|
|
|
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 929 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2005 ж., № 35, 484-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін: 1-тармақ «Қазақ мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпарат ғылыми зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» деген сөздерден кейін «және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындары» деген сөздермен толықтырылсын: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: «1-1. Кәсіпорынға осы қаулыға қосымшаға сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат берілсін.»; осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Үкіметінің 2006 жылғы 18 тамыздағы № 785 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі № 929 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құратын еншілес мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі
1. «Ақмола ғылыми-техникалық ақпарат Астана қаласы орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорны 2. «Республикалық ғылыми-техникалық Алматы қаласы кітапхана» еншілес мемлекеттік кәсіпорны және оның филиалдары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |