: 473000, Астана қаласы, Жеңiс даңғылы, 31. 11. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтай құжаты болып табылады. 12. Министрлiктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. 13. Министрлiкке Министрлiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 14. Егер Министрлiкке заңнамалық кесiмдермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыруға құқық берiлген болса, онда осындай қызметтен алынған кiрiс мемлекеттік бюджеттiң кiрiсiне жiберіледi. 2. Министрлiктiң негізгі функциялары мен құқықтары 15. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртiппен мыналарды жүзеге асырады: 1) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды қамтамасыз ететiн стратегиялық функциялар: тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу; өз құзыретi шегінде қоршаған ортаны қорғау, мемлекеттік экологиялық сараптама, рұқсат ету, лицензиялық және экологиялық-сараптама қызметi, нормалау және стандарттар саласындағы мемлекеттік басқару жүйесiн, сондай-ақ ұтымды табиғат пайдалануды және қоршаған ортаны қорғауды ынталандырудың экономикалық әдiстерi мен тетiктерi жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiруi; қоршаған орта, климат пен табиғи ресурстар мониторингінің бiрыңғай мемлекеттік жүйесін, сондай-ақ гидрометеорологиялық бақылаулар мен метеорологиялық қамтамасыз ету жүйесiн ұйымдастыру және жетілдiру; өз құзыретi шегiнде меншiк нысанына қарамастан, мемлекеттік органдардың, шаруашылық жүргiзуші субъектілердiң табиғат қорғау заңнамасын сақтауын және орындауын қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласындағы мемлекеттік бақылауды ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы заңнаманы жетiлдiру және халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру; қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн қалыптастыру және дамыту, қоғамның экологиялық мәдениетiн арттыру; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келісімдердi iске асыру аясындағы саясатты әзiрлеу; мемлекеттік, салалық (секторалдық) және өңiрлiк бағдарламаларды және әлеуметтiк-экономикалық даму жоспарларын келiсу; мемлекеттік және салалық (секторалдық) экологиялық бағдарламаларды әзiрлеу және өңiрлiк экологиялық бағдарламаларды қалыптастыруда әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру; өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердiң жобаларын әзiрлеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму бойынша талаптарды нормативтiк-әдiстемелiк қамтамасыз етудi ұйымдастыру; экологиялық-сараптама қызметiн үйлестiру; экологиялық ayдитті жетiлдiру жөніндегі әдiстемелiк басшылықты жүзеге асыру; экологиялық сақтандырудың тетiктерiн жетілдiру, қоршаған ортаға келтiрiлген қатер мен зиянды бағалау әдiснамасын айқындау; қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын орталық және жергіліктi атқарушы органдардың қызметiн үйлестіру; белгіленген тәртiппен қоршаған ортаға әсер етудi бағалау және мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу жөніндегі, оларды жүргiзу тәртібін қоса алғанда, нұсқамалық-әдiстемелiк құжаттарды әзiрлеу және бекіту; қоршаған ортаны қорғау саласындағы бюджетті болжауды және индикативтiк жоспарлауды әзiрлеуге қатысу; өз құзыретi шегiнде халық санын дамыту саясатын iске асыруға қатысу; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы ақпаратты түсiндiру, насихаттау және тарату жөнiндегі жұмысты үйлестiру; өз құзыретi шегiнде экологиялық талаптарды, шаруашылық және өзге қызметке қойылатын стандарттар мен нормативтердi әзiрлеу және жетілдiру, сондай-ақ келiсу, оның iшiнде: қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындылары мен төгінділерiне, өндiрiс пен тұтыну қалдықтарын орналастыруға лимиттер мен квоталарды; атмосфераға шекті рұқсат етілетiн шығарындыларды, жер үсті және жер асты суларына төгінділердi, зиянды заттарды көмудiң және жергіліктi жердiң рельефi мен жер қойнауында қалдықтарды орналастырудың рұқсат етілетiн көлемдерiн қоса алғанда, қоршаған ортаға әсер етудiң нормативтерiн; қоршаған ортаның ластануы үшiн, оның iшiнде, атмосфераға шығарындылар, жер үсті және жер асты суларына төгiнділер, зиянды заттарды көму және жергiлiктi жер рельефi мен жер қойнауында қалдықтарды орналастыру үшiн төлемдер нормативтерiн белгілеу; 2) мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ету функциялары: тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы бiрыңғай мемлекеттік саясатты iске асыруды салааралық үйлестiру; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы халықаралық конвенциялар мен келісімдердi iске асыру; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және үкiметтiк емес қоғамдық бiрлестіктермен өзара iс-қимыл жасау; қоршаған ортаны қорғау саласындағы лицензияларды беру және тауарлардың экспорты мен импортына, қызметтің өзге де түрлерiне лицензияларды беру туралы шешiмдердi келісу; табиғи ресурстардың мемлекеттік кадастрларын жүргізу және сүйемелдеу жөніндегi жұмысты қамтамасыз ету; табиғат пайдалануға рұқсаттарды берудi, есепке алуды және күшiн жоюды ұйымдастыру және жүзеге асыру; мемлекеттік және салалық (секторалдық) экологиялық бағдарламаларды орындауды ұйымдастыру; тұрақты даму үшiн қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми зерттеулер жүргiзудi қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғау және тұрақты даму саласындағы ақпаратты таратуды қамтамасыз ету; қоршаған ортаны қорғаудың бiрыңғай ақпараттық жүйесiнің жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету; құпиялылық, құпия iс жүргiзу режимiн қамтамасыз ету және өз қызметi шеңберiнде мемлекеттік құпияларды техникалық қорғауды ұйымдастыру жөніндегi функцияларды жүзеге асыру; жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру жөніндегі iс-шараларды өткізудi ұйымдастыру және үйлестiру. 16. Министрлiк заңнамада белгіленген тәртіппен негiзгi мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшiн: 1) қоршаған ортаны қорғау және табиғат пайдалану мәселелерi бойынша келісімдердi (меморандумдарды, декларацияларды) жасасуға; 2) өз құзыретi шегiнде табиғи ресурстарды пайдалануға шарттарды (келісім-шарттарды) келiсуге; 3) өз құзыретi шегiнде қоршаған орта сапасының нормативтерiн әрi шаруашылық және өзге де қызмет жөнiндегі экологиялық талаптарды бекітуге немесе келiсуге; 4) үлгi ережелердi бекітуге және өндiрiстiк мониторинг пен бақылау бағдарламасын келiсуге; 5) өз құзыретi шегiнде ғылыми зерттеулер бағдарламаларын бекітуге, сондай-ақ экологиялық білім беру жөніндегі бағдарламаларды қалыптастыруға қатысуға; 6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы сараптау комиссияларының дербес құрамын айқындауға; 7) мемлекеттік органдардан, өзге ұйымдар мен жеке тұлғалардан өз құзыретi шегiнде қызметті жүзеге асыру үшін қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға; 8) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар мен кәсiпорындардың iшкi аудитiн жүзеге асыруға құқылы. 17. Министрлiктiң жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болады. Министрлiктің мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң есебiнен қалыптасады және негiзгi қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Министрлiктің теңгерiмiнде көрсетілген өзге де мүлiктен тұрады. 18. Министрлiкке бекітіп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 19. Министрлiктiң оған бекiтіп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Министрлiкке заңнамада белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру ҚР Үкіметінің 2006.27.02. № 134 қаулысымен 20-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 20. Министрлiктi Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Министр басқарады. Министрдiң, оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметтерге тағайындайтын және қызметтерден босататын орынбасарлары (вице-министрлерi) болады. 21. Министр Министрлiктiң жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрi Министрлiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жауап бередi. 1) өз орынбасарларының (вице-министрлердiң) және Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi мен Министрлiктiң аумақтық органдары басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн айқындайды; 2) заңнамаға сәйкес комитет төрағасының орынбасарларын, Министрлiк аппаратының қызметкерлерiн, аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 3) заңнамада белгiленген тәртіппен Министрлiк аппаратының қызметкерлерiне, Министрлiктiң ведомстволары мен аумақтық органдарының басшыларына тәртiптік жаза және көтермелеу шараларын қолданады; 4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен штат санының лимитi шегiнде Министрліктiң және оның аумақтық органдарының құрылымын, Министрлiктің ведомстволары туралы ережелерден басқа, құрылымдық бөлiмшелерi мен аумақтық органдар туралы ережелердi бекiтедi; 5) Министрлiктiң бұйрықтарына қол қояды; 6) қоршаған ортаны қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының, облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының бас мемлекеттік экологиялық сарапшыларын және бас мемлекеттік инспекторларын тағайындайды; 7) басқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда Министрлiктi білдiредi; 8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктердi жүзеге асырады. 23. Министрлiктiң Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын алқасы болады. Алқаның сандық және дербес құрамын Министрлiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының қатарынан Министр бекiтедi. 24. Министрлiк жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи ресурстарды пайдаланудың проблемалық мәселелерiн қарау мақсатында ғылыми-техникалық кеңес, мемлекеттік экологиялық сараптама кеңесiн, басқа да кеңестер мен жұмыс топтарын құрады. Кеңестер туралы ережелер мен олардың дербес құрамын Министр бекiтедi. 5. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату 25. Министрлiктi қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi 1. "Қазгидромет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 2. "Қазавиамет" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 3. "Қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны. 4. "Қазақ экология және климат ғылыми-зерттеу институты" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсiпорны. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1113 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 21.12.04 ж. № 1338 қаулысымен тізбе өзгертілді Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелерінің тiзбесi Ақмола облысы 1. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Ақмола облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Ақтөбе облысы 2. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Ақтөбе облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Алматы облысы 3. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Алматы облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Атырау облысы 4. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Атырау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Шығыс Қазақстан облысы 5. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Шығыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Жамбыл облысы 6. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Жамбыл облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Батыс Қазақстан облысы 7. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Батыс Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Қарағанды облысы 8. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Қарағанды облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Қостанай облысы 9. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Қостанай облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Қызылорда облысы 10. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Қызылорда облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Маңғыстау облысы 11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Маңғыстау облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Павлодар облысы 12. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Павлодар облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Солтүстiк Қазақстан облысы 13. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Оңтүстік Қазақстан облысы 14. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Оңтүстiк Қазақстан облыстық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. Астана қаласы 15. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Астана қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы. 16. Республикалық қоршаған ортаны қорғау инспекциялық басқармасы. Алматы қаласы 17. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінiң Алматы қалалық аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |